Кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 2015. 03. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет27/31
Дата25.04.2016
өлшемі7 Mb.
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Ислам тарихи вә он дөрд мәсумларын (Ә) ҺӘЈаты тәҺгигат групу бисмиллаһир-рәһманир-рәһим
2016 -> «точка опоры»
2016 -> Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы
2016 -> Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары
2016 -> Перспективный план работы Общественной палаты Ногинского муниципального района Московской области на 2016 год

381-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің мазмұны

Уақытша әкелу (жіберу) шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе ішінара босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кейіннен кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, Кеден одағының кедендік аумағында белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім болып табылады.

 

382-бап. Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары



1. Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыруға осы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімін аяқтау мақсатында кейіннен оларды кедендік декларациялау кезінде сәйкестендіру мүмкіндігі болған жағдайда жол беріледі.

Тауарларды сәйкестендіру Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.

2. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен:

1) алкогольді, темекі және темекі өнімдерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, оларды жекелеген данада жарнама және (немесе) демонстрациялау мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде әкелген жағдайларды қоспағанда,тамақ өнімдерін, сусындарды;

2) қалдықтарды, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды;

3) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

3. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен осы Кодексте көзделген талаптар мен шарттар сақталған кезде, бұрын өзге кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.

 

383-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер



1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар (бұдан әрі - уақытша әкелінген тауарлар) табиғи тозу немесе тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйінде қалуға тиіс.

Уақытша әкелінген тауарлардың кері экспорты кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруін қамтамасыз ету шартымен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасауға жол беріледі.

Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілер, тексерулер, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілер, тексерулер, тәжірибелер мен эксперименттер жүргізу барысында пайдалануға жол беріледі.

2. Уақытша әкелінген тауарлар іс жүзінде декларанттың иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.

3. Декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаның иелігіне және пайдалануына:

1) оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді және (немесе) жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау мақсатында, өткізуге және айналымға ұсынылатын, тауарларды буып-түю мен қорғауға арналған айналымға көп түсетін (қайтарылатын) ыдыстарды, егер сыртқы сауда келісімшартына сәйкес бұл ыдыс уақытша әкелінетін тауарларға қатысты сынақтар, тексерулер, эксперименттер және олардың қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету мақсатында қайтарылуға жататын болса, егер сыртқы сауда келісімшартына сәйкес бұл тауарлар қайтарылуға жататын болса, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында айқындалған жағдайларда өзге де мақсатта - кеден органының рұқсатынсыз;

2) өзге де жағдайларда кеден органының рұқсатымен беруіне жол беріледі.

Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иемденуге және пайдалануға беру уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі декларантын осы тарауда белгіленген талаптар мен шарттарды сақтаудан босатпайды.

Декларант уақытша әкелінген тауарларды иемденуге және пайдалануына берген адамдарға кедендік төлемдер төлеуге жататын соманың толық мөлшерінде кедендік төлемдер төлеу бойынша декларантпен бірге ортақ міндетті болады.

Кеден органы осы Кодекстің 187-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген тауарлардың құжаттары мен іс жүзінде тұрған жері туралы мәліметтерді және мұндай тауарларды осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өзге тұлғаға берген жағдайда, жазбаша және (немесе) электрондық нұсқада мұндай тұлға туралы мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ сұратылатын құжаттар мен мәліметтерді табыс ету үшін жеткілікті болатын, оларды табыс ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.

4. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иемденуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыруды жүргізген кеден органына онда уақытша әкелінген тауарларды басқа тұлғаға беру себептерін және осы тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша өтініш береді.



Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иемденуіне және пайдалануына беру уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің декларантын осы тарауда белгіленген талаптар мен шарттарды сақтаудан босатпайды, сондай ақ уақытша әкелуді тоқтата тұрмайды және оның мерзімін ұзартпайды.

5. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде Кеден одағының кедендік аумағы шегінен тысқары жерлерде пайдалануға жол беріледі.

 

384-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері



1. Тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы мұндай әкелудің мақсаты мен мән-жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.

Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған мерзім шегінде ұзартуы мүмкін.

2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімге қарағанда, уақытша әкелудің неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуі мүмкін.

3. Осы бапта белгіленген шекте уақытша әкелудің мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант уақытша әкелу мерзімінен кешіктірмей кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органына осындай ұзартудың қажеттігі туралы растайтын құжаттарды тіркей отырып, жазбаша өтініш табыс етеді. Уақытша әкелудің мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімде уақытша әкелу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Кеден органы уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай шешім қабылданған күнге қарамастан, алдыңғы мерзімнің аяқталған күнінен бастап ұзартылады.

Кеден органының уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы не оны ұзартудан бас тарту туралы шешімі декларантқа жазбаша табыс етіледі. Бұл ретте, уақытша әкелу мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларация данасының бірінші бетінің келесі жағына мерзім және күнінің ұзартылғаны туралы белгі қойылады. Көрсетілген белгі кеден органы лауазымды адамының қолымен, жеке нөмірі бар мөрімен куәландырылады.

4. Кеден органы уақытша әкелу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімді декларант осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда қабылдайды.

5. Декларант уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде кеден органы кедендік қарау актісін жасай отырып, бар тауарларды өзгеріссіз қалыпта белгілеу мақсатында, кедендік тексеру жүргізуге тиіс. Тауарлар кедендік декларацияны жүзеге асырушы кеден органының қызметінен тыс аймақтан табылған жағдайда, қызмет аймағында көрсетілген тауарлар тұрған кеден органы кедендік қарау актісін жасайды.

6. Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен бірнеше мәрте орналастыру кезінде, оның ішінде осы рәсімнің декларанттары ретінде әр түрлі адамдар әрекет етсе, уақытша әкелудің жалпы мерзімі осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен не осы баптың 2-тармағына сәйкес анықталған мерзімнен аспауға тиіс.

 

385-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және оны тоқтата тұру



1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда уақытша әкелінген тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.

Осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы, уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелінген тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін.

2. Уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіммен не Комиссияның шешімімен анықталған өзге кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімін тоқтата тұру және жаңғырту тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.

3. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.

 

386-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде және ішінара шартты түрде босату



1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелінген тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оның шекті мерзімін қоса алғанда, мұндай босатудың талаптары Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) Комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады.

2. Егер Комиссияның шешімімен өзгеше белгіленбесе, уақытша әкелінген тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, кеден органы осы тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырған Кеден одағына мүше мемлекет аумағының шегінде пайдаланылады.

3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатылмаған тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босату талаптары сақталмаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату қолданылады.

Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде мұндай тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік әкелу баждары, салықтары сомасының үш пайызы төленеді.

4. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің белгіленген кезеңі бойына немесе декларант таңдаған мерзім бойынша, бірақ үш айда кемінде бір рет төленеді. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасын төлеу мерзімділігін кеден органының келісімімен декларант айқындайды.

5. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу кезінде өндіріп алынатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың жалпы сомасы, егер тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілмей, мұндай тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан аспауға тиіс.

6. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомасы қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатпайды.

 

387-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі



1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.

2. Декларанттың уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу жөніндегі міндеті:

1) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу кезінде, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес осы рәсім аяқталған кезде;

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік әкелу баждары мынадай мерзімде:

1) уақытша әкелудің белгіленген мерзімі ішінде төленуге не мұндай төлемнің кезеңділігі жағдайында төленуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың барлық сомасын төлеу кезінде тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес шығарылғанға дейін;

2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу кезеңділігі жағдайында, мұндай төлемнің жүргізілетін кезеңі басталғанға дейін;

3) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты:



мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартқан жағдайда - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияға жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілгенге дейін;

мұндай жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты белгіленген осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзу арқылы тауарларға қатысты әрекеттер жасалған жағдайда - көрсетілген әрекеттер жасалған бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;

4) тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кездегі шарттар бұзылған жағдайда - оған сәйкес кеден органы тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны тіркеген күні төленуге жатады.

4. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде немесе ішінара шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты:

1) уақытша әкелінген тауарларды кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берген кезде - берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды уақытша әкету (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күн;

2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, кеден органы белгілеген тауарларды уақытша әкелу мерзімі кезеңінде уақытша әкелінген тауарларды жоғалтқан кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды уақытша әкету (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күн;

3) осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде - тауарларды уақытша әкелу мерзімі өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

5. Кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларда, мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді ескермей, оған сәйкес тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кеден рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары шегеріле отырып, төленуге жатады.

 

388-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері



1. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін кедендік әкелу баждарының, салықтардың ставкалары және валюталардың нарықтық бағамы тауарларды әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.

2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінің декларанты уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен кедендік баждар, салықтар төлеген тауарларға қатысты уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінен кейін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, кедендік баждарды, салықтарды ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес төленген кедендік баждардың, салықтардың есептелген сомасының айырмашылығы мөлшерінде төленеді.



Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін осы тауарлар кеден қоймасының, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен (рәсімдерімен) орналастырылса да немесе уақытша сақтауға орналастырылса да осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылады.

3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату қолданылған кезеңде толық шартты түрде немесе ішінара шартты түрде босату қолданылған тауарларға қатысты оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде осы Кодекстің 134-бабы 2-тармағына сәйкес пайыздар алынбайды.

 

 

44-тарау. Уақытша әкету кедендік рәсімі



 

389-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің мазмұны

Уақытша әкету Кеден одағының тауарлары кедендік әкету баждарын төлеуден толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кейін кері импорт кеден рәсімімен орналастырыла отырып, Кеден одағының кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетілетін және белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім болып табылады.

Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.

 

390-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру шарттары



1. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыруға кейін уақытша әкету кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болатын жағдайда жол беріледі.

Тауарларды сәйкестендіру Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкетілген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.

2. Уақытша әкету кедендік рәсімімен:

1) алкогольді, темекі және темекі өнімдерін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, оларды жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде санаулы даналарда әкеткен жағдайларды қоспағанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;

2) қалдықтарды, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды;

3) Кеден одағының кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

 

391-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер



1. Уақытша әкетілген тауарлар тасаудың (тасымалдаудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде қалуға тиіс.

2. Кеден органы тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз еткен жағдайда олардың кері импорты кезінде жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты күйде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.

 

392-бап. Тауарларды уақытша әкету мерзімдері



1. Тауарларды уақытша әкету мерзімін кеден органы, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай әкетудің мақсаттары мен мән-жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді.

Тауарларды уақытша әкету мерзімін декларанттың жазбаша өтініші бойынша кеден органы осы баптың 2 және 3-тармақтарын ескере отырып ұзартуы мүмкін.

2. Осы бапта белгіленген шекте уақытша әкету мерзімін ұзарту үшін декларант уақытша әкету мерзімінен кешіктірмей кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органына осындай ұзартудың қажеттігі туралы растайтын құжаттарды тіркей отырып, жазбаша өтініш табыс етеді. Уақытша әкетудің мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімде уақытша әкету мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Кеден органы уақытша әкетудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай шешім қабылданған күнге қарамастан, осының алдындағы мерзімнің аяқталған күнінен бастап ұзартылады.



Кеден органының уақытша әкету мерзімін ұзарту туралы не мұндай ұзартудан бас тарту туралы шешімі декларантқа жазбаша нысанда табыс етіледі. Бұл ретте, уақытша әкету мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларацияның бірінші парағының келесі жағына мерзімі мен күнінің ұзартылғаны туралы белгі қойылады. Көрсетілген белгі кеден органы лауазымды адамының қолымен, жеке нөмірлі мөрімен расталады.

Кеден органы уақытша әкету мерзімін ұзарту туралы шешімді декларант осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда қабылдайды.

3. Оларды Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетудің мақсаттарына қарай тауарлардың жекелеген санаттары үшін, сондай-ақ уақытша әкету кезінде кері әкелу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын тауарлардың жекелеген түрлері үшін мұндай тауарларды уақытша әкетудің шекті мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеуі мүмкін.

4. Қазақстанның дипломатиялық өкілдерінің, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың қызметкерлерінің ресми және жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды осындай өкілдіктер мен көрсетілген адамдардың шетел мемлекетінде аккредиттелуінің бүкіл мерзіміне Қазақстан Республикасынан уақытша әкетуге жол беріледі.

5. Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды Қазақстан Республикасының аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбеген, уақытша әкетілген тауарларға меншік құқығын берген жағдайда, бұл тауарларды уақытша әкету мерзімі ұзартылуға жатпайды, ал бұл тауарлар осы Кодекстің 347-бабы 1-тармағының екінші бөлігі ескеріле отырып, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.

 

393-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы



1. Уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылуының уақытша әкету мерзімі өткенге дейін уақытша әкетілген тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкетілген тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына міндетті түрде қайта әкелінуге жататын жағдайларды қоспағанда, уақытша кедендік әкету рәсімінің қолданылуы уақытша әкету мерзімі өткенге дейін оларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кеден органына іс жүзінде көрсетпестен, уақытша әкетілген тауарларды экспорттың, кедендік аумақтан тысқары жерде қайта өңдеу немесе уақытша әкету кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін.

2. Уақытша әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.

 

394-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі



1. Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

2. Декларанттың уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеті:

1) осы Кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімі аяқталған кезде;

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.

3. Аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың, пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, осы Кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкету мерзімі өткенге дейін уақытша әкету кедендік рәсімі аяқталмаған кезде кеден органдары белгілеген уақытша әкету мерзімінің өткен күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

4. Кедендік әкету баждары тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік әкету баждарының сомаларына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

 

395-бап. Уақытша әкетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері



1. Уақытша әкетілген тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көрінісіндегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары), Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін кедендік әкету баждарының ставкалары және валюталардың нарықтық бағамы тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.

2. Осы Кодекстің 134 бабының 2 тармағына сәйкес, тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін төленген кедендік әкету баждары сомаларына пайыздар төленбейді.

 

 

45-тарау. Кері импорт кедендік рәсімі



 



1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет