Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы



бет39/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126
§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 181-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 181-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы

Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы тиісінше заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомалары болып табылады.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 182-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



182-бап. Салықты есептеу және төлеу

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы әрбір айдың қорытындылары бойынша алынған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы, бір айда алынған табыстар бойынша есептеледі.

2. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.



 

 

§ 3. Дара кәсіпкердің табысы



 

183-бап. Дара кәсіпкердің табысы

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцида (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы осы Кодекстiң 83 - 133, 136, 137 және 224-баптарына сәйкес корпоративтiк табыс салығы салынатын объектiнi айқындау үшiн белгiленген тәртiппен, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып және осы Кодекстің 166-бабының 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық шегерімдермен айқындалады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің салық салынатын табысын айқындау кезінде осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысын осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметпен қамтылған қызметкерлердің салық салынуға жататын, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылатын табыстары бойынша салық кезеңінде есепке жазылған жұмыс беруші шығыстарының бір еселенген мөлшеріне азайтады.

 

 

§ 4. Басқа табыстар



 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



184-бап. Басқа табыстар

1. Мыналар салық төлеушiнiң салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:

1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын, шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді



3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды



3-1) Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;

4) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыстар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасасылған еңбек шарттары (келісімшарттар) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



6) салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған медиаторлардың табыстары;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады)



7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түскен, салық салынуға жататын, олар бойынша төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді табыс етуіне байланысты жүргізілмеген табыстар.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыстарға салық салу осы Кодекстiң 27-тарауында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.



2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңінің ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

Осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.

Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстар сомасы ретінде айқындалады.

Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.

3. Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.

4. Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.



 

 

21-тарау. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ



 

185-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;

3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;

4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салу объектісіне қосылатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 186-бап өзгертілді; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 186-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

2. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.



Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Бұл ретте, осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.

 

187-бап. Салық төлемінің расталмауы



Осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етуші салық төлеушілер жеке табыс салығын төлегенін растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке табыс салығының төленгені расталмаған табыс сомасына қолдану жолымен жүргізіледі.

 

 

7-БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

22-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

188-бап. Халықаралық салық салудың негізгі принциптері

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



1. Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Қазақстан Республикасында бейрезиденттер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетiн табыстардан салық төлейді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетiн табыстардан да салық төлейді.

3. Резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.

 

189-бап. Резиденттер



1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда



2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.

3. Бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:



1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;

2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;

3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:

1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген адамдар, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;

2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;

3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;

4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;

5) оқу немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген студенттер, тағылымдамадан өтушілер мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңінде;

6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде;

7) емделу немесе сауықтырудан өту, профилактикалық ем алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР


Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет