Кіріспе диплом жұмысының жалпы сипаттамасы



бет1/4
Дата17.01.2020
өлшемі388 Kb.
түріДиплом
  1   2   3   4
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Испания мен Шотландиядағы аймақтық сепаратизм проблемалары, оның қазіргі кездегі жағдайы, сепаратизмнің лаңкестік пен саяси экстремизге қатысы, сонымен қатар сепаратизмнің теориялық проблемалары қаратырылады.

Тақырыптың өзектілігі. Еуропалық Одақ мемлекеттері мен Канада секілді елдер әлемдегі саясаттың маңызды әрі құрамдас бөлігі болып отыр. Қазіргі кезеңде сауда-экономикалық және саяси тұрғыдан дамыған әрі мықты интеграциялық бірлестік құрамындағы мемлекеттерде жергілікті азшылық халықтың бірорталықтандырылған мемлекеттің құрылымнан бөлініп шығып, дербестікке қол жеткізу талпынысы белең алуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда соғыстан қираған экономиканы қалпына келтіру, «игілік мемлекетін құру» идеясын жүзеге асыру басты мақсаты болған еуропалық елдерде сепаратизм мәселесі қазіргі таңдағыдай ушығып тұрмаған болатын. Ал қазіргі кезде батыс елдерінде аймақтық сепаратизм проблемасы кей кезде экстремизммен ұласып, салдарынан әртүрлі шығындар орын алуда. Қазіргі таңда Еуропадағы аймақтық сепаратизм мәселесі тарихи заңды құбылыс ретінде тек қана экономика, сауда саласын, әлеуметтік өмірді ғана қамтып қоймай, сонымен бірге жалпы қорғаныс, қауіпсіздік саясатын қамтуда. Осындай саяси бағытқа сай аймақтық сепаратизм және саяси экстремизм секілді жаңа қауіптермен күресу мәселесі маңызды болып отыр.

Саяси - қоғамдық өмірдің өзгеше құбылысы ретінде сепаратизм өзінің ұзақ тарихына ие, білімсіз экстремизмнің тәжірибесі мен қайнар көзін түсіну қиын болып табылады. Көптеген қазіргі сепаратизмге ұрынған ұйымдардың, топтардың және жеке адамдардың әрекеттерінің себептері «жоғарғы идеалдардан» өте алыс десек те болады. «Аймақтық сепаратизм» - бірорталықтандырылған мемлекеттердің ыдырауына алып келетін құбылыстардың қазіргі таңдағы жай ғана ормасы ғана емес, сонымен қатар экстремизм мен террорға алып келетін, оның ортасындағы бөлек сипатқа ие жаңа құбылыс. Осылайша, аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік шараларын жүргізу мәселелеріндегі ЕО-ның өсіп отырған рөлі ЕО-қа қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының белсенді болуын айқындайды.

Осыған байланысты Қазақстанның сепаратизм мәселесіне қатысты ұстанымына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында» былай деген: сепаратизммен, саяси экстремизммен және халықаралық лаңкестікпен күрес ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алғышартты бағыттарының бірі болып табылады, сондай-ақ, аталған құбылыстармен ешқандай мемлекет жалғыз, жеке күресе алмайды, өйткені, қазіргі кездегі лаңкестіктің шегі жоқ, демек, әлемнің барлық мемлекеттері күш – қуаттарын біріктіру қажет, өйткені лаңкестіктің қауіп – қатері саяси – экономикалық дамуына тәуелсіз әлемнің әр елінде бар [1].

2005 жылдың 18 ақпанындағы Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына деген Жолдауында айтылған: Қазақстан, сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, соның ішінде, лаңкестікпен де, діни экстремизммен де күресуде белсенді қадамдар жасауды жалғастырады [2].

2006 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан халқына деген өз Жолдауында да Мемлекет Басшысы сепаратизм және экстремизммен күрес жөнінде Қазақстанның бағытын тағы да қолдады: «экстремизммен, лаңкестікпен, ұйымдастырылған қылмыспен, заңсыз түрде қаруларды таралуымен, есірткі сатумен және тағы басқа қауіп-қатерлермен күресуде халықаралық бірлестіктің нығаюы мен күшеюі тиісті халықаралық шарттар мен келісімдерді өңдеумен жүзеге асыруда Қазақстанның белсенді қатысуын шамалайды. Антилаңкестік бастамалар мен іс-шараларды НАТО мен бірге, сондай-ақ ҰҚКҰ (Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымы) және ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) шеңберінде бірге оқытуды жүргізуде қатыса отырып, осы заманғы бұл шақыруға қарсы тұру үшін біз Орталық Азиялық аймақ мемлекеттерінің бірлестіктерін нығайтуымыз қажет» [3].

Сепаратизм салдарынан шығатын экстремизм мен лаңкестік әрекеттерінің алғашқы объектілері мемлекеттік қайраткерлер немесе мекемелер, ал екінші объектілері – мемлекеттік қызмет саласында тұтасымен болатын қоғамдық қатынастар болғандықтан, лаңкестік заң формалары мен саяси – идеологиялық мазмұнынан тәуелсіз бола әр мемлекеттік биліктерге потенциалды қауіп – қатерді әкеледі. Осылайша Еуропалық Одақтың жекеленген елдерінің қылмыстық заңдары және халықаралық құқық сепаратизмді, саяси экстремизмді қауіпті қылмыстардың тобына жатқызуы кездейсоқ емес.



Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Батыс Еуропа елдеріндегі сепаратизм мәселесінің дамуы, динамикасы қазіргі кезде зерттеуші ғалымдардың зерттеу нысаны болып отыр.

Еуропалық Одақтағы сепаратизм мәселесін оқып зерттеу үшін шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің еңбектері талданды.

Адамзаттың жаңа дәуірінің үш мың жылдық аралығындағы сепаратизм мен экстремизм мәселесі А.И. Гушердің [4] еңбегінде және жаһандану және исламдық лаңкестіктің қаупі жайлы жұмысында Б. Берсібаев [5] лаңкестіктің пайда болған тарихын және психологиялық мәнін қарастырады, сондай – ақ, берілген мәселені глобалистика арқылы қарастырады.

Қазіргі кездегі сепаратизм мен экстремизм түрлері және олармен күресу әдістері Д.Е. Дулатованың еңбектерінде көрініс тапқан [6]. Өткен және қазіргі кездегі сепаратизм мен экстремизм: ЕО антилаңкестік жоспарлар көлемінде топтастыру тәсілдерін К.И. Исаев [7] өз еңбегінде ашуда. Сондай-ақ берілген тақырыпты әлемде сепаратизм мен экстремизм мәселесінің шиеленіскен және күшейген жағдайында зерттейді және қазіргі уақытта лаңкестікпен күресу бағыттарын ұсынады.

Жаһандану және ұлттық мүдделер туралы Л. Клепацкий [8], сепаратизм мен экстремизм - халықаралық қауіпсіздіктің негізгі қаупі ретінде Е. Шакуро [9] және сепаратизм мен экстремизмнің жаһандық сипат алуы және оның салдары жөнінде Е. Сатановский [10] өз еңбектерінде жаһанданудың нәтижесі ретінде халықаралық экстремизмді қарастырады және террормен күресуде әлемдік ынтымақтастықтың шараларын баяндайды.

Аймақтық сепаратизм мен экстремизммен күресінің әскери – саяси аспектілері Д.Т. Жакенов [11], Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың геосаяси аспектілері Г. Түсіпбаева [12], Аймақтық сепаратизм мен экстремизммен күресіндегі халықаралық ынтымақтастық А. Кожихов [13] лаңкестікпен күресінің саяси – құқықтық, әскери және геосаяси аспектілерін, сондай – ақ террорға қарсы әртүрлі елдердің әскери шараларын және тағы да баса анықтайды.

Қазақстандық авторлардың бірқатарының еңбектері де белгілі бір қызығушылық тудырады: Р.Н.Амербековтың сепаратизм мен экстремизмнің интернациолизациясы және қауіпсіздіктің жаңа парадигмасы [14], М.С. Ашимбаевтың Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі: жаңа ұғымы, жаңа қаупі [15], А.М. Амребаевтың Қазіргі әлемді реттейтін жағдайында «жаңа» қауіп – қатерлер туралы мәселеге [16], М.М. Тажиннің сепаратизм мен экстремизмнің пайда болуы туралы [17] еңбектері сепаратизм мәселесі және олармен күресу әдістеріне тиянақты көзқарастарды береді.

Қазіргі таңда халықаралық сепаратизм проблемасы жан – жақты зерттелген және ғылыми – сараптамалық тұрғыдан әлі де қарастырылуда. Мысалы, Қазақстанда дәл осындай зерттеулермен ҚР Президент жанындағы стратегиялық зерттеу Қазақстан институтында ҚР СІМ анализі және сыртқы саясат орталығында жүргізеді [18].

Сонымен бірге, мына келесі авторлардың Еуропа Одағында сепаратизм мен экстремизге қарсы әрекет мәселелеріне арналған еңбектерді атап өтпеуге болмайды. Еуропа Одағында лаңкестікпен күрестің құқықтық механизмдері: толық жетілдіру тенденциялары И.Л. Трунов [19], сепаратизм және Еуропада мемлекет аралық қатынастар Е.Г. Ляхов [20], Францияда сепаратизммен күресу туралы заңдар – жеке адам құқығын мемлекет тарапынан қорғау кепілі А.А. Меньших [21], экстремизмнің алдын-алу үшін еуропалық жүйе И.В. Кормушкина [22], Халықаралық қарым – қатынастарда сепаратизм, саяси экстремизм мен лаңкестік мәселесі – құқықтық және саяси аспектілер С.А. Ланцов [23] және т.б.

Сепаратизммен күресу жөніндегі тақырыптар қазіргі кезде халықаралық қарым – қатынастарда ең үлкен маңыздылыққа ие болып отыр, сондықтан да осы берілген тақырыптар бойынша көптеген әр түрлі ғылыми жұмыстарды айқындауға болады.



Зерттеу жұмысының пәні Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы аймақтық сепаратизм мен экстремизмнің мәселесімен күресу болып табылады.

Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысында қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін кең деректер көзі қолданылды:

  • Дипломатиялық деректемелер;

  • Саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері;

  • Статистикалық мәліметтер, есептер, анықтамалар;

  • Мерзімді баспасөз материалдары.

Бірінші топты Еуропалық Одақтың Еуропа Кеңесінің, НАТО кон- венциялары, нормативті – құқықтық, заң шығару актілері және Еуропа елдерінің басқа құжаттары қарастырады.

Екінші топқа берілген жұмысты жазу барысында мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының ресми көзқарастарын көрсететін маңызды мәліметтер болып табылатын қазіргі геосаяси жағдайындағы халықаралық қарым – қатынасында лаңкестік қаупі туралы мемлекет басшыларының мәлімдемелері жатады.

Үшінші топқа қауіпсіздіктің барлық мәселелері мен аспектілері бойынша статистикалық мәліметтер мен анықтамалар жатады. Осы топтың материалдарына ЕО қызметі туралы шектеулі баспа мәліметтерін алуға байланысты электрондық материалдарды жатқызу керек.

Төртінші топты қазақстандық, ресейлік және шетелдік баспасөздерде, «Саясат», «Казахстан – спектр», «Analytic», «Международная жизнь», «Казахстан в глобальных процессах», «МэМО», «Россия в глобальной политике», «Internationale Politik» және т.б. журналдарда «Казахстанская правда» және т.б. газеттерде жарияланған ақпараттық материал, сондай – ақ, Internet электрондық жүйесінің мәліметтерінің материалдары құрайды.

Мерзімді басылым материалдарында қауіпсіздік қаупі контекстінде қауіпсіздік проблемасын баяндайтын фактілер көрсетілген. Бұлар қазіргі кезеңдегі болып жатқан тұтас көріністі көрсетуге мүмкіндік береді.



Диплом жұмысының мақсаты Еуропалық Одақта сепаратизм мен экстремизмнің қарсы күресті зерттеу, олардың еуропалық қауіпсіздікке әсері және сепаратизм мен экстремизммен күресу әдістері болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мына келесі міндеттер қойылды:

- сепаратизм мен саяси экстремизмнің жіктелуін, қайнар көзін және анықтамасын зерттеу және талдау.

- Еуропалық Одақ елдерінде сепаратизм мен экстремизмге қарсы әрекеттерінің бар тәсілдеріне талдау жүргізу және баяндау.

- сепаратизм мен экстремизммен күресуде Еуропалық Одақ мүше - мемлекеттерінің ынтымақтастығын және оның еуропалық тәжірибесін анықтау.

- Еуропалық Одақта сепаратизмге қарсы күресінің қазіргі келісім – құқықтық негізін талдау және жұмыс бойынша негізгі қорытындылар шығару.

Жұмыстың теориялық мәні зерттеу жолымен алынған теориялық және практикалық қорытындылар сепаратизмнің мәнін, оның Еуропалық Одақтағы ерекшеліктерін, қазіргі жағдайда лаңкестіктің жаңа шарттары мен түрлерін және Еуропалық Одақта сепаратизм мен саяси экстремизге қарсы күресті толық, терең түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыста сепаратизмнің пайда болу тарихы өз бетінше күресу және қорқыту түрінде оның дамуы және қазіргі жағдайларда болып жатқан үрдістерді түсіндіретін оның дамуы жөнінде қысқаша баға беріледі.

Зерттеудің әдістемесі. Зерттеудің әдістемелік бағыты – зерттеудің жалпы бағытын анықтаған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің сөйлеген сөзі және еңбектері болып табылады. Берілген жұмыстарында Еуропалық Одақтың лаңкестікке қарсы әрекеттер қажеттілігінің аса маңызды және мәнді дәлелдері көрсетілген және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің концептуальды көріністер берілген.

Берілген жұмыстың жазылуының негізгі ғылыми әдістері Еуропалық Одақта сепаратизм мен саяси экстремизмге қарсы күрестерді анықтаудағы тарихи принципі және жүйелі тәсілі болады. Сондай – ақ, құжаттық басылымдарды анықтау барысында салыстырмалы әдіс пен анализ қолданылды. Осы берілген зерттеудің негізгі әдістерінің бірі аймақтық сепаратизм тақырыбы бойынша баспасөз материалдарын анықтау болып табылады, өйткені, дәл осы әдіс әлемде болып жатқан нақты оқиғаларды көрсетеді.



Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 СЕПАРАТИЗМ МЕН САЯСИ ЭКСТРЕМИЗМ ЕУРОПАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҚАУІП ТӨНДІРУІШІ ФАКТОР РЕТІНДЕ

1.1 Сепаратизм мен экстремизмнің тарихы, мәні, түрлері

Қоғамдық-саяси өмірдің ерекше құбылысы ретінде сепаратизм мен экстремизмнің өзіндік тарихы бар. Оның білімінсіз сепаратизм мен экстремизмнің көзі мен тәжірибесін түсіну қиын, дегенмен қазіргі лаңкестіктің оның өзімен жасалған бұрынғы идеологиялық бағыты жоқ. Қазіргі экстремистік ұйымдар, топтар мен жеке тұлғалар көпшілігі қимылдарының себептері «жоғары идеалдардан» тым алшақ.

«Аймақтық сепаратизм» - бұл сепаратизм мен экстремистік әрекеттің қазіргі формаларының бірі ғана емес. Бұл – террор шеңберіндегі айтарлықтай жаңа құбылыс.

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «ХХІ ғасырдағы Қазақстан» еңбегінде қазіргі әлемнің шарттарында мемлекеттік саясаттың приоритетті бағыты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен лаңкестік және діни экстремизм сияқты сыртқы қауіптерді алдын алу болып табылады деп айқындайды [24, 67 б.].

2004 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында Қазақстан лаңкестік пен діни экстремизмді қоса, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, белсенді қадамдарды іске асырылуы жалғастырылады деп айтылады [25].

Ерте заманнан бастап, әр тарихи кезеңдерде лаңкестік актілер орын алған (Римдік Сенаттағы Цезарьдың өлтірілуі, Якобиндік қайраткер Мараттың өлтірілуі және 1789 жылдан кейінгі Франциядағы якобиндік диктатура кезеңіндегі террор, орыс патшалары Павел І, Александр ІІ, жанұясымен бірге Николай ІІ, мемлекеттік қайраткер П.А.Столыпиннің өлтірілуі, Қазан революциясы жылдарындағы қызыл және ақ террор, анархисттер терроры және т.б.). Кім де кім оны қолданса да, (жеке тұлғалар, түрлі ұйымдар, мемлекеттер), террор төтенше жағдайлардағы саяси мақсаттарға жету құралдарының бірі болып табылды және үздіксіз емес, керісінше мезгіл-мезгіл сипатқа ие болды.

Қазіргі «постиндустриалды» қоғамда террор жеке тұлғалар немесе сондай тұлғалардың бірлестіктерімен қолданғанға дейін (Италиядағы «Қызыл бригадалар», Жапониядағы «Қызыл гвардия» және т.б.) сөздің жай мағынасындағы террор болып қала берді. Әйтсе де, сондай жағдайлар көздеген саяси мақсаттарды өзгертпеді (жекелеген елдердегі мемлекеттік және қоғамдық негіздердің тұрақсыздығы) [26].

Лаңкестік қызметтегі сынды өзгеріс оған мемлекеттердің қосылуынан және оның мемлекеттік саясат жүргізудің тәсіліне айналуынан басталады. Мемлекеттің күш-құралдары мен мүмкіндіктердің көмегімен террор лаңкестікке айналады. Ғаламдық саясат құралы ретінде оның қолданылуы «халықаралық лаңкестіктің» пайда болуы сияқты өзіндік нәтижеге ие. Бұрын экстремисттік топтардың басылуы үшін арнайы қызмет пен полициялық құрылымдардың мүмкіндіктері жеткілікті болғаны мәлім. Адамзат баласы нағыз ұлтшылдықтың фашистік формаға қарағанда, тоталитаризм оның либералдық форма алдында болып шықты [27].

Қазіргі кездегі лаңкестік іс-әрекет кең өріспен, анық көрсетілген мемлекеттік шекаралардың жоқтығымен, халықаралық лаңкестік орталықтар және ұйымдармен байланыс пен келіскен әрекеттердің бар болуымен; басшылық және оперативтік топтан, барлау мен контрразведка бөлімшелерінен, жауынгерлік топтар пананы материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуден тұратын қатаң ұйымдастыру құрылымымен, қатаң жасырын әрекет пен кадрлардың дәл таңдалуымен, құқық қорғаушы және мемлекеттік органдарда агентураның бар болуымен, бәсекелесетін тіпті үкіметтік әскерлер бөлімшелерінің жабдықталуынан асып түсетін жақсы техникалық құралдармен, жасырын паналардың оқу базалары мен полигондардың тармақталған жүйесінің бар болуымен сипатталады.

Лаңкестік ұйымдар жалпы идеологиялық-конфессионалдық, әскери, сауда және басқа негізде өзара тығыз байланыс орнатты. Лаңкестік топтар, әсіресе, олардың басшылары көптеген жағдайда қару-жарақ алу, бірін-бірі жасыру, олармен масштабты кең операциялар жүргізуде функциялар мен міндеттерді бөлу (мысалы, Ауғанстан мен Ливандағы) мәселелерінде бірлесіп тығыз әрекеттер жасайды. Халықаралық лаңкестік бірлестік күш пен қаражатты шебер арттыру, пайдалануды жасырын каналдар арқылы көптеген қару-жарақтар мен боевиктерді жеткізуді үйренгенін ескерту жөн [28].

Лаңкестік қоғамдық саяси тұрақсыздығының ең тиімді тәсілін көрсететіні күмәнсіз (салынған, бөлінген ресурстар/ алынған нәтиже критериі бойынша). Әскери интервенция, көтеріліс, азаматтық соғыстың басталуы, бұқаралық бассыздық, тәртіпсіздік, жаппай ереуіл және сондай сияқты тұрақсыздық тәсілдері айтарлықтай ресурстарды қажет етеді және тұрақсыздықты қолдайтын, мүдделі күштердің кең бұқаралық қолдауын болжайды. Лаңкестік актілер кампанияларының дамуын қолдау үшін лаңкестік істерін барлық нағыз радикалдар мен шағын ұйымдастыру-техникалық ресурстарын мойындайтын кішігірім топтардың қоғамның біршама санаулы тобының қолдауы жеткілікті. Лаңкестік билікті түсіреді және мемлекеттің саяси жүйесін бұзады. Заңгерлер лаңкестік қимылдарды «Конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарына» жатқызады.

Лаңкестік – бұл қандай да бір шешім қабылдауға тікелей немесе жанама түрде ықпал ету мақсатында халықты немесе әлеуметтік топтарды қорқытуға бағытталған көпшілік алдында жасалатын жалпы қауіпті қимылдар.

Лаңкестік жаппай барлық жерде болатын құбылыстарға жатпайды. Бұл тактиканың қолданылуы қоғамның әлеуметтік-мәдени және саяси сипаттамаларының жиынтығын болжайды. Егер бұл сипаттамалар жоқ болса, онда лаңкестік тактикасы жүзеге асырылмайды.

Бүгінгі күнде лаңкестік – бұл тек жеке, дара диверсанттар, самолеттер ұрлап айдап әкететіндер немесе камикадзе өлтірушілері де емес. Қазіргі лаңкестік – бұл құралдандыру масштабына сәйкес күшті құрылымдар. Ауғанстан, Тәжікстан, Косово, Шешен және олардың күшті жақтаушылары мен донорлар мысалдары қазіргі лаңкестіктің диверсанттық-лаңкестік соғыстарды жүргізуге, масштабты әскери дауларға қатысуға қабілетті екенін көрсетеді. Лаңкестік дамыған «еңбек рыногы» (жалданушылар мен т.б.) және капитал салынуымен (қару-жарақтың жеткізілуі, есірткі саудасы және т.б.) ғаламдық масштабтағы аса пайдалы бизнеске айналды [29, 54 б.].

Қазіргі лаңкестіктің маңызды ерекшелігі оның жақсы ұйымдасқан және құрылымдық сипаты болып табылады. Лаңкестік ұйымдар бірыңғай басқару органын, бөлімшелерді жоспарлайтын басқару жүйесін құрады. Кеңестер мен ең ірі топтар басшыларының кездесуі, әр түрлі ұлттық тиісілігі бар ұйымдар қызметінің үйлестігі белгіленді. Аса моральдық – психологиялық әсер мен қоғамның жаңғырығын жасау үшін ақпараттық – насихаттық қамтамасыз етуі жөнге салынды. Даулы аудандарда, мысалы, даулайтын жақтардың ірі радикалды мұсылман ұйымдары болып табылатын жерлерде жақтаушылар, белсенді функционерлер мен боевиктердің дайындығы мен іріктеуі жөніндегі жұмыстары мақсатталып пайдаланылады.

Бүгінгі таңда ислам әлемі саяси күрес құралы лаңкестіктің күшті базасы ретіндегі маңызды генераторларының бірі болып табылатыны әлі де аяғына дейін қарастырылып болмаған. Саяси, әлеуметтік, моральдық шығындарға тап болатын көптеген мұсылмандық мемлекеттердің өздері де лаңкестікті ноқталауға мүдделі болғандықтан, лаңкестікті түпкілікті зерттеп және зерттеу нәтижелерінде ислам әлемі арасындағы түсінушілікті табу қажет екені белгілі.

Бұл құбылыстың көптеген себептері мен қозғаушы күштері бұрыннан мәлім еді. Қазіргі ғаламдық адамзат жағдайы әлемдегі әлеуметтік-экономикалық өркениет аралық қарама-қайшылықтары және дамыған Солтүстік пен дамудан артта қалған Оңтүстік арасындағы қарсы тұрушылықтың өсуімен шиеленіседі.

«Алтын миллиард» елдері әлемдік бірлестіктің басқа бөліктеріне өз көзқарастарын зорлап міндеттеп, өздерінің жолына түсуін қаласа да, әрдайым қарама-қарсы нәтижеге ие болуда.

Қазіргі таңда әлемнің маргинализациясын бақылауымызға болады және бұған шарасыз жауап ретінде маргиналдық экстремизмнің және халақаралық лаңкестіктің күшеюі, алдамшылармен қүрес болып табылады. Сонымен қатар, бұл үрдістер «алтын миллиард» мемлекеттер территориясында, яғни батыстағы демократия елдерінде де өтуде. Дәл батыс елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және т.б.), соның ішінде, мұсылмандық экстремисттік және лаңкестік ұйымдар мен топтардың ғаламдық ниеттері мен мүмкіндіктері, идеология жағынан радикалдық [30, 15 б.].

Әлем уақытша тұрақсыздық, белгісіздік пен төменгі қауіпсіздік кезеңіне аяқ басты. Әлемдегі болып жатқан үрдістерге деген мемлекеттік, аймақтық және халықаралық бақылау механизмдері шектелуде. Өз жеке мүдделеріне жету үшін тұрақсыздық пен бақылаудың жарым жартылай жоғалту факторын пайдаланғысы келетін күштер олардың орнын басқысы келеді.

Бүгін әлемнің әр аймақтарында өз мақсаттарына жетудің басты құралы ретіндегі террор методтарын өз қаруына алған әр бағыттағы саяси және ұлттық радикалдармен қару мен жарылғыш заттардың жасырын қоймаларының тармақталған орталықтары қалыптасқан және әбден жетілген. Лаңкестік ұйымдардың қорғаны ретінде фирмалар, компаниялар, банктер мен фондтар жүйесі құрылды және жұмыс істеуде. Лаңкестердің басшылары агентураны алу, қоғам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын бақылау мен олардың қызметтеріне ықпал жасау мақсатында мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға енуі жөніндегі жұмыстарын жетілдіруде.

Қазіргі лаңкестіктің ерекше өзгешеліктері лаңкестік іс-әрекеттерді жоспарлау, нақты операцияларды дайындау мен өткізу, қандай да бір акцияға қатысатын орындаушылар мен жеке топтар арасындағы келіскен әрекеттерді ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін халықаралық және аймақтық басқару органдарының қалыптасуы; ықпал мен билік үшін сәтті күрес мақсатында қоғамда үкіметке қарсы көңілдердің пайда болуы; қоғамдық және мемлекеттік, саяси, экономикалық құрылымдарға ену; әлемнің әр аймақтарында боевиктерді дайындау мен операцияларды қамтамасыз ету жөніндегі тармақталған орталықтар мен базалардың құрылуы, әр елдер аймақтарда оқ-дәрі мен қару-жарақтардың жасырын қоймаларының салынуы; лаңкестерді жасыру, олардың көздеген операцияларының жан – жақты қамтамасыз етілуі ретінде пайдаланатын фирмалар, компаниялар, банктер, фондтар жүйелерінің құрылуы; есірткі бизнесі мен қару-жарақ саудасымен лаңкестіктің тұтасып кетуіне байланысты лаңкестер қолында қаржының шоғырлануы; бірқатар мемлекеттермен ұсынылатын саяси пана, тұру, жұмыс істеуге құқықтың пайдалануы; өз ықпалын тарату үшін даулы жағдайларды пайдалану болып табылады. Соңғы онжылдықтарда жасалынатын лаңкестік актілер өсуде және аса күрделі болуда [31].

Халықаралық лаңкестік жүйесінің қалыптасуы ғаламдану үрдістерімен байланысты. Нығайту мен бірігу үрдістері бүкіл елде жұмыс істейтін әр құрылыстарда өткізіледі. Ұйымдасқан қылмыс бүкіл әлемді қамтиды (ұйымдасқан қылмыстың функционалдық саласы – есірткі, қару-жарақ саудасы, өлтірушілік және заң тыйым салатын қызметтер). Қазіргі көлеңке құрылымдарының ерекшелігі олардың мемлекетпен тұтасуының тереңдеуі. Мемлекеттік құрылымдарға қылмыс арнайы қызметтер мен коррупция арқылы өтеді. Коррупция қылмыстық ұйымдарды жеке шенеуніктермен жетілдіреді және мемлекетті қылмыстық қызметке қояды. Бұндай тұтасуда – қылмыстың күші мен тірегі. Халықаралық лаңкестік – халықаралық заңды бұзатын бірлестіктің элементі. Заңды бұзатын бірлестік сияқты халықаралық лаңкестік те мемлекеттің жетілдіруімен күшті. Лаңкестер мен мемлекеттің одағы коррупциямен емес, керісінше лаңкестердің мемлекеттер-спонсорлары басқарушы режимдердің саналы саяси таңдауымен қамтамасыз етіледі.

Лаңкестік қазіргі әлем қақтығысатын ең қауіпті құбылыстардың бірі болып есептеледі. Дамыған мемлекеттер де, өз реформа кезеңін жеңіп, дамып жатқан елдер де бұл құбылыспен манасуына тура келеді.

Қазіргі уақыттың шындығы лаңкестік пен экстремизм көптеген елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, үлкен саяси, экономикалық, тіпті адамзаттық шығынға ұшырататын ақиқат болып табылады. Лаңкестік құрбаны кез келген ел мен кез келген адам бола алады. Сонымен қатар, ақпарат таралуының шексіз еркіндігі нәтижесінде лаңкестік актілердің халыққа деген психологиялық әсері күшеюде.

Халықаралық лаңкестік өзінің мазмұны мен жүзеге асыруының негізгі формалары бойынша лаңкестік сияқты өте күрделі әлеуметтік-саяси құбылысты құрайды. Оның қоғам үшін қаупініңі куәлігі ретінде жекелеген мемлекеттердің лаңкестерге қарсы әрекет жасайтын нәтижелі жүйені құруының табанды және көбінесе сәтсіз тәсілдері бола алады.

Халықаралық бірлестіктің күшейген интеграциясы, ақпараттық, экономикалық және қаржы байланыстарының дамуы, миграциялық ағымдар мен шекара өтудегі бақылаудың әлсіреуі салдарынан лаңкестікке жаңа формалар мен мүмкіндіктер ашылады. Соңғы уақытта ұлттық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда бірінші орынға халақаралық лаңкестік тақырыбы шығады.

Классикалық лаңкестік адам өлімдерінде емес, қоғамдық резонанста мүдделі болды; лаңкестіктің жаңа формасы лаңкестік іс-әрекеттерді мақсатқа жетудің, соғыстың құралы ретінде қарастырылады. Бұл ақиқат Ресейдегі шешен боевиктерінің іс-әректтерімен, Таяу Шығыс пен Орта Азиядағы лаңкестік белсенділікпен расталады. Лаңкестік бүгін бұқаралық сипатқа ие. Лаңкестік методтарды жер бетіндегі көптеген экстремисттік ұйымдар тәжірибелейді және бұл лаңкестіктің халықаралық құбылыс ретінде айтуына болады.

Лаңкестіктің өсуі мен сапалы өзгерістері көз алдында: экстремисттік ұйымдардың саны өсуде, оның географиясы кеңеюде, құрылысы да күрделеніп, оның методтары жетілдіруде. Үкімет лаңкестерге деген қатынаста қандай позицияны ұстану керек сұрағы әлі де ашық. Әлемдік тәжірибеде екі тәсіл қалыптасты. Бірінші тәсіл Израильге тән, өйткені олардың саясаты бойынша қандай жағдай болмасын, тіпті егер аманаттардың өліміне алып келсе де, лаңкестерді жоюды ескереді. Екіншісі, менің ойымша, ақылға салынған тәсіл болғандықтан, мүмкін болатын шығындарды азайту мақсатында лаңкестер талап ететін кейбір принципиалдық емес шарттардың орындалуын ғана болжайды.

Көптеген батыс мемлекеттерінің саясаты келесі принциптерге негізделеді: лаңкестерге ешбір кемшіліктер жасамау, лаңкестікті қолдайтын елдерге ықпал көрсету, сондай-ақ лаңкестерді жазалау үшін қолда бар әскери күш пен қаржыны барынша қолдану, басқа мемлекеттерге көмек беру.

Лаңкестіктің ресми анықтамасы жоқ болса да, террор мен лаңкестіктің жүзге жуық анықтамасы бар, бірақ олардың әрқайсысын толықтыру қажет. «Террор» зорлық-зомбылық арқылы қарсылыстарды қорқыту, тіпті жою ретінде анықталады, ал лаңкестік – бұл террордың тәжірибесі. Лаңкестердің іс-әрекеттері әрдайым өліммен байланыспайды, бірақ әрдайым қауіп пен мәжбүрлеуді жобалайды.

Лаңкестіктің субъективті көзқарасының сипаттамасы – бұл жауыз ниетпен қастықпен жасалынатын қылмыс; бұл заң бұзушы күштердің талаптарына жауап беретін шешімді қабылдауда үкіметті (қоғам мен мемлекет) мәжбүрлеу мақсатында жеке тұлға немесе оның жеке меншігіне қатысты зорлық-зомбылықтың немесе сондай акциялар мүмкіндігінің алдын ала ойлап дайындалған заңға қайшы қолданысы [32, 203 б.].

Лаңкестік жоқ жерден шықпайды. Оның пайда болуы үшін сәйкесінше сыртқы жағдайлар қажет. Ғаламдану үрдісінде қазіргі әлем экстремизмнің өсуіне объективті себептер туғызады. Көпшіліктің қайыршылық күйі, жер шарының кейбір аймақтарындағы табиғи гесаяси қарсы тұрушылықты қосқанда, бай мен кедей елдерге бөлінуі ұлтшылдықтың өсуіне және меншігін өзгерту тілегіне әкеліп соғады. Бұл контекстіде лаңкестік метод ретінде шығады. Сол метод арқылы кез келген экстремист қойылған міндеттерді шешіп, өз мақсаттарына жетуді армандайды.

Лаңкестік трансұлттық қылмыстардың қатарына жатады. Бұл оның түсіндіріліп, анықтамасын шығару үшін біркелкі амалды, ең бастысы келісілген бағалар мен лаңкестікпен күресуде іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бірыңғай халықаралық-құқықтық түсініктерді шығаруды талап етеді. Әлемдік бірлестік лаңкестік қаупінің төмендеуі үшін біршама іс жасағанын айту жөн [33, 125 б.]. Халықаралық-құқықтық негіз жасалды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, қол жеткізген нәтижелер жеткіліксіз.

Лаңкестікпен күресу объективті және субъективті сипаттағы бірқатар себептермен күрделенеді. Объективтілерге Лаңкестер жоспарларының құпия түрде ұстауын, ауқатты адамдар жағынан олардың іс-әрекеттерінің қолдауын және көптеген қаржыландыру көздерімен күресу мүмкіндігінің жоқтығын жатқызуға болады. Субъективтілерге ірі геосаяси ойыншылардың мүдделері лаңкестер іс-әрекеттеріне сай болған кезде, яғни саяси сипаттағы себептер жатады.

Сәтті антилаңкестік стратегияның шарттарына жататындар: іс-әрекеттердің алдын ала ескертетін сипаты; белсенділік; міндеттер, заңдылықтар мен ресурстар қамтамасыз етілуінің сәйкес келуі; алдын ала сақтандыру, бұлтартпау, ілтипатқа алу мен салдарларды жеңілдету мәселелері бойынша жағдайлардың шешілуіне байланысты антилаңкестік іс-әрекеттердің түрлі модельдерінің бар болуы; халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттік масштабтағы іс-әрекеттерде, сонымен қатар, аймақтық және жергілікті деңгейдегі органдар міндеттерінің нақты бөлінуі негізінде ведомстволар күшінің бірігу аспектісіндегі бірліктің қамтамасыз етілуі, лаңкестіктің жаңа формалары мен жаңа шарттарын есепке алғанда, оған қарсы тұратын халықаралық келісім шарттар базалары мен келісімдердің жетілдірілуі.

Лаңкестікпен күресудегі сәттілікке бүкіл әлем бірлестігінің мүдделі жақтарының бірлескен күштері арқылы ғана жетуге болады. Бұған ынтымақтастық, ақпарат және тәжірибемен алмасу, бірлескен құрылымдардың құрылуы, бірыңғай дайындық пен ғылыми конференциялардың лаңкестікпен күресуде мамандар отырысының өткізілуі мақсатында ведомстволар, арнайы бөлімшелер басшылары мен лаңкестікке қарсы әрекеттерді шешетін эксперттердің екі жақты және көп жақты тұрақты негізгі кездесулер көмектесе алар еді.

11 қыркүйектегі оқиға әлемдік бірлестіктің лаңкестік ұйымдар қызметіне деген реакциясын тездеткен катализатор ретінде болды. Жасалған жұмыстың нәтижесі бірқатар шарттардың айқындалуы болды. Олардың орындалуы әлемдік антилаңкестік саясатының тұрарлық жалғасы бола алар еді. Бұл шарттар өткен жүзжылдықта бірталай шешілмеген мәселелер, соның ішінде, лаңкестік ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласына қалғанынан тұрады. Бұл мәселелерді шешу нәтижесі әлемдік бірлестігінің даму жолы мен басқа қиындықтар шешілуінің сәттілігіне байланысты [34, 79 б.].

1.2. Испания, Шотландия және Солтүстік Ирландиядағы аймақтық сепаратизм мен саяси экстремизмнің көрініс табуы

Ғасырлар өткен сайын халықаралық лаңкестік үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл аурудың қатерлі симптомдары, әсіресе, соңғы жылдары адам жанын түршіктірерлік сипатта көрініс тауып отыр. Оның үстіне террорлық әрекеттер салдарынан қасірет шегіп, құрбан болғандардың саны да күн санап арта түсуде. Әр түрлі саладағы лаңкестер өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденіп, өздерінің әдіс-тәсілдерін, қару-жарақтарын және күрес тактикасын да жиі ауыстырып отырды. Олардың бүгінге дейінгі және болашақтағы негізгі нысанасы – планетаның ірі мегаполистерін, стратегиялық маңызды теңіз жолдарын, зайырлы мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін компьютерлік жүйелерді, әлемнің транспорттық, туристік және банктік инфроқұрылымдарын жаулап алу.

Бірақ бұл да лаңкестіктің болашақта шабуыл жасайтын тізімін толықтыра алмайды. Тармақталып кеткен халықаралық лаңкестік ұйымдардың потенциалы мен мүмкіндігі сондай, олар тек жекелеген мемлекеттер мен аймақтарға ғана емес, қазіргі заманға бүкіл әлемдік тәртіпке де қауіп төндіруде.

Лаңкестер жасаған қастандыққа қарсы тұрып, ауқымды мәселені шешу үшін әлемдік қоғамдастыққа бірікті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттердің бірігуімен антилаңкестік коалиция құрылды. Ол өзінің тиімділігін әрі қажеттілігін Ауғанстанда, халықаралық лаңкестікке жасаған соққысы арқылы көрсетті.

Бүгінде лаңкестікке қарсы аймақтық механизмдер де күшейе түсуде. Соның ішінде, Еуропалық Одақ көлемінде, ТМД елдерінде, Шанхай ұйымдарында дамығанын ерекше атау қажет. Әлемдік қоғамдастықтың негізгі міндеті – халықаралық саясаттағы түрлі мәселелер бойынша орын алған келіспеушіліктерге қарамастан, коалиция көлеміндегі әрекеттердің потенциалын тарату, дамыту, ұйымның жаңа формалары мен тәсілдерін жетілдіру.

Әлемдік қоғамдастық халықаралық лаңкестікке ерекше батылдықпен қарсы тұрып, табандылық көрсеткенімен, әлі күнге дейін «халықаралық лаңкестік» феномені нені түсіндіретіндігін нақты айта алмай келеді [35, 25 б.].

Әр түрлі мемлекеттердің жетекшілері арнайы қызметкерлер, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, заңгерлер өз мақалалары мен сөздерінде үнемі лаңкестік және халықаралық лаңкестік мәселесіне тоқталып өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдары күн сайын әр жерде болып жатқан әр түрлі лаңкестік әрекеттер туралы айтып жатады. Яғни журналистер мен шолушылардың аузынан «террорлық әрекет», «террор» және «лаңкестік» сөздері түспейді. Бірақ, лаңкестік дегенде тек бір ғана емес, бірнеше әр түрлі зиянды әрі қауіпті әрекеттер түсіндіріледі.Осыған байланысты осы феноменнің анықтамасын табу қажет. Мемлекет пен жекелеген лаңкестік ұйымдардың қарсылығы арнайы сценарий бойынша дамиды. ХХ ғасырдың екінші жартысында белсенді лаңкестік ұйымның пайда болуы мен оның жайылып кетуі, яғни өмір сүру уақыты орта есеппен 3-5 жылды құрайды.

Басқаша айтқанда, лаңкестік ұйым үнемі мемлекеттен жеңіліп отырады. Егер бұл ұйымның артында «азат етілген аудан», үкіметінің бақылауына бағынбайтын немесе үкіметке қарсы ұйымдар басқаратын топтар болмаса басқа мемлекеттер тұрса, онда лаңкестік ұйымның белсенділігі ұзаққа созылуы мүмкін.

Халықаралық лаңкестікті жандандыру үшін бірнеше мемлекеттердің коалициясы ХХ ғасырдың екінші жартысында бола бастады. Социалистік мемлекеттер мен Араб елдерінің авторитарлық режимі.

Қолдаушылардың тактикалық одағы 1960-70 жылдар аралығында лаңкестіктің дамуын күшейтті. Қазіргі уақытта лаңкестікті қолдаушы – мемлекеттердің тізімі көлемі жағынан азая түсті және өзгерді деп айтуға болады. 2001 жылдың қыркүйегіндегі оқиғадан кейін ауқымды антилаңкестік коалициялар құрыла бастады. Олар егер түрлі лаңкестік әрекеттерді жақтап отырған қолдаушы мемлекеттерді анықтап, дәлел келтірсе, оларға қарсы акция ұйымдастырып, болмаса ондағы билікті ауыстыратындығын жариялады. Оны бекітіп, халықаралық қатынас нормасына енгізді [35, 28 б.].

Мемлекет – лаңкестік мәселесі шешілгенде ғана халықаралық лаңкестік мәселесі жойылды. Мемлекет қолдауынан және ресурсынан айырылған лаңкестер басқа мемлекетке қарсы шыға алмайды. Олардың жалғыз атқарған терактілерін жою қиынға түспейді. Қандай ұйымдасқан лаңкестік болса да, ешқандай қолдаусыз ол тек азаматтық соғыстың бір формасы немесе жеңілген революцияның хабаршысындай ғана болып қалады [36, 45 б.].

1977 жылдың 27 қаңтарында Страсбургте Еуропалық Кеңестің мемлекеттік-мүшелері Еуропалық Конвенцияға қол қойды. Ол 1978 жылдың 4 тамызында 26 елде күшіне енді. Түсінікті себептер бойынша Кеңес Одағы бұл тізімге ілінген жоқ. Ол кезде Кеңес Одағы үшін «лаңкестік» деген сөз «қайта құру», «жариялылық» деген сөздер болатын. Көптеген еуропалық державалар халықаралық және ұлттық лаңкестіктің террорлық әрекеттерін әлі көрмеген болатын. Сондықтан олар үшін де Конвенция өсіп келе жатқан лаңкестік толқындарға қарсы күрес үшін асығыс, ерте жасалған қадам болып көрінді [37, 13 б.].

Енді бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ елдеріндегі бірнеше еуропалық лаңкестік ұйымдарға тоқталайық. Ирландияның республикалық армиясы – ИРА – 1905 жылдан бері өмір сүріп келеді. Ол ешуақытта Ирландияның бөлінуін мойындаған емес. Бұл оның «Шин Фейннен» принципиалды өзгешелігі болып табылады. ИРА әуелі елдің тәуелсіздігі үшін күресті, ал қазір Ольстердің Ирландия республикасына қосылуы үшін соғыс жүргізіп отыр [38, 12 б.]. Ол мақсатқа жету үшін лаңкестікті пайдаланып отыр. Дерек көздер бойынша, Америкадағы ірі ирланд капиталы мен ИРА-ның саяси қанатының лидері Джери Адамспен екеуінің арасында байланыс бар екендігі анықталған. Оған Лондон да назар аударып отыр. Британдық эксперттердің айтуынша, ИРА біраздан бері ирландықтардан тараған америкалық бизнеске плацдарм дайындау үстінде. Мақсат түсінікті: Еуропаға американдық-ирландиялық капитал өтетін жолдан ағылшындықтарды ысырып шығару.

Испанияда ірі лаңкестік ұйым ЭТА бар. Испандықтардың назары бүгінде басктік топ ЭТА-мен бейбітшілік келісімге келуде болып отыр. ЭТА- қырық жылдан бері Испаниядан үш басктік провинцияны бөліп алып, жеке тәуелсіз мемлекет құру үшін соғысып келеді. ЭТА – Эускади та Аскатасуна, испан тілінен аударғанда «Отан және Бостандық» деген мағына береді. Оның өткен жүзжылдықтың 50-жылдары (1950) радикалдық бағыттағы басктің солшыл ұлтшылдар негізін қалады. Олар сол кездегі генерал Франко диктатурасымен соғысып, лаңкестік әрекеттің көмегі арқылы тәуелсіз басктік мемлекет құруды ұйғарған.

1960-70 жылдары мемлекетті диктатор басқарып тұрғанда, ЭТА-ның әрекеттерін испан интеллигенциясы лаңкестік әрекеттерді үнсіз мақұлдап отырды. Солшыл партиялар мен кәсіподақ ұйымдары да жасырын түрде ЭТА-лықтарды жақтап отырды. Олардың әрекеттерін басктарды жәбірлеп, қинаған, тіпті, ана тілін үйренуге тыйым салғандығына испан үкіметіне жасаған қарсылығы деп түсінді.

Осы уақытта радикалдардың көпшілігі қарулы күрестен бас тартып, ЭТА-ның саяси қанаты болып есептелетін Батасун партиясының қатарында саясатпен айналысты. Ал лаңкестік әрекеттер толастырылған жоқ. Олардың негізгі құрбандары идеологиялық қарсыластары – зиялы қауым өкілдері болды. Басктер тек зиялы қауым өкілдерін ғана емес, көшеде кездейсоқ кездескен жазықсыз адамдарды да өлтіре берді. Үкімет басктерге қарсы күресте ештеңені аямады. ЭТА мен Батасунның алдына қойған мақсаты - тәуелсіздік қана емес, бірыңғай идеологияны қалыптастыру болды. Яғни болашақ басктер мемлекетінің социалистік моделін жасау оңайға түскен жоқ. Осы мақсатқа жету үшін басктер Вьетнам, Солтүстік Корея, Қытай, Куба елдерінің тәуелсіз жаңа мемлекет құрудағы тәжірибесін шұқшия зерттегенімен бұл ешқандай нәтиже берген жоқ.

Көп жылғы үздіксіз ізденістен кейін ЭТА-ның жақтаушылары Ходжа үстемдігі кезінде қоғамдық құрылыс моделін ойлап тауып, оған албандық социализм деп ат қойды. Олар бүкіл әлемнен оқшауланып, ешбір елмен байланыс жасамай «бізге ешкім керек емес, себебі біз бәрінен артықпыз»!- деп жар салды. Олардың өздерін идеализациялап, көкке көтергені сонша, тіпті сол жердегі тауық, ешкі, сиыр, иттерге дейін әлемдегі ең артық жаратылған жануарлар деп санады [39, 70 б.]. Ал бүгінде баск радикалдары осы тәжірибені таратпақ түгілі, тыңдағысы да келмейді. Себебі олар баск халқының тарихымен байланыстыра жасалған өзіндік жаңа жоба – социализмнің жаңа моделі. Оның бағдарламасына албан жерінде испан тілін жойып, бүгінде жергілікті халықтың 20 % еркін сөйлейтін баск тілімен алмастыру, басктік емес, өзге мәдениеттің бәрін құрту, капитализмді жойып, конфискацияланған байлықты халыққа бөліп беру көзделген. Онан соң кәсібі мен квалификациясына қарамай, жалпыға ортақ «әлеуметтік жалақы» төлеу қарастырылған. ЭТА-ның жоспарынша, тәуелсіз баск мемлекетінде ешбір елге ұқсамайтын өзіндік «баск демократиясы» билік жүргізеді. ЭТА құрылғаннан бастап 810 адам оның құрбаны болды.

Оның ең қатыгез, қанды лаңкестік әрекеті – 1987 ж. Барселонаның «Иперкор» сауда дүкенінде жасаған жарылысы болды. Онда 21 адам қаза тапты. Осы басктік қылмыстық топқа қарсы күрес үшін Испания мен Францияда 2000 полициядан құралған топ әрқашан дайын тұрады. Испанияда антилаңкестік күштерді дайындауға АҚШ-тың, Германия, Ұлыбритания және Израиль мамандары қатысып отырады [36, 60 б.].

ЭТА-мен Батасунның көптеген мүшелері қазіргі заманда лаңкестіктің тиімсіз екендігін, оның көмегімен ешқандай саяси нәтижелерге қол жеткізе алмайтындығын түсінген. Әрине, олар мұндай қорытындыға адам құқығын сақтауды ойлап немесе істеген әрекеттеріне өкінгеннен келіп отырған жоқ. Олар үшін террор мәселесі өз мақсаттарына жеткізетін жол. Егер ЭТА-ның барлық мүшелері лаңкестікті пайдасыз деп тапса, онда топ мүшелері бірауыздан қару-жарақтарын тастайды [35, 48 б.]. ЭТА-ның барлық іс-әрекеті «Гара» газетінде жүйелі жарияланып отырады.

Бүгінде лаңкестік мәселсесі тек Испания, Ұлыбританияны ғана емес ФРГ-ны да қамтып отыр. ФРГ-да жаңа ұлтшылдардың белсенділігі 1980 жылдардың басында күшейе бастады. Олар халықты көп мөлшерде қыруға тырысады. Соның бір көрінісі – 1980 жылы 26 қыркүйегінде Мюнхендегі Терезиенвезеде өткізіліп жатқан кәсіподақ мерекесі кезінде Гофманның Әскери-Спортттық тобының мүшесі студент Гундольф Кёлердің жасаған жарылысы. Осы диверсияда 12 адам қаза тауып, 200 адам жарақаттанды. 1980 жылдың басында ФРГ-да жаңа ұлтшыл ұйымдардың осы сарындағы 42 лаңкестік әрекеті тіркелген.

Германиядағы Фридхельм Буссе басқарған халықтық-әлеуметтік қозғалыс «неміс жерінде радикалды-демократиялық және антиимпериалистік мемлекет құру мақсатында» жасаған тонау, қару-жарақ ұрлау әрекеттері үшін айыпталды.

1990 жылдары Германияда солшыл экстремизмге қарағанда, оңшыл лаңкестік ерекше қауіп төндірді. Германиядағы саяси партиялардың араздығы, материалдық жағдайдың төмендеуі, эмигранттардың қаптап келуі оңшыл экстремизмнің кең қанат жаюына жағдай жасады. Германияның ішкі істер министрлігінің қорытындысы бойынша, мұнда 75 оңшыл лаңкестік топ бар, оның көпшілігі белсенді түрде қару-жарақ қолданып күш көрсетіп отырады. Соның салдарынан, 1992 жылы 2000 басқыншылық әрекет тіркеліп, 17 адам қаза тапқан. Ал 1991-93 жылдар аралығында оңшыл топтардың әрекетінен 30 адам опат болған. Сонымен қатар, ФРГ-дағы оңшыл (жаңафашистік) топтық лаңкестік ұйымы – Герман жастарының қозғалысын атап өту керек. Бұл топ 1970 жылдың аяғында құрылып, эмигранттар өмір сүріп жатқан жерлерде бірнеше жарылыстар ұйымдастырылып, көптеген шетелдік жұмысшыларды өлтірген. 1980 жылдың басында бұл топты полиция толық талқандаған. Олардың қазіргі жағдайы белгісіз, қашып кеткендері іздестірілу үстінде.

Франциядағы лаңкестікке тоқталатын болсақ, онда 2005 жылы Францияның премьер-министрі Доминик де Вильпен лаңкестік мемлекетке үлкен қауіп төндіріп отырғандығын жариялады. «Француздар лаңкестікке қарсы» атты күн жарияланып, халық алдында сөйлеген сөзінде лаңкестікпен әрдайым сақтанып отыру керектігін, оны француз жерінде тамыр жайған, француз қоғамын, дәстүрін жақсы білетін, сол тілде еркін сөйлейтін, қазіргі заманға сай жаңа технологиялармен қаруланған экстремистік бағыттағы жекелеген тұлғалардың ұйымдастырып отырғандығын ескертті .

Франциядағы лаңкестік топтардың бірі – 1977 жылы құрылған Анархисттік лаңкестік топ. Оның идеясы – «Халықтық автономияны» енгізу (бұл терминнің мағынасы түсініксіз). Қарулы көтеріліс жасаудағы мақсаты – үкімет басындағыларды құрту. Бұл топтың оперативті белсенділігі 1977-1979 жылдар аралығында тіркелген. Қазіргі жағдайы белгісіз, қашып кеткендер іздестірілу үстінде. Бұл топтың жетекшілері де, мүшелері де белгісіз түрінде қалған. Ұйымдасқан құрылымы – «бригада», операциялық зонасы – ірі қалалар (негізінен Париж қаласы) болып табылады. Оперативтік параметрлері – саясаткерлерді өлтіру, үкімет орындары мен полиция бөлімдеріне қарсы шығу.

Тағы бір алжирлік лаңкестік топ – уағыздау мен джихадтың Салафисттік тобы (УДСТ). Олар Франциядағы мұсылмандарды алжирлік жоғары лауазымды шенеуніктерге қысым жасауға шақырды. «Азаматтық ауызбіршілік» атты үкімет жобасына қарсылығын интернет сайтта жариялады. Оның қысқаша мазмұны мынадай: «Олардың соңына түсіндер! Оларды түнгі дискотека, шарап дүкендері алдында күтіндер! Егер олар өз қателерін түсініп, мойындамаса, Алла оларға өз жазасын береді!» Экстремисттер бұл хатты «Франциядағы ислам ұлдарына арналды» деп атап, таратып жіберді [40, 89 б.]..

Мұнан басқа Францияда темір жолдарға қауіп төндірген жаңа лаңкестік ұйым пайда болды. Лаңкестер егер үкімет өздері талап еткен көп мөлшердегі ақшаны бермесе, онда бүкіл Франция темір жолдарының өн бойына қойылған 10 бомбаны жаратындығын айтқан. Дәлел ретінде бір бомбаның қайда жасырылғанын айтқанда, ол рас болып шыққан.

Өздерін АZF атаған, Франция үкіметіне қауіп төндіріп отырған бұл топ 4 млн. доллар және 1 млн. евро талап етіп отыр. Бұл жөнінде Францияның ішкі істер министрі Николя Саркози бұл топ жөнінде ешқандай мәлімет жоқ екендігін, бірақ олар төндіріп отырған қауіпке үкіметтің зор көңіл бөліп отырғандығын мәлімдеді. ТF1 атты француз телеканалының хабарлауынша, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Францияның ішкі істер министрлігіне бұл лаңкестік ұйымнан алты хат түскен. Бірақ органдар бұл мәліметті халыққа жарияламауды, газет-журнал беттерінде жазбауды өтінген.

2004 жылы 21 ақпанында полиция Лимож маңында Париж-Тулуза темір жолының бойынан жарылғыш заттарды тауып алып, қауіпсіздендірілді. Бомбаның орналасқан жерін лаңкестер өздері хат арқылы хабарлаған. Поезд жақындаған кезде рельс вибрациясының әсерінен қозғалысқа түсетін жарылғыш зат детонаторының күрделі құрылысына қарап, ұлттық полиция мұның өте қауіпті екендігін түсінді.

АFР-тың ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері жарылғыш затты қауіпсіз жерге апарып, жару алдында оны зерттеп көрген, сонда бұл жарылғыш заттың толқыны 25 метр жер радиусінде барлық затты жойып жіберетіндігі анықталған [36, 50 б.]..

Лаңкестер Франция президенті мен ішкі істер министріне жолдаған соңғы хатында 10 жарылғыш заттың әр түрлі уақытта жарылуға жоспарланғанын, оны тек ақша төлегенде ғана залалсыздандыратындықтарын айтқан.

Италиядағы лаңкестік топ Партизандық әрекетімен белгілі. Бұл солшыл радикалдық лаңкестік топ 1969 жылы құрылған. Олардың саяси-идеялық концепциясы – жұмысшы таптың мүддесін қорғау, оңшыл және жаңафашистік ұйымдардың таралуына қарсы шығу болды. Бұл топ негізінен Италияның солтүстіктегі өндіруші аймақтарында әрекет жасады (Верона, Милан, Турин, Тренто қалалары). Оперативтік параметрлері, яғни нысанаға алған бағыттары ірі компания мекемелерін, АҚШ-тың дипломатиялық ғимараттарын жару, материалдық құнды заттар мен қаржыны кәмпескелеу, жасырын радиостанцияның көмегі арқылы идеологиялық жұмыстарды тарату болып табылады. Бұл топ 1970 жылдың ортасында жойылған, қалған құрамның жай-күйі белгісіз. Италиядағы тағы бір лаңкестік ұйым – Қызыл бригадалар. Ол қалалық ұяшықтар (Collettivo Politico Metropolitan) және Итальян Коммунистік жастар қозғалысының негізінде 1969 жылы құрылды. Негізін қалаушы – Ренато Курчо. Бағдарламаның негізгі мақсаты - әлеуметтік төңкеріс жасау, капиталистік құрылысты жою, пролетариат диктатурасын бекіту, Италияны НАТО мүшелігінен шығарып алу. Алғашқы операциясы 1978 жылдың 28 қарашасында тіркелген.1984 жылы бұл ұйым екі фракцияға бөлінді. 1982-1989жылдар аралығында Италия мен Францияның арнайы ұйымдарының бірлесуімен басып тасталды. Бірақ 1994 жылдың басында тағы белсенділік танытып, қарсылық әрекеті тіркелген. 1999 жылдың мамыр айындағы НАТО-ның Югославияға қарсы операциясына байланысты бұл топ тағы бір лаңкестік компаниялардың дүниеге келуін жариялайды. Тағы бір лаңкестік – Жаңа қызыл бригадалар деп аталған (2001 жылдың жазында тіркелген). Олардың жетекші құрамы белгісіз, құрамындағы мүшелерінің саны шамамен 50 адам (70 жылдардың ортасында 1200-2000 адамға дейін жеткен), 32 мүшесі қамауға алынған. АК, ағылшындық ПП Sterling, Browning, Beretta пистолеттері, тапаншаларымен, қол-гранаталарымен қаруланған. Ұйымдастырушы құрамы – стратегиялық басқару, Атқарушы басқару, барлау топтары, ақпараттар жүйесі, психологиялық операциялар аймақтық колонналар (Рим, Милан, Турин, Генуя, Венеция, Неаполь қалалары). 1999 жылдың көктемгі мәліметтер бойынша Флоренция, Пиза, Ливорно, Милан қалаларында жаңа ұяшықтардың пайда болғандығы айтылған.

1980 жылдың аяғындағы мәліметтер бойынша, бұл ұйымның оперативтік параметрі – жеке тұлғаларға, ірі өндірістің және қаржы ұйымдарының басшыларына, итальяндық және американдық мемлекеттік әскери қайраткерлерге, оңшыл және солшыл партияның қызметкерлеріне, прокурорларға, соттарға, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдеріне, оқу орындарына, кәсіподақ ұйымының объектілеріне, карабинер және полиция корпустарына әрекеттер жасалды.

1979 жылдың өзінде бұл топ жалпы саны 2150 лаңкестік әрекеттер ұйымдастырды. Олардың қолынан Италияның бұрынғы премьер-министрі Альдо Моро (1978), АҚШ бригадасының генералдары Джеймс Дозьер (1981) мен Лемон Хант (1984), итальяндық генерал Джорджиери (1987), итальяндық сенатор Руфили (1988) қаза тапты. 1970-1980 жылдар аралығында баскесерлердің қолынан шамамен 150 адам қаза тапқан. 1990 жылдың ортасындағы мәліметтер бойынша ұйымның оперативті параметрі функционерлерді өлтіру (2002 жылы үкімет кеңесшісі өлтірілген), НАТО-ға қарсы лаңкестік әрекеттер жасалған (1994 жылы) Авиано авиабазасында және Римдегі НАТО колледжінде жарылыс болған.

Бұл топтың Италиядағы байланыс жасайтын топтары: қаруланған коммунистік отрядтары, қаруланған революциялық жұмыс күштері, 22 март группасы, 22 октябрь тобы, жұмысшылар үкіметі, халық солдаты, студенттік күрес, Үшінші позиция.

Осыған қарап, жаңа тарихымызды Еуропада лаңкестік мәселесі кең таралғанын байқаймыз. Сондықтан осы қауіпті болдырмаудың, оған қарсы күресудің ЕО елдері үшін өте маңызды және өзекті екені айқын.

1.3. ЕО-ғы сепаратизммен және экстремизммен күрес және адам құқығы мәселелері

2001 жылдың қыркүйегіндегі Брюссельде болған Еуропалық Одақ елдерінің юстиция және ішкі істер министрлер кеңесінде Ұлыбритания лаңкестікпен күресте біріккен Еуропа полициясын құрып, еуропалықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды. Британдықтардың ұсынысы – лаңкестікке қатысы бар деп айыпталғандарды қатаң жазалау, банк операцияларына қатаң мемлекеттік бақылау қою, телефон компаниялары мен интернет-провайдерлер мұрағатына кіретін жолдарды жабу болды.

Ұлыбританияның бұл ұсынысы Еуропалық Одақ жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Еуропалық Одаққа жедел көмек беретін өзіндік арнайы бөлімдер құру керек деген Еуропарламенттің жасаған баяндамасына жауап іспеттес болды. Бұл баяндама АҚШ Ұлттық агенттігінің «Эшелон» атты электрондық шпионажына байланысты Еуропарламенттің жүргізген зерттеулері мен бақылауларының қорытындысы бойынша жазылды. Сонымен бірге, аталған баяндамасында Еуропарламент Лондонға Ұлыбританияның Еуропадағы интеграциялық үрдістер аясында АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия және Австралиямен қызметі бойынша ешқандай қарым-қатынас, байланыс жасай алмайтындығын ескертті. Ал егер Лондон АҚШ-қа Еуропада электрондық таңдау, жүйелер орнатуға көмек берсе, Еуропалық конвенцияның адам құқығына байланысты 8-ші пунктін бұзатындығын ескертті. Қазір белгілі болғандай, Ұлыбритания лаңкестікті пайдалану үшін «Эшелонмен» өз одақтастығын сақтап қалған. Біріккен Еуропалық арнайы топты құрудың қажеті жоқ және Еуропаның мүмкіндігін кеңейту керек деп ұсыныс жасағандығы Ұлыбританияның көздеген ойы да осы болса керек [41, 59 б.].

Осылайша, Еуропалық полиция – Еуропол құрылды. Оның штаб-пәтері заман талабына сай ұйымның негізгі қызметі - әр түрлі Еуропалық полициялық бөлімшелерімен тығыз байланыста болып, ақпараттар алмасып отыру болды. Оның қызметкерлері жоғары технологиямен, яғни коммуникациялық, электрондық түрімен қамтамасыз етілді, олар бұрынғыдай құжаттарды енгізіп, шығарып, өңдеп отырған жоқ, құжатты электрондық жүйе бойынша жүргізді, ақпарат алу, сақтауда папкалар толған архивті емес, компьютерлік орталық жүйені пайдаланды.

Бұған қарап, Еуропада лаңкестік мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын аңғаруға болады. Олар лаңкестік қаупі төнгенде, ол мәселені шешуде американдық күш көрсету позициясын емес, өздері тиімді деп тапқан әр түрлі заңгерлік және дипломатиялық методтарды пайдаланды.

Еуропалық Одақтың жұмысындағы ең маңызды бағыт – адам құқығын қорғау және оны бақылау болды. Адам құқығын қорғаудың, бұзбаудың негізгі талаптары халықаралық құжаттарда жазылып бекітілді. Еуропалық Одақ жариялаған келісім-шарттың принциптеріне сәйкес жаұяның әрбір мүшесінің артықшылығын мойындау - әлемдегі еркіндіктің, әділдіктің негізі болып табылады. Мемлекет әрбір адамның құқығы мен еркіндігін бақылауға және құрметтеуге міндетті [39, 89 б.].

Еуропалық Одақ үнемі лаңкестік контексіндегі адам құқығы мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырды. Адам құқығы мен лаңкестікке қатысты, көптеген сұрақтар Еуропалық Одақтың адам құқығына арналған комиссия мәжілісінде жан-жақты талданып келісілген. Бұл мәжілісте адам құқығы мен лаңкестік арасындағы өзара байланыстың мазмұны мен табиғаты, адам құқығының бұзылуына лаңкестіктің тигізетін тура және жанама әсерлері, бостандық пен адам құқығының өмір сүруіне тікелей ықпал жасайтын, саяси және әлеуметтік құндылықтарға қауіп төндіретін лаңкестіктің негізгі облыстары секілді мәселелер талданды.

Адам құқығын терроризм контексінде қарастырғанда, ең алдымен, лаңкестік сөзінің анықтамасын білу керек. Бұл ұғымды түсіндіру үшін бірнеше трактовкалар қолданылады, соның ішінде, соңғы уақытта жиі қолданылып жүргендерін қарастырып көрелік. Келісілген орыс-американдық анықтама бойынша лаңкестік бұл соғыспайтын немесе қарсыласпайтын жаққа көрсететін саяси уәждемесі. Бұл жерде, ең алдымен, қаруланған қақтығыс, соғыс немесе бостандық үшін күрес пен лаңкестіктің анықтамасын, сонымен бірге, «бостандық үшін күресетін» заңды комбаттар мен лаңкестердің арасын ажыратып алу қажет.

Лаңкестік, сонымен қатар, қаруланған қақтығыстардың құқығы деген атпен Халықаралық гуманитарлық заңға байланысты мәселелерді де қамтиды. Халықаралық гуманитарлық заң орын алған қаруланған қақтығыстар мен әскери оккупациялардың заңды заңсыздығына қарамастан, олардың асуын реттеп отыратын халықаралық заңдардың жиынтығы болып табылатындығы баршаға аян. Оған қоса, халықаралық гуманитарлық заңды геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар саласы ретінде де қарастырады. Халықаралық гуманитарлық заң бойынша террорлық практика мен террордың жекелеген түрлерін пайдалануға тыйым салынады. Бірақ «лаңкестікке» немесе «лаңкестік әрекеттерге» жалпы әрі заңды анықтама бермейді [42, 89 б.].

Гуманитарлық заңның өз әрекетін қаруланған қақтығысқа қатысты дамытатындығын, ал қаруланған қақтығыс бола қалған жағдайда ол гуманитарлық заңды пайдаланатындығы жалпыға бірдей түсінікті болуы қажет. Тұтастай алғанда, гуманитарлық заң қаруланған қақтығыстың үш негізгі аспектісін қарастырады: заңды әскери операциялардың заңсыз операциялардан бөлінуін, қаруланған қақтығыс барысында қолданатын қару түрлерін жүйелеу және реттеу мәселесі [43, 25 б.].

Лаңкестіктің адам құқығын таптау мәселесі біржақты қарастырылмайды. Әуелі билеуші режим немесе үкіметке зиянын тигізіп отырған лаңкестік қарастырылмайды. Әуелі билеуші режим немесе үкіметке зиянын тигізіп отырған лаңкестікті қарастырып көрелік.

Ең алдымен, терроризмді халық күресін ажырата білу қажет. Заңсыз субъектілерге келетін болсақ, жекелеген тұлғалар немесе топтар ешқандай себепсіз адам құқығын бұза алмайды. Еуропалық Одақ мен Комиссияның барлық резолюциясында лаңкестікті адам құқығын таптау деп түсіндіреді. Лаңкестік әрекеттердің, тәсілдердің адамзат баласына әкелген зиянды жақтарына қарамастан, лаңкестер немесе заңсыз субъектілердің өз әрекеті үшін жазаланатындығы жөніндегі сұрақтар көпшіліктің талқылауына ұсынылмайды.

Адам құқығын бұзған заңсыз субъектіні жазаламаудың негізгі аргументі бұл сол азамат өмір сүретін мемлекеттің жауапкершілігін мойындамау болып табылады, бұл өз кезегінде мемлекеттер арасындағы жауапкершілік пен міндеттемелері деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады. Жалпы стандарттың адам құқығын қорғаудың халықаралық заңдарының нормаларына сәйкес мемлекеттің жауапкершілігін қамтамасыз ету Еуропалық Одақтың негізгі жетістіктерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты Еуропалық Одақтың лауазымды тұлғалары адам құқығын таптаушы лаңкестік топтарды «беделіне» қарай бөлу қауіпті деп тауып, жіктеуге қатаң тыйым салды. Бұл тіпті, «үкімет тарапынан жасалған адам құқығын бұзудың» өзін ақтай алады деп түсіндіреді. Онымен қоймай, «адам құқығын бұзған осындай топтар квалификациясы» мен «олардың әрекеттерінің тигізетін зияндылықтарының» арасындағы айырмашылықтарды ажыратып алуды талап етті [37, 25 б.].

Мұндай баға беру, бір жағынан қаруланған топтар мен жеке тұлғалардың әрекеті халықаралық қоғамдастықтың сынына түсуден сақтандырудың тиімді түрі болып табылады. Адам құқығы және лаңкестік мәселесіне қатысты Комиссия дискуссиясында талданғандай, адам құқығына қатысты барлық қозғалыс үкімет тарапынан мемлекеттік болса, ұзаққа созылатын еді; үкіметке оппозициялық көзқараспен қарайтындарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтін еді. Жалпы және аймақтық келісім шарттарда қарастырылған жекелеген тұлғалар адам құқығын бұзғандығы үшін жауапқа тартылады. Адам құқығының жалпы декларациясының 29 бабында жазылғандай, әрбір адамның қоғам алдында міндеті бар. Ал 30 бап жеке адамға немесе топтарға Декларацияда жазылған құқық пен еркіндікті бұзуға бағытталған қандай да бір әрекет жасауға рұқсат бермейді.

Адам құқығы туралы халықаралық пактіде (заңдар жинағы) аналогиялық баптар көптеп кездеседі: Американдық декларацияда адам құқығы әрі міндеттері (29-38 баптар), Еуропалық конвенцияда адам құқығы мен бостандықты қорғау туралы (10 бабының 2- пункті), Американдық конвенцияда адам құқығы туралы (13, 17 және 32 баптар), Африкалық хартияда адам және халықтар құқығы туралы (27-29 баптар) т.б. Бірақ осы міндеттер адамгершілікке байланысты заңдар ретінде бағаланып, қарастырылады. Яғни, мемлекеттің, жекелеген тұлғаның тәртіп қағидасы тұрғысынан түсіндіріледі [44, 18 б.].

Лаңкестік контексіндегі адам құқығы мәселесі әлемнің барлық елдерін – ең кішіден қуатты державаға дейін қамтиды. Олар лаңкестік мәселесін шешуде біраз талпыныстар жасады. Мәселенің мәні көптеген елдердің тек өз елінің мүддесі үшін ғана жұмыс істейтіндігінде жатыр.

АҚШ-та болған лаңкестікпен әрекеттерден кейін Ұлыбританиядағы лаңкестікке қарсы күрес шеңберінде қабылданған заңдық акт Ұлыбритания азаматтарының құқықтарын шектейді. Бұл «лаңкестікке қарсы күрес және қауіпсіздік туралы» заң 2001 жылдың 14 желтоқсанында қабылданған, сонымен қатар, ол Адам құқығын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның 5-тарауының 1-бөліміне қайшы келеді. Британдық азаматтығы жоқ лаңкестік әрекеттерге қатысы бар күдіктілерді сот санкциясының қамауға алған жағдайында, бұл мәселе парламент бекіткен американ-британдық келісімге сүйеніп шешіледі. Бұл құжат 2000 жылы қабылданған негізгі британдық антилаңкестік заңды күшейтті. Сарапшылардың айтуынша, британдық антилаңкестік заң Еуропадағы ең қатал заң болып табылады.

2001 жылы қабылданған заң лаңкестікке қатысы бар деп танылған шетелдік азаматтарды ешқандай айып тақпастан, мерзімсіз, яғни ұзақ уақытқа дейін қамауға алуға мүмкіндік береді. Осы заң күшіне енгеннен бастап Ұлыбританияда қазірге дейін 12 адам тұтқындалған. Әрине, олардың әрқайсының егер британ территориясынан тез кетіп қаласын деген шартқа келіскен жағдайда, түрмеден босанатын құқығы бар. Заңда көрсетілгендей, лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін дегендердің банктегі күдікті есеп-шоты жөнінде құқық қорғау орындарына дер кезінде хабар бермегендігі үшін қатаң жауапқа тартылады. Егер олардың банктегі есебі жөнінде күдіктенуге нақты себептер болып, оны жасырып қалса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң британ кедені мен қаржы инспекторларына ұлттық қауіпсіздік мәселесіне келгенде, мәліметтерді құқық қорғау органдарымен бөлісіп тұруына міндет қойды. Бұл заң жолаушылар мен жүк тасымалдайтын транспорт ұйымдар мәліметтерін оңай алуға мүмкіндік жасап қойды. Оған қоса, құқық қорғау органдарын тергеу басталған күннен бастап, күдіктілердің қаржылық есеп шотын тоқтатып тастауға міндеттеді [37, 15 б.].

Осылайша, лаңкестік актілерді жасау кезінде халықты мәжбүрлей қана қоймай, олардың естеріне сақталады да, жасалған істер салдарынан құтылу оңайға түспейді. Бұл лаңкестер өздерінің зұлымдық істерімен адамдарды есінен тандырып қорқыту фактісімен түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет