Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет65/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126
Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Осы Кодекстің 571-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясында көрсетілген қосылған құн салығын төлеу қосылған құн салығын төлеушінің салық органына осындай декларацияны табыс еткен күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, оның орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етілген салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.

Бұл ретте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту осы Кодекстің 51-3-бабына сәйкес жүргізіледі.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 271-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарынан қолданысқа енетін 4-тармақты қоспағанда, 2009 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді)

271-1-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауының ерекшеліктері

1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін:



қосылған құн салығының жай серіктестіктің аталған қатысушысына келетін үлесі бөлігінде қатысушының әрқайсысы;

не өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салық міндеттемесін орындауға уәкілетті болса, оператор орындауға тиіс.

2. Жай серіктестіктің (консорциумға) әрбір қатысушысының қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындауы кезінде:



тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 235-бабының талаптарына сәйкес жазып беріледі;

қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының әрқайсысы тапсырады;

қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары жай серіктестіктің аталған қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде қатысушының әрқайсысының дербес шотында көрсетіледі;

қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару декларацияны табыс еткен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына жүргізіледі;

салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына әрқайсысына қатысты қолданылады.

3. Оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаған кезде:



тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 263-бабының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен оператордың деректемелері көрсетіле отырып, жазып беріледі;

қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша оператор тапсырады;

қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары оператордың дербес шотында көрсетіледі;

қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару операторға жүргізіледі;

салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тәртіпке сәйкес операторға қатысты қолданылады және бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына тапсырылды деп есептеледі.

4-тармақ  2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетілуге және өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін өзгермеген күйінде қалуға тиіс.

 

 



37-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС

 

272-бап. Қосылған құн салығын қайтару

1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мыналар:

272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 42-бабының редакциясында қолданылды

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып кетуі).

Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды;

2) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 275-бабында белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, дипломатиялық және осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер - олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен төлеген қосылған құн салығы;

4) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге бюджеттен қайтарылуға жатады.

2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қалыптасқан, осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуі, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған немесе пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге байланысты қалыптасқан асып түсуді қоспағанда, бюджеттен қайтарылуға жатпайды.

Осы тармаққа сәйкес бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып түсуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлем шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотының есебіне жатқызу жүргізілмейді.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Есепті салық кезеңінің соңында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының өсетін қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан асып кетуі нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:

1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;

2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3-1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға беріліп жатқан өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан жағдайда, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап, теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.

Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:

1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;

2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;

3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.

Осы баптың мақсаттары үшін, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдердің тұрағына немесе тұруына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақүй, мейрамхана мақсатындағы құрылыстарды қоспағанда, құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатқызылады.

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «толық аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады.

Бұл ретте, құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.

Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:

1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім) жасасқан күн;

2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім) жасасқан күн құрылыстың басталуы болып танылады.

Осы тармақтың ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

1) салық төлеуші арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан, жаңадан құрылған ұйым болып табылса;

2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;



3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар болып танылса;

4) ғимараттарды, құрылыстарды мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алса, қолданылады.

Осы тармақтың ережелері өздеріне қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы баптың 3-тармағында және (немесе) 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, сондай-ақ осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге осындай қайтару кезінде қолданылмайды.

Салық төлеуші осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып, ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген күннен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы жөніндегі кезекті декларацияда көрсетеді.

4. 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Асып кеткен қосылған құн салығын қайтару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



 

273-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару:

1) егер осы Кодектің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімде;

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын және (немесе) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер үшiн 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасыныын колдануы 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн тоқтатылды

2) салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.

2. Егер қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кеткен сома алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне жатқызылады немесе қайтарылуға ұсынылуы мүмкін.



Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтаруға құқығы бар.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Егер осы Кодекстің осы бабының 4-тармағында және 274-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күннің ішінде жүргізіледі.

Осы тармақтың мақсатында:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.

3) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару салық органына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде жүргізіледі.



Осы тармақтың мақсатында:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Кодекстің 634-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.

5. Қосылған құн салығының асып кетуі:

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мыналар:

шағын бизнес субъектілері;

шаруа немесе фермер қожалықтары;

ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші-заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;

2012.26.12. № 61-V ҚР


Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет