Клеткалық тыныс алу



жүктеу 160.89 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі160.89 Kb.
: Referat
Referat -> Житс-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Referat -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
Referat -> Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
Referat -> М. Әуезовтың «Абай жолы» романы
Referat -> Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Referat -> 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл
Referat -> Жыр отымен бірге жанып өмірден өткен ақЫН
Referat -> Рақымжан Тұрысбек
Referat -> Абайша сүйіп, абайша күйіп жүрміз бе?
Referat -> Ұраны: Ұлтарақтай болса да Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел қымбат. Мазмұны
 Клеткалық тыныс алу

Бұл модульмен жұмыс жасап болғаннан кейiн, сiз мынаны iстей бiлуiңiз керек:

1. Гликолиздiң, лимон қышқылының циклы мен электрон тасымалдауының бастапқы косылыстары мен негiзгi соңғы өкiлдерiн атау.

2. Жоғарыда айтылған процестердiң орындары белгiлi болатын, клеткалық тыныс алудың жалпы кестесiне қысқаша сипаттама беру.

3. Нелiктен көптеген организмдерге оттегi қажет және клеткалық тыныс алудың қосалқы өнiмi-көмiртегiнiң қос тотығы мен су қалай түзiлетiнiн түсiндiру.

Гликолиздiң, лимон қышқылының циклы мен электрондар тасымалдануының эукариоттық және прокариоттық клеткадағы орнын көрсету.

Ашытқы тудыратын спирттiк ашу мен бұлшықет ұлпасындағы сүтқышқылының түзiлу процестерi арасындағы ұқсастық пен ерекшiлiктердi көрсете бiлу.

Осы процестегi түзiлетiн АТФ мөлшерi бойынша тыныс алу мен ашуды салыстыру.

Тағамды шамадан тыс пайдалану нелiктен семiздiкке әкеп соқтыратынын түсiндiру.

Клеткадағы әртүрлi процестерге –белок синтезiне, заттың белсендi тасымалдануына, бұлшықет жиырылуына, клетканың бөлiнуiне және т.б. энергия қажет. Бұл энергияның көзi ретiнде энергиялық қосылысқа бай АТФ болып табылады. (аденозинтрифосфат). Қоректi затты ыдырата отырып, фотосинтездеушi және фотосинтездемейтiн организмдердiң барлығы АТФ –тi түзедi. Осы ыдырау кезiнде қоректiк заттардағы энергия босайды, сол энергияны пайдалана отырып неорганикалық фосфат (фн) АДФ-ке қосылып, АТФ ситезделедi.

Көптеген организмдерде қоректiк заттар ыдырап, ондағы энергия клеткалық тыныс алуда бөлiнiп, құрамындағы молекулярлы оттегi (О2) қолданылады. Тыныс алудың бастапқы заттары энергияға бай органикалық молекулалар мен оттегi, ал қосалқы өнiмдерi –энергияға аз қосылыстар, яғни көмiртегiнiң қостотығы мен су.

Тыныс алу процестерiнiң жалпы теңдеуi мынандай :

9; органикалық молекулалар . Осындай теңдеумен жану процесi де жазылады: жану кезiнде органикалық заттарды бұзу үшiн (мысалы, ағаш немесе мұнай) О2 қолданылады және соңғы өнiмдерi де көмiртегiнiң қос тотығы мен су болады. Сонымен бiрге, жану кезiнде өте көп мөлшерде энергия жылу және жарық түрiнде бөлiнедi. Бiрақ, жану кезiнде энергия тез бөлiнсе, тынысалуда ол бiртiндеп, аз мөлшерде, бiрнеше кезеңнен тұратын процесте бөлiнедi. Бұл клеткаларда бөлiнген энергияны ұстап қалып, АТФ түрiнде сақтауға мүмкiндiк жасайды, егер энергия жану кезiндегiдей бөлiнсе, бұл процесс мүмкiн емес едi.

    Кейбiр клеткалар оттегi жоқ немесе жеткiлiксiз жерде тiршiлiк етедi. Бұл клеткалар АТФ синтезiн, ашудың көптеген түрлерiнiң бiреуiмен жүргiзедi, яғни бұл ашуда соңғы өнiмдерi органикалық қосылыстар болатын қоректiк заттардың ыдырауы жүредi. Клеткалық тыныс алу процесiнде глюкозаның толық ыдырауы қалай жүретiндiгiмен танысамыз. Одан кейiн ашудың келесi екi түрiн қарастырамыз. Соңынан, организмдер тыныс алуға глюкозаның орнына басқа субстраттарды қалай қолданатынын және тыныс алу жолының клетканың басқа биохимиялық жолдармен байланысын оқып үйренемiз.

Кейбiр бактериялар тыныс алуға оттегi емес, кейбiр биорганикалық заттар қолданады.

Клеткалық тыныс алу.

Тыныс алу туралы жалпы мәлiметтер.

    Тыныс алу процесiн бiз глюкоза, алтыбұрышты қанттардан бастаймыз. Тыныс алуда глюкоза бiрнеше ұзын тiзбектi кезеңнен тұрады. Кейбiр кезеңдерде глюкоза молекулаларының химиялық байланысындағы энергия АТФ синтезiне жұмсалады. Нәтижесiнде глюкоза құрамындағы энергия АТФ-тың жоғарғыэнергетикалық фосфатты байланыста жиналады.

    Тыныс алудағы түзiлген АТФ-тың көп бөлiгi сутегi ионы (Н+-резервуар) қорының энергиясын пайдалана отырып синтезделедi. Н+ ионының көзi қоректiк заттардың ыдырауының әртүрлi кезеңдерiнде бөлiнген сутегi атомы болып табылады. Сондықтан, тыныс алуды оқып зерттей отырып, бiз сутегi атомының, әсiресе олардың құрамындағы протон мен электронның қозғалысына көп көңiл бөлуiмiз керек.

    Тыныс алу мен ашудың кезеңдерi ферменттермен катализденедi. Көптеген ферменттерге субстраттан (реакцияның бастапқы заттары) басқа ерекше молекулалар, коферменттер керек. Көптеген жағдайларда коферменттер тағамдағы дәрумендерден синтезделедi. Бiз сөз қозғайық деп отырған коферменттер, тасымалдаушылар, олар бiр реакциядан екiншiге атомдар немесе атомдар тобын тасымалдайды. Коферменттердiң өмiр ұзақтығы жоғары, сондықтан олар бiрнеше рет қолданылады, олар организмге өте аз мөлшерде қажет. Сондықтан бiзге олардың аз мөлшерi ғана керек болады.

Тыныс алу процесiн үш негiзгi тiзбектi реакцияларға бөлуге болады:

    1. Гликолиз.

    Гликолиз реакцияларында глюкозаның алтыбұрышты молекуласы (С6) пируваттың екi үшбұрышты қосылысына (С3) ыдырайды. Екi негiзгi өнiмi түзiледi, АТФ және сутегi атомы (гликолиз-фильмi). Сутегi атомдары коферментке қосылады, ол сутегiнiң тасымалдаушысы, яғни НАД+-қа (никотиномидадениндинуклеотид), ол тотықсызданып, НАД+ Н-қа өтедi (НАД+ НАДФ+ -өте ұқсас, яғни фотосинтездегi сутегiнi тасымалдайтын коферментке ұқсас).

    2. Лимон қышқылының циклы.

    Лимон қышқылының циклiнде пируваттан бөлiнген қоскөмiртектi топтар көмiртегiнiң қос тотығын түзе отырып ыдырайды. Цикл нәтижесiнде қосымша АТФ және сутегiсi бар тасымалдаушылар – негiзiнен НАД*Н, сонымен бiрге ФАД Н2 –ның мөлшерi түзiледi (ол сутегiнiң тасымалдаушысы болатын тағы бiр коферменттiң тотықсызданған түрi, яғни флавинадениндинуклеотид немесе ФАД).

    3. Электрондар тасымалдаушылардың тiзбегi (электротасымалдаушы тiзбек).

Түзiлген НАД*Н және ФАД*Н2 өздерiнiң сутегi атомдарын электрон мен Н+ ионына ыдырататын тасымалдаушы тiзбекке әкеледi, кейiн Н+ ионын Н+ -резервуарына жинайды. Ал Н+ - резервуары энергияны АТФ синтезiне бередi. Электронтасымалдауыш тiзбектен кеткен электрондар басқа көздерден келген оттегi және сутегi ионымен қосылып, су түзедi.

Гликолиз.

    Гликолиз – тынысалу процесi мен көптеген ашу түрлерiне ортақ реакциялардың тiзбегi. Гликолиз кезiнде АТФ-тың аздаған мөлшерi синтезделедi. Бактериялардың көптеген түрлерi, саңырауқұлақтар және майда омыртқасыздарға гликолиз процесiндегi түзiлетiн осы АТФ жеткiлiктi. Бiрақ олардың көпшiлiгiнде, жоғарғы организмдерге тән, клеткаға көп мөлшерде синтезделетiн лимон қышқылының циклы және электрондар тасымалдау тiзбегi бар. Реакцияның бұл екi тiзбегiне оттегi қажет (тек кейбiр бактерияларға қажет емес), сондықтан көптеген организмдерде бұл процестер оттегi қатысуымен жүредi. Лимон қышқылы циклы мен электрондар тасымалдау тiзбегi бар организмдерде, гликолиздiң маңызы лимон қышқылына қажеттi пируват жасау. Оттегi жоқ болса, АТФ көзi тек гликолиз болады.

    Гликолиз реакциясын катализдейтiн ферменттер, цитоплазмада ерiген күйде болады. Гликолиздiң кезеңдерiн фильмнен көрiңiз. Оны асықпай, түзiлудiң табиғатын түсiну үшiн әр реакцияның әрқайсысының бастапқы қосындылары мен соңғы өнiмдерiн қараңыз. Бұл реакциялардың барлығын есте сақтауға тырыспаңыз. Бiз оларды тек биохимиялық жолды түсiну үшiн көрсеттiк.

    Сонымен, гликолиз кезiнде глюкозаның алтыбұрышты молекуласы АТФ-тiң төрт молекуласын және екi НАД*Н + Н+ -тi түзе отырып екi пируваттың үшбұрышты молекуласына дейiн ыдырайды. Гликолиз процесiне АТФ-тың екi молекуласы пайдаланылған гликолиздегi өнiм 2 АТФ және 2 (НАД*Н + Н+ ) молекулалары. НАД*Н кейiн өзiнiң сутегi атомын электронтасымалдаушы тiзбекке бередi. Қорыта айтқанда, гликолиз глюкозаны пируватқа айналдырып (ол кейiн ары қарай ыдырайды), НАД*Н және биологиялық қажеттi энергияны АТФ түрiнде түзедi.

 

Пируваттың ары қарай ыдырауы. Лимонқышқылының циклы.



Гликолиз цитоплазмада жүредi. Эукариоттарда гликолиздiң нәтижесiнде түзiлген НАД* Н+Н+ және пируват митохондрияға өтедi, ол жерде тыныс алу аяқталады. Митохондриясы жоқ прокариоттарда тыныс алу реакциялары цитоплазмада және клеткалық мембраналарда жүредi.

Тыныс алудың жеке кезеңдерiн қарастырар алдында, митохондрияның құрылысы жөнiнде айта кетейiк. Цитоплазмадан митохондрия сыртқы мембрана арқылы бөлiнген. Ол мембрананың өткiзгiштiгi жоғары, сондықтан көптеген қосылыстар одан өте алады. Iшкi мембрана өткiзгiштiгi төмен. Iшкi мембранамен қапталған iшкi компартментте лимонқышқылы циклының кейбiр ферменттерi бар. Бұл циклдың қалған ферменттерi электронтасымалдаушы тiзбегiнiң компоненттерi секiлдi, сыртқы мембранада немесе оған қосылып тұрады. Электронтасымалдаушы тiзбек Н+ ионын iшкi немесе сыртқы мембрана аралығындағы кеңiстiкке жинайды, ол Н+ резервуарының ролiн атқарады. (16-сурет)

9; Пируват митохондрияға өтiп, кофермент А мен және НАД+-пен реакцияларға түседi. Пируваттан көмiртегiнiң бiр атомы және оттегiнiң екi атомы түзiледi (көмiртегiнiң қос тотығы молекуласы түрiнде), ал кофермент А мен қоскөмiртектi ацетил тобы қалады, бұл қосылысты ацетилкофермент А немесе ацетил-КоА деп атайды. Бiр мезгiлде НАД+ 2Н –ты қосады. Ацетил -Ко А лимонқышқылы циклына бағытталады.

9; Лимон қышқылының циклы үшкарбонды қышқылдар циклы деген атпен де белгiлi ( лимон қышқылында 3 карбоксил тобы бар екенiн еске түсiремiз) немесе Кребс циклы, 30-жылдары осы циклды ашып жаңалығы үшiн 1953 ж. Нобель сыйлығын алған сэр Ганс Кребс атымен аталады.

Ацетилкофермент өзiнiң ацетильдi тобын төртбұрышты қосылыс- қымыздық сiрке қышқылына бередi, нәтижесiнде алты бұрышты қосылыс-лимон қышқылы түзiледi. Кофермент А-ның өзi босатылып, жаңа ацетильдi топты өзiне қоса алады. Бiрнеше ферменттердiң әсерiнен лимон қышқылынан көмiртегi қостотығының молекуласы түрiнде алтыдан екi көмiртегi атомы бөлiнiп шығады, ал қалған төрт көмiртектi қосылыс соңынан қымыздық сiрке қышқылының жаңа молекуласына айналады, ол ацетилкофермент А-дан жаңа екi көмiртектi ацетильдi тобын қабылдауға қабiлеттi.

Гиперсiлтемелер: Гликолиз туралы толығырақ.

Гликолиз кезеңдерi:

1. АТФ-тен фосфатты топ глюкозаның алтыншы көмiртегi атомына өтiп, глюкоза 6-фосфат түзедi. Терiс зарядталған фосфат-топтың болуы глюкоза молекуласына клетканың мембранадан өтуiне мүмкiндiк жасайды. Бұл топ молекулада келесi айналымға түсу үшiн ферментке қосылатын ерекше тану бөлiгiн түзедi. Гликолиздiң бұл бiрiншi кезеңiнде АТФ түзiлмейдi, керiсiнше, жұмсалады. Бұл сорғыш секiлдi: АТФ-тың аздаған мөлшерi, энергияның бөлiнуiмен жүретiн бiрнеше процестердi түзу үшiн жұмсалады, өз кезегiнде бұл процестер АТФ түрiнде “өнiм” бередi. Басқа қанттар осы гликолиздiң кезеңiнде қосылады, бiрақ оның алдында олар глюкоза-6-фосфатқа айналуы керек.

2. Молекула басқа алтыбұрышты қант, фруктоза-6-фосфатқа айналып, қайта құрылады. Мұндай қайта құрылымның нәтижесiнде бiр көмiртегi атомы сақинадан тыс қалады.

3. Келесi реакцияларда АТФ-тың тағы бiр молекуласы өзiнiң фосфат тобын бередi. Бұл топ сақинадан тыс қалған, бiр көмiртегi атомына қосылады. Фруктоза-1,6- бисфосфат түзiледi.

4. Фруктозабисфосфат, бiр ұшында- дигидроксиацетон-3- фосфаты орналасқан фосфатты тобы бар 2,3 көмiртектi молекулаларға және фосфоглицеральдегидке айналады.

5. Әр 3 көмiртектi молекула өзiне цитоплазмадағы биорганиканың фосфат қорынан бiр-бiрден фосфат тобын қосады. Бiр уақытта олардың әрқайсысы екi сутегi атом түрiнде энергия бередi. Бұл атомдар сутегiнiң НАД+ тотыққан тасымалдаушысына қосылады, ал Н+ -тiң бiр ионы қоршаған ерiтiндiге тез өтедi. Тасымалдаушы бiр Н+ ионын және екi электронды ұстайды, яғни НАД*Н+Н+ түзiледi. Осы кезеңде түзiлген үшбұрышты молекула -бұл 1,3-дифосфоглицерат молекулалары, толқынды сызықпен (» ) көрсетiлген байланыс жоғарғы энергетикалық, сондықтан ол үзiлгенде АДФ пен Фосфоглицераттан АТФ түзiлуге қажеттi энергия жеткiлiктi түзiледi.

6. Осы кезеңде әрбiр жоғарғыэнергетикалық байланыс үзiледi, және ол үзiлгенде бөлiнетiн энергия АДФ пен Фосфоглицераттан АТФ-тiң бiр молекуласының түзiлуiне жұмсалады.

7.Фотоглицераттың әр молекуласындағы қалған фосфатты топ осы молекуланың ортаңғы көмiртегi атомына әкелiнедi.

Фосфоглицераттың әр молекуласынан су молекуласы үзiлiп, фосфоенолпируват түзiледi. Бұл айналым фосфат тобы қосылған байланыс табиғатын өзгертедi: байланыс ендi жоғарғыэнергетикалық байланысқа айналады.

Қалған фосфат тобы фосфоенолпируваттан АДФ-ке өтедi. Бұл жағдайда да жоғарғыэнергетикалық фосфатты байланыс үзiлiп, АДФ және Фосфоглицераттан АТФ-тiң түзiлуiне қажеттi энергия босайды. Фосфоенолпируват молекуласы пируват молекуласына айналады.

Гиперсiлтеменiң соңы.

Есте сақтау керек:

Бiз бөлiп шығарған көмiртегiнiң қостотығы қосалқы өнiм. Жоғарғы айтылған байланыстарға ұшырайтын пируваттың әрбiр молекуласы, өзiнiң барлық 3 көмiртегi атомын көмiртегiнiң қостотығы түрiнде бередi: -нiң бiр молекуласы пируваттың айналым жолында ацетильдi топқа, ал екi молекуласы лимонқышқылы циклына айналады.

Сутегi атомы лимонқышқылы циклының әртүрлi кезеңдерiнде ыдырап, электронның акцепторлары НАД+ және ФАД-қа берiледi, олар НАД*Н+Н+және ФАД*Н2-ге айналады.

АТФ-тiң бiр молекуласы лимонқышқылы циклының әр айналымында түзiледi.

Лимонқышқылы циклын мынадай жалпы теңдеумен (өнiмдер қосылған заттардан тұрады, сондықтан оны түсiну оңай)

қышқылдық сiрке

қымыздық сiрке

Гиперсiлтеме.

Н+-резервуарының толуы. Электрон тасмалдайтын тiзбегi.

Сонымен, глюкоза молекуласы толығымен ыдырады. Бөлiнген энергияның бiр бөлiгi АТФ синтезiне қолданылады, негiзiнен бұл энергия электрон тасымалдайтын тасмалдаушылар : НАД*Н+Н+ ( гликолиз немесе лимонқышқылы цикл өкiмi ) және ФАД*Н+ ( лимонқышқылы өнiмi) жиналады. Бұл тасымалдаудың әрқайсысы екi сутегi атомдарын электронды тасымалдау тiзбегiне берiп, қайтадан орнына оралады және жаңа сутегi атомын қабылдай алады.

9; Осы екi сутегi атомын қосып алатын молекула митохондрияның iшкi мембранасының iшкi бетiнде орналасады. Ол сутегi атомын мембрана арқылы сыртқы бетке шығарып, екiншi тасымалдауға бередi. Бiрақ бұл екiншi тасымалдаушы тек электронды тасымалдайды. Олар электронды қабылдайды , ол босаған Н+ ионы Н+-резервуапына жиналады. Екiншi тасмалдауышы екi электронды мембрана арқылы тағы тасымалдайды, бiрақ керi бағытта, сондықтан олар Н+ иондарымен қосыла алмайды. Мембрананың iшкi бетiнде электрондарды тағы бiр тасымалдаушы қабылдайды, оның сутегi атомын тасымалдау қабiлетi бар. Ол жаңа екi Н+ ионның осы екi электронға қосылуы нәтижесiнде пайда болатын. тұтас атомдарды қабылдайды ( бұл Н+ иондар, Н2О диссоцияцияланып Н+ және ОН—ке айнымалдарынын түзiледi ). Электрондар кейiн тағы бiрнеше рет екi бағытта мембранадан өтедi, сыртқа қарай өту Н+ ионының қатысуымен жүредi. Бұл өтулер Н+ -резевуарға жалпы 64 Н+ ионын, әр бастапқы глюкоза молекуласына сай жиналады, электрондардың соңғы акцепторы оттегi болып табылады, ол электрондарды және Н+ ионының сәйкес мөлшерiн қабылдайды (су диссоцияциясы нәтижесiнде пайда болады) және судың жаңа молекуласын түзедi. электронтасымалдаушы тiзбек митохондрияың iшкi мембранасында орналасады, ал Н+-резервуар iшкi және сыртқы мембрана арасында орналасады. Энергия осы резервуар Н+ ионымен толу жолында жиналады. Бұл энергия АТФ синтезi үшiн қолданылады.

9; Осы жолмен АТФ түзiлген кезде Н+ - резервуар жиналған энергияның бiр бөлiгiн жоғалтады. Резервуар Н+ иондарына электротасмалдауышы тiзбек арқылы НАД *Н және ФАД *Н2 –тан келетiн электрондардың үздiксiз ағынымен толады.

9; Глюкоза және лимонқышқылының циклына кiретiн химиялық реакциялар қазiргi кезде жақсы белгiлi. Ал электротасымалдаушы тiзбектегi реакциялар әлi де болса қызығушылықты тудырып , зерттеудi қажет етедi.

9; Клеткалық тынысалу жүйесi бiз зерттеген фотосинтезге қарама-қарсы бағытта жүретiнiне көңiл аударыңыз. Хлоропластарда Н+ -резервуар iшкi мембрана iшкi бетiнде (тилакоидтың iшiнде ) орналасады, АТФ-азалар бұл мембрананың сыртқы бетiнде орналасады. Соымен бiрге, фотосинтезде электрондар судан электронтасымалдаушы тiзбек бойымен мембрананың сыртқы бетiнде орналасатын сутегi тасымалдаушыларына қарай жылжиды. Тыныс алуда электронтасымалдаушы тiзбекке электрон тасымалдайтын тасымалдауыштар мембрананың iшкi бетiнде орналасады және соңында электрондар судың жаңа молекуласын түзедi.

9; Электрондардың толық тасымалдануы интакты митохондриялы мембрана болған жағдайда жүредi, ал мұндай интакты мембрананы басқа клетка компоненттерiнен тәжiрибе үшiн бөлiп алу оңай емес. Қазiргi кездегi бұл жолды зерттеуге қолданатын әдiстердi жасауға көп жылдар керек болды.

9; Дәрiгерлердi мембрана өткiзгiштiгiн арттыратын (перфорациялайтын) заттар қызықтырады. Егер мембрана перфорацияланса, тыныс алу процесiнде бұрынғыдай Н+ иондар түзiлiп, бұл иондардың бiр бөлiгi Н+- резервуардан шығып, каналдардан өтедi. Ол каналдардан АТФ-аза олардың энергиясын АТФ-синтезi үшiн қолдана алатын едi. Барлық қоректiк заттарды қабылдайтын клеткалар, оның әртүрлi белсендiлiгiн қамтамасыз ететiн АТФ-тiң жеткiлiктi мөлшерi болмаса, аштықтан өлуi мүмкiн. Митохондриялы мембрананың перфорациясын кейбiр заттар тудыра алады, мысалы, динитрофенолдар-бұрын жақсы түс беруi үшiн, ұнды тағамдарға қосатын, жасыл түстi заттар. Бұл заттарды семiздiктен сақтау үшiн қолданады, бiрақ бұл байқаулар сәтсiз болды-кей бiр адамдар мұндай ‘емделуден’ өлiп қалды, өйткенi олардың АТФ-тың жеткiлiктi мөлшерiн жасауды тоқтатты. Электрондарды тасымалдау процесi мен АТФ синтезiн өзгерту кейбiр жануарларда болады. Әсiресе, қысқы ұйқыға кететiн жануарларда, қоңыр майлы ұлпа клеткада электротасымалдаушы кезiнде түзлетiн энергияның бiр бөлiгi АТФ синтезiне емес, жылу шығаруға жумсалады.

Тыныс алу процесiнде әрбiр глюкоза молекуласына неше АТФ синтезделедi?

Гликолизде АТФ-тың таза өнiмi глюкозаның бiр молекуласы АТФ-тың екi молекуласына тең; және лимон қышқылының циклы екi АТФ-ке тең. Митохондрияға химио-осмос теориялық түрде 32 АТФ бере алады. Бiрақ энергияның бiр бөлiгi митохондриядан цитоплазмаға АТФ-тi шығаруға жұмсалуы керек, яғни ол жерде клеткалық АТФ-тiң көп бөлiгi пайдаланылады. Бұл энергияны Н+- резервуарындағы Н+-ионы , және АТФ синтезiне қатыспайтын, АТФ тасымалдауына жұмсалатын иондар түзедi. Сондықтан, митохондрияға химио-осмос нәтижесiнде цитоплазмаға әрбiр глюкоза молекуласынан тек 21 АТФ-ға жуық синтезделiп, бөлiнедi. Әрбiр глюкоза молекуласының ыдырауынан түзiлген АТФ мөлшерiнiң 84%- i ғана Н+- резервуардан келетiн энергия көмегiмен синтезделедi.

Гиперсiлтеме. Ашу

Электронның соңғы акцепторлық ролiн атқаратын оттегi жоқ не жеткiлiксiз болса, электронтасымалдаушы тiзбек жұмыс жасамайды, яғни АТФ синтезiн қамтамасыз ететiн Н+- резервуары да болмайды. Бұл жағдайда көптеген клеткалар ашу процестерiнде қоректiк заттарды ыдыратып, АТФ-ы синтездейдi. Ашудың кең тараған түрлерiнде глюкоза пируватқа дейiн ыдырайтын глликолиз жолы қолданылады.

Гликолизде, АТФ синтезделуi үшiн, сутегi акцепторы НАД+ сутегi атомын қосып алып, НАД*Н-қа айналуы керек. Клеткада НАД+ өте аз. Оттегi бар болса, НАД*Н қосып алған сутегi атомын электронтасымалдау тiзбегiне тез берiп, босаған НАД - гликолиз жолына қайта келедi, ол глюкозаның келесi молекуласы ыдырағанда сутегiнiң жаңа атомын қабылдауға дайын. Егер электрондарды қосуға оттегi жетпесе, электронтасымалдау тiзбегi жұмысын тоқтатып, НАД*Н-тан сутегi атомын қабылдайды. Ал НАД*Н НАД + -ге айнала алмай, НАД+ -ке қажет биохимиялық жолдар қызметiн тоқтатады, яғни гликолиз және лимонқышқыл циклы тоқтайды. Ашуды жүргiзе алатын клеткалар мұндай жағдайда НАД*Н-ты сутегi атомын босату үшiн электронтасымалдау тiзбегi орнына басқа жол пайдаланылады. Осыған орай қажеттi нәтижеге жетедi. Қайтадан гликолиз процесiнде бөлiнген сутегi атомын қосып алатын НАД + түзледi, және гликолиз одан ары жалғаса бередi, яғни АТФ-тың белгiлi бiр мөлшерi синтезделедi. Әртүрлi организмде ашу жолдары әр түрлi.

9; Спирттiк ашуды шарап жасаудың химиялық мәселелерiмен шұғылданғанда Луи Пастер толық зерттедi (Louis Pasteur). Шарапты жүзiм шырынына бiр клеткалы саңырауқұлақ- ашытқысын қосып дайындайды. Ашытқылар жүзiм шырынындағы қантты приуватқа дейiн ашытады. Приуваттың әр молекуласы көмiртегiнiң қостотығы молекуласы мен қоскөмiртектi қосылыс - ацетальдегид молекуласына дейiн ыдырайды. Ацетальдегид НАД*Н+ Н+-тан сутегiнiң екi атомын қосып алып, қоскөмiртектi спирт - этанолға немесе этил-спитiне айналады - ол алкогольдi iшiмдiктiң белсендi ингредиентi. Бұл сутегi тасымалдануының процесi нәтижесiнде гликолиз процесiне қайтып келiп, жаңа сутегi атомын қосып алатын НАД+-тi бөледi, сөйтiп ашытқылар АТФ синтезiн жалғастырады.

9; Ашу процесi ортадағы қант бiткенше жүре бередi. Ашу бiтер алдында, құтының ауызын жауып, көпiршiктi шарап алады, оның құрамында әлi көмiрқышқыл газы бөлiнедi. Жас шарап бар; Евангелииде жас шарап туралы айтылған. Көпiршiктi виноның шампан түрiн өндiру үшiн шарапты қалың құтыға құйып, ашу басталмай тұрып аузын жабады. Құтының аузы жабық болғанда, көмiрқышқыл газы ерiген күйде қысымда болады, егер аузын ашса, ал атылып, көпiршiк ретiнде шығады. Ашытқылар спирттi тек оттегi жоқ немесе ол жеткiлiксiз жағдайда түзедi, егер оттегi жеткiлiктi болса, олар қантты көмiртегiнiң қостатығы мен суға дейiн толық ыдырайды. Шарап бөшкесiнде ашу процесi қарқынды жүрсе, тез бөлнетiн көмiрқашқыл газы ауаны сұйықтың бетiнен ығыстырып, оттегiге шараптың iшiнде еруге мүмкiндiк бермейдi . Бiрақ, ашу бәсеңдесе,оттегi кiрмеу үшiн бөшке аузын тез жабу керек. Егер бұлай жасамаса, ауадан шарапқа бактериялар өтiп, отттегiнi пайдаланып, спирттi сiрке қышқылына айналдырады. Осындай жолмен жүзiм сiркесуын дайындайды (сiрке қышқылы сiрке суында болатын қышқыл).

9; Ашытқы тудыратын спирттiк ашу отын ретiнде пайдаланылатын этил спиртiн алу үшiн қолданылады. Көптеген зерттеушiлер жүгерi және басқа өсiмдiктердегi қанттың көп мөлшерiн этил спиртiне аударатын ашытқы түрлерiн жасаумен шуғылдануда.

9; Ашудың кең тараған тағы бiр түрi – шамадан тыс бұлшықет жұмысы жасалғандағы адам организмде болатын процесс. Қалыпты жағдайда бiздiң клеткалар оттегiмен қамтамасыз етiледi яғни тыныс алу процесi жүредi. Бiрақ бұлшықет оттегiнi тез пайдалана бастайды, сонда олар АТФ-тi ашу жолымен синтездейдi. Бұлшықетте пируват көмiртегiнiң қос тотығы мен спирт түзбейдi, ол 3 көмiртектi қосылыс сүт қышқылын, майды түзедi. Ол пируватқа НАД*Н+ Н+-тен екi сутегi атомының қосылуынан түзiледi. Босаған НАД+ жаңа сутегi атомдарын қабылдай бастайды,өйткенi гликолиз үздiксiз жалғаса бередi.

Бұлшықетте түзелетiн, сүт қышқылы қанға өтедi. Бiрақ сүт қышқылының көп мөлшерде жиналуы организм үшiн зиянды. Ауыр жұмыстан кейiн, бiз терең демалып « оттегiнiң орнынын толтырамыз ». Сүт қышқылы бауырға өтiп, одан сутегi бөлiнедi, яғни қайтадан пируватқа айналады. Ендi оттегi болғандықтан, пируваттың энергияны бөле жүретiн ыдырау - лимонқышқылы циклы немесе электронтасымалдау тiзбегiмен жүредi. Бұл энергия пируваттың қайтадан глюкоза гликоз арқылы жүруiне жұмсалады. Глюкоза қайтадан қанға өтiп, бұлшықетке келедi, ол жерде гликоген түрiнде жиналады.

Басқа да қоректiк заттар

Әртүрлi қоректiк заттардың молекуласы бар, көп клеткаларды «швед столы» деп айтуға болады, ол жерде тынысалу процесiнде глюкозаны ыдыратып, осы жолмен АТФ синтезделедi. Бiрақ энергияның қоры барлық органикалық заттарда болғандықтан, кез-келген осы жағдайларда ыдырауы мүмкiн, яғни АТФ синтезiне қажеттi энергия көзi болып табылады.

Гликолизге глюкозадан басқа көптеген көмiрсулар қатысады. Полисахаридтер өздерiнiң мономерлерiне дейiн, яғни жәй қантқа дейiн, ал алты бұрышты қанағаттандыратын гликолизге қажеттi глюкозаға немесе фруктозаға дейiн ыдырайды.

Май қышқылдары, тамақпен организмге өтiп, гликолизге қатыспайды, бұл жол тек көмiрсуларға ғана жүредi, май қышқылдарының ыдырау жолдары тыныс алу процесiне бiз қарастырған, ацетил-коА түзiлетiн кезеңiне қосылады. Май қышқылдары екi көмiртектi фрагменттерге ыдырайды, олар кофермент А-мен қосылып, ацетил-Ко-А-ны бередi. Ацетил –Ко-А лимон қышқылының циклында өзгерiске үшрайды, бұл циклде түзлетiн НАД*Н және ФАД*Н электронтасымалдау тiзбегiне жылжиды.

 Егер тағаммен аминқышқылы көп мөлшерде келсе, бұл аминқышқылдарын организм энергия көзi ретiнде пайдалануы мүмкiн. Организмнiң белоктары тек ұзақ уақыт ашаршылықтан кейiн, көмiрсу мен майдың қоры бiткеннен соң пайдаланылады. Белок синтезiне қажетсiз, аминқышқылы дезаминделедi, яғни олардан амин тобы үзiледi. Дезаминдеуден кейiн көмiртегi, сутегi және оттегiден туратын молекула қалады- олар көмiрсу және май құрамына кiретiн элементтер. Әртүрлi аминқышқылда бұл бөлiктiң құрылымы әртүрлi. Кейбiреулер ол пируватқа жақын және тыныс алу процесiнiң белгiлi кезеңiне қатысуы мүмкiн, басқаларының ыдырауы коА-ға қосыладын ацетил тобын бередi немесе лимон қышқылы циклының белгiлi бiр компонентiн түзуге әкеп соқтырады.

 Айтылғанның бәрi бiздiң лимон қышқылының циклы және электрон тасымалдау тiзбегi қоректiң заттардың энергияны бөлiп шығаратын ыдырау жолының соңғы бөлiгi екенiне көзiмiздi жеткiзедi.

Көмiрсулардан да, белоктардан май жиналатынына назар аударыңыз. Кез-келген тағамның шамадан тыс мөлшерi бiздiң денемiзге май қоры ретiнде жиналуы мүмкiн ( триацилглицеролдар). Бұл –жылдан жылға көп мөлшерде қосылатын денемiздегi «қор». Ешқандай диетасыз - желiнетiн тағамның мөлшерiн азайтпаса – бiзге салмағымызды азайтуға көмектеспейдi. Арықтау үшiн, аз тамақ iшу керек немесе энергияны көп пайдалану керек –қалғанның пайдасы жоқ.



 Майлар – полярсыз қосындылар, олар суда ерiмейдi және концентрациялы май тамшыларына жиналады. Олардан энергия белок пен көмiртегiге қарағанда есе көп бөлiнедi. Бұл майда энергиясы көп көмiртегi - сутектi байланыстыр көптiгiне байланысты. Майдың полярсыз табиғатына орай және оларда энергияның көп болуына байланысты, жануарларда өзiнiң энергиялық қорын май түрiнде жинау тиiмдi. Бауыр мен бұлшықеттерге көмiрсу гликоген түрiнде жиналады; ол энергияны пайдалану үшiн дайын тұрады.

Өсiмдiктерде энергиялық қор крахмал түрiнде, яғни көмiрсу түрiнде жиналады. Көмiрсулар ОН-тобына байланысты полярлы, сондықтан суды тартып, ұстап турады. Осыған байланысты олар көп орын алады, бiрақ өсiмдiктердiң жануарлардан айырмашылығы олар қозғалмайды, қор заттардың бойында сақтау қажеттiлiгi жоқ. Көмiрсуларды, майларға қарағанда тез пайдалануға болады. Сондықтан да, эволюция процесiнде өсiмдiктер энергия қорын көмiрсу түрiнде пайданалуға бейiмделген.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет