Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін  мемлекеттік баж мөлшерлемелері



жүктеу 24.62 Mb.
бет107/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
537-бап. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін  мемлекеттік баж мөлшерлемелері

1. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін мынадай мөлшерде:

1) некеге тұруды тіркегені үшін - 100 пайыз;

2) некені бұзуды тіркегені үшін:

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша - 200 пайыз;

сот шешімі негізінде - 150 пайыз (ерлі-зайыптылардың біреуінен немесе екеуінен);

белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде - 10 пайыз;

3) тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерткенін тіркегені үшін - 200 пайыз;



осы негізде берілген жұбайының, балаларының әрбір құжаты үшін - 50 пайыз;

4) туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін - 50 пайыз;

5) азаматтық хал актілерін тіркегені туралы куәліктерді қайталап бергені үшін - 100 пайыз;

6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тіркегені үшін - 200 пайыз;

7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін - 30 пайыз;

8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 50 пайыз;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 100 пайыз мемлекеттік баж алынады.

 

538-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының  азаматтығын қалпына келтіруді немесе  Қазақстан Республикасының азаматтығын  тоқтатуды ресімдеу кезіндегі мемлекеттік  баж мөлшерлемелері



Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:

1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергені немесе ұзартқаны үшін:



Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 пайыз;

Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 пайыз;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына визаны бергені және ұзартқаны үшін - 200 пайыз;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресімдеу үшін - 100 пайыз;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгені туралы құжаттар бергені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 пайыз;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін - 100 пайыз;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы құжаттарды жоғалғандарының не бүлінгендерінің орнына бергені үшін - осы баптың тиісінше 4) тармақшасында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

 

539-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті  мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері



Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) патент бергенi үшiн, тауар белгісін, тауар шығарылатын жердің атауын тіркегені үшiн - 100 пайыз;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркегенi үшiн - 100 пайыз;

3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 пайыз;

4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1 500 пайыз;

5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 пайыз мемлекеттік баж алынады



 

540-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері



Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:

1) тұрғылықты жерін тіркегені үшін - 10 пайыз;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін - 200 пайыз;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін - 200 пайыз;

4) мыналарды:



Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергені үшін - 400 пайыз;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергені үшін - 20 пайыз;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) мыналарға:

заңды тұлғаларға:

азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;

азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;

азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 100 пайыз;

азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 100 пайыз;

азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 200 пайыз;

азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 100 пайыз;

жеке тұлғаларға:

азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;

азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;

 азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін - 50 пайыз;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 50 пайыз;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 50 пайыз;

азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 10 пайыз;

 азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 50 пайыз;

6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 мм дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - 10 пайыз;

7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 10 пайыз;

8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін - 50 пайыз;

2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) мыналарды:

жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн - 125 пайыз;

көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн - 125 пайыз;

автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 280 пайыз;

автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн - 13 700 пайыз;

автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн - 22 800 пайыз;

мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 140 пайыз;

көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн - 35 пайыз;

техникалық қарап тексерудің халықаралық сертификатын бергенi үшiн - 50 пайыз;

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10) мыналарды:

тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін - 50 пайыз;

тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 100 пайыз;

тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін - 50 пайыз;

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



11) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін - 25 пайыз мемлекеттік баж алынады.

 

541-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату



Соттарда мыналар:

1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;

2) талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;

3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы үлгілерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;

4) талапкерлер - алименттерді өндіріп алу туралы талап қою бойынша;

5) талапкерлер - мертігуге немесе денсаулығына зақым келтірілуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) талапкерлер - қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;

7) іске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық істерге және алимент бойынша істерге байланысты құжаттар берілгені үшін;

8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу туралы талап қою бойынша;

9) білікті еңбек қызметкерлерін және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлер - оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндіріп алу жөніндегі талап қою бойынша;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға сотқа арыз жазып жүгінген жеке және заңды тұлғалар;

11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттерді, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайтару жөнінде талап қойып сотқа жүгінген сенім білдірілген өкіл (агент);

12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық істер мен құжаттар бойынша;

13) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық істер мен құжаттар бойынша;

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергені үшін:

іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;

шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы;

шешімді орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы;

талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудің бір түрін басқаларымен ауыстыру туралы;

жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешімдерін, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;

сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;

өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы сот шешімдерінің орындалуын кері бұрып атқару туралы;

соттың сырттай жасалған шешімін жою туралы;

арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;



сондай-ақ:

сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне;

соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;

сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар;

соттың сырттай жасалған шешімінің күшін жою туралы;

15) прокуратура органдары - барлық талап қою бойынша;

16) мемлекеттік мекемелер - үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешіміне шағым жасаған кезде;

17) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 пайызы жұмыс істейтін олардың құрған ұйымдары - өздерінің мүдделері үшін талап қойған кезде;

18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын заңсыз қолдану не қамаққа алу түрінде заңсыз әкімшілік жаза қолдану арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары - өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап арыздар берілген кезде;

21) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - тарату ісін жүргізу мүдделеріне орай берілген қуынымдар, арыздар, шағымдар бойынша;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



22-1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері - уақытша әкімшіліктің мүдделеріне орай берілген қуынымдар, арыздар, шағымдар бойынша;

23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктер:



бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы;

мүлікті өндіріп алу туралы;

борышкерлердің сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен берілген қарыздар бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды



23-1) облигация ұстаушылардың өкілдері - эмитенттің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап-арыз берген кезде;

2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



24) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүдделерiне орай қуынымдар берген кезде;

2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



25) ішкі істер органдары - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыз берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

 

542-бап. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде  мемлекеттік баж төлеуден босату



Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:

1) жеке тұлғалар - өздерінің мемлекет пайдасына мүлікті сыйға тартатын өсиеттерін, шарттарын куәландырғаны үшін;

2) мемлекеттік мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) бергені үшін, сондай-ақ осы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) алу үшін қажетті барлық құжаттар үшін;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) жеке тұлғалар - оларға:

Қазақстан Республикасын қорғау кезінде, өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға байланысты не адам өмірін құтқарып қалу, мемлекеттік меншікті және құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкіне;

егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемінде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейін де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйіне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайына;

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне, мемлекеттік заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетін ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсіптік үлгілері үшін сыйақы сомаларына;

ақталған азаматтардың мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәліктер бергені үшін;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттері бойынша;

6) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) «Ардақты Ана» атағы берілген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куәліктер алғаны үшін;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10) «Қазақстан мүгедектерінің ерікті қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндірістік кәсіпорындары барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



11) он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

 

543-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде  мемлекеттік баж төлеуден босату



Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін;

3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер алмастырылып берілгені үшін;

4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын  қалпына келтіру және алу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату

1. Мыналар:

1) жаппай қуғын-сүргіндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өздері тілек білдірген кезде;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

2. Аталған мемлекеттік баж төлеуден босату бір рет беріледі.



 

545-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату



Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:

1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің оқушылары;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3) оралмандар;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.



 

546-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасаған кезде  мемлекеттік баж төлеуден босату



Мыналар:

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) тұрғылықты жерін тіркеген кезде:

қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің оқушылары;

оралман мәртебесін алғанға дейін тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар;

Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қылмыстық істе азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;

4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;

5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру кезінде:

Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;

Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;

«Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін берген кезде:

Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

547-бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі



1. Мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленеді.

2. Мемлекеттік баж:

2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) соттар қарайтын істер бойынша - Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 105-1-бабында көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;

2) нотариаттық іс-әрекеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін, телнұсқаларын бергені үшін - жасалған нотариаттық іс-әрекетті тіркеген кезде;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгізгені үшін, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәліктер бергені үшін - оларды берген кезде;

4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркегені үшін - актілерді тіркеген кезде;

5) азаматтардың тұрғылықты жерін тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенге дейін;

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



7-1) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін - тиісті құжатты бергенге дейін;

8) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - тиiстi құжаттарды бергенге дейін;

11) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;

12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты істер бойынша - тиісті құжаттарды алғанға дейін;

13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін - апостиль қойғанға дейін;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның патенттер беруге, тауар белгілерін және тауарлар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге, жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тіркеуге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беруге байланысты заңды мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

3. Мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке жазылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.

5. Мемлекеттік баждың қолма-қол ақшамен қабылданған сомасын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

 

548-бап. Төленген мемлекеттік баж сомаларын қайтару

1. Төленген мемлекеттік баж сомасы:

1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баж осы Кодекс бойынша талап етілгеннен көбірек мөлшерде енгізілген;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1) іс төрелікке немесе аралық сотқа берілген;

2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



1-2) медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасаған;

2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды



1-3) іс тараптардың татуласу келісімімен аяқталған;

2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкілетті адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан бас тартқан;

3) іс жүргізу тоқтатылған немесе, егер іс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы істер санаты үшін белгіленген дауды алдын ала шешудің тәртібін сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

4) мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасаған органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Мемлекеттік баж:

1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;

2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



2) талапкер өз талаптарын азайтқан жағдайларда, қайтарылмайды.

3) 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Салық органы мемлекеттік бажды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты салық төлеушіден алғаннан кейін, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілген болса, төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару туралы салықтық өтінішті қарайды.

3. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.

6. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.

7. Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

 


: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет