Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 4. Электрондық салық төлеуші  ретінде тіркеу есебі



жүктеу 24.62 Mb.
бет111/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126
§ 4. Электрондық салық төлеуші  ретінде тіркеу есебі

 

572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібіменқағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш береді.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініштітабыс ету салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын алуға берген келісімі болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.

4. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



573-бап. Электрондық цифрлы қолтаңбаны ауыстыру және жою

1. Салық төлеушi электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшiн орналасқан немесе тұрғылықты жерi бойынша салық органына электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге:

1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған;

2) тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;

3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жоғалған;

4) кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жұмыс iстемейтiндей болып бүлiнген жағдайларда құқылы.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушiнiң салық органымен осы бапта белгiленген жағдайларда хабарламаның кепiлдi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.

3. Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшiн электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

4. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнсiз салық төлеушiнi мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде электрондық цифрлы қолтаңбаны жояды.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда:

1) салық төлеушiнi соттың заңды күшiне енген үкімі не қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда - салық органы соттың үкімін не қаулысын алған күннен бастап;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) салық төлеушiнi мемлекеттік тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде салық органы соттың шешiмiн алған күнiнен бастап;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3) осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі бойынша салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап жүргізеді.

 

 



§ 5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

 

574-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою

1. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтің мынадай түрлерін:

1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;

2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

5) темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

6) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) ойын бизнесін;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу болып табылады.

3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

4-тармаққа өзгерістерді қараңыз - 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5-тармаққа өзгерістерді қараңыз - 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына мынадай мерзімдерде:

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қызметтi жүзеге асырған кезде жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей;

2) тармақша 2016 ж. 1 қаңтарға дейін 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңының 8-бабының редакциясында қолданылады, өзекті редакцияны қараңыз

2) осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.

Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде салық органына мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіне, мұнай өнімдері базасына (резервуарға), автомай құю станциясына, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма үй-жайларына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе оларды жалдау шартының көшірмесін, осындай шарттардың бірін бір жыл кезеңге дейін не мұнай өнімдерін өндірушімен мұнайды қайта өңдеу шартын жасасқан кезде, қоса беріле отырып, ұсынылады.

Салыстыру үшін шарттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда шарттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда



6. Салық органы:

1) салықтық өтініш берілген күннен бастап;

2) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындар) болған жағдайда тіркеу есебіне қою әрбір ойын мекемесі (стационарлық орындар) бойынша бөлек жүзеге асырылады.

Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.

8. Ойын мекемесінің (стационарлық орын) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу есебіне алу әрбір салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект бойынша бөлек жүргізіледі.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1. Осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының мақсаттары үшін салық салуға байланысты объектілер деп мұнай өнімдерін өндірушінің өндіріс объектісі, мұнай өнімдері базасы, резервуар, жанармай құю станциясы, мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартында немесе мұнай өнімдерін өндірушімен (мұнайды берушілер үшін) жасалған шартқа қосымшада (ерекшелікте) көрсетілген мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және мұнай өнімдері көлемінің шығымы, осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.

10. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 575-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушi тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті беруге мiндеттi.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді.

Осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші салықтық өтінішке осы Кодекстiң 574-бабының 5-тармағында көрсетiлген, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді.



Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда, шарттардың және (немесе) шарттарға қосымшалардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуға тиіс.

3. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

576-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару



1-тармаққа өзгерістерді қараңыз - 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Салық төлеуші осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында аталған салықтық өтініш негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен:

1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайларда шығаруға тиіс.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылады (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есептен шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына беріледі.

3. Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды мынадай жағдайларда:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша алып тасталады (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензиясының қолданысы тоқтатылған;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу шартының және (немесе) мұнай өнімдерін өндірушімен жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартының қолданысы тоқтатылған;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодексте акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін үш айлық кезең ішінде оларды табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер тiркелген жердегі салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылуға тиіс.



 

 


: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет