Кіріспе бөлімі Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/3
Дата03.04.2016
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
ЖОСПАРЫ:



  1. Кіріспе бөлімі

  2. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы

  3. Бастауыш мектепте қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту

  4. Бастауыш мектепте қолдануға тиімді жаңа технологиялар

  5. Оқыту әдісі, оның түрлері

  6. Қорытынды бөлімі

Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек.

Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады.

Қазақ тілінде көптеғен ғазет -журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер шығарылады, ғылымның алуан түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде қазақ тілінің леқсикасы саяси және ғылыми-техниқалық терминдермен толығып баюда.

Қазақ тілінін өзі және оны оқыту әдістемесі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.

Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептерде, жоғары жәнс арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінін жеке грамматикалық категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.

Еліміздің егемендікке қолы жеткеннен бері қазақ тілі орыс және басқа тілдерде жүретін мектептерде міндетті түрде оқытылуда.

Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?

Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.

Сөйтіп, қазақ тілін университеттер мен институттардың Бастауыш

оқыту педагогикасы, әдістемесі факультеттерінде және педогогикалық училищелерде оқудағы мақсат – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін ("Әліппені", "Әдебиетті оқытуды", "Грамматиканы") оқыту әдістемесінің теориясы жайында жүйелі білім бере отырып, І-ІV сыныптардағы сабақтардын мазмұны мен көлемін,. оларды жүйелі де тиімді жүргізу тәртібін көрсетумен қатар, оны оқыту әдістемесінен орындалатын жұмыс түрлеріне үйрету.

Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..-" деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?" — деген болатын.

Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.

Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған ойды да дәл түсінеді.

Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасисеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор улес қосатыны мәлім.

Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, білік, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынадай міндеттер іске асырылады:

1. Оқушыларды білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды. Шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыру;

2. балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге, жүйелі түрде. үнемі дағдыландыру;

3. көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, адамға қажетті моральдық қасиеттер. адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызу. Үздіксіз білім беру бастапқы процестен басталып, мемлекеттік жүйе және қоғамдық мекемелермен жалпы біліммен адамды мамандыққа даярлау нәтижесімен көрінісін беруі қажет. Үздіксіз білім беру жүйесі - бір жағынан ыңғайлы, екіншіден, әлеуметтік педагогикалық принцип XXI ғасырдағы тұтас жүйе болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесі адамның өмір бойы жалпы жүйеден, жүйелеп білім алуына бағытталған, білім беру мекемелерінен тұрады. Осы жүйеде мемлекеттік, мемлекеттік емес, жалпы қоғамдық базалы және қосымша білім беретін мекемелердің өзара байланысынан құрылған. Білім беруді тұтас басқару жүйесі: білім беру министрлігі, академиясы, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары мектеп-университеттер, институттар (магистратура, докторантура), департаменті, қосымша білім беру мәдени-тәрбие ұйымдары, білімді жетілдіру иституттары, білім беру департаменті-аймақтық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық- орта білім лицей, гимназия, колледж, толық және толық емес білім беру-қалалық политехникалық колледж және ауылдық политехникалық колледждер;

Жалпы вертикал бойынша, мектепке дейінгі, жалпы орта мектеп, кәсіби білім беру, жоғары мектеп, мамандықты көтеру іс-әрекетінің өзгеруіне байланысты қайта даярлау, жалпы білімдік деңгейін және мәдени көзқарасын байыту. Бұл жүйенің компоненттерінің бәрі горизонталды түрғыдан өзара байланысты. Мысалы, мектеп, мектептен тыс, мектепке дейін және отбасы тәрбиесін жатқызуға болады. Байланыс оқыту формасында да мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық мекемелерде байқалады. Үздіксіз білім беру негізі мектепке дейінгі және базалық, жалпы орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде және кәсіби білім берудегі түрлі типтік мекемелерде іске асырылады. Білімнің негізі мен танымдық білік осы мекемелерде қалыптастырылады. Бұндай жағдай жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік рөлін қамтамасыз ететін және гуманистік, гуманитарлық бағытының мазмүнын. сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің әдістері мен формасына ықпал етеді.

Бастауыш мектепте жаңа технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін оқыту мұғалімнен қажырлы еңбекті талап ететіндігі сөзсіз. Бұл тұрғыда, педагогикалық менеджмент ұғымына тоқталып өтудің маңызы зор. Менеджмент ұғымы ауда-саттық пен бизнеске қатысты көптеп қолданылып жүргендігі анық. Ал педагогикаға, бастауыш мектепте оқытуға қатысты бұл ұғымды қалай түсіну керек?

Педагогикалық менеджмент принциптер, әдістер, құралдар мен формаларды өзара қатынастықта басқару өнері болып табылады. Педагогикалық менеджмент теориясы жүйені жаңаша басқару практикасына қалай әсер береді? Оның резерві қандай?

Біріншіден, басқару процесінің интенсивті психологизациялануында белгілі бір нәтижеге жетуде, өзара сыйлы қарым-қатынас атмосферасында, ұжымның әр мүшесіне сәттілік пен сенім артылады.

Екіншіден, менеджментті игеру жоғарыдан бұйрық беруші әкімшілік басқару жүйесінен горизонталды кәсіби маманмен қарым-қатынастық жүйеге бағытталған. Бұл жаңа жүйе негізі корпоративтік басқару стилінде құрылған іс-әрекет нәтижесінің максималды шегіне жетуде әр адамның табиғи дарыны және жеке тұлғалық қасиеті ескертіледі.

Үшіншіден, педагогикалық менеджмент әр адамның жеке тұлға ретінде дамуына, педагог пен басқарушының мотивтік ориентациясын координациялауда, білім беру жуйесінің дамуы мен дамушысына жағдай жасайды.

Төртіншіден, жаңа білімді дамытуда және мекеме жүйесін құруда негізгі рөлін мәдени тұрғыдан ұйымдастыруда, жалпы

адамзаттық және үлттық құндылықтарды, әлемдегі мәдениетті игеруде жеке басты жауапкершілігі білім беру стандартында қамтамасыз етілуі керек. Мәдени құрылымдағы білім беру функциясы кәсіпкершілік пен менеджменттік құндылықтардың дамуына ықпал етеді. Соңында барлық білім алушылар кеңістіктігіне қатынасқандарға психолого-педагогикалық комфорттық жағдай туғызады. Демек қазақ тілін оқытудағы қолданатын барлық әдіс-тәсілдердің, амалдар мен формалардың барлығын бір сөзбен педагогикалық менеджмент деп атауға болады.

Педагогикалық менеджменттің құрамында қарастырылатын жаңа технологияларға тоқталмас бұрын, сабақ беру жүйесіндегі дәстүрлі әдіс-тәсілдер топтамасы туралы сөз қозғаудың маңызы зор.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір қадамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. Әдіс деген сөз гректің "методос" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым - белгіт ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жол-дары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.

Педаготкалық энциклопедияда "Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жүмысы-

ның тәсіпдері, солардың көмепмен оқушы білімді, іскерлікті және дағдыны игереді; оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды" - деп жазылған. "Әдіс - дәл, жалпы мағынасында мақсатқа жету, іс-әрекетті нақты ретке келтіру тәсілдері".

сөздік "Әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет" - деген анықтама береді.

"Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым - қатынасының тәсіл -амалдары", - деген де пікір айтылады.

Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дуние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушыпар-дың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар-дың өзара әрекетінің негізінде білім, тәр-бие және таным процесін жетілдіру.

"Әдіске" қатысты аныктамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет".

Олай болса, оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен қуралдарының жиынтығы болып табы-лады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін уйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру -үнемі айтыс туғызып келе жатқан педаго-гикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да бар.

ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодовсжий, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зертгеу, лабораториялық әдістерін жасады. 30-шы жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шим-бирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа адістврін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңпмелеу, көрсету, демонстрация, лекция.кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.

1950 жылдардан бастап оқыту әдісін классификациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лард-Кипанидзе оқыту әдістерін топтастырып, оны үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту тәжірибелік сабақтар адістері.

50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары Е.Я.Голант, СХ.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге ала отырып, оқыту әдісінің жаңа классификациясын усынып, оларды үш топқа бөлді:

1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс;

2. Көрнекілік әдістер тобы демонстра-ция, иллюстрация, бақылау;

3. Практикалық немесе тәжірибелік әдютөр тобы лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.

Ғылыми педагогикалық әдістерде топ-тастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.

1. Оқушылардың таным белсемділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер):

- түсіндірмелі хабарлау әдісі;

- репродуктив әдіс;

- проблемалық баяндау әдісі;

- эвристикалық әдіс.

2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):

- жаңа білім беру әдісі;

- біліктер мен дағдылар қалыптастыру әдісі;

- техникалық қуралдармен жұмыс істеу әдісі,

• өзіндік жұмыс істеу әдісі;

- білімді тексеру әдісі;

- проблемалық, программаланған оқыту әдісі.

3. Тутас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):

- ой-танымдыл ық әрекеттерді уйымдас-тыру;

- - оқуға ынталандыру;

- оқытудағы бақылау және өзін-өзі ба-қылау әдістері.

4. Әдістің логикалық және психология-лық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг);

• ауызша баяндау әдісі;

- есеп шығару әдісі;

- өнер құралдарын пайдалану әдісі.

5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):

- жаңа білімді игеру әдісі;

- өзіндік білім әдісі;

- проблемалық әдіс;

- практикалық әдіс;

- керкем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішінде ең кәл тарағаны - білім берудің көздеріне сәйкес (ИХОгородни-ков, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):

- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;

- көрнекілік әдістер;

- тәжірибелік әдістер.

Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады.

Осы айтылған мәселерді пайдалана отырып, қазақ тіліндегі зат есімдерді оқыту туралы біршама кеңірек тоқталып өтуді жөн санаймыз.

Мектепте зат есімді оқыту аса қиындық келтірмейді, өйткені зат есім туралы түсінік балаларға бастауыш сыныптардан белгілі. Зат есімді оқыта отырып, тіл дамыту жұмысын мьнадай бағытта ұйымдастыруға болады. Ең алдымен мұғалім зат есімнің не екенін түсіндіруі тиіс. Зат есімнің жалқы және жалпы түрін,заттың аты, заттық ұғымды білдіретін белгілердің аты, т.б. зат есімдерді түсіндіруі қажет. Ол үшін мұғалім мынадай мәтіндерді магнитофон арқылы оқушыларға тыңдатып, қандай зат есімдерді байқағандарын айтқызады. Мәтінді мұғалім күні бұрын магнитофонға түсіріп, дайындауы қажет. Әрбір зат есімді балаларға сөйлем ішінен ерекше үнмен, екпінмен аңғарту мақсат етіледі. Оқушылар мынадай мәтінді тындауы қажет:


«Балақай-ау, балақай.

Жаз келді жайнап, алақай!

Қызғалдағын қызартып,

Шақырады қыр мен сай.

Көк ала қанат көбелек,

Селтең етіп жөнеледі,

Қызықсьн деп сендерді,

Айналады дөңгелеп

Алақай-ау, алақай,

Қара-қара балақай.

Құйрықтарьн тістесіп,

Ойнақтайды құльн, тай.

Ботақандар иіліп,

Бұзау мұрнын шүйіріп,

Қошақандар құржыңдар,

Лақ сеқіреді сүйініп»—



(М.Хакімжанов, Ақ қала)
Балалар мынадай зат есімдсрді атауы тиіс: балақай, жаз, қызғалдақ, қыр, сай, көбелек, құлын, тай, ботақан, бұзау. қошақан, лақ. Бұдан кейін мұғалім осы зат есімдердің қандай заттық атауларды білдіріп тұрғанын сұрауы қажет. Олар гүд, төрт түлік мал, жыл мезгілі деген заттық белгілерді, атауларды айтуы тиіс.

Мұғалім зат есімді оқыту тұсында жер, су, қала, т.б. заттық ұғымдардың этимологиясымен таныстырғаны жөн. Мұғалім сабақтың ыңғайына қарай мынадай географиялық атаулардың нені білдіретінін, қалай шыққанын және үйренген сөздсрін сөздік дәптерлеріне жаздырьп отыру қажет. Мысалы: Тынық мұхит –біріші рет жер шарын айналып шыққан саяхатшы Магеллан мұхиттың өте тынық екенін байқағандықтан-, оны Тынық мұхит деп атаған. Енисей— эвенкі тілінде Йоанеси - үлкен өзен деген сөз, ненец тілінде Енасе- кең өзен деген мағынада. Амур эвенкі тілінде – Та-Тур -өте үлкен өзен деген сөз. Зеравшан өзенінен алтын алынған екен. Сондықтан осылай аталыпты. Ялта – грек сөзі, грекше ялос- жаға деген сөз : теңіз жағасы мағынасында аңғарылуы қажет. Аңғара – бурят тілінде аңғар, таудағы шатқал деген сөз. Батуми –латынша батус- терең қойнау деген сөз.

Оқушьлардың вокзал деген сөзді білмейтіндері жоқ. Оны темір жол станциясыньң үйі дейді. Міне осы вокзал сөзінің аталу тарихы бар. Лондонға жақын жерде француз қызы Жанна Вокстің серуендейтін үлкен бағы болыпты. Сол бақты қыздың атымен Вокс (вокзал) деп атапты. Ресейде темір жол бойында үлкен жиындар болып, халық топтанып ойын-сауық жасайтын болған. Халық оны вокзал деп атаған. Сонда вокзал деген ұғым халықтың көңіл көтеріп, қыдырып, ойын-сауық жасайтын орны болғаньн аңғартады. Мұндай сөздердің, шығу тарихын түсіндіру балалардың сөздік қорының дамуына әсерін тигізеді.

Мұғалім зат есім тақырыбын оқыту тұсында балалардың өткен тақырыптарды (синоним, омоним, антоним, т.б.) қалай меңгергендерін байқау мақсатында адамның бет әлпетіне байланысты айтылатын бірнеше синоним тұлғамен келген мынадай сөздерді пайдаланып, қысқаша мәтін құратыға болады: бет, жүз, түр, түк, келбет, көрік, өң, ажар, шырай, пішін, кейіп, кескін, дидар, нұсқа, рең, рай, әлпет, ұсқын, мүсін, сүрең, сұрық, тұрпат, сықпыт.

Балалардың құрастырған сөйлемдерін магнитофонға жазып, оларды сыныпта тыңдау керек.

Балалар шамамен (мұғалімнің көмегімен) мынадай мазмұндама сөйлем құрастыруы мүмкін: Ананың жүзі сарғылт тартқан. Баланың түрін бірден тани кеттім. Көріп ем қыз Жібектің бұрын түсін, бітпеген еш беденге ондай пішін. («Қыз Жібек» жырынан). Адамдықты білмейтін әлпеті жаман бір індет (Жамбыл). Айшаның көркіне ақылы сай. Ерболдың өңінен мектептен шаршап келгендіктің белгісі білінеді. Айбектің жалпы кескіні шешесіне ұқсайды, көз әлпеті әкесіне келеді. Гүлдің кейпі, мінез-құлқы жаман емес. Бибігүлдің ажарында реніш белгісі бар, т.т. Бұдан соң мұғалім осы сөздердің қандай мағында қолданылғанын балаларға айтқаны жөн.

Мұғалім зат есім тудыратын, жасайтын нама, дама, бей деген жұрнақтардың қалай шыққаны жөнінде де айтса, артық болмайды.

Мұғалім зат есімді оқыту тұсында заттық атауларды көбірек үйреткені жөн.

Диктант немесе сөздік жұмысын үйретуде, сондай-ақ балаларды ауызша сөйлеп үйрену дағдысына бейімдеу үшін мұғалім мынадай дидактикалық материалдарды пайдалануына болады.

Бесінші класс оқушылары зат есім туралы басты мәліметтерді бастауыш мектепте өтеді. Сондықтан бесінші класта алғашқы рет зат есімді оқытқанда, алдымен оқушылардың бұл туралы бүрынғы білетіндерін еске түсіріп, сол білімін әрі қарай тереңдетеді.

Бірінші сабақта зат есімдердің мағыналары, жалпы есім және жалқы есім туралы қайталанады. Осы қайталау үстінде оқушылардың бастауыш класта зат есім туралы өткендері еске түсіріліп толықтырылады. Қайталау грамматикалық талдау түрінде жүргізіледі. Ол үшін мүғалім алдын ала бірнеше сөйлем дайындап келеді. Бұл сөйлемдерде әр түрлі мағынада жалпы есімдер және бірнеше жалқы есім сөздер болады. Мұғалім осы сөйлемдерін тақтаға жазып, оқушыларды біртіндеп тақтаға шығарып немесе түрған орнында сөйлем ішіндегі зат есімдерді, жалпы есім, жалқы есімдерді тапқызып, олардың мағыналарын айтқызады.

Мысалдарды талдап болған соң, оқулықтан зат есімнің анықтамасын оқып, мазмұнын оқушылар өз сөздерімен айтып береді. Бастауыш мектепті бітірген оқушылар дерексіз зат есімдерді (ақыл, ерлік, ой, қорқақтық) анық айыра алмайды. Сондықтан оқушылардың зат есім туралы білімін кеңейту үшін, лайықты мысалдар алып, соның ішінен деректі (бор, сия, адам), дерексіз (ой, батырлық, ашу т.б.) зат есімдерді айыртып, олардың арасындағы мағыналық өзгешелікті үйретеді. Бекіту үшін тапсырмалар беріледі. Сонымен бірге басқа сөз таптатарымен сыртқы дыбыстық жағы үқсас болып келетін омоним сөздерді айырту үшін де, жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, аръщ, терең. Қой арық. Ұста ат тағалайды. Атты ұста. Жаз жылы болады. - Хат жаз.

Оқушылардың жалпы есім, оның ішінде деректі зат есім, дерексіз зат есім, жалқы есім және омоним туралы алған білімдерін бекіту үшін, мүғалім класта әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Мысалы, партаның ыңғайымен,

бір| қатардағыларға өзен аттарын білдіретін, екінші қатардағыларға қала атын білдіретін жалқы есімдер тапқызу;

Дерексіз зат есімдер тауып, соған сөйлем күру, немесе омоним туралы түсінігін бекіту үшін, қымыз іш, аяғыңды бас, қолыңды суға мал
сияқты сөйлемдер алып, сондағы етістіктердің зат есім болатын омонимдерін ойлап тапқызып, сөйлем құратады. Оқушылардың әрқайсысы екі сөйлемнен жазады. Онда жалқы есімдер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып келуі шарт, Мысалы, Мен биыл Москва, Ленинград, Киев қалаларын араладым. Асан магазиннен Ғ. Мүсіреповтің „Оянган өлкесін", Ғ. Мүстафиннің „Миллионерін" және С. Мұқановтың „Ботакөзін" сатып алды.

Мүнда жалқы есімдер жайында, бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісі және кітап аттарының тырнақшаға алынатындығы туралы түсінік алады.

Зат есімдер семантикалық жақтарынан өз ішіңде: мал атаулары, адамның есімдері, күрт-қүмырсқа атаулары, қора-қопсы, үй жиьаз атаулары, қоғамдық түрмыс атаулары, саяси-әлеуметтік атаулары, техника атаулары, сауда-саттық атаулары, табиғат, қүбылыс атаулары сияқты болып сараланады.

Зат есім мағыналарын ашуда оқушылар сұрағының адам үғымын білдіретін атауларға, не? сұрағының адамнан басқа жан-жануарларға, өзге заттардың атауларына қойылатынына мысалдар келтіреді.

Зат есімдердің жалпы есім, жалқы есім болып бөліну ерекшелігі әрқилы деректі, дерексіз үғымдарды білдіретін зат есімдерден мысал келтіру арқылы түсіндіріледі. Ал жалпы есімдер мағына жағынан нақты бір үғымды білдірмейді, тек жеке-дара затты басқа бір заттардан ажыраіу-үшін қойылған белгі — зат ретінде жұмсалатын есімдер екені ескеріледі. Сол себептен де жалпы есімдердің ерекшелігі бұлардың үнемі бас әріппен жазылатынында екені зат есім орфографиясымен үлптастырыла сөз болуға тиіс.

Жалпы есім жалқы есімдердің де контексте болсын, жеке бір жаңа сөз жасауда болсын, жалпы зат есімнен жалқы зат есімге, керісінше, жалқы есімнен жалпы есімдерге айнала беретінін мысалдар талдау төңірегінде аңғарту қажет. Мысалы: Семей семейлік, Берсиев берсиевші, Алматы алматылық немесе күн, уақыт; Күн, Ай планеталарының мағыналары түсіндірілуі керек.

Жалқы есімдерге кісі аттары мен жер-су аттары енетіні ескертіледі. Олардың жасалу жолы мен емлесі «Морфологияны оқытудың методикасы» деген кітапта толық берілген.

Зат есім сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалың жақтарынан үнемі жалпылық мағынада қолданылып, оларга көптіқ жалғауы -жалғанбайтыны да ескерілуі керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі:

1) Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: көптік жалғауда қолданбайды: су, қымыз, сорпа, көже, шұбат, айран, керосин, мүнай т. б.

2) Газ тектес зат есімдердің атаулары: азон, бу, түтін, түман, шаң, т. б.

3) Уақ, үнтақ, майда, мамық зат есімдердің атаулары: қант, үн, кірпік, шаш, құм, жусан, шөп, жүн, түбіт, жіп, арпа, өрік, мойыл т. б.

4) Дерексіз зат есімдердің атаулары: алгыс, қайгы, қуаныш, шындық, тілек, өкініш, қасірет т.б.

5) Табиғат байлығы — кен атаулары: алтын, болат, қүрыш, мыс, шойын, алмаз, көмір т. б.

6) Табиғат қүбылыстарының атаулары: жаңбыр, жел, найзагай, боран, қар, қүйын т.б.

Жұптық ұғымды білдіретін зат есім атаулары: көз, қол, аяқ, қүлақ,

етік, байпақ, кебіс, шаңғы, қолгап, тагат.б.

Зат есімнің мағыналарын өз ішінде саралап түсіндіру оқушының тіл

байлығын, сөздік қорьш байытып, оларды дүрыс қолдана білуге дағдыландырып, тіл мәдениеттілігін қалыптастырады.

Зат есімдердің бұл айтылған мағыналық ерекшеліктерін аңғартумен қатар, бір алуан зат есімдердің ол бастағы мағыналарынан жартылай айрылып, кебінесе көмекшілік қызметінде жұмсалатын ерекшеліктері де ескерілуі керек. Мүндай зат есімдер өз алдына көмекші есімдер болып, көмекші сөздер тобына жататыны айтылады.

Зат есімдердің лексика-семантикалық мағыналарының ерекшеліктері, өзара ұқсастықтары және өзара бір-біріне ауысып отыруын мұғалімдер жоғарыдағыдай саралап алғаң соң, оқушыға нені білдіру керек, нені ажырата білуге дағдыландыру керектігін бағдарламаны, оқулықты басшлыққа ала отырып, күнтізбелік жоспар жасау ұстаздардың міндеті.

Зат есімдердің морфологиялық белгілерін меңгерту. Зат есімнің морфологиялық түлғада түрленуін меңгертуге бұрын өтілген сөздердің жасалуынан алған білім еске түсіріліп, сөз жасаудағы заңдылықтың зат есімге де тән екендігі түсіндіріледі.

Зат есімдер құрамы, құрылысы жағынан дара, күрделі болатыны меңгертіледі. Дара зат есімдердің бір ғана сөзден жасалатыны, күрделі зат есімдердің кем дегенде екі, одан да көп сөздерден қүралатыны айтылады. Күрделі зат есімдердің қүрамындағы сөздер алуан түрлі түлгада жұмсалатыны талдау кезінде аңғартылады. Мысалы; Жиналысты Қазақстан Жазушылар одагы басқарнасының бірінші секретары кіріспе сөзбен ашты. деген сөйлемдегі сөздерді қүрамына қарай жиналысты және Қазақстан Жазушылар одагы басқармасының бірінші секретарі деген екі топқа бөліп, алдыңғысының бір ғана сөзден, кейінгі күрделі зат есімнің алты сөзден қүралып, күрделі жалқы есім сөздер екені өзара салыстырыла түсіндіріледі.

Зат есімдердің жасалуын меңгертуде негізгі, туынды, біріккен сөз, қос сөз, тіркес сөз және кысқарған сөздердің жұмсалуы, лексикалық толығу мәселесі еске түсіріліп, зат есімнің жасалуы сөз болуға тиіс.

Зат есімдердің жасалуын сөз еткенде, мүғалімдер үш түрлі ерекшелікті басшылык етулері керек.

Бірінші, зат есімдер лексикалық әдіс-тәсіл арқылы жасалады. Лексикалық тәсілге ешбір жұрнақсыз өзінің бастапқы мағынасын не кеңейту, не тарылту, не ат ауысу арқылы туған жаңа есімдер жататыны аңғартылады. Мысалы: еңбек, қызмет, кәсіп, өнер дегендердің жаңа мағынасы түсіндіріледі.

Екінші, зат есімдер синтаксистік әдіс-тәсіл арқылы жасалады. Екі не одан көп сөздердің бірігуі немесе қосарлануы, не тіркесіп келуі арқылы жаңа үғымды зат есімдер пайда болады. Мысалы: тасбақа, қора-қопсы, жал-жая, шекара, Еңбек Қызыл ту ордені, Болат Асанов т. б.

Үшінші, зат есімдер жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Жұрнақтардың жалғануы арқылы жаңа зат есімдердің пайда болуы морфологиялық амал-тәсілге жатады. Демек, зат есімдердің сөз тудырғыш, сөз түрлендіргіш сияқты екі түрлі морфологиялық көрсеткіші меңгертіледі. Мысалы: басшы, көзілдірік, орындық, қүлақшын, дегендегі -шы, -ілдірік, -дык, -шын жұрнақтары бас, көз, орын, құлақ зат есімдерінен екінші бір жаңа зат есімдер жасалып тұр. Сол сияқты бұрғы, боран, ұшқыш, тарақ дегендердегі -ғы, -н, -қыш, -қ жұрнақтары бұр, бора, ұш, тара дегендер етістік сөздерінен зат есім жасап, зат есім тобын екінщі бір жаңа есімдермен толықтырады.

Зат есім жасайтын бүл жұрнақтардан басқа бір топ жұрнақ жалғанған сөзінің лексикалық мағынасың өзгертпей, оларға қосымша үстеме реңк ғана жамайды. Қосымша реңк, мән үстейтін жұрнақтар сыйлау, құрмет тұту, кішірейту, еркелету, қымсыну, кемсінбеу, кекету, мысқылдау тәрізді алуан түрлі реңктік мағынаны білдіреді. Мысалы: апай, әкей (үлкен түту), агатай, балақай (қүрмет, сыйлау), көрпеше, үйшік (кішірейту), балъщсымақ (қомсыну) тәрізді мағынада жұмсалады.

Мүндай мағына үстейтін жұрнақтар сөз түрлендіргіш қызметінде танылады. Сөз түрлендіргіш жұрнақтар сөз тудырғыш жұрнақтарға қарағанда аз. Сөз тудырғыш жұрнақтардың түрі жаңа зат есім жасауда өнімі мол екені аңғартылады.

Туынды зат есімдердің құрамындағы жұрнақтардың тұлғасы әр түрлі болатынынан да мәлімет берілуі керек. Мысалы: құймак, түйме, санақ, жем, адамгершілік деген туынды зат есімдердегі жұрнақтардың қүрамы әр түрлі екені сөз болады. Атап айтсак, -мак, -ме, -қ, -м, -гершілік деген жұрнақтардың қүрамын өзара салыстыра түсіндіру керек.

Зат есімнің жалғауларын оқыту. Зат есімнің морфологиялық тұлғасы жағынан басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі — көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есіііге тән, сол себепті зат есімдер жалғаудың қай түрімен болса да еркін^гүрлене беретіні айтылады.

Көптік жалғау. Бірініиі сабакта көптік жалғауы туралы оқушылардың бастауыш мектепте өткендері қайталанады. Соңғы буыны жуан не жіңішке, сонғы дыбысы дауысты немесе дауыссыздардың әр түрінен болған бірнеше зат есімдерді тақтаға жазып, сол сөздерге көптік жалғауларын оқушылардың өздеріне жалғатады (бала-лар, кісі-лер, қыз-дар, сөз-дер, қалам-дар, кілем-дер, ағаш-тар, мектеп-тер).

Көптік жалғауы буын үндесу заңына байланысты жуан (-лар, -дар, -тар), жіңішке (-лер, -дер, -тер) болатындығы, дыбыс үндесуінің ілгерінді ықпал заңына байланысты (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) үнді, үяң және қатаң дыбыстардан басталатындығы женіндегі ережелер қайталанады.

Зат ссімнің алдынан сан есім келіп, сол заттың санын, сан мөлшерін білдіреді. Мұндай жағдайда зат есімге көптік жалғау жалғанбайды. (Он адам, бес қалам, он шақты қой, бес-алты сиыр т. б.)

Дүрысында, бесінші класс оқушыларына зат есімнің көптелуі туралы үйреткенде, зат есімге көптік жалғауы жалғану аркылы және зат есімнің алдынан сан есім сөздер келу арқылы жасалатын түрлерін тиянақты үйрету жеткілікті болар еді. Өйткені мектеп оқушыларына грамматикалық құбылыстарды үйреткенде, ол екі ұшты болмай, нақтылы анықтамасы мен фактілері бір-біріне сәйкес болуы шарт.

Қазақ тілінде сөздердің жекеше немесе көпше түрінде қолданылуы — стильдік ерекшелігі болуға тиіс. Сондықтан грамматикалық форманы мағынаға бағындыру— грамматикалық қүбылыстарды дүрыс түсінуге кедергі келтіреді. Мағына қуушылық — әсіресе оқушылар үшін қиындық туғызатын жағдай.

Зат есімнің тәуелді түрі. Бесінші класс оқушылары тәуелдік жалғауымен бастауыш мектепте танысқан. Бүл тақырыпты өткенде де, мүғалім тақтаға бірнеше сөйлем жазып, сұрау-жауап арқылы оқушыларға талдатады, сөйлем ішінен зат есімнің тәуелді түрін тапқызады, оның жалғауларының қай жақтық екендігін айтқызады.

Тәуелдік жалғаудың түрлерін үйреткенде, буын үндестігі туралы ережелерді қайталап еске түсіру керек. Әсіресе дауысты дыбыстарға аяқталған сөздерге тәуелдік жалғауы I, II жақта -м, -ң (шеке-м, бәкі-қ) түрінде жалғану себебін, III жақта -сы, -сі (бала-сы, әке-сі) түрінде жалғанатынын салыстыру арқылы үйреткен жөн. Тәуелдік жалғауларын үйрету үстінде, кейінді ықпал заңының ережесін еске түсіріп, қ, к, п дыбыстарының г, г, б дыбыстарына айналатындығын терең түсіндіру үшін көбірек жаттығу жұмыстары жұргізіледі (мектеп мектебім, тсшақ — тамагы, етік етігі, қап қабы т.б.).

Тәуелдік жалғаулары және олардың емлесін бекіту үшін окушылар әр түрлі жаттығу жұмыстарын — класта да, үйге тапсырма ретінде де орындауға тиіс.

Тәуелдеудің оңаша түрі, ортақ түрі деп б^ларды—айнрым грамматикалық категория ретінде үйрету қажет емес. Өйткені ортақ тәуелділік мағына білдіретін (үш жағына бірдей) арнайы грамматикалық формант жоқ, тек бірінші жаққа жалғанатын -мыз, -міз жалғауы ғана ортақтық мағына білдіреді. Мүны ескерту ретінде бірінші жақта жалғанатын -мыз, -міз ортақ мағына білдіреді, екінші жақта жалғанатын -қыз, -ціз сыпайылықты білдіреді деп үйрету дүрыс болар еді. Ал сендердің балаларың деген сөйлемдегі ортақтық мағына — тек контекске байланысты туатын үғым. Олардың журналы дегенде де ортактықты білдіріп түрған арнайы тәуелдік жалғауы жоқ. Ол мағына контекске байлаиысты аңғарылып түр.

Зат есімнің септелуі. Зат есімнің септелуі грамматиканың күрделі де, киын тарауы болып саналады. Зат есімнің септелуін үйртуде бір ескеретін нәрсе — осыған байланысты терминдердің әр түрлі болмай, тиянақты болуы. Қазір мектептерде септік, септеу, септік жалғауындағы сөз, барыс жалғауындағы сөз, барыс жалғаулы сөз, барыс жалғауы т.б. деп аталып жүр. Әрбір грамматикалық категорияның не күбылыстың тиянакты термині, бір ғана аты болуы — оқушылардың грамматикалық қүбылыстарды дүрыс түсінуіне жәрдем етсе, екіншіден, оларды жинақы және мәдениетті сөйлеуге дағдыландырады. Зат есімдердің әр түрлі септік жалғаулар жалғану арқылы түрленуін септеу (септелу) деп атап, ал септік жалғауы жалғанған жеке сөзді барыс септік (ауылга), жатыс септік (ауылда) т.б. деп атаған дүрыс.

Әр септікке анықтама бергенде де, алдымен бәріне біркелкі мынадай сөйлеммен түсіндірген жөн. Ілік септік дегеніміз — атау септікке -ның, -нің, -дың, -дің, -тық, -тің жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бүл жалғауларды ілік септік жалғаулары деп атаймыз. Сонан соң ілік септіктің ерекшеліктері, мағыналары туралы түсіңдіріледі. Басқа септіктер де осы тәртіппен үйретіледі.

Зат есімнің септелуі туралы өткенде, оқушылар үшін мынадай қиындықтар кездеседі:

1. Атау септігін ілік және табыс септіктің жалғаусыз (жасырын) түрімен шатастыруы мүмкін. /

2. Көмектес септік жалғауын мен, бен, пен деге^ жалғаулық шылаудан ажырата алмайды.

3. Жатыс септік жалғауы мен соған үқсас да, ёе шылауын оқушылар ■ жаңылыстыра береді.

4. Кейде табыс септік жалғауын (-ды, -ді) сын есімнің жұрнағымен шатастыруы мүмкін (малды қайыр, малды колхоз).

5. Оқушылар әсіресе зат есімнің III жақ тәуелді түрінің барыс, жатыс септік

формасындағы (қаламына, қаламында) н дыбысын табыс септік жалғауы деушілік жиі кездеседі.

Осы жағдайларды ескеріп, мүндай қиын мәселелерді оқушыларға дүрыс түсіндіру үшін, мұғалім алдын ала дайындалады. Ол үшін бұлардың анықтамаларын, керекті көрнекі құралдарын, лайықты мысалдарын жазып, дайындап келеді. Тіпті, қандай сұраулар беру керек екендігін де ойланып қояды. Жаттығу жұмыстары салыстыру түрінде беріліп, оқушылардың өздеріне талдату арқылы үйретіледі. Мысалы, Асан малды бері қайырды. Біздің ауданда малды колхоз көп. Асан қолын суга малды. Осы. үш сөйлемдегі малды деген сөздің қайсысы табыс септігінде түрғандығын тиісті сұрауына қарап ажыратады. Басқа септіктерді де үқсас формаларымен салыстыру арқылы осы ретнен үйреткен жөн.

Зат есімнің тура түрі мен тәуелді түрінің септелуі арасындағы айырмашылығы да бір-бірімен салыстыру арқылы үйретіледі (үйге үйіме, ауылга аулыңа, қолда қолыңда, каламды қаламын т.б.).

Қазақ тіліндегі септіктердің әрқайсының контекске байланысты бірнеше мағынасы болады. Кейбір септік тіпті әлденеше мағына білдіруі мүмкін. Оқушыларға бүлардың барлық мағыналарын теріп айтып жатудың кажеті жоқ, тек бір-екі басты мағынасын ғана үйреткен жөн.

Зат есімнің септелуіне байланысты кездесетін қиындықтар жоғарыда көрсетілген. Осы қиындықтар жыл бойына қайтадан еске түсіріліп отырылады.

Қазақ тілінде сөз негізінен кейін әдетте бірінші орында септік жалғаулары немесе жіктік жалғауы жалғанады. Кейде апамдар, әжемдер, жездемдер деген сөздерде көптік жалғауы өзінің орын тәртібін бү_зып, тәуелдік жалғауының бірінші жағынан кейін жалғанады. Жатыс септігінен кейін жіктік жалғауы жалғанатындығын немесе сөзге бірнеше жалғау қосылғанда, ең соңында жіктік жалғауы жалғанатынын аңғарту үшін мен қайдамын? сен қайдасың? ол қайда? деген сұрауларға жауап ретінде Сіз мектептесіз. Мен мекептің кітапханасындамын. Мұқан үйінде деген сөйлемдерді талдатып бекітеді.

Сын есімдердің жұрнақтары арқылы жасалатынын меңгерткен соң, осы жұрнақтардың туынды сын есім жасаудағы өнімдерінің өзі де бірдей еместігі ескерілуге тиіс. Туынды сын есім жасайтын жоғарыда аталған үш топ жұрнақтың өнімді, өнімсіз болып келетінін әрбір топты өту тұсында, жасалуын сөз ету кезеңінде коса түсіндіріліп кету қажет. Мысалы, заводтагы, сулы, таусыз, үіщышыл, жолдастық, қадірлес, киімшең, ашушаң деген мысалдардағы: -гы, -лы, -сыз, -шыл, -тъщ, -лес, -шең, -шаң деген жұрнақтардың зат есімдердеіи(атыстық зат есім жасалып тұрғаны мысалдар арқылы нақтыланады. Бұл жұрнақтардың жаңа сын есім жасауда өнімінің мол ^ені айтылады. Ал өнерпаз, жагымпаз, әзілқой, жемқор деген туынды сын есімдердің -паз, -ымпаз, -қой, -қор жұрнақтары бірен-саран сөздерге ғана жалғанатындығы айтылып, олардың өнімі шамалы екені айтылады.

Мұнан кейінгі кезеңде, біт, оз, жыла, жат, қүра, ауыс, біл, жасқан, үт, жина, бос деген негізгі түбірлі етістік сөздері үхынылып, бүлардың қимыл-үғымды білдіретін сөздер екені анықталады да, түрлі жұрнақтар арқылы бүл сөздерден туынды сын есім жасалатыны салыстыру амал-тәсілдері арқылы мысалдармен түсіндіріледі. Айталық: бітік, озық, жылауъщ, жатыңқы, қүранды, ауыспалы, білгіш, жасқаншақ, үтымды, жинаулы, тайгақ дегендей сөздердің қ а н д а й? деген сұракка жауап беріп, етістік сөзден қатыстық сын есім жасалып түрғаны айтылады. Оқушыларға творчестволық ізденіс жасату әдіс-тәсілдері арқылы

Жіктік жалғау. Қазақ тілінде жіктік жалғау — тек зат есімге ғана тән грамматикалық категория емес, ол— барлық сөз табына ортақ категория. Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

Оқушылар бастауыш мектепте оқу жылының басында сөйлемнің түрлаулы, түрлаусыз мүшелері туралы мағлүмат алады. Сондықтан зат есімнің жіктелуін өткенде, оны баяндауыштың қызметімен байланыстырып үйрету керек.

Көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын өтіп болған соң, жинақтау ретінде олардың орын тәртібін, қай жалғаудан соң қай жалғау келетіндігін үйрету мақсатымен арнайы сабақ өткізіледі. Бүл жалғаулардың орын тәртібін оқушылар саналы түрде толық түсінуі үшін, мүғалім тақтаға кітап-ымыз, -тар; оқушы-мын, -сы; қол-ды, -дар, -ың деген сияқты сөздер


жоғарыдағы мысалдарды түбірден жұрнақты дефис арқылы бөліп жаздыру дүрыс болады. Етістіктен туынды сын есім жасайтын бү_л сияқты жұрнақтардың өнімді жұрнақтар екендігі оқушылардың өздеріне ойландыру арқылы меңгертіледі. Осы ретте әрбір жұрнақтың үндестік заңына байланысты түрленіп отыратынын да ескеру керек. Осылайша, етістіктен туынды сын есім жасайтын өнімді жұрнақтарды түсіндірген кезде жасамыс, жинақы, тақау, сасқалақ, еңкек, сұгапақ, тыңгылықты, сұрамсақ деген тәрізді сөздерді үсынып, бүлардың сұрағы арқылы мағыналарын анықтап, -мыс, -қы, -қа-, лақ, -ек, -анақ, -гылъщты, -мсақ деген қосымшалардың етістіктен туынды сын есім жасап тұрган өнімсіз жұрнақ екені түсіндіріледі.

Туынды сын есімдердің жасалу жолын әр түрлі жұрнақтардан мысалдар келтіре отырып түсіндіру барысында, кейбір жұрнақтардан да мәлімет берілуі қажет. Айталық: -ма, -ме,

омоним мәнді -ба, -бе, -па, -пе

қосымшасы зат есімде де, сын есімде де, етістіктерде де бар. Сонымен катар бүл жұрнақтың зат есім жасауда да, сын есім жасауда да, етістіктің болымсыз түрін жасауда да өнімді жұрнақ екендігі айтылады. Мысалы: қойма, көрме, қазба, тізбе, баспа, кеспе дегендер н е ? деген сұраққа жауап берсе, етістіктен жасалған туынды зат есімнің жұрнағы екені дәлелденеді. Ал бояма мата, қызба адам, аспа шам деген тіркестердің бірінші сөздері бояма, қызба, аспа дегендер қандай? деген сұраққа жауап болып түр, мүндағы -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары етістік сөздерден туынды сын есім жасап түрған сын есім жұрнағы екені түсіндіріледі. Үшінші баспалдақта, сулама, ауыр зат көтерме, қиыншылыөтан қорықпа, уақытты босқа өткізбе, өтірік айтпа деген мысалдағы сулама, көтерме, қорықпа, өткізбе, айтпа дегендердегі -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары етістіктің болымсыз түрін жасап түрғанын жоғарыдағы мысалдармен өзара салыстырып, әрқайсысының ерекшеліктері нақтылану қажет. Қорыта келгенде, қай сөз табының болмасын морфологиялық көрсеткішінен мәлімет берілгенде үқсас түлғалардың мағыналық ерекшеліктерін ашу үнемі ескеріліп отырылады.

Сын есімдер тек жұрнақ арқылы жасалмайды, сөз тіркестері арңылы да жасалады. Сөз тіркесі арқылы жасалатын сын есімдер күрделі сөз тобына жатады. Күрделі сын есімдердің жасалуындағы сөз тіркесінің қүрамы нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі.

Білім беруді дамыту бағытын жаңартудағы теориялық-методологиялық ықпал. Білім беруді басқарудың тұтас жүйесінің дамуы мен қалыптасуы, екі жақты процесс, ол диалектикалық әдіс негізінде таным және теория мен практика бірлігінің принципінде шешімін табады. Теория мен практиканың байланысында білім беруді басқарудың тұтас жүйесі мақсат, мазмұн, әдістер мен формалары іске асырылады. Білім беруді дамытуды басқаруда практикалық іс-әрекет өзінше педагогикапық теорияны басқарудың көзі болып табылады. Білім беруді дамыту жүйесін түтас басқару қандай болмасын жүмыста қызығушылықта себеп-салдардың байланысында түтас жүйені қалыптастырудың арасында құралдар мен тәсілдердің арасында, басқару жүйесі мен нәтижесінін, ықпалымен, басқарушы мен басқарылушының мақсаты мен міндетттерінің құрылымдык, жүйесі және іс-әрекетінің мазмүнымен анықталады. Құрылымдық басқару мақсаты қойылған міндеттермен мазмүндық іс-әрекеттегі басқарудағы құрылымдық жүйеге байланысты. Мақсат, міндет және мазмүнды басқару іс-әрекет, оқыту формасына, тәсіліне, құралына және ықпап етіп басқарылатын объект және субъектіге байланысты алынады.

Аймақтарда білім беруді басқарудың орталық обьектісі болып, білім беру мекеме типтерінің адамзат өмірін қамтамасыз ететін негізгі процеске, яғни қалыптастыруға және дамыту жүйесіне айналуы керек. ИбнСина "Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі, бұл көзді реттеу, иемдену үшін табиғатты білу керек. Ол үшін білім мен еңбек қажет" деген.

Білім беруді аймақтық ұйымдастыру процесіне тоқталатын болсақ, онда кәсіби білім беруді аймақтың қазба байлықтарының негізінде ұйымдастыру қажет. Әр адам өзінің қоршаған ортасын турмыстық

қажетіне, халыққа қызмет ету жағынан қарастыратын болса, онда әр аймақтың өндіріс мекемесінің жоғары мектепте мамандарды даярлау үшін сұранысы болуы керек. Бұл мәселе бойынша тәрбиеленушінің атаанасына, орта білім беру мектеп, гимназия, т.б. оқушыға мотивтік көзқараста гуманитарлық немесе техникалық бағытын таңдап алу жүктеледі. Жоғары мектеп оқушылармен кәсіпке бағдарлау жүмысын жүргізуде, өндіріс мекемелерімен тікелей байланыста жүргізе алады. Демек, гуманитарлық бағыттағы барлық пәндер, тек қана жеңіл өндіріс мәселесін шешу бағытында оқытылса, ал техникалық бағыт ауыр ендіріс мәселесін шешетін пәндерден білім берумен айналасуы қажет. Ауыл шаруашылығы, малшылық, егін т.б дамыған өлке сол мамандықтарға сұраныс беру керек. Ол мамандарды даярлайтын мекеме еңбегін ғылыми турғыдан ұйымдастырылып оқытылатыны бәрімізге мәлім.

А.Н.Джуринский өзінің оқу құралында Жапонияның эксперименталды мектептерінде оқушылар шығармашылықта ойлау, өзінің қабілетін сынау идеясында жүмыс жасауда. Олар үш магистрлік бағыт (рғанБірінші мектепте білім беру басқышының байланысын бекіту. Екінші жоғары орта мектепте кәсіпке білім беруге жағдайды кеңейту. Үшінші мектеп бағдарламасын диверсификациялау. Осындай бағытта аймақтық сұраныс мәселесін шешетін эксперименталды мектептер, "алдын-ала дайындық курстар" жоспар мен бағдарламалар құрылған. Тақырыптарды оқытылып жатқан пәндергё жақын ауыл шаруашылык,, биоинженерия, ақпараттық технология, электронды инженерия, киім дизайнында кеңейтілген міндетті бағдарламалар бағыттарын жасап, тәжірибеден өткізген. Ол өте жақсы нәтиже берген.

Жапонияның "ашық оқыту" бағыты классикапық білім беруден айырмашылығы бар. Сонымен қатар онда дәстүрлі емес оқыту міндетті емес бағдарламалармен оқытылады делінген.

Бүгінгі таңда тіршіліктің қалай пайда болғанын компьютерде есептеп шығарып, бес, он жылда жаңа бағдарламалар пайда болатындығы туралы ғалымдар тұжырымдар жасаған.

Елімізде ғылыми жаңа технологияның қарқынды дамуымен қатар, технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын жаңа заманның жаңа тұлғасын қалыптастырудың кезі жеткен сияқты.

Ертеде данышпан ойшылдарымыз айтқан: "Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады" - деген пікіріне сәйкес, қазіргі таңда жаңа заман ағымына сай, өзіндік жаңа білім саласында түрлі дамыту істерінің дамып келе жатқанын ерекше атап көрсетуге болады.

Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені "XXІ ғасырдағы білім беру жуйесі қандай болуы керек?" деген сауалға жауап берері анық. Еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім нәтижесінің нақты көрсеткіші болмақ. Сондықтан да дамып келе жатқан қазіргі таңдағы білімнің қай саласында болмасын оқытудың жаңа технологиясы тек сипаттама түрінде ғана емес, шынайы проблемалық негізде болуға тиісті. Жаңа оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде жаңашыл-педагтардың озық дидактикалық идеяларында "Нені оқыту?", Қалай оқыту?", Сапасы қандай? " деген сияқты мәселелерді шешуге бағытталған көптеген жаңаша жұмыстарын көруге болады: В.Ф.Шаталов (тірек сигналдары), Р.Штейнердің (ерік таңдау идеясы), С.Н.Лысенконың (оза оқыту), Эрдниевтің (ірі блоктар идеясы), Л.В.Занковтың (дамыта оқыту), Л.С.Зыготскийдің (жақын даму аймағы), т.б. Аталған дидактиктердің біліміне сүйене отырып, қазіргі таңда оқытудың әртүрлі жаңа технологиялары қарастырылып, оны қолдануды жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізіліп нәтижесін беріп те үлгерді.

Мұндай педагогикалық технологиялардың жан-жақты тараған, оң нәтижесін танытып жанқан бірқатар түрлер атауға болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигнал арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқару, оза оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясы, бағдарламалап оқыту технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту, ынтымақтастық педагогикасы және т.б.

Білім берудің әрбір сатысы жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан да баланың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды болып отыр.

Білім берудің ең төменгі сатысы -интеллектінің даму іргетасы, оқу әрекетін калыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бірақ, бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, затты қабылдауы нашар болып келгенімен, білуте құштар, барлығын көзбен көруді ұнатады. Сондықтан да оқу ойын түрінде, модульдік оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиялары ретінде қолданылып отырады.

Келесі сатысы- орта саты, мұнда барлық білімнің негіздері қаланады. Материалдары күрделірек болғандықтан бірден түсінулері де қиынға соғады. Сондықтан да жас ерекшелігі мен пәннің күрделілігі ескеріліп, дамыта оқыту, проблемалық, оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, модульдік, тірек сигналдары арқылы оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы тиімді түрде қолданылу көзделіп отыр.

Ал жоғарғы саты, яғни орта кәсіптік және жоғары білім сатысы - оз бетімен оқу дағдыларын игере алатындықтан, белгілі мәселе төңірегінде ой қозғай алатын, жеке пәндерге деген талғамы, талғауы бар саналы азамат ретінде танимыз.

Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, бұл сатыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту деңгейлік-саралап оқыту, бағдарламалап оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы, өздігінен дамыту технолгиясы, дамыта оқыту технологияларын пайдаланып, жетістіктерін күтуде.

Дегенмен де оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарттарының бірі білім берушінің иновациялық іс - әрекетін қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір оқытушы өз сабағында жақсы нәтижені көре алады.

Оқытушы алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, оны тәжірибеде қолданып, төртіншіден, дамытып, нәтижесін байқайды.

Оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланудың тағы бір ерекшелігі оқытушы мен білім алушының күрделі, тығыз байланысын арттырады, қысқасы, сапалы білім берудің оң жолдарын қамтиды. Сондықтан да ендігі жерде педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет, ол мемлекеттік стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондай-ақ жаңа технология пайдалану оқытушы мен оқушының қарым-қатынас жайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы В.П.Беспалько ұсынған педагогикалық технология ұғымына, оған негіз болатын концептуалдық көзқарасқа сәйкес және Б.Блумның “толық меңгерту” технологиясының басты идеяларына сүйеніп жасалынған. Бұл технология да басқа технологиялар тәрізді оқу процесінің құрылымына, дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орныдалуын қажет етеді.

Дегенмен аталмыш технологияның басқа технологиялардан, әсіресе, атаулары ұқсас “Әр деңгейлі оқыту” технологиясынан көптеген айырмашылықтары бар.

Енді сол айырмашылықтарды көрсетейік:

1. Оқушылар алдын-ала жүргізілген диагностика негізінен шағын топтарға бөлінбейді. Оның себебі:

а) ізгілендіру принципіне сәйкес әр оқушының танымдык қызмет субъектісі, жеке тұлға деп қарай отыра және олардың өзінің “жақын даму аймағында” жұмыс істуін қамтамасыз ете отыра оқушыларды алдын-ала қабілет деңгейлеріне қарай топқа бөлу қажет емес деп саналады. Оның үстіне деңгейлік тапсырмалар орындау үстінде оқушылардың өздері-ақ сараланады, бірақ тәжірибе кәрсеткендей белгілі бір мерзімнен кейін, технологияның басты компоненттері - оң мотивация қалыптастыру және табысқа жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар төменгі деңгейден жоғары деңгейге ауыса алады. Алғыр топтың оқушылары сабақ үстінде жетекшілік роль атқарып, мұғалімнің көмекшілеріне айналады.

б) тәжірибе сондай-ақ оқушыларды алдын-ала әлсіз, орташа, жоғарғы топтарға бөлудің зиянды жақтары да бар екенін кәрсетіп отыр. Өйткені бұл оқу мақсатының диагностикалық түрде анықталып, бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы иерархиялық жүйе құрайтын болмысына қайшы. Базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, факт, заңдылықтар), репродуктивті таным қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмаларды орындамай, бірден күрделілігі орташа немесе жоғары тапсырмаларды орындау оқушылардың тіректік, базалық білім алуына нұқсан келтіретіні дәлелденген факт.

в) оқушылары аз ауыл мектебі, әсіресе, шағын комплектілі мектептер жағдайында саралап оқыту, тіпті тереңдетіліп оқылатын пәндері бар сыныптар құру мүмкін емес. Бұл жағдайда деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану тиімді.

2. В.П.Беспалько ұсынған оқытуды технологиялық негізде ұйымдастыруға қойылатын 4 басты шарттар оқытудың методикалық жүйесін (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) және дидактикалық жүйені тұтас осы шарттар талабы түрғысынан жетілдіруді талап етеді. Педагогикалақ жүйені мұндай түрлендірусіз технология құрып, пайдалану мүмкін емес. Әсіресе, мақсаттар таксономиясын пайдалану, оқу мақсатын иерархиялық жүйе түрғысында анықтау методикалық жүйенің қалган элементтеріне де сәйкесті өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы себепті деңгейлік саралап оқыту технологиялық негізде жобалаудан бұрын методикалық жүйе мен дидактикалық процестерді аталған талаптар түрғысынан қайта қарауды ұсынады. Мысалы, дидактикалық процестің толықтығын талап ететін шарт өз кезегінде:

а) оқу процесіне мотив қалыптастыру тәсілдерін, оқытудың белсенді әдістерін сұрыптап пайдалануды талап етеді;

ә) Тқ = ӘБН + Оә + Бә + Түзә формуласымен анықталатын танымдық қызметтің (Мұндағы, Тқ - танымдық қызмет, ӘБН -әрекеттердің бағдарлық негізі, Оә - орындау әрекеті, Бә - бақылау әрекеті, Түзә - түзету әрекеті) оқушының өз бетімен әрекет жасайтын өздік танымдық қызметке айналуын талап етеді;

б) дәстүрлі жағдайда мұғалімнің ғана басқаруымен жүретін оқу-танымдық процестің оқушының өзін-өзі басқаруды (рефлексивті басқару) нәтижесінде жүзеге асатын таным процесіне айналдыруды талап етеді.

Оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау талабы мүлдем жаңа педагогикалық квалиметрия (білім сапасын өлшеу мен бағалау жөніндегі теория) негізіндегі білім сапасының құрылымы мен түрлерін анықтап, пайдалануды, бағалаудың 5 баллдық жүйесі емес, жетілген 12 баллдық жүйесін енгізуді талап етеді. Дәстүрлі бағалаудағы жіберген қателігі үшін “жазалау” тәсілінен нәтижелі әрекетке жетелейтін тәсілдерге көшуді, соның негізінде оқу жетістігін үздіксіз қадағалайтын жүйе енгізуді қажет етеді.

“Педагогикалық технология оқушының өз бетімен жасайтын оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет” делінген шарт білім мазмұнын (оқу материалын) тек орта қабілеті бар оқушыға арналған ақпарат көзі болудан оқушының өз бетімен белсенді жұмыс жасап, дамуына жол ашатын оқу құралына айналуын қажет етеді. Бұл талаптар орындалу үшін қажет арнайы шарттардың жүйесі анықталған. Мұның үстіне білім мазмұны И.Я.Лернер ұсынған 4 элементтік негізде анықталуы тиіс.

Оқу әдістері оң мотив пен танымдық белсенділікті қажет ететін және оқушыларда ізденіс-зерттеу дағдыларын қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің жинынан тұруы қажет.

Оқу мақсатының диагаостакалық (иерархиялық) түрде берілуі — білім мазмұнының сәйкесті деңгейленіп берілуін, білім сапасының түрлерін (дұрыстығы, толықтығы, жүйелілігі, тереңдігі, т.б.) қамтуын талап етеді.

Сөйтіп, білім мазмұнының дәстүрлі жағдайда кенжелеп қалған дамытушылық және процессуальдық аспектілері іске қосылады. Оқу мақсатының диагаостикалық түрде қойылуы сондай-ақ оқыту әдістерінің 3 өлшемді моделін енгізуді талап етеді.

Бұл технологияны пайдалану - мақсаттар таксономиясы мен меңгеру деңгейлерінен туындайтын жаңа сападағы методикалық жүйеден туған дидактикалық материалдар, яғни әр тақырып бойынша деңгейлік өздік жұмыстар, деңгейлік бақылау жұмыстарынан тұратын модульдерден құралған оқушының өздік жұмыс дәптерін (немесе оқулық-силлабус) қажет етеді. Мұны екінші жагынан, жоғарыда аталған (технологияның оқушының өз бетімен жасайтын танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу процесінің жобасына негізделуі қажет делінген) талабы да құптайды.

Жүргізілген эксперимент жұмыстары бұл технологияның “оқушы денсаулығын қорғау” технологиялар талаптарын да қанағаттандыратынын дәлелдеді.




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет