Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 24.62 Mb.
бет121/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
№ 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.

Қарсы тексерулер жүргізуге, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-тексеруге нұсқамаға салық органының бірінші басшысының орынбасары қол қоюы мүмкін.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді



5. Осы Кодекстің 629-бабында көзделген тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледі.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді



6. Мынадай:

салық органдарында тiркеу есебiне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.

7. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

633-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген күн немесе салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамаға қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн салықтық тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

2. Салық органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамдары салық төлеушіге (салық агентіне) өзінің қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Салық органының мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда



4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде, салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акті толтырады. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актіде:

1) толтырылған орны мен күні;

2) акт жасаған салық органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;

4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

5) нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

7. Салық төлеушінің салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартуы, салық органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.

Осы тамақтың ережелері осы Кодекстің 636-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.

8. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде аталған тексеруді салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша тоқтатуға жол берілмейді.

 

634-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері

1. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.

2. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:

1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;

2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;

3) бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.

3. Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:

1) салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;

2) зерттеп-тексеруді жүргізу күнін;

3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;

4) хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын;

5) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;

6) зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;

7) зерттеп-тексеру нәтижелерін;

8) басқа да деректерді қамтиды.

4. Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.

5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісіне қоса беріледі.



Хронометраждық-байқау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп-тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.

6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі.



 

635-бап. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі

1. Қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық төлеушіге қатысты жүргізіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Тексерілетін кезеңге асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық кезеңі, сондай-ақ осы салық түрі бойынша тексеру жүргізілмеген, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын алдыңғы кезең де енгізіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауарлар экспорты жағдайында осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіткен нысанда және тәртіппен табыс етілген кеден органының Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде тауарлар әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі.

Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде тауарларды әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауаптылықта болады.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-11-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-13-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына өткізіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша және тәртіппен табыс етілген, өңдеу өнімдерін Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

Өңдеу өнімдерін Кеден одағының кеден аумағынан экспорт экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Тауарлардың экспорты жағдайында қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізілетін тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.

Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіге сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушыға берілген тауарлар бойынша импорттық тауарлар декларациясының болуы есепке ескерілді.

Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған, зат түрінде қарыз берген жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциясы бойынша шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ аталған операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің болуы ескеріледі.

Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оған меншік құқығының лизинг алушыға көшуін көздейтін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен жағдайда лизинг төлемінің нақты түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының өтелуі бөлігінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі мәліметтер ескеріледі.

Валюталық түсімнің түсуі туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.



Осы қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді.

Осы тармақтың салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банк шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі талаптары осы Кодекстiң 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушiлерге қолданылмайды.

5. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілеріне қарсы тексеру тағайындауы мүмкін. Егер тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілері қосылған құн салығы бойынша басқа салық органында тіркелу есебінде тұратын болса, тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу жібереді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді



6. Қосылған құн салығы сомаларын қайтаруды талап еткен салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі - мониторингке жататын ірі салық төлеушісі арасындағы операциялар бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы салық органынан осындай салық органы жіберген сұрау салауға алынған қосылған құн салығы сомаларын растау туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді.

Салық органына сұрау салу осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылданған тікелей өнім берушіге - мониторингке жататын ірі салық төлеушіге қатысты жіберіледі.



Сұрау салуда тексеру жүргізілетін салық төлеуші, тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші туралы деректер, олар жазып берген есеп фактурасының нөмірі, күні, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым сомасы, қосылған құн салығы сомасы болуға тиіс, сондай-ақ тексеру жүргізілетін кезең көрсетіледі.

Салық органы қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы, соның ішінде сұрау салуда көрсетілмеген, тексеру жүргізілетін кезең ішінде тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші мен тексеру жүргізілетін салық төлеуші арасында жасалған операциялар туралы мәліметтерді ұсынады. Қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы мәліметтер уәкілетті органдағы салық есептілігiнiң деректері негізінде ұсынылады.

7. Өзіне қатысты тақырыптық тексеру жүргізілетін қосылған құн салығын төлеушінің мынадай өнім берушілері:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) кейіннен оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды беруді жүзеге асырған;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) байланыс қызметтерін беруді жүзеге асырған;

2) жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, тауарларды жеткізген, Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асырмайтын бейрезидент өнім берушілер;

3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер қарсы тексеруге жатпайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



8. Өнім берушіге міндетті үстеме тексеру тағайындау және (немесе) салық органына мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау туралы сауал жіберу туралы шешім «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша алшақтық айқындалған тексерілетін салық төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады.

Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі - салық төлеуші (салық агенті) қосылған құн салығы бойынша ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен   (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Салықтық тексеру аяқталған күнге:

өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге сауал салуға жауаптар алынбаған;

тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;

бұрын жiберiлген сауал салу бойынша салық органы алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған;

қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған;

үстеме тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған, оның ішінде:

өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;

өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалтуы себептері бойынша расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте, салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.

10. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай:

1) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісіне қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар салықтық тексеру аяқталған кезде алынған;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) осы Кодекстің 245-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді



2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі қарсы тексерулер жүргізуге бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған немесе бұрын жіберілген расталмаған сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын салық органы растаған;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3) осы Кодекстің 272-бабының 3-1-тармағын қолданған жағдайларда жүргізіледі.

Салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа бір данасына белгі қоюға міндетті.

11. Егер қарсы тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, есебіне жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің негізінде жүргізіледі.

12. Сұрау салуларға жауаптар тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасынан ерте емес және жиырма бесінен кешіктірмей салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасы күнгі жағдай бойынша келіп түскен қарсы тексерулер жүргізуге арналған сұрау салуларға берілген жауаптардың нәтижелері бойынша жасалады.

13. Тақырыптық тексеру актісі және тақырыптық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының жалпы сомасы тексерілген кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларациядағы қосылған құн салығынан асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14. Осы баптың ережелері оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау бойынша тақырыптық тексеру қосылған құн салығының ұсынылған және қайтарылған сомаларының дәйектілігін растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық органы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  635-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



635-1-бап. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру жүргізу тәртібі

1. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агентіне қатысты оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңі ішінде осындай өтініш берген бейрезиденттің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргізеді.

2. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізуді бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде осындай өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тағайындауға міндетті.

3. Тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы құжаттарды мынадай тұрғыдан:

1) салық агентінің бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерін толық орындауын;

2) осы Кодекстің 191-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;

3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші бейрезиденттің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 562-бабында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуін;

4) бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтініште көрсетілген деректердің дәйектілігін;

5) бейрезидент шартты банк салымы туралы шартты жасасқан жағдайда, осы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауын тексереді.

 

636-бап. Салық органы лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе  үй-жайға жіберілуі



1. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарын табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге зерттеп-тексеру үшін жіберуге міндетті.

2. Салық органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамдарының көрсетілген аумақтарға және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа) кіруіне кедергі жасалған жағдайда, салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады.

3. Салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық органының тексеруді жүргізуші лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші (салық агенті) бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында олар болуға тиіс.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай жағдайларда, егер:

1) нұсқама белгіленген тәртіпте ресімделмеген болса;

2) нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;

3) бұл тұлғалар нұсқамада көрсетілмеген болса;

4) салық органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін қажетті арнайы рұқсаты болмаса, салық органының лауазымды адамдарын салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.

 

637-бап. Салықтық тексеруді аяқтау

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды адамы:

1) салықтық тексеру жүргізілген орынды, акт жасалған күнді;

2) тексерудің түрін;

3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

4) салық органының атауын;

5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

6) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;

7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) алдыңғы жүргізілген құжаттық тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді, тақырыптық тексерулер жүргізген кезде);

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9) тексерілетін кезеңді және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

10) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

11) салықтық тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына оны алғаны туралы қол қоюға міндетті.

Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні тапсыру салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімі аяқталатын күн салықтық зерттеу актісін жасаған күн болып табылады.

3. Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнмасының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасалады.

4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің аяқталу күнінде салық төлеуші (салық агенті) орналасқан жерінде және (немесе) салықтық тексеру жүргізілген орында болмаған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.

5. Салықтық тексеру актісіне осы Кодекстің 557-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажетті құжаттардың көшірмелері, салық органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

6. Салықтық тексеру актісі кемінде екі дана етіп жасалады және оған салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.

7. Егер тарату салықтық есептілігі алынған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу міндеттемелері туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.



 

638-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, аудару, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, бейрезиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.

2. Осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады.

3. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер болуға тиіс:

1) хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеу күні мен нөмірі;

2) салық төлеушінің (салық агенті) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;

3) сәйкестендіру нөмірі;

4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің және өсімпұлдардың есептелген сомасы;

5) кемітілген залал сомалары;

6) қайтарылуға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы;

7) бейрезиденттердің төлем көзінен, табыстарынан ұсталған, қайтарылуға расталмаған корпорациялық (жеке) табыс салығының сомасы;

8) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;

9) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың деректемелері;

10) шағым жасау мерзімі мен орны.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген жағдайда өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіні салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталған соң шығарылады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талаптың ескіру мерзіміне салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңі енгізілмейді.

Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеруде қамтылған мәселелерге ғана қолданылады.

5. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші (салық агенті), егер салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.

Мынадай:

салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша;

тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың осы тармақта көзделген тәртiппен салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.

7. Егер салықтық тексеру аяқталғанда Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.

8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруді аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Егер, осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс құжаттық тексеру жүргізген кезде салық органы салық төлеушінің сол салық кезеңінің ішінде сол бір мәселе бойынша осының алдындағы кез келген салықтық тексеру кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық фактісін анықтаса, салық төлеушіге мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын:

1) салық төлеуші бюджетке төленуге жататын салық сомасын немесе төлемді салықтың осы түрі бойынша бұрын тексерілген қосымша салық есептілігін немесе салық кезеңіндегі төлемді ұсыну арқылы кемітетін бөлігінде;

2) салық органының осының алдындағы сол салық кезеңі ішіндегі кез келген салықтық тексерулерді жүргізген кезде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижесі бойынша, егер жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;

3) бюджетке төленуге тиісті салық сомасына немесе төлемақыға әсер ететін және салық төлеуші сол салық кезеңі ішінде салықтың немесе төлемақының осы түрі бойынша жүргізілген кез келген салықтық тексеру барысында салық органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша;

4) жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасылған операциялар бөлігінде, егер осындай салық төлеуші туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай операциялар жасалған салық кезеңіне жүргізілген кез келген салықтық тексерудің бірі аяқталғаннан кейін жарияланса, соттың өкімі немесе қаулысы күшіне енгізілгеннен кейін;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) егер салық органы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазу бойынша әрекеті (әрекеттері) туралы мәлiметтердi осындай әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңiнде жүргiзiлген алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн осындай әрекет (әрекеттер) бөлiгiнде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.

 

 



1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет