Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 24.62 Mb.
бет112/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
§ 6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді

орналасқан жері бойынша тіркеу есебі

 

577-бап. Салық салу объектілерін және (немесе)  салық салуға байланысты объектілерді  орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою

1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жерi бойынша не тұрғылықты тұратын жерi бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.

Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектiсiнiң орналасқан жері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша он жұмыс күні ішінде салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  3-тармақ өзгертілді



3. Меншiк, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулi жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлiк басқару құқығында салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объектiсi бар дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша ұсынуға мiндеттi.

Салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органында тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсыну бойынша мiндеттеме осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшеге де қалданылады. Өтiнiшке осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық органына салық салу объектiсiнiң немесе салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi жер учаскесiн іс жүзінде иелену мен пайдалану құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға мiндеттi.



Осы тармақтың ережелері, салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тіркеу есебіне қою осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргізілсе, қолданылмайды.

4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 

578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе)  салық салуға байланысты объектілерді  орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару

1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:

1) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;

2) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер болмаған жағдайда салық органына мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Концессия шарты бойынша бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару құқығы тоқтаған заңды тұлға егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық өтініштің негізінде мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығарылады.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтініштің негізінде:

заңды тұлға осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойған;

заңды тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бір салық органында құрылымдық бөлімшені тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған жағдайда шығарылады.

Бұл ретте заңды тұлға құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімді жойған жағдайда, салықтық өтінішке мұндай шешімнің көшірмесі қоса беріледі.

Егер мұндай заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеу есебінен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережелері барлық салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша құқықтар тоқтатылған жағдайда, заңды тұлғаларға қолданылмайды.

4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

 

§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші



 

579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші

1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

2. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша;

2) ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынған жағдайда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



3. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:

жеке табыс салығы бойынша;

ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынбаған жағдайда

немесе соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбағанн дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.

4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер:

1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындағаннан;

2) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда, олар төленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



8. Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмінен шығарылады.

 

580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге салықтық өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тұлға таратылу сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.

Таратылу сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда - мұндай мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.



 

 

§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері



 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 581-бап өзгертілді (2014 ж. 19 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



581-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері

Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен  (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда



1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдік пен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 3), 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеуші туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат табыс етіледі.



Көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;

2) бейрезиденттердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін векселдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның



1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет