Кодексі (2010. 04. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен )



жүктеу 7.33 Mb.
бет1/46
Дата18.04.2016
өлшемі7.33 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
 



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОДЕКСІ

(2010.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 27 баптар)



1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар (1 - 6 баптар)

2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (7 - 27 баптар)

заңдардың міндеттері мен принциптері

2-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық және (28 - 537 баптар)

әкімшілік жауаптылық

Жалпы бөлім (28 - 79 баптар)

3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық (28 - 30 баптар)

4-тарау. Әкімшілік жауаптылық (31 - 37 баптар)

5-тарау. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар (38 - 43 баптар)

6-тарау. Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық (44 - 59 баптар)

ықпал ету шаралары

7-тарау. Әкімшілік жаза қолдану (60 - 66 баптар)

8-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан және (67 - 71 баптар)

әкімшілік жазадан босату

9-тарау. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы (72 - 79 баптар)

Ерекше бөлім (80 - 733 баптар)

10-тарау. Жеке адамның құқықтарына қол (80 - 97 баптар)

сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

11-тарау. Азаматтардың сайлау құқықтарына (98 - 110 баптар)

қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол (111 - 117 баптар)

13-тарау. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық (118 - 136 баптар)

14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (137 - 158 баптар)

15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (159 - 204 баптар)

16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (205 - 219 баптар)

17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану (220 - 230 баптар)

саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

18-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы (231 - 239 баптар)

әкімшілік құқық бұзушылық

19-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды (240 - 306 баптар)

пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

20-тарау. Карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік (307 - 311 баптар)

қадағалауда әкімшілік құқық бұзушылық

21-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың (312 - 329 баптар)

денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

20-1-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа (330 - 341 баптар)

қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

23-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы (342 - 352 баптар)

әкімшілік құқық бұзушылық

24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын (353 - 388 баптар)

әкімшілік құқық бұзушылық

25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы (389 - 399 баптар)

режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол

сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (400 - 438 баптар)

27-тарау. Көлікте, жол шаруашылығында және (439 - 502 баптар)

байланыста әкімшілік құқық бұзушылық

28-тарау. Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік, әскери (503 - 512 баптар)

қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол (513 - 531 баптар)

сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

30-тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық (532 - 537 баптар)

3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (538 - 576 баптар)

істерді қарауға уәкілетті органдар

31-тарау. Негізгі ережелер (538 - 540 баптар)

32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің (541 - 576 баптар)

қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік

жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті

4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу (577 - 695 баптар)

33-тарау. Негізгі ережелер (577 - 583 баптар)

34-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге (584 - 603 баптар)

қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері

35-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу (604 - 617 баптар)

36-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (618 - 633 баптар)

жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану

37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау (634 - 641 баптар)

38-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау (642 - 654 баптар)

39-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (655 - 671 баптар)

істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау

40-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды (672 - 676 баптар)

күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды,

наразылықтарды қарау нәтижелерә жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау

41-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (677 - 685 баптар)

істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерңмен келтірілген

зиянды өтеу

42-тарау. Артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан (686 - 695 баптар)

қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері

5-бөлiм. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы (696 - 733 баптар)

43-тарау. Негізгі ережелер (696 - 705 баптар)

44-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі (706 - 733 баптар)

 

2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «әскери комиссариатқа», «әскери комиссариаттың» деген сөздер тиісінше «жергілікті әскери басқару органына», «жергілікті әскери басқару органының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара)

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер



 

1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар

 

1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысын қара

2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi

Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



3-бап. Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi жергiлiктi өкiлдi органдардың белгiлеуi жөнiндегi өкiлеттiгi

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыреттерi шегiнде, бұзушылығы үшiн адамдардың осы Кодекстiң 362 және 363-баптарында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн ережелердi белгiлеуге құқылы.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары да бұзушылық үшiн осы Кодекстiң 281-1, 300, 310, 311, 387-баптарымен әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi белгiлей алады.

4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдарының кеңiстiк жағынан қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдардың уақыт жағынан қолданылуы

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негiзiнде жауаптылықта болуға тиiс.

2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың туындаған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт болып танылады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi

1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның кері күші болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.

2. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.

2-тарау.



Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері

 

7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.

8-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9-бап. Заңдылық

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес.

2. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында аталған өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгiленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.

3. Соттар адамның және азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот, қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандығына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алысымен iс жүргiзудi қайта бастайды.

4. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңмен белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады.

10-бап. Сот құзыретiнiң ерекшелiгi

1. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен белгiленедi және өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Кiмнiң болса да соттың билiктiк өкiлеттiгiн иемденуi заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс.

3. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi шешiмдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



11-бап. Адамдардың заң алдында теңдiгi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенiмiне, жынысына, тiлiне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

12-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы

1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсiз деп есептеледi.

2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс.

13-бап. Кiнә принципi

1. Жеке адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Жеке адамның кiнәсiздiктен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi.

2. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танылады.

2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен  14-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)



14-бап. Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк

Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.

15-бап. Iзгiлiк принципi

1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

2. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданғанда адам жанын күйзелтудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды жазалау мақсаты етiп қоюға болмайды.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



16-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық

1. Ешкiмдi де осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте әкiмшiлiк ұстауға, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органдарға алып келуге, жеткiзуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды.

2. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылуы мүмкiн.

3. Әрбiр ұсталған, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органға алып келiнген, жеткiзiлген адамға ұстаудың, алып келудiң, жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады.

4. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келiнген, жеткiзiлген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзiмнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға мiндеттi.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездiк немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды.

6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.

7. Өзiне қатысты әкiмшiлiк жаза шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төнуiн болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.

8. Заңсыз қамауға алудың, өмiрi мен денсаулығына қатерлi жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан жеке тұлғағакелтiрiлген залал заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.

 

17-бап. Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезiнде iске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында соттың, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық залал заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

18-бап. Жеке өмірге қол сұқпаушылық

Жеке өмір, жеке бастың және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.

 

19-бап. Меншiкке қол сұқпаушылық



1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де сот шешiмiнсiз өз мүлкiнен айыруға болмайды.

2. Мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын кеменi ұстау; көлiк құралдарын, шағын кемелердi тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерiп қарау тек осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.

20-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi

1. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады.

2. Судьялар мен соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi. Соттардың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да болмасын араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.

3. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

21-бап. Iс жүргiзу тiлi

1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

2. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлiн белгiлейдi. Белгiлi бiр iс бойынша iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгiленген тiлдердiң бiрiнде жүзеге асырылады.

3. Iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi дәрежеде бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған заңға байланысты қажеттi iс материалдарын iс жүргiзiлетiн тiлге тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.

5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға тиiстi iс жүргiзу құжаттары олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылып берiлуге тиiс.

6. Аударма жөнiндегi шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.

22-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату

1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.

2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және олар бұл үшiн қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес.

23-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарды қамтамасыз ету

1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында заңға сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.

2. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет