Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 24.62 Mb.
бет120/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі

 

628-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

629-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі

1. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

2. Салықтық тексеру жүргізу мерзімін:

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:

салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін;

жоғары тұрған салық органы - алпыс жұмыс күніне дейін;

2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:



салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;

жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі салық төлеушіге (салық агентіне) салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі шетел мемлекетіне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен салық органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберуге міндетті.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтатыла тұру мерзімі:

1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуға, дара кәсіпкер қызметінің, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салықтық тексеру;

3) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды тұлғалардың тақырыптық тексерулерінің;

4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулерінің салықтық тексеру мерзіміне кірмейді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  4-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



4-1) бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



4-2) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау мәселелері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерулер;

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен  5) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен  6) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 640-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) табыс ету туралы салық органының талабын қойған жағдайда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.

Осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.

6. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қарсы тексеруден басқа осы баптың 2 - 5-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, құжаттық тексеру жүргізу мерзімі:

1) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін - алпыс жұмыс күнінен;

2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден көп орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін - бір жүз сексен жұмыс күнінен;

3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін - бір жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс.

7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 273-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.

8. Егер тексерілетін салық төлеуші демалыс және мереке күндері қызметін жүзеге асырса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде хронометражды зерттеп-тексерулер жүргізген кезде сол күндер қосылуы мүмкін. Хронометражды зерттеп-тексерулер тәулік мерзіміндегі уақытқа қарамастан салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

 

630-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

1) резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;

2) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;

3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына;

4) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын салықтық тексерулерді қоспағанда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.

2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.

Тапсырысты хатпен хабарланатын етіп почта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүзеге асырылады.

4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан салықтық тексеруді бастауға құқылы.

Салық органы салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсатының негізінде салық төлеушіге хабарламастан жүзеге асырады.

 

632-бап. Салықтық тексеру жүргізуге негіз

1. Салықтық тексеру жүргізуге мынадай деректемелерді:

1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;

2) нұсқама шығарған салық органының атауын;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

4) сәйкестендіру нөмірін;

5) тексеру түрін;

6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де мамандардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);

7) тексеру жүргізілетін мерзімді;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) тексерілетін кезеңді (құжаттық тексерулер кезінде) қамтитын нұсқама негіз болып табылады.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда



2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада мыналар көрсетілуі тиіс:

2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді



1) аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ көрсетiлген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi тағайындау кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтер:

салық органдарында тiркеу есебiне қою;

бақылау-касса машиналарының болуы;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;

 2) мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер:

бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;

лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау;

3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер.

3. Құжаттық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру түріне қарай тексеруге жататын:

1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі туралы;

2) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын толық және уақытылы есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;

3) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген міндеттерді орындауы;

4) трансферттік баға белгілеу;

5) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу;

6) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;

7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке алмауы) және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдамауы;

8) соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау;

10) халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерінің қолданылу заңдылығы;

11) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



12) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілерінің және сатып алушыларының арасындағы есеп айырысуларды растау;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 13) - 19) тармақшалармен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

13) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау;

14) салық органдарында тіркеу есебіне қою;

15) бақылау-касса машиналарының болуы;

2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

15-1) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда



16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;

17) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;

18) лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;

19) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімнің орындалуы мәселелері көрсетіледі.

Кешенді тексеру жүргізген кезде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.

2009.17.07.



1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет