Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 24.62 Mb.
бет59/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
Заңымен 253-1-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 253-1-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер

1. Осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер қосылған құн салығынан босатылады.

2. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі қосылған құн салығынан босатылады.



 

254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар бойынша айналымдар:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткізген;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда



3) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) және 5) тармақшалармен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;

5) мыналар:



ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызмет жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді өткізген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.;

 

255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт



1. Мынадай тауарлар:

1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;

3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;

4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға жататын тауарлар;

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда



7) мыналар:

Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде,Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмегенкез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



7-1) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар және ветеринариялық техника, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехника; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;

8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар;

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:

импортталған инвестициялық алтынның салмағын

өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)

көбейту

өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына

көбейту

тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:

құймалар;

пластиналар;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады.

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

 

34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ



 

256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:

1) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:

Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;

қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:

жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;

қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;

4) осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған болса;

5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

2. Мыналар:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1) осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөліп көрсетіліп, жазып берiлген шот-фактуралар бойынша өнім берушілерге төлеуге жататын;

2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;

3) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiнiң құнына келетін бөлігінде осы Кодекстің 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделген тауарлар декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;

6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетілген;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып берілетін жол жүру билетінде бөлек көрсетілген;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР



1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет