Кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 2015. 03. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет9/31
Дата25.04.2016
өлшемі7 Mb.
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Ислам тарихи вә он дөрд мәсумларын (Ә) ҺӘЈаты тәҺгигат групу бисмиллаһир-рәһманир-рәһим
2016 -> «точка опоры»
2016 -> Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы
2016 -> Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары
2016 -> Перспективный план работы Общественной палаты Ногинского муниципального района Московской области на 2016 год

109-бап. Тауарлардың кедендiк құнын бақылау

Тауарлардың кедендiк құнын бақылауды кеден органы тауарлар шығарылғанға дейiн де, шығарылғаннан кейiн де кедендiк бақылауды жүргiзу шеңберiнде жүзеге асырады.

Тауарлар шығарылғанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау тәуекелдерді басқару жүйесі айқындайтын жағдайларда жүзеге асырылады.

Кеден органы кедендік құны жөнінде шешім қабылдаған тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік құнды бақылау осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді.

 

110-бап. Тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім



Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын қабылдау туралы не осы Кодекстің 111-бабының ережелеріне сәйкес тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды, ол Комиссияның шешімімен белгіленген тәртіппен және нысандарда декларанттың назарына жеткізіледі.

 

111-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету



1. Егер кеден органы немесе декларант тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыс еместігін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі дұрыс таңдалмағанын және (немесе) тауарлардың кедендік құны дұрыс айқындалмағанын анықтаса, кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімді тауарларды шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де кедендік құнды бақылауды жүзеге асыру кезінде қабылдайды. Кеден органы қабылдаған тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімде негіздеме және оны орындау мерзімі қамтылуға тиіс.

2. Кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын олар шығарылғанға дейін түзету туралы шешім қабылдаған кезде декларант дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асыруға және түзетілген мәліметтер ескеріле отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды осы Кодекстің 297-бабында белгіленген тауарлар шығару мерзімдерінен аспайтын мерзімде төлеуге міндетті.



Егер декларант тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асырмаса және толықтырып есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлемесе, кеден органы тауарларды шығарудан бас тартады.

3. Кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейін олардың кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдаған кезде декларант дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асырады және түзетілген мәліметтер ескеріле отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлейді.



Декларант бұл шешімімен келіспеген жағдайда кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзетуді және төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеуді жүзеге асырады.

4. Тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де тауарлардың кедендік құнын түзету және төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеу, сондай-ақ оларды төлеу мерзімі Комиссияның шешімімен белгіленген тәртіппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.

 

112-бап. Қосымша тексеру жүргізу



1. Кеден органы тауарлар шығарылғанға дейін олардың кедендік құнына бақылау жүргізген кезде тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтің дұрыс емес болуы мүмкін не мәлімделген мәліметтің тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, кеден органы осы Кодекске сәйкес қосымша тексеру жүргізеді, оны жүргізу мерзімі мен тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді.

Кеден органы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді декларант қамтамасыз еткен жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады.

Кеден органының шешімі негізді болуға және онда тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтің дұрыс емес болуы мүмкін не мәлімделген мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін нақты белгілердің тізбесі болуға тиіс. Қосымша тексеруді жүргізу туралы шешімді ақырына дейін жеткізудің тәртібі, мерзімі мен нысаны Комиссияның шешімімен белгіленеді.

Кеден органы қосымша тексеру нәтижелері бойынша тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім қабылдағанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау аяқталмаған деп есептеледі.

2. Егер тауарларды шығару үшін осы Кодекстің 297-бабында белгіленген мерзімде қосымша тексеруді жүргізу мүмкін болмаса, онда қосымша тексеру жүргізу туралы шешім тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Кеден органдары осы Кодекстің 151-бабының 5-тармағына сәйкес есептеген кедендік баждарды, салықтарды төлеудің қамтамасыз етілуін декларант берген жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады.

3. Тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтерге қосымша тексеру жүргізу үшін кеден органы декларанттан қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және оларды табыс ету үшін мерзім белгілеуге құқылы, ол мерзім бұл үшін жеткілікті болуға, бірақ осы Кодекстің 268-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

Декларант кеден органы сұратқан қосымша құжаттар мен мәліметтерді табыс етуге не оларды табыс етудің мүмкін еместігінің себептерін көрсетіп, жазбаша нысанда түсініктеме беруге міндетті.

Декларанттың тауарлардың кедендік құнын айқындаудың өзі таңдаған әдісін пайдаланудың заңдылығын және өзі ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуге құқығы бар.

4. Егер декларант кеден органы сұратқан құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) оларды табыс ету мүмкін еместігінің себептері туралы түсініктемені табыс етпесе, не мұндай құжаттар мен мәліметтер осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосымша тексеру жүргізу үшін негіздерді жоймайтын болса, кеден органы қосымша тексеру нәтижелері бойынша өзінде бар ақпараттар негізінде және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелерін реттейтін Кеден одағына мүше мемлекеттер халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.

5. Егер қосымша тексеру нәтижелері бойынша кеден органы тауарлардың декларант мәлімдеген кедендік құнын қабылдау туралы шешім қабылдаса, онда қамтамасыз ету сомасын қайтару (есепке жатқызу) осы Кодекстің 154-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 



2-бөлім. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР

 

12-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар туралы жалпы ережелер

 

113-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар

1. Кедендік төлемдер мен салықтарға:

1) кедендік әкелу бажы;

2) кедендік әкету бажы;

3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;

4) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);

5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.

2. Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.

3. Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

4. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.

5. Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.

6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

 

114-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері



Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге:

1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген - адвалорлық;

2) заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемі немесе өзге сипататтамаларына) қарай белгіленген - өзіндік ерекше;

3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерді ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi.

 

115-бап. Кедендік алымдар



1. Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады.

2. Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3. Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс.

 

116-бап. Кедендік алымдардың түрлері



Кедендік алымдарға:

1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар;

2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар;

3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы жатады.

 

117-бап. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым



Тауарларды кедендік декларациялау үшін бюджетке төленген кедендік алым төлеушіге қайтаруға жатпайды.

 

118-бап. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым



Бірнеше автомобиль көлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына барабар бөлінеді.

 

119-бап. Алдын ала шешім үшін төлем



Кеден органының осы Кодекстің 79 және 91-баптарына сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде және тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақы өндіріп алынады.

 

120-бап. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі



1. Декларант немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттер жүктелген өзге де тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер болып табылады.

2. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым кедендік декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.

3. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірілмей төленеді.

4. Кеден органы алдын ала шешім қабылдағаны үшін ақыны төлеуші көрсетілген шешім өзіне берілгенге дейін енгізеді.

5. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі кедендік шекара арқылы тауарларды өткізген күн болып есептеледі. Егер заңсыз өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

6. Төлеушінің кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізуге құқығы бар.

7. Кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кедендік алымдар тауарлар шығарылатын кеден органында немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған аумақта төленеді (өндіріліп алынады).

8. Кедендiк алымдарды бюджетке аудару осы Кодекске сәйкес айқындалған кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды аудару үшін көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

 

 

13-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер



 

121-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер

1. Осы Кодексте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп:

1) тарифтік преференциялар;

2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер);

3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;

4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі.

2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Тарифтік преференциялар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі.

Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес қабылданған Кеден одағы органдарының шешімдерімен тарифтік жеңілдіктерді беру Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны анықталған жағдайларда, тарифтік жеңілдікті сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.

Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттарын сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдар бойынша жеңілдіктер осы Кодекске сәйкес айқындалады.

Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен бірлескен актілерінде айқындалатын тәртіппен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

5. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, осы Кодекстің 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды.

6. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.

 

122-бап. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер



1. Кедендік алымдарды салудан:

1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;

2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;

3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;

4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар;

5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат;

7) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарлар;

8) мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресіміне мәлімделген тауарлар;

9) мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады.

2. Осы бапта көрсетілген кедендiк алымдар салудан босату үшін құжаттарды табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

123-бап. Тарифтiк преференциялар



1. Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.

2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.

3. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға төмендетілген ставкалар бойынша кедендік баждар салынады. Мұндай мемлекеттердің және тауарлардың тізбесі, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейі Комиссияның шешімдерімен бекітіледі.

4. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесі Комиссияның шешімдерімен бекітіледі.

 

 

14-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу



 

124-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база (салықтық база)

1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі болып табылады.

2. Тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамасы (саны, тауар тұтынылғанға дейін және бөлшек сауда үшін ұсынылғанға дейін тауардан ажырамайтын, оның алғашқы буып-түюі ескерілген массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) тауарлардың түрлеріне және қолданылатын ставкаларының түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады.

3. Салықтарды есептеуге арналған салықтық база Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

125-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу (есепке жазу)



1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер баждарды, салықтарды дербес есептейді.

2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеуді (есепке жазуды) кедендік баждар, салықтар төленуге тиісті кеден органы жүргізеді.

3. Төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларын есептеу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың сомасы, кедендік баждарды және кедендік баж ставкаларының тиісті түрін есептеуге арналған базаны қолдану арқылы анықталады.

5. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын салықтардың сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

6. Осы Кодекстің 138-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда, кедендік баждардың, салықтардың сомалары, олар төленуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес есептеуге жатады.

7. Шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтарының жалпы сомасы, осы шетелдік тауарларға қатысты өзге кедендік рәсім мәлімделген жағдайда кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын шетелдік тауарларға қолданған кезде кедендік баждар, салықтар ставкаларының өзгеруі салдарынан кедендік баждардың, салықтардың сомасы ұлғаятын жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарлар осы Кодекстің 121-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер есепке алынбай, ішкі тұтынуға шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кетуіне болмайды.

8. Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда төленуге тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды есепке жазу үшін, осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төленіп, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік төлемдер мен салықтардың ставкалары қолданылады.

9. Кеден органы кеден ісі саласында құқық бұзушылықты анықтаған кезде, кедендік баждарды, салықтарды есептеуді кеден органы осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төлей отырып жүргізеді.

 

126-бап. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын қолдану



1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған ставкалар қолданылады.

2. Егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар қолданылады.

2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкету баждарын есептеу мақсаттары үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген мөлшерлемелер қолданылады.

4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.

5. Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен кедендік транзит рәсімімен орналастырылған тауарлардың Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналастырылғаны белгіленген (расталған) болса, осы Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.

 

127-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу



Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу үшін, оның ішінде кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде төленуге жататын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, төлеуші, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кеден органының кедендік декларацияны тіркеген күнінде, не төлеуші тауарларды негізгі кедендік ресімдеуге байланысты емес кедендік төлемді жүзеге асырған күні айқындалған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта ауыстырудың нарықтық бағамын қолдана отырып, шетел валютасын ұлттық валютаға және (немесе) ұлттық валютаны шетел валютасына қайта есептеуді жүргізеді.

 

 



15-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есептеу мерзімдері мен тәртібі

 



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет