Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 24.62 Mb.
бет105/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126

 

3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:



 

Р/с



Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған жиіліктер диапазоны

Пайдалану аумағы

Төлемақы

мөлшерлемесі

(АЕК)

1.

Телевизия/метрлік жиілік диапазоны

 

1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі

 

Астана, Алматы қалалары

81

облыс

15

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

361

облыс

65

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

957

облыс

174

4)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

1353

облыс

245

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

2344

облыс

425

2.

Телевизия/дециметрлік жиілік диапазоны

 

1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

51

облыс

9

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

228

облыс

41

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

605

облыс

110

4)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

855

облыс

155

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

1481

облыс

269

 

4. Қоса алғанда алты айға дейiнгі мерзімде тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түрiне, радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ төлемақының жылдық мөлшерлемесінің кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.



Енi осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлгеннен өзгеше дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеушi нақты қолданатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлес салмағының осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып айқындалады.

Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц белдеу үшiн алынады.

 

515-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат құжаттарында көрсетiлген техникалық параметрлерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай төлемақының жылдық мөлшерлемелері негiзiнде есептейдi.

2. Егер есепті салық кезеңіндегі радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы радиожиілік спектрі пайдаланылған айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетіп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.

4. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жібереді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей төленеді.

Қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент заңды тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақы төлейді.

6. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.



 

516-бап. Салық кезеңі



Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

517-бап. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

76-тарау. ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫН, СОНДАЙ-АҚ ҰЯЛЫ



БАЙЛАНЫСТЫ БЕРГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 76-т

 

518-бап. Жалпы ережелер

1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі - құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттік органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:

1) осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда, - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;

2) осы Кодекстің 521-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.

 

519-бап. Төлемақы төлеушілер



«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

 

520-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

Төлемақының жылдық мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

521-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық мөлшерлемелері негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.

4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.

5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.

6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.



 

522-бап. Салық кезеңі



Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

523-бап. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

 

77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ



 

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 524-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



524-бап. Жалпы ережелер

1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көлiк саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмдерi туралы мәліметтер ұсынады.

 

525-бап. Төлемақы төлеушілер

1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.



 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 526-бап жаңа редакцияда



526-бап. Төлемақы мөлшерлемесі

1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақының жылдық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 527-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



527-бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртібі

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Жылдық төлемақы сомасы жылдық төлемақы мөлшерлемесі мен кеменің регистрлік тоннадағы жалпы сыйымдылығы негiзге алына отырып айқындалады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Бір ай үшін төлемақы мөлшері көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу арқылы айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда



3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір ай үшін төлемақы мөлшерін кеме жүзетін су жолдарының нақты кезеңіне көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, салық кезеңі үшін төлемақы сомасы бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Төлемақы төлеу төлемақы жөніндегі декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

4. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Кеменің бір жолғы кіруі кезінде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалар бір ай үшін төлемақы мөлшерінде бюджетке төлемақы енгізеді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгіленген тәртіппен енгізеді.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен  (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



9. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл төлемақы үшін салық кезеңі болып табылады.

 

 



78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ  ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

528-бап. Жалпы ережелер

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнама деп:

1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда;

2) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында;

3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің аумағы шегіндегі республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамаларды қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамалар танылады.

2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі - жарнама объектісі) орналастыру:

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор беретiн құжат негiзiнде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде, ал облыстың жергілікті атқарушы органы беретiн құжат негiзiнде облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;

2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретін рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.

Жарнама объектілерін тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.

3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.

 

529-бап. Төлемақы төлеушілер



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  



1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімше орналасқан жер бойынша салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның мұндай тану немесе мұндай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Өздеріне жүктелген функцияларды іске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.



 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 530-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 530-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



530-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиiстi күнтiзбелiк айдың бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бір жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарға тең болып белгiленедi:

 

Р/с №

Жолдардың санаты

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кiреберiстер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2

 

Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері жарнама объектiсiнiң бір жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері:

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде жарнама объектісінің ауданы және орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:

 


№ п/п

Жарнама түрлерi

Жылжымайтын объектiлерге төлемақы мөлшерлемелері

(бір жағы үшiн)

(АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар және астана

Облыстық маңызы бар қалалар және жолдар

1

2

3

4

1.

Ауданы 2 ш.м. дейiн сiлтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бір объект үшiн)

2

1

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

3

2

3.

Ауданы мынадай болатын жарнамалықақпараттық объектiлер:

 

 

3.1.

2-ден 5 ш.м. дейiн

5

3

3.2.

5-тен 10 ш.м. дейiн 10

10

5

3.3.

10-нан 20 ш.м. дейiн

20

10

3.4.

20-дан 30 ш.м. дейiн

30

15

3.5.

30-дан 50 ш.м. дейiн

50

20

3.6.

50-ден 70 ш.м. дейiн

70

30

3.7.

70 ш.м. астам

100

50

4.

Шатырүсті жарық жарнама құрылғылары (жарық-Динамикалық панно немесе көлемдi неонды әрiптер):

 

 

4.1.

30 ш.м дейiн

30

20

4.2.

30 ш.м. астам

50

30

5.

Палаткалардағы, тенттердегi, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, тандарттардағы жарнама:

 

 

5.1.

5 ш.м дейiн

1

1

5.2.

5-тен 10 ш.м. дейiн

2

1

5.3.

10 ш.м. астам

3

2

6.

Уақытша Тұрпаттағы дүңгiршектер мен павильондардағы жарнама:

 

 

6.1.

2 ш.м дейiн

2

1

6.2.

2-ден 5 ш.м. дейiн

2

1

6.3.

5-тен 10 ш.м. дейiн

3

2

6.4.

10 ш.м. астам

8

4

7.

Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер)

10

5

 

2) көлiк құралдарында, жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастырылатын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:

 


Рет №

жарнама түрлерi

Жылжымалы объектiлердегi төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар және астана 

Облыстық маңызы бар қалалар 

1

2

3

4

1.

Көлiк құралының сыртқы жағындағы

жарнама (бір көлiк құралы үшiн):

 

 

1.1.

автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретiн), өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдерде

8

4

1.2.

шағын автобустарда, таксилерде, жеңiл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейiн жүк көтеретiн)

3

2

2.

Автокөлiк құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшiн:

 

 

2.1.

2 ш.м дейiн

3

2

2.2.

2-ден 5 ш.м дейiн

15

10

2.3.

5-тен 10 ш.м. дейiн

35

25

2.4.

10-нан 20 ш.м. дейiн

50

25

2.5.

20-дан 40 ш.м. дейiн

60

45

2.6.

40 ш.м. астам

80

40

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін жарнама объектісінің орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқылы.

 

531-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы мөлшерлемесі және жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

2. Күнтізбелік бір ай үшін бюджетке енгізілуге тиісті төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Мұндай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде олардың мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын тіркелген жері бойынша төлемақысы бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш және бұл төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының болғанын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырмау фактісін растайтын тиісті мемлекеттік уәкілетті органның құжаты негізінде салық органдары жүргізеді.

 

 



79-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

 


: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет