Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет40/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126
Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе сол сияқты органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.

 

190-бап. Бейрезиденттер



Осы Кодекстің мақсатында мыналар:

1) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;

2) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезиденттер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бейрезиденттер деп танылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 191-бап өзгертілді; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 191-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



191-бап. Бейрезиденттiң тұрақты мекемесi

1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:

1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) кез келген басқару орны;

3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;

4) құбыржолға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;

5) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, ретке келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;

7) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу орны;

8) құрылыс қызметін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсететін кез келген орын;

9) осы баптың 4-тармағында аталған қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері;

10) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бейрезиденттің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жері;



11) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейрезидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері.

2. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау кезінде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген келесі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшін бейрезидент жалдаған қызметші немесе басқа персонал арқылы қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.

Осы бөлімнің мақсаты үшін олар бойынша келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты немесе өзара тәуелді болып табылатын жобалар байланысты жобалар деп танылады.

Бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

1) мұндай келісімшарттар (шарттар) бойынша бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы қандай да бір салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына бірдей немесе біртектес қызметтер (жұмыстар) көрсететін (орындайтын)»;

2) бір келісімшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету (жұмыстар орындау) аяқталған күн мен басқа келісімшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңі келесі он екі айдан аспайтын келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты келісімшарттар (шарттар) деп танылады.

Бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы салық агентімен немесе оның өзара байланысты тарапымен жасаған келісімшарттар (шарттар) өзара тәуелді деп танылады, бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының олардың біреуі бойынша міндеттемелерін орындамауы мұндай бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындауына әсер етеді.

3. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген көрмелерде және жәрмеңкелерде өткізу кезінде, егер мұндай өткізу күнтізбелік он күннен астамға созылса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.

4. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттiң негiзгi қызметiнен ерекшеленетiн дайындық және көмекшi сипаттағы қызметтi жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайды. Бұл ретте дайындық және көмекшi сипаттағы қызмет үшінші бір тұлғалар үшiн емес, резиденттiң өзi үшiн жүзеге асырылуға тиiс. Дайындық және көмекшi сипаттағы қызметке:



1) кез келген орынды бейрезидентке тиесiлi тауарды сақтау және (немесе) көрсету мақсатында ғана пайдалану;

2) тауарларды өткізбей, оларды сатып алу мақсатында ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;

3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы бейрезиденттiң негiзгi қызметi болып табылмаса, ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, бейрезиденттiң өткізетін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау жатады.

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметiн тәуелдi агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай бейрезидент, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тәуелдi агент ол үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесi бар бейрезидент ретiнде қарастырылатын болады.



Осы бөлімнің мақсаты үшін бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін тұлға тәуелді агент деп танылады:

1) шарттық қатынастар негізінде Қазақстан Республикасында бейрезиденттің мүдделерін білдіруге, бейрезиденттің атынан және есебінен әрекет етуге және (немесе) белгілі бір заңды іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік беріледі;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметті ол кеден өкілінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметі және өзге де брокерлік қызмет (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) шеңберінде жүзеге асырмайды;

3) оның қызметі осы баптың 4-тармағында санамаланған қызмет түрлерімен шектелмейді.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншiлес ұйым мен бейрезидент заңды тұлға арасында осы баптың 5-тармағының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындаса, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылады. Өзге жағдайларда бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.

7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын бейрезидентке Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент бір мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде:

1) егер мұндай персонал өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;

2) шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент ұсынылған персоналдың жұмыс нәтижелерi үшін жауапты болмаса;

3) бейрезиденттiң шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден салық кезеңінде алатын табысы бейрезиденттiң осындай персоналды ұсыну бойынша көрсетілген кезеңдегі шығындарының жалпы сомасының он пайызынан аспайтын болса, Қазақстан Республикасында мұндай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.

Шетелдiк персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызметтер көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшiн бейрезидент көрсетілетін қызметтерді алушыға бастапқы құжаттарының көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi. Осы тармақта белгіленген талаптарды орындау кезінде, шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсететін бейрезиденттiң табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін бейрезиденттiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде көрсетілген қызметтер болып танылады.

8. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 562-бабында белгiленген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.



Егер бейрезидент бір салық органында тіркелуге жататын екі және одан да көп тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттің мұндай тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады.

Егер бейрезиденттің осы баптың 2, 3, 4, 5 немесе 7-тармақтарында көзделген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асыратын тіркелген тұрақты мекемесі болса және ұқсас немесе осындай қызметті мұндай тұрақты мекеме тіркелген орыннан өзгеше орын бойынша жүзеге асырса, онда мұндай қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеме құруға әкеп соғады және ұқсас немесе осындай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап тіркелуге тиіс.

Егер бейрезидент қызметін мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесін салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастағаннан кейін келесі он екі айлық кезең ішінде қайта бастаса, онда мұндай бейрезидент тұрақты мекеме құрған деп танылады және мұндай қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Осы бөліктің ережелері, егер бейрезидент салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алынып тасталған мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесінің сондай немесе соған ұқсас қызметі болып табылатын, осы баптың 2, 3 немесе 4-тармақтарында аталған қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырған жағдайда, қолданылады.

9. Бейрезиденттер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырған жағдайда:



1) мұндай шартқа әрбір қатысушының қызметі осы бапта белгіленген ережелерге сәйкес келген кезде тұрақты мекеме құрады;

2) салық міндеттемесін орындауды мұндай шартқа әрбір қатысушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады.

10. Бейрезиденттiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелмегенiне немесе әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өтпегенiне қарамастан, бейрезиденттiң қызметi осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.

11. Осы Кодекстi қолдану мақсатында бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi ретiнде:

1) мыналарға:

Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;

өз атынан Қазақстан Республикасында iс-әрекет жасауға өкiлеттiктер беруге;

өткізу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;

Қазақстан Республикасында бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;

Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) бірiн жасасу;

2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты жасасу күнi не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келген күнi танылады. Бұл ретте бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi осы тармақшада көрсетiлген алғашқы күндердiң бірiнен бұрын бола алмайды;

3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға бейрезиденттің құқығын куәландыратын құжаттың күшіне енген күні танылады.

Осы тармақтың бірнеше талаптары болған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген күндердiң неғұрлым бұрынырағы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.

12. Егер бейрезидент қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын филиал немесе өкiлдiк арқылы қызметiн жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттiң мұндай филиалына немесе өкiлдiгiне осы Кодекстiң бейрезиденттiң тұрақты мекемесi үшiн көзделген ережелерi қолданылатын болады. Бұл ретте мұндай филиалдың немесе өкiлдiктің осы Кодекстің 217-тармағына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқықтары бар.

 

192-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары



1. Табыстардың мынадай түрлері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.

Осы бөлімнің мақсатында:

сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;

 банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);

орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда



4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.

Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне қатысты қолданылмайды;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



5) мыналарды:

Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

егер бейрезидент заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидентке борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.

Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;

2013.05.12. № 152-V ҚР


Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет