Күл Көмеш дастаны Син-Лек-Уннинни көріпкел жырларынан Орысшадан аударған Сайын Назарбекұлы Из книги: Истоки тюрков. Сборник. Алматы: ид



жүктеу 0.55 Mb.
бет2/2
Дата02.05.2016
өлшемі0.55 Mb.
1   2
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары

Сегізінші бет
Күн шықты тағы, аспан да жер де, арайлы,

Тек Көмеш зарлы, жан досын жоқтап жылайды...


...Елкелді досым! Даланың ұлы сен едің!

Киікті – анам, құланды – әкем деп едің,

Сүтімен аңдар асырап сені жеткізді,

Далаң да анаң – бөтенсін сені демеді!


Жанды да жансыз сүйіп ед сені, қимайды,

Қинады бәрін кенеттен соққан бұл қайғы.

Жылайды елің, қорғанды Ұрық қарттары,

Самырсын орман, Елкелді жолы жылайды.


Жоқтайды шыңның біз асқан қырат, жондары,

Жылайды таудың екеуміз өткен аңғары.

Жылайды емен, шырын боп жасы төгіліп,

Жоқтайды жайлау, жоқтайды қыстау маңдары.


Жылайды дала, сезеді ауыр жарасын,

Көк бөрі зарлы, ана ғой жоқтап баласын.

Жылайды барыс, аю мен қасқыр, жолбарыс,

Текесі таудың, бұланы – бәрі шарасыз.


Бұғы мен киік, даланың құрты, тасы да,

Жылайлы Евлей, келдік қой талай қасына.

Толтырып месті су алған өзен жылайды,

Евфрат суы айналған қайғы жасына.


Жылайды бәрі – Ұрықта туып өнегендер,

Жылайды бәрі – ерлікті біздің көргендер.

Жылайды қала, жылайды дала жұбанбай,

Жылайды дихан, жемісін еңбек тергендер.


"Ескінің көзі еді деп сені жылайды,

Тірлікте сені кезі кеп көрген жылайды.

Иіс май жаққан күңің де жатыр қайғырып,

Кесеңе шарап құйдым деп құл да жылайды.


Қайғылы сайқал, күнжі май жаққан кешегі...

Қуанта алмас қайғыны жардың төсегі...

Жар тапқан жандар себеп боп өзің қайғылы...

Қайғысы жұрттың күн өткен сайын өседі...


Қайғыдан жұлып жылайды қыздар шаштарын,

Қайғымен ұлдар соғады жарға бастарын.

Жылайды елің, атаң мен анаң секілді,

Жылайды жұртың – қорғаныш болған асқарың.


Жанымды менің түсінер, сірә, жан бар ма?

Тағдырын қарғап көз ілмей жүрген таңдарға?

Сезесіңдер ме қорғанды Ұрық бектері,

Жоқтайтын досын, жүректе әлі қан барда.


Айтамын жоқтау, әйелдей жылар жалданып:

Балтам ең өткір жүретін ылғи қолға алып,

Қалқаным едің, қайраулы қару – алдаспан,

Өтетін жарып дұшпанның шебін, қақ жарып.


«Дұшпан көз ішік», «бір киер» сәнім өзің ең,

Сен жоқсың енді өмірдің маған мәні не?


Елкелді інім, жабайы аңды мал еткен,

Барысын дала үй күшік қылған, үйреткен.

Құланын дала ат қылып мінген інім-ай,

Қайратым кеміп, барамын жүнжіп, күйреп мен.


Тауға да шықтық, даланы кездік – не тірлік,

Қимылдап бірге, Өгізді біздер өлтірдік.

Қорғаны болдық, құрбаны болдық біз елдің,

Қастасқан жауды тәубеге талай келтірдік.


Не ұйқы сенде, еркіңді алған Елкелді?..

Көтермей басты жатырсың қалай Елкелді?..


Көзің де көрмей, естімей құлақ, не тірлік?

Тірліктің мәнін, қалайша біздер кетірдік?


Жүрегін байқап қарады – жүрегі батыр соқпайды...
Баласы торда арыстан сынды жұлқынды...

Қинаумен жанын өткізді Көмеш бұл түнді...

Терінің жүнін тартқандай шашын жұлқылап...

Тірліктен жеріп, салып жүр сұмдық бұрқылды...


Саз бере таңның көмескі ғана шапағы...
Атой сап Көмеш шеберін елдің шақырды,

Мүсінші, мысшы, ұстаны, барлық тақылды.


Жан досым менің, ой келді маған, ой маған,

Орнатам мүсін ешкімге ешкім қоймаған!

Досымның жүзін, денесін солай тірілтем,

Тұғыры тастан, лағылдай шашы ойнаған!..


Мен досың, әрі ағаңмын сені сағынған,

Сағыныш мұңын тұмар ғып мәңгі тағынған.

Жатқыздым сені құрмет-мамық төсекке,

Алтын-зер ою, күнжінің майы жағылған.


Патшаға, бекке табаннан бастап сүйілдің...

Ұрықтың халқы жоқтасын бәрі, бұйырдым...

Сайқы мен сәйкі қаралы киім жамылды...

Ал өзім болсам – қайыршы болып киіндім...


Арыстан тері жамылам, кетем Анаңа!

Өзіңнің жүрген, сағынып, Ұлы Далаңа!


Күн көзі шапақ шашатын кезде таңертең,

Күл Көмеш саздан үлгерді мүсін дайындап.

Дастарқан жасап тамаққа үстін толтырды...

Ақықтан қызыл ыдысқа құйды бал, шырын...


Ыдысқа көктас, аспандай әсем май құйды...

Сездірмек болды Шамашқа солай жан сырын...


Тәңірі Эллиль естіп қап сонау көктегі –

Қаһарлы дауыс аспаннан кенет жеткені...


Күл Көмеш тыңда! Міндеті адам жазылған:
Шаруа адам егінмен күнін көреді,

Малшы мен аңшы аң аулап өмір сүреді...


Күл Көмеш солай Далаға Ұлы кетіпті,

Ұрпағы қазақ бұ күнге міне жетіпті...
Тоғызыншы бет
Күн шықты тағы, аспан да, жер де, арайлы,

Күл Көмеш зарлы, жан досын жоқтап жылайды...


...Жас төгіп ыстық барамын кетіп далаға,

Уайым-қайғы – айналды жанды жараға.

Еркіне көнем Тәңірге жетіп, жаратқан...

Ойламаң қорқып, далаға қашып бара ма...

Шықтым мен жолға, келемін өте асығып,

Тәңірлер сізге етемін тәжім бас ұрып.

Арыстан көріп, жалындым Тәңір Синаға,

Қараймын оған «қорқыныш сұмды» жасырып.


Тәңірге барлық батамды оқып сақта деп,

«Бұрындар қалай сақтасаң солай сақта тек»,

Жатып ем бірақ арыстан шуы оятты,

Қайғысыз өмір, кенелген олар баққа көп.


Алдаспан атты қаруын қолға алады,

Арыстан – мысық, шетінен шауып жарады.

Ойнатып қолда қайқы бел түркі қылышын,

Өлтіріп, жарып, жаралап кетіп барады.


Маша тау атты тау бар деп бұрын, естіп ед...

Қорғар деп күннің шыққанын, батқан, естіп ед...

Күл Көмеш келді тауларға Маша жақындап,

Тұр екен таулар, темір тау биік, көк тіреп.


Адамға ұқсас бүйілер бағар қақпаны...

Қараса бітті, пенденің сеспей қатқаны...

Жанары сұқты тауларды кетер аударып...

Төменде – тамұқ, тіршілік қайнап жатқаны...


Батарда және шығарда күнді күзетер...

Қақпайды кірпік, қарайды күнге, күзетер...

Күл Көмеш көріп, қорқыныш басып денесін,

Жүрек те сезіп, шымырлап кетті, тыз етер.


Қамшылап намыс бүйіге барды жақындап...

Ал адам-бүйі сөйлейді сөзді тақылдап:

«Адамның анау бойында Тәңір қаны бар» –

Әйелі ерін қостап тұр, дұрыс, мақұл деп.


Адамға бүйі айтады сонда әйелі:

Не деген адам, қанына Тәңір бай еді.

Екісі үштің Тәңірлік болса, біреуі

Адамдық екен, көрсетсе құрмет сай еді.


Бүйі адам сонда Күл Көмеш ерге тіл қатты:
«Неғылған жансың өлімге көнген, неліктен?

Бұл тауға неге, шешуге жұмбақ, келіп пе ең?

Қай жолмен жеттің бұл жерге өзен, тау кезіп,

Таңдандым қатты өзіңді, міне, көріп мен?».


Күл Көмеш сонда адамға бүйі сөйлейді:
Бар еді інім, жабайы аңды мал еткен,

Барысын дала ит қылып үйге үйреткен.

Құланын дала құрықтап мініп ат қылып,

Жоғалттым соны, күйіктен барам, күйреп мен.


Тауға да шықтық, даланы кездік – не тірлік,

Қимылдап бірге, Өгізді біздер өлтірдік.

Қорғаны болдық, құрбаны болдық біз елдің,

Қастасқан жауды тәубеге талай келтірдік.


Дос еді өзі қуаныш-қауіп бөліскен,

Арқасы соның оралдық жаудан жеңіспен.

Елкелді досым, тұлғасы еді заманның,

Адамның оған тағдырын жазды, неліктен?


Бағасы қанша ерліктің, ерен еңбекпен?

Алты күн өтті, жеті түн кетті меңдеткен...

Мұрнынан оның көрінді құрттар жыбырлап,

Елкелді өлді, мезгілі екен дем жеткен.


Көрдім де соны, қорқатын болдым өлімнен,

Өлікті көрдім мұрнынан құрттар көрінген.

Далаға қаштым, Елкелді сүйген далаға,

Өлімнен қаштым, өлімнен қатты жерінгем.


Топырақ, тұзға айналды достың денесі...

Сүйікті достың жоқ болды мәңгі денесі...

Кірем бе жерге тұрмастай болып мәңгіге,

Мен бе екен құрбан, Тәңірлер шешсе, келесі?..


Бүйі-адам сенің алдыңда бүгін тұрмын мен...

Өлімнен қорқам, әлекке түсіп жүрмін мен...

Тағдырды жазар әкеме жеткіз сұрайын,

Адам ба екем?

Тәңір ме екем?

Кіммін мен?


Пешене маған қандай ғып олар жаздырды?

Тәңірлер маған бұйырды қандай тағдырды?

Өмір мен өлім арасын сұрап білмекпін,

Пешене маған, қандай ғып олар, жаздырды?


Екенсің батыр шығыпсың жолға сертпенен...

Ешқашан ешкім бұ жолмен жүріп өтпеген...

Бүйі адам ашты Күл Көмеш ерге бір сырын:

Бұ жолмен тауға келгендер аман кетпеген.


Он екі өлшем бұ жолдың толық шамасы...

Он екі өлшем жарық пен жарық арасы...


Әр өлшем – әлем! Сәулесіз ғұмыр, көр-түнек...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...


Күн бата бүйі қақпаны берік жабады...

Күн шыға бүйі қақпаны қайта ашады...

Жабылса қақпа он екі өлшем қараңғы...

Күн бата бүйі қақпаны қайта жабады...


Шығады одан тек қана Шамаш Тәңірі...
Тірлікке жарық, тек қана оның әмірі...

Сен сонда қалай, жолменен сондай өтесің?

Кірерсің, бірақ қаларсың шықпай, тәйірі!
Күл Көмеш сонда адамға бүйі айтады:
Жанында қайғы, жүректе мұңы – мен бір жан,

Еместі аяз, тау қары мені тоңдырған.

Бола алмас бөгет дауыл да, боран, көр-түнек,

Тәңірге жетем, ойыма күдік қондырман.


Бүйі адам сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді...
Жолыңмен осы жүре бер, батыр екенсің!

Таудан да орман – ерлікпен, өжет, өтесің!

Мақсатты жерге – еңбекпен ғана жетесің!

Оралып аман – еліңе туған кетесің!


Қақпаны саған ашамын, батыр Күл Көмеш...
Күл Көмеш естіп бұ сөзді басты ілгері,

Ұнайды ойы, ұнайды бүйі тілдері.

Он екі өткел, сәулесіз ғұмыр, көр-түнек,

Шамашқа жетер жолменен басты ілгері...


Бірінші өтті өткелден...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...
Екінші өтті өткелден...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...
Үшінші өткел – баса алмай қорқып ілгері...

Түсірді еске адамның бүйі тілдерін...

Жинақтап жігер, зорлана басты ілгері...
Төртінші өтті өткелден...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...
Бесінші өтті өткелден...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...
Алтыншы өтті өткелден...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...
Жетінші өткел өткенде...

Тынысын жердің тыңдады...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...


Сегізінші өткел өткенде...

Айқайлап дауыс шығарды...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...


Тоғызыншы өткелде...

Жел демі беттен сыйпады...

Жұмбағы әлем – сәулесіз ғұмыр... Көр, түнеп...

Алдың да, артың түрткісіз көзге, көр-түнек...


Оныншы өткел жеткенде сезді жер исін...
Он бірінші өткел өткенде...

Сәулесі жарық байқалды...


Он екінші өткел өткенде...

Алдынан арай нұр шашты...

Көрінді ғажап бау-бақша...
Тас орман көріп, тас бақты көріп таңданды...

Ақтастар – ақық... беріп тұр жеміс, таң қалды...


Көктастар, ғажап, аспан түс тастар, бұлар да,

Беріп тұр жеміс, қалайша бұлар жаралды-ай?..


Күл Көмеш тұрды тас бақтан көзін ала алмай...

Оныншы бет
Қызмет қылды Сидури барлық Тәңірге...
Бозасын баптап, жартаста ұшпа тұрады,

Қызметші кемпір – жағасы теңіз тұрағы,

Міндеті боза ашыту болса, ал оның

Жанары сондай, қыраннан өткен қырағы.


Кесесі алтын, құмыра күміс, жез-алмас,

Дастархан қандай, жай адам көзі сезе алмас...


Жақындап келді Күл Көмеш ұзақ жол шегіп...

Сидури тым сақ, көрмеген жанға ол сеніп...

...Неғылған адам терісін аңның жамылған?

Ерекше жан ғой – Тәңірдің қаны ағылған!


Жанында қайғы, бетінде мұңы, апырмай,

Жолаушы жан ба? Бұл қандай жұмбақ, неғылған?


Алыстан байқап, Сидури шешпек жұмбақты...

Ақыры кемпір өзіне-өзі тіл қатты...


...Қанішер болар, еліне, жері сыймаған,

Әйтпесе адам таңдайды неге бұл жақты...


Шешті де солай Сидури жапты қақпасын,

Күршігін салды, қыстырды белдік жаппасын.

Күл Көмеш сонда сөйлейді оған дауыстап,

Бекініп кемпір қақпасын қорқып жапқасын:


Сидури кемпір қақпаны неге бекіттің?

Көрмей-ақ мені дұрыс деп сенбеу шешіпсің!

Күршігін салып, ағашын тығып әлексің,

Бір ұрсам болды быт-шыты шығар есіктің!


Айқайлап кемпір Көмештен сұрақ сұрайды:
Ұрпағы Тәңір ойланып тұрмын көріп мен...
Ұрпағы Тәңір кезіп жүр дала, неліктен?

Сонша жол жүріп, мақсатсыз қаңғып келіп пе ең?

Қай жолмен жеттің бұл жерге өзен, тау кезіп,

Таңдандым қатты, өзіңді міне, көріп мен?».


Қай жолмен жеттің бұл жерге өзен, тау кезіп,

Мақсатсыз қаңғып, жол жүріп босқа келіп пе ең?


Күл Көмеш сонда кемпірге жауап қатады:
Күл Көмеш – менмін, ерлігім батыр дегізді,

Құртып ем көзін, Сұмбаба жауым негізгі.

Асуда жүрген арыстандарды жойдым мен,

Өлтірдім тіпті аспаннан түскен Өгізді!


Кемпір де сонда Көмешке жауап қатады:
Күл Көмеш болсаң, ерлігің батыр дегізген,

Құртсаң сен көзін, Сұмбаба жауың негізгі,

Асуда жүрген арыстандарды жойсаң сен,

Өлтірген болсаң аспаннан түскен Өгізді –


Дерт бар ма сенде байлаған сенің бағыңды,

Ыстық пен суық қақтапты екі жағыңды,

Даланы кезіп, таулардан асып қатерлі,

Азғансың неге кеткендей соғып қағынды?


Даланы кезіп, таулардан асып қатерлі,

Іздеген елес, жансың ба қуған сағымды?


Күл Көмеш сонда кемпірге жауап қатады...
Бар еді інім, жабайы аңды мал еткен,

Барысын дала ит қылып үйге үйреткен.

Құланын дала құрықтап мініп ат қылып,

Жоғалттым соны, күйіктен барам, күйреп мен.


Тауға да шықтық, даланы кездік – не тірлік!

Аспаннан түскен Өгізді біздер өлтірдік!

Қорғаны болдық, құрбаны болдық біз елдің,

Қастасқан жауды тәубеге талай келтірдік!


Дос еді, іні қуаныш, қауіп бөліскен,

Арқасы соның оралдық жаудан жеңіспен.

Елкелді досым, тұлғасы еді заманның,

Адамның оған тағдырын жазды, неліктен?


Топырақ-тұзға айналды достың денесі...

Сүйікті жанның жоқ болды мәңгі денесі...

Кетем бе менде тұрмастай болып мәңгіге,

Мен бе екем құрбан, Тәңірлер шешсе, келесі?..


Бағасы қанша ерліктің, ерен еңбекпен?

Алты күн өтті, жеті түн кетті меңдеткен...

Мұрнынан оның көрінді құрттар жыбырлап,

Елкелді өлді, мезгілі екен дем жеткен.


Алты күн, сосын жеті түн бойы жыладым,

Естір ме дедім жан достың, іні, құлағы.

Мұрнынан оның жыбырлап құрттар шыққанша

Жұбана алмай, мүмкін деп естір құлағы.


Көрдім де соны, қорқатын болдым өлімнен,

Өлікті көрдім мұрнынан құрттар көрінген.

Далаға қаштым, Елкелді сүйген далаға,

Өлімнен қаштым, өлімнен қатты жерінгем.


Тыныштық таба алмаймын, қашам далаға,

Елкелді ердің есіме түссе өлімі...


Сондықтан қалай тағдырға жалған сенесің?

Тыңдауға келдім өзіңдей дана кеңесін.

Қалайша оны қара жер қазып, көмдім мен,

Тапсырдым жерге адамның ұлы денесін?..


Сол құсап адам қараңғы көрде жата ма?

Ешқашан күн де шықпауға оған бата ма?

Өзіңе келдім, өлімнен қорқам, айтыңыз,

Осы ойым менің сіздіңше қалай, қате ме?


Сидури кемпір Көмешке сонда тіл қатты...
Күл Көмеш, қайда, қайда сен қаңғып барасың?

Жоқ затты қайдан, қайдан сен іздеп табасың?

Адамды Тәңір өлетін етіп жаратқан,

Пенделер бұған әу бастан солай, шарасыз.


Таппайсың өмір, ойлан сен, бұндай әуенмен,

Жазғаны Тәңір – жазмышқа пенде тәуелді ең.

Өмірің сенің – өзіңнің мына қолыңда,

Пенденің бәрін өлімге кескен әуелден!


Қолыңда өзің ұстаумен жүрсің өмірді...

Қарныңды тойдыр, күндіз-түн көтер көңілді...

Мейрам боп өтсін әр күнің, сонда ұзарар,

Қайғыға, тағы, бола біл пенде төзімді.


Киімің сәнді, болсын да мәнді өмірің,

Бөпе сүй, сонда болады жарқын көңілің.

Құшақтап қуант жарыңды өзің күн сайын,

Тек қана осы іздеген мәнді өмірің!


Түсіндім сені, Сидури тағы бір сұрақ:
Отына Пісті Тәңірді іздеу талабым,

Басыма тілеп өзімнің алған азабым!

Айтып бер маған белгісін – қалай танимын,

Көрсетші жолын – қалайша іздеп табамын!


Мүмкіндік болса – теңізбен жүзіп жетермін,

Болмаса егер – даламды кезіп кетермін!


Сидури кемпір батырға сонда айтады...
Өткелсіз мекен, Тәңірдің сондай мекені,

Мекенге қалай ол жерге кімдер жетеді?

Тек қана Шамаш, Шамаштан басқа кім болсын,

Шамаштан ғана бар қауіп қашып кетеді!


Қауіпті сапар, өлімнің көлі терең ғой,

Өлім – жау, соқыр, құлағы оның керең ғой!

Күл Көмеш батыр – жартылай адам, Тәңірсің,

Сұрасаң ақыл, тыңдасаң кеңес берем ғой!


Күл Көмеш тыңда! Құтқарар сені бір жан бар!

Қайықшысы ол, Отына Пісті Тәңірдің!
Орманда тас бар, балбал ғып кілең қашалған,

Кәсібі оның жыланды аулау қашаннан.

Жолыңыз болса – Абимен Уршан жетесің,

Болмаса жолың еліңе қайтып кетесің!..


Бұл сөзді естіп балтасын алды қолына,

Суырды қылыш, қауіпті тұру жолына.

Келеді отап, орманға терең кіреді,

Келеді жайпап, қарамай оң мен солына.


Қаһарлы ыза, балбалды шауып тастады,

Шақырып ашу, қанының кенет тасқаны.

Адуын кезде айдаһар түсіп қолына

Оны да қысып, мойынын бұрап тастады.


Сабасын бір кез Күл Көмеш батыр басады,

Ашуын сабыр, көңілін ақыл ашады.

Жалғыз-ақ сұрақ: қайықты қайдан табамын?..

Еске алды түнек, күндерді, тауды, Машаны...


...Дейді ғой кемпір тағдырға солай көнесіз...

Өтесіз қалай көлінен өлім кемесіз?...


...Қауіптен қашып мақсатқа қалай жетемін?..

Өтемін қалай көлінен өлім кемесіз?...

Сабаға түсіп жүріп ед өзен кездесті...

Қайықшы Уршан алдынан шығып жүздесті...


Күл Көмеш сонда Уршанға қарап сөйлейді...
Отына Пісті көрсетші жолын Тәңірдің!

Жазылған маған бәріне тағдыр әзірмін!


Айтып бер маған осы жол бағыт, белгісін:
Мүмкіндік болса – теңізбен жүзіп жетермін,

Болмаса тіпті – даламмен жүріп кетермін!


Кемеші Уршан сөйлейді Көмеш батырға...
Сапарда бұндай тиетін балбал көмегі,

Өткенде өлім көлінен қанша демеді.


Талқандап бәрін балбалды шауып тастадың...

Жазығы бар ма, әулие тастың, қасқаның!

Жататын жебеп, өткенде өлім теңізден,

Сен бірақ сабыр, ақылға аяқ баспадың.


Екенсің батыр, балтаңды қайта қолыңа ал,

Орманға жет те жүз жиырма сырық жонып ал.

Шағылып қалған балбал тас толтыр есесін,

Шырышпен майла, қайықпен солай жетесің.


Күл Көмеш естіп қажетті барлық деректі,

Орманға кірді сырық қып кесті теректі.

Жүз жиырма сырық (он бестей қарыс) әзірлеп,

Шырышты жағып, дайындап қалақ, керекті.


Күл Көмеш пен Уршан Аби қайыққа отырады...
Итеріп суға түсірді, жүзіп кетеді.

Оңына соқты, толқындар көмек етеді.

Үш айлық жолды үш күнде жүзіп өтеді,

Солайша олар көлге де өлім жетеді.


Уршан Аби Күл Көмешті сақтандырады:
Күл Көмеш қолды тигізбе өлім суына!..
...Сақ болғын енді, қолыңа енді сырық ал!
Екі мен үшеу, төртіншіні ал, Күл Көмеш!..

Бес пенен, алты, жетіншіні ал, Күл Көмеш!..

Сегіз бен тоғыз, оныншыны ал, Күл Көмеш!..

Он біріншіні, он екіншіні ал, Күл Көмеш!...


...Жүл жиырмасыншы сырықты ал, Күл Көмеш!

Соңғысын алды, сырық та ақыр таусылды...


Жиһангер батыр қауіпке кеткен еті өліп...

Күл Көмеш айтты мақсатқа тездеп жетелік!

Шешеді белбеу, шешеді киім, жалаңаш,

Желкен ғып жайды барлығын жалғап, көтеріп.


Желкенді сонда Отына Пісті көреді,

Өзіне өзі ойлана сұрақ береді:
Бұл қалай, неге, қайықтың сынған балбалы?

Ойлап тұр қарап, тағы да ойын жалғады...

Егесі қайда, қайықта тұрған басқа жан?..

Бөтенді танып, қырағы көздің шалғаны...


Қараймын оңға, қараймын солға, қараймын,

Түсінбей тұрмын мынаны неге балаймын.

Қараймын оған, танымай оны тұрмын мен,

Адамы емес Тәңірлік біздің сарайдың?


Күл Көмеш жетті, Отына Пісті Тәңірге...
Жетем деп алыс, Отына Пісті Тәңірге,

Жетем деп саған айналған аңыз әмірге;


Қаңғырдым ұзақ, әлемді түгел шарладым,

Басына шықтым басынан таудың барладым;


Теңізге өлім салдым да тіпті өзімді,

Ұйқымен тәтті, қандырмай жанар, көзімді;


Қинадым тәнді ұйқысыз өткен түндермен,

Қинадым жанды қайғымен өткен күндермен;


Тоздырдым бәрін матадан тіккен киімді,

Өлтіріп аю, арыстан, барыс, бұғының

Етінен ас қып жамылып тері, киіндім.
Көргенде мені Сидури жапты қақпасын...
Қорықпай өлім суынан тіпті келдім мен

Жүз жиырма сырық келтірді шырыш жаққасын.

Өзіңе Тәңір қайқпен жүзіп жеттім мен...

Өмірді іздеп еш жерден басқа таппаспын!


Отына Пісті Сөйлейді қарап батырға...
Кұл Көмеш сенің жүзіңде неге қайғы бар?

Ұрпағы Тәңір, не себеп болды қайғырар?


Әлде сен өкпе артасың мүмкін тағдырға,

Әкең мен шешең өлетін етіп жаратып?


Күл Көмеш сенің білгенің дұрыс, бір кезде,

Тағдырың сенің өзекті жан деп шешілді.


Шектелді оның ғұмыры, өлім кесілді.

Адамдар – айран, Тәңірлер майы секілді.

Ұқсастар олар, тағдыры бірақ әр түрлі,

Адам мен Тәңір – масақ пен бидай секілді.


Жамылып тері Күл Көмеш өзің асықтың.

Ұрпағы Тәңір, өмірге өте ғашықсың!

Беретін саған ештеңем жоқ қой, ештеңе!

Қайғыға батып, өзіңді өзің жасыттың.


Қайғыға батсаң сорлайды жүрек, тулайды...

Қатігез өлім, ешкімді аяп тұрмайды...


Үй салған бар ма, ойланып көрші, мәңгілік?

Бір туған бауыр, ойланып қара, мәңгі ме?


Мөр бар ма басқан, билеген бар ма, мәңгілік?

Қастандық бар ма, қайтпайтын кегі мәңгіге?


Арнасы өзен, қарттардан сұра, мәңгі ме?

Жұмыртқа барлық балапан болып шыға ма?


Жанар бар кімде, көз алмай Күнге қарайтын?

Жан бар ма, сірә, достыққа мәңгі жарайтын?


Өмірде бірақ пенделер сонша баршылық,

Тұтқын мен өлік ұқсас деп, әсте, санайтын!


Қожа ма адам? Батасын Эллиль бергенмен,

Өмірге келіп, сәулесін жарық көргенмен.


Ануннаки мен Тәңірлер ұлы жиналып,

Талайдың тағы, талайдың бағы тергелген.


Ал Мамет тағдыр анықтар, және солармен

Үмітті етер, дәмелі қылар, сергелдең!


Белгілеп олар: өмірді, өлім қойғанды!

Тәңірдің бәрі жиылып бұны ойланды.

Айтпайды бірақ өмірден өтер сағатын.

«Тіріге – тірлік!» Өмірге өзің қожасың!




Он бірінші бет
Күл Көмеш сонда сөйлейді сөйлегенде бүй дейді:
«Қарасам саған Отына Пісті шеттегі,

Бойың да мендей, ерекше еңсе жоқ, тегі...

Аңызға қалай айналды сенің ерлігің?

Таппадым сенен, бір артық жерің жоқ па еді?


Айқасу маған қорқыныш емес сенімен,

Ұйқтасаң сен де шалқаңнан жаттың, жөнімен.

Айтшы сен қалай, Тәңірлер кеңес құрғанда,

Адам ең, кенет, айналдың Тәңір теңіне?»


Отына Пісті сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді:
Күл Көмеш сағанТәңірлер жанын ашайын,

Сырын да айтып, жаңалық саған жасайын.

«Жүріп Бақ» қала, жағасы өзен Евфрат,

Ежелгі қала, Тәңірлер келер күн сайын.


Тәңірі Эллиль топан су болды тасытпақ...

Мұқатпақ қырып, адамды солай жасытпақ...


Бабасы Тәңір Ану бар, барлық Тәңір бар,

Шабарман Нинурта, сушы Эннуги бәрі бар.


Кеңесті бәрі басқасын тіпті санама...

Жіберсе топан құмары Эллиль қана ма?


Тәңірлер өкпе айтады екен адамға,

Қатысты оған жарқын жүз, Ел Ана да.


Тәңірлер сөзін естіп ап, Ел Ана жерге хабарлайды:
«Адамдар, адам!Адамдар, адам! – деді ол,

Жеткізіп хабар, адамның қамын жеді ол!

Шуруппакиец, Убар-Туту ұлы – құлат үйіңді,

Үйіңді құлат, зор кеме тұрғыз деді ол.


Бәрін де таста, бұл хабар өте нанымды!

Байлықтан жеркен, өзіңнің құтқар жаныңды!
Тұрғызар кемең – төрт бұрыш кеме болады,

Кемеңе тие, тіріні барлық, толады,

Биіктік, ені, көлденең бәрі тең болсын,

Мұхит – ол тентек, жақсылап жаса жобаны».


Отына пісті жауап қатады...
Түсіндім бәрін Ел Ана тақсыр, ақыл деп,

Түсіндім тақсыр, әр сөзің маған ақыл тек.

Құрмет тұтам, дәл солай бәрін істеймін,

Не айсам қостар, өз халқым мені, мақұл деп?


Отына пісті айтып жатыр...
Сенімді құлым деді ол маған, сеніммен...

Еліңе сен айт, шындығын айтқын жөнімен...


Эллиль мені жек көрді деші әуелден,

Сезімге өзім берілгіш едім, тәуелді ем...


Қалада бірге онымен тұра алмаймын,

Ізінен Эллиль жиркенер менің табаным...


Мұхитқа кетем, Ел Ана тақсыр жанына...

Сүрмеймін өмір Тәңірге Эллиль табына...


«Эллиль сұм сізге жіберер нөсер жаңбырын,

Құпиясын құстың, біліңдер балық тағдырын.


Шығады жерге бай егін адам айтқысыз,

Эллиль сұм сізге жіберер сұмдық жаңбырын.


Күн бойы – нөсер, үйіңнен өзің қашарсың,

Аспаннан астық жауғанын көріп сасарсың».

Саралатаңда шақырдым, жұртым, ағылсын,

Ерлердің бәрі тіл қатпай маған бағынсын...

Бұзамыз үйді, сөгеміз шарбақ, аямай,

Кемеге қажет нәрсенің бәрі табылсын.


Бала да көмек етеді тасып, қарамай...

Дүния, мүлік тасиды бәрін, санамай...


Тынбастан бес күн қорапқа солай тасыдық:
Жүз жиырма қардай биігі болды деседі,

Жүз жиырма қардай ені де солай деседі,

Үштен бір шаршы тұрғыздық кеме ауданы,

Көлденеңі де жүз жиырма қардай есебі.


Кемеге алты орын-жай салдым кең етіп,

Жетіге бөлдім, әр бірін бірдей, тең етіп.


Төменін кеме тоғызға бөлдім, үш қатар,

Қазықтар қақтым, шайқалтпай кеме ұстатар.


Бағытшы жасап, орнықты еттім, кемені,

Толқынға мықты, бекіттім жүкті, үш қатар.


Еріттім майлы топырақ санап, үш өлшем...

Қарамай құйдым ерітіп санап үш өлшем...


Үш өлшем тағы майын да күнжі тиедім,

Күнжінің майын кемеге жақтым үш өлшем...


Кемеші тығып тастады майды үш өлшем...
Азыққа қажет, өгіздер кілең сойғыздым,

Қой етін қақтап, сүрледім, сақтап қойғыздым...


Шырыны жеміс, май, секер және тәттілер,

Суардым елді, бұлақ боп ақты шараптар...

Қош иіс майлар аштырдым бәрін аямай...
Тапқанның бәрін, кемеге түгел тиедім.

Қажеті болар дедім де күміс тиедім.

Қажеті болар дедім де алтын тиедім.

Қажеттің бәрін, жәндікті тірі тиедім.

Кемеге түгел, отбасын, туыс тиедім.

Малын да дала, аңдарды ұстап тиедім.

Шебердің бәрін алдырдым зорлап, тиедім...
Күн батар шақта кеме де дайын болғанды...
Қозғалта алмай орнынан кеме жүр едік.

Ауыр боп кеме, жағадан тіреу тіредік.

Қазықтар қақтық, астынан сына, үстінен,

Екісі үштен батты да суға, түледік.


Мезгілді маған белгілеп Шамаш бергенді:
«Таң ата нөсер төгеді көктен ағылып,

Қараңғы басар, жарықтың көзі жабылып.

Ал сосын түнде жауады жаңбыр астық боп,

Кіріксін есік майменен қара жағылып».


Мезгіл де жетті, уақыт жетті белгілі...
Таң ата нөсер құйды ғой көктен ағылып,

Қараңғы түсті, жарықтың көзі жабылып.

Ал сосын көрдік аспаннан жауған астықты,

Тәңірге сендік, тағдырға көндік бағынып.


Қорқыныш кірді түріне қарап аспанға,

Еместі мүмкін қарауға оған жасқанбай.

Кемеге міндім, тездетіп жаптым есікті –

Есікке жақтым қарамай қалың, бас қамдай...


Таң атқан шақта, сібірлеп сәуле таралып,

Аспанды түгел орады сұсты қара бұлт.

Адду жүр сонда, ортасы бұлттың күркілдеп,

Қорқыныш шаша, күшімен Тәңір жаралып.


Шуллат пен Ханиш келеді дауыл алдында,

Хабаршы – жаушы даламен, биік таумен де.


Эрагаль шықты суырып бөгет қазығын.

Нинурта болса талқандап бөгет, нағызын.


Тек Ануннаки, апаттан аман қалсын деп,

Жағып жүр шырақ, сәулесін жерге түсіріп...


Қырсығы Адда, қалғандай қатып қара аспан...

Қарап боп жатыр, өздері Тәңір жаратқан...


Ақ пенен қызыл – қараға бәрі айналды...

Жер беті шыны табақтай сынды, шағылды...


Оңтүстік желі күн бойы, бір күн, құтырды...

Ерітті тауды, қыратты, төбе жұтылды...


Далаға жетті, қалаға жетті, жалмады...

Ешкімді ешкім көре де тіпті алмады...


Аспаннан адам қалыпты жоқтай, көрінбей...

Аспаннан жер де қалыпты жоқтай, көрінбей...


Тәңірлердің де топаннан кетті зәресі,

Ану да көкке көтеріліп кетті, жер есі...


Қорқыныш екті, әлемді жайпап, тындырды...

Иштар да тіпті, қысқандай толғақ, шыңғырады...


Дауысы жұмсақ ханымы Тәңір өкініп:
«Сол күні түгел топыраққа бәрі айналсын...

Адамның бәрі өзімнің халқым емес пе?


Кеңесі Тәңір – шешімді зұлым қостапты...

Қалайша өзім – шешімді зұлым қостаппын?


Туам ба сонда адамды өзім жойсын деп?

Ұқсатып қойға кез-келген ұстап сойсын деп!»


Ануннаки құдайлары қосылып оған жылауда...

Айласын тап деп, барлығы одан сұрауда...


Жуасып қалды, отырды бәрі жыласып...

Қайғырып отыр, көгерді ерні тобарсып...


Сұрапыл дауыл алты күн, жеті түн соқты

Топан су жерді тастады жауып, тұншықты.


Топан мен дауыл аянбай солай шайқасты...

Жетінші күн таңда тоқтатты топан айқасты...


Тыншыды теңіз, топан су ақыр тоқтады...
Айырма қанша – Тәңір мен адам арада...

Жел-тесік ашып қарадым түнек далаға...

Бұрқанған теңіз тыныштық тапқан, Күн нұры

Кемеге өтті, тіршілік болып тарала...


Тет-тегіс болған, тақтайға дала айналып...

Топырақ саз боп кетіпті барлық жай халық...

Тізерлеп жылап отырмын ойлап, өкініп,

Көзімнен жас боп төгіліп жатты қайғы ағып...


Шексіздік-мұхит! Сағындым сені қара жер!..

Он екі өлшем – шалынды көзге бір арал...


Қазығұрт тауға тоқтады жетіп кемем де...

Оймақтай жері ойнатпай тұрды кемемді...


Қазығұрт – бір күн, екі күн тұрды шайқалтпай...

Қазығұрт – үш күн, төрт күн де тұрды шайқалтпай...


Қазығұрт – бес күн, алты күн тұрды шайқалтпай...

Қазығұрт тауы жеті күн тұрды шайқалтпай...


Жетінші күні бекіндім, ойды пісірдім,

Кемеден көкке көгершін құсты ұшырдым.


Көгершін қайтып оралды қайтып кемеге,

Жер таппай келген қондырдым қайта құсымды...


Жөндемек болып бастаған осы ісімді,

Кемеден көкке қарлығаш құсты ұшырдым.


Қарлығаш, ол да, оралды қайтып кемеге,

Жер таппай келген қондырдым қайта құсымды...


Кемеден көкке қарғаны енді ұшырдым...

Жер тауып қарға оралмай қойды, түсіндім...


Су қайтты, көзге сағыныш жер де көрінді...

Қарқылдап қарға, жер шоқып отыр, өлексе...


Кемеден шығып қарадым түгел төрт жаққа...

Төрт бағыт – түгел, бәріне бердім садақа...

Пісірттім шелпек жеті рет, жеті, санаса...
Мадақтап Тәңір, тағдырға көндік, шүкір деп,

Қанағат еттік, тағдырға көніп, бүкіл көп.


Тәңірлер құмар садақа шелпек исіне,

Жинала қалды, істейтін ісі сүйсіне.


Ең соңғы болып иіске келді Ел Ана...
Келді де көркем алқаны биік көтерді.

Бұ күнге бола дайындап еді оны Ану.
«Тәңірлер қара! Мойнымда менің тас – алқа!

Бұл сыйлық қымбат, қолымен Ану жасалса!

Күндерді осы ұмыта өзім алмаспын,

Уақыт тіпті бүгінгі зарды баса алса...


Тәңірдің бәрі жиналып бұнда кел десін...

Жалғыз-ақ бірі, қатігез Эллиль, келмесін.

Ойланбай топан жіберіп, қырып адамды,

Тып-тыйпыл қылды, жайнаған жасыл жер бетін.


Эллиль жерге түсіп тірі адамдарды көреді...
Эллиль де келіп адамды тірі көрді де,

Санаған еді тіршілік біткен өлдіге,

Кемені көріп Тәңірі Эллиль долданды,

Шырағы адам санаған еді сөндіге.


Ызаға батты Тәңірге Игит арналған,

Қатігез Тәңір, орнына келмей қалды арман:

«Құтылған қалай топаннан аман құтылған,

Кетуі керек еді ғой өмір-жалғаннан».


НинуртаныңТәңірге Эллиль айтқаны:
«Ел Ана ғана адамның бәрін қолдайды!..

Ел Ана ғана үйреткен болар бұл ойды!


Ел Ана зарлы, Эллилден сұрақ сұрайды:
«Сен – батыр, ішінде Тәңір данасың!

Ойланбай қалай қорладың адам баласын?


Топан су қалай жібердің жерге, гүл-баққа?

Топырақ еттің жандысын, жансыз, қаласын...


Күнаһар болса жазасын тартқыз, терге де...

Өшіктің қалай жандыға, жансыз жерге, не?


Ұстамды болсаң – қырылып қалмас еді ғой!

Шыдамды болсаң – құртылып кетпес еді ғой!


Тоғытып топан суына қарап қылғанша,

Арыстан тажал, айқасып жүріп өлмес пе?


Тоғытып топан суына қарап қылғанша,

Аштыққа шыдап, айласын тауып көрмес пе?


Тоғытып топан суына қарап қылғанша,

Жіберіп оба, адамды солай жеңбес пе?


Мен – Ел Ана Тәңірмін!
Данаға озық, шешсін деп өзі түс бердім!

Біріне ерен топанға қарсы күш бердім!

Оларды аяп, адамға содан сыр аштым!

Райдан қайтып оларға сен де ақыл бер!»


Отына Пістінің өзін Эллильдің қалай

Тәңірге айналдырғаны туралы айтып жатқаны...
Бағынды Эллиль кемеге шықты, басыла...

Өрлігін, өкпе секілді алған жасыра...

Алдырды әйелімді де кеме үстіне,

Тізерлеп отыр деді де, менің қасыма...


Араға тұрды, тигізіп қолын маңдайға,

Батасын берді. Өткіздік бастан сондайды...


«Алдыма міне, Отына Пісті сен келдің!

Ерлікпен талай адамдық іспен сенделдің!

Бүгіннен бастап Тәңірсің, шексіз билікті,

Қазірден бастап Тәңірдің бірі сен, болдың!


Отына Пісті тұрағың өзен сағасы!»...
Күл Көмеш менің хабарым осы, осындай!
Кім саған жинап бере алар түгелТәңірді?

Кім саған табар іздеген өзің өмірді?

Бір амал іздеп көрейін, қандыр ұйқыңды.

Алты күн және жеті түн бөлмей ұйқыңды!»


Аяғын созып отыра берген кезінде,

Ұйқының демін үрледі оған, сезімге.


Ұйқының демін, сағымы дала секілді

Күл Көмеш кетті ұйқыға түкті сезінбей..


Отына Пісті әйеліне қарап сөйлеп тұр:

«Батырға қара, іздеген өмір бағынбай!

Үрледім оған ұйқының демін сағымдай!.
Отына Пістіге әйелі кеңес береді:
«Қолыңды тигіз, оянсын адам, шаршаған,

Ізімен келген жүрсін де қайтсын еліне,

Өз жерін дұрыс еткені қоныс барша адам».
Отына Пісті әйеліне жауап қатады:
«Адамдар кілең, өтірік құмар шетінен!

Кетеді кейде шындықтан аулақ бетімен!


Күніне бір нан пісір де, сақта басына,

Тұрғанша жарға салып тұр белгі, қасына»


Пісіріп нанын, күн сайын қойды басына,

Әр таңда жарға белгі де салды қасына.


Бірінші нан шашылды.

Екіншісі жарылды, үшіншісі көгерді.

Төртінші нанның – қабығы кетті ағарып.

Бесінші қатып қалады, алтыншы әлі жұмсақтау.

Жетінші таңда – маңдайға саусақ тигізді.
Күл Көмеш сонда оянды, оянды да сөйлейді:
«Ілініп көзім ұйқыға бара жатқанда,

Саусағың тиіп, оянып кеттім, әттең-ай!.


Отына Пісті сөйлейді сонда былай деп:
«Күл Көмеш оян, қойылған нанды санап көр,

Қанша күн мен түн ұйқыда болдың, санап көр.


Бірінші наның шашылды.

Екіншісі жарылды, үшіншісі көгерді.

Төртінші нанның – қабығы кетті ағарып.

Бесінші қатып қалды да, алтыншы әлі жұмсақтау.

Жетінші таңда – оянып кеттің ақыры.
Күл Көмеш сонда сөйлейді:
«Отына Пісті! Не істеймін, қайда барамын?

Уайым-қайғы жаныма, қанға тарады.

Еркімді алды, жанымды билеп Жаналғыш,

Тірі адам емес, өліктей маңға қарадым.


Отына Пісті кемешіге сонда тапсырды:
Батырың сенің өн бойы толған жаралар,

Аң тері киген, жабайы жанға пара-пар.


Уршан Аби оны жуындыр өзін тазартып,

Жуынсын, сосын көйлегін жусын ағартып.

Сәніне келіп, кісілік көркін асырсын.

Киіндір сосын, әбүйірін жапсын, жасырсын.


Қаласы алыс, жол шегіп оған жеткенше,

Сапары ұзақ, өз жолын жүріп өткенше,

Басына дұрыс, орамал байла жаңалап,

Киім бер тозбас, еліне жетер жаңа боп...


Уршан Аби жуады оны тазартып,

Көйлектің кірін кетірді әбден ағартып...

Теңізге бәрін тастады, теңіз әкетті...

Киінді сосын, денесін түгел жасырды...


Басына дұрыс, байлады мата жаңадан...

Сәніне келіп, кісілік көркін асырды...

Қаласы алыс, жол шегіп оған жеткенше,

Сапары ұзақ, өз жолын жүріп өткенше –

Тозбайды киім, жетеді үсті жаңа боп...
Көмеш пен Уршан қайыққа қарай беттеді.

Қайықты суға түсірді, жүзіп кеткелі...


Отына Пістіге әйелі сонда айтады...
«Күл Көмеш өмір іздеді, кезді, шаршады –

Берсеші сыйлық, еліне қайтса, дер шағы!


Күл Көмеш естіп, қайықты кері бұрады,

Көтеріп сырық, жасаған өзі құралы.


Отына Пісті айтады сонда Көмешке:
«Күл Көмеш өмір іздедің, кездің, шаршадың –

Еліңе қайтсаң, берсем мен сыйлық дер шағым!


Не берсем екен, еліңе алып кетерлік?
Айтайын саған құпясын мұхит, Күл Көмеш!

Ол бірақ жай сөз, үлде де емес, бүлде емес...


Бір гүл бар терең түбінде мұхит, бір асыл!

Ұстаған табар табиғат пенен жарасым!

Сол гүлді батыр түсірсең егер қолыңа,

Қарттық жоқ саған, жас болып мәңгі қаласың!»


Күл Көмеш естіп бұл сырды қабақ ашылды...

Қақпағы құдық мұхитқа жетер ашылды...

Ауыр тас байлап, құдыққа түсті, жан кешті,

Мұхитқа терең тастары оны батырды...


Қолына тікен кіргізе жұлып алады...

Қуаныш кернеп кеудеге сыймай барады...

Аяғын тастан босатып алды Күл Көмеш...

Жеткізді жерге, толқындар оның пырағы...


Күл Көмеш кемеші Уршан Абиге айтып жатыр:
«Уршан Аби! Арманға жеттім, жарадым!

Бұл – өмір гүл, қарашы бұған қарағым!

Адамға өмір сыйлайды бұл гүл, жасартар,

Қорғанды Өрік қалама алып барамын.


Орындап шықтым еліме берген антымды...

Жасартам тұтас, бабамды, түгел халқымды...

Өзім де қалам жас болып енді мәңгіге,

Тойынсын халқым, өзгертем өмір, салтымды.


Жиырма өлшем жол шегіп бір жапырағын гүлдің жоқтады...

Отыз өлшем жол шегіп, алам деп демді тоқтады...


Көлшікті көрді, мұп-мұздай сулы, Күл Көмеш...

Салқындап алмақ, рахат таппақ, Күл Көмеш...


Жер асты жылан гүл исін сезді, алады...

Ғажайып гүлмен ініне кіріп барады...

Жастықтың гүлі – етеді әсер жыланға,

Жасарған жылан терісі түсіп қалады...


Бұлақ боп ақты, Күл Көмеш батыр көз жасы...

Өкініш өртеп, шегеді азап әз басы...


Күл Көмеш Уршан Абиге тіл қатты:
«Кім үшін еңбек еткенмін сонда, сонша жыл?

Не деген жаза, не үшін маған, сонша бұл?


Кім үшін жүрек қанша жыл жүрді қан жылап?

Кім үшін менің шеккенім азап, жан жылып?


Ерлік пен еңбек өзіме тимей пайдасы,

Жыланның улы пайдаға асты айласы...


Жиырма өлшем астында жердің жылан бар...

Өмірдің гүлін тербейді енді жыландар...


Жоғалттым қару, құдықтың ашып қақпағын...

Алдырдым гүлді... Арманды іздеп таппадым...


Тапқаным барлық – берілген маған белгі ме?..

Алам ба енді, тағдырға осы көндіге?..


Қайығым сені, қалдырдым сені, жағада!..
Шегіндім енді, көнемін осы жазаға...
Күл Көмеш еді – әлемді шексіз сезе алған,

Жиһангез еді – теңізді, тауды кезе алған,

Ойлады қамын, елі мен жердің қамқоры,

Кемеңгер еді, сезетін бәрін, өзі, алдан.


Көрместі көрді, сырларды сезді жасырын,

Әйгілі етті, топан су, зұлмат ғасырын.

Бәрін де жазды, саз илеп таңба басты да,

Әлемді кезді, шаршады, көнді ақыры...


Ақыры жетті қорғанды Ұрық қалаға...
Күл Көмеш сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді:
«Уршан Аби!

Көтеріл, қара! Қорғанға, Ұрық басына,

Мақтаныш қала, Ұрықтың қарі, жасына!
Іргетас қандай! Күйдірген кірпіш емес пе?

Тұрғызған бұны – «даналар ойы» демес пе!?


...Салынған қала «дананың жеті» ойымен...

Кейбір дастан кейіпкерлерлері мен жер аттарының

қазақ тіліне аударылған нұсқасы және түсінігі
1. Урук – Ұрық

2. Эана – Ел Ана

3. Иштар – махаббат Тәңірі

4. Нинурта – соғыс Тәңірі

5. Самукан – жануарлар Тәңірі

6. Аруру – Аруақ

7. Энкида – Елкелді

8. Бөлтебер (қазақ сөзі) – жабайы адам

9. Ницир тауы – Қазығұрт тауы


Асан Бахти

«Шумерлер. Скифтер. Қазақтар» кітабынан

Түріктер туралы ежелгі тарих

ИД «Кочевники» Алматы, 2002

Ада – әке. (Маңғыстау өңірінде ада, адай сөздері сақталған С.Н.)

Ама – шеше, Ұмай ана. (Маңғыстау өңірінде «Ұмай» сөзіне «аналық без» түсінігі беріледі С.Н.)

Ту – ту


Ерен – жауынгер (ерен ерлік)

Таг – тақ

Зак – жақ (нәрсенің жағы)

Ет – кет

Ме – мен

Гаш – құс

Еден – дала

Уш – үш


Кен – кең

Уд – от


Наме? – ол не?

Денгир – Тәңір

Сак-гиг – шумер (сак – сақ, гиг - массагет)

Қас-сақ – қазақ

Мушкен – мүскін (пақыр. С.Н.)
Аудармашыдан:
...Күл Көмеш сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді...
...Тазартам жерді – ендігі осы әңгіме,

Ендігі ерлік, жырланар осы ән міне!

Пиғылын кісі, жүрегін адам ағартам!

Атымды солай қалдырмақ болдым мәңгіге!..


...Арманы еді ағартпақ адам жүрегін,

Ұзартпақ болды пенденің жерде ғұмырын!..

...Жете алмай кетсе, Күл Көмеш ары таза еді,

Билейді екен жаратқан жалғыз Тәңірің...


...Арманды адам алдында кімнің жасқанбақ,

Күл Көмеш содан кеткен де болар аспандап...

...Қолынан оның келмесе өмір мәңгілік

Қолынан келді бір ақын оны дастандап...


Сайын Назарбекұлы

Ақтау. Наурыз – сәуір, 2010 жыл









1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет