Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 24.62 Mb.
бет47/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
бұр.ред.қара)

212-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарын салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі

1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай бейрезидентке табыс төлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

2. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 212-1, 212-2, 213, 214 және 215-баптарында халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі белгіленген табыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 197-бабында айқындалған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында көзделген бейрезиденттің табыстарына салық салуға қатысты қолданылады.

3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.



Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бірінші болып басталатын мына күндердің бірінен:

1) бейрезидентке табыс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан;

2) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспарлы салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, бейрезидентке табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізудің басталуынан;

3) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, бейрезидентке табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізу аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Жоспардан тыс салықтық тексерудің аяқталған күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.

4. Егер бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент заңды тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжатпен бірге салық агентіне құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелерді табыс етеді.



Салық агенті табыс етілген құжаттардың және қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға арналған шарттың (келісімшарттың) негізінде бейрезиденттің осындай шарттың (келісімшарттың) және олар болған кезде байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құру фактісін айқындайды.

Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің табыстарын салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.

5. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда осындай шартқа қатысушы болып табылатын бейрезидент заңды тұлға халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжатпен қатар салық агентіне бірлескен қызмет туралы шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етеді.



Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның табысына бірлескен қызмет туралы шартта көрсетілген бірлескен қызметке оның қатысу үлесіне барабар халықаралық шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге де құжаттың ережелерін қолдануға құқылы.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.

Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, табыс етілу мерзімі бейрезиденттің осындай құжатты осы баптың 3-тармағына сәйкес салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.

7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл мемлекеттік бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 212-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



212-1-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде алған табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі

1. Дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезидентке табыс төлеу кезінде немесе шегерімге сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезиденттің төленбеген табыстарын жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушы болып табылатын және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылатын жағдайда салық агенті тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық мөлшерлемелерін дербес қолдануға құқылы.



Осы бөлімнің мақсатында табыстарды иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай табысқа қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) табыстарды алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек.

2. Егер сыйақы төлеу түпкілікті (нақты) табысты алушыға (иеленушіге) делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда, салық агентінің бір мезгілде мынадай:

1) шартта (келісімшартта) делдал арқылы түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын әрбір тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын)) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетілген;

2) салық агентіне осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжат ұсынылған талаптар сақталған кезде осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен жасасқан тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.

Бұл ретте, резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.

Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің (табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс етілу мерзімі бейрезиденттің осындай құжатты осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.

4. Салық агенті осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен бейрезидентке делдал арқылы сыйақы түрінде табыс төлеу кезінде халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.



Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде аударылуға жатады.

5. Бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) табысының төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке салық агенті аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар.



Бұл ретте бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) салық агентіне:

1) делдалмен жасасқан, онда осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация елінде салықтық тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын); инкорпорация елінде мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын)) көрсете отырып, осындай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) ;

2) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін сыйақы түрінде табыс алған кезеңде оның резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.

Бұл ретте, бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.

6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындау кезінде салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) сыйақы түрінде табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесін немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.



Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 212-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



212-2-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түріндегі табыстарын салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі

1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:

1) мыналарды:

базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауын;

депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты;

жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы.

Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар:

егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін ұйым;

немесе

егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды;

2) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.



Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) және ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етілетін салық есептілігінде көрсетуге міндетті.

Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс етілу мерзімі бейрезиденттің осындай құжатты осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.

3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде бейрезидентке табыстар төлеу кезінде салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.

Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады.

4. Салық агенті бейрезиденттің табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға құқығы бар.



Бұл ретте, бейрезидент салық агентіне:

1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;

2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін дивидендтер түрінде табыс алған кезеңде оның резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.

Бұл ретте бейрезидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.

5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.



Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

6. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 213-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



213-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы бейрезиденттiң халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түскен табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Егер бейрезидент табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстарға салық салудан босату бөлігінде оның халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.

Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.

Резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін салық төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.

2. Бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда салық сомасын, мөлшерлемені және соның негізінде мұндай мөлшерлеме қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салынуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) жөніндегі қызметтер көрсетуден (салық салынуға жататын) түсетін табыстар сомасын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР



1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет