КлассTime. 2013. №29. – 17 шілде Чемпиондармен кездесу



жүктеу 15.06 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі15.06 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
КлассTime.-2013.- № 29. – 17 шілде
Чемпиондармен кездесу
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде әлемдік спорт додасынан жүлдемен оралған университет студенттерін марапаттау шарасы болып өтті.

Аталмыш шара барысында сөз алған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Күрішбаев: "Университеттің 10 мың студенті мен ұстаздар қауымы үкілеп жарысқа аттандырған ұландарын жеңісімен құттықтай келе «баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады» дегендей, бізде жарыс өтіп жатқан қалалардан ақжолтай хабар күттік. Көп тілегі қабыл болды, жеңіс тұғырынан көрдік студенттерімізді», – деді.

Бокстан бірнеше дүркін Азия чемпионы, экономика факультетінің студенті Данияр Елеусінов өз кезегінде «Біздің спортты жанымызға серік етіп әрі сапалы білім алуымыз үшін университет басшылығы жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Бұл орайда ректор Ақылбек Қажығұлұлының спорт жанашыры болуы да өз септігін тигізуде», – деп сөзін тұжырымдады.
Қазан қаласында өткен халықаралық универсиадада күрестен күміс жүлде иеленген, техника факультетінің студенті Ескерхан Осканов спортшыларға қолдау көрсеткен жаттықтырушыларға, жанкүйерлерге және барша қазақстандықтарға риясыз көңілмен шексіз алғысын білдірді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Өтешов қос спортшыны министрлік атынан құттықтады.
Спорттық сайыстың бәйгесінен қанжығасы майланып қайтқан Данияр мен Ескерханға университет ректоры Ақылбек Күрішбаев ғылыми әдістемелік кеңестің шешімімен алғыс хаттар тапсырып, қаржылай және материалдық сыйлықтар тарту етті.

Кездесу соңында университеттің қоғамдық кәсіптер факультеті әзірлеген концерт болды.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет