Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


Заңымен 451-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



бет94/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126
Заңымен 451-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Бюджетке төленуге жататын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту сондай-ақ:

1) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде;

2) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған табыстарға қолданылады.

3. Осы бапты қолдану кезінде бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында:



1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып түсуi) болмаған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;

2) есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсуі болған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсу сомасынан асып түсуі 70 пайызға азайтылуға жатады.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 452-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



452-бап. Салық төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмдерi

Осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтардыбюджетке төлеу және олар бойынша салық есептiлiгін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

 



19-БӨЛІМ. БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР

 

64-тарау. ТІРКЕУ АЛЫМДАРЫ



 

453-бап. Жалпы ережелер

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



1. Тіркеу алымдары (бұдан әрі - алымдар) - уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 455-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

2. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі - тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

3. Осы Кодекстің 583-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан  кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 454-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



454-бап. Алым төлеушілер

Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Құрылымдық бөлімшелер тіркеуші органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезінде алымдарды дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.

 

2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 455-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



455-бап. Салық салу объектісі

Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді



1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

дара кәсіпкерлерді;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды;

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін;

ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды;

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегені;

теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



2) осы баптың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

 

 



2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) 456 баптың 1-бағанына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 456-бап өзгертілді

456-бап. Алым мөлшерлемелері

Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымдарды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi және мыналарды құрайды:

 

Рет №

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

 

1.1

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

1.1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

2

1.1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

1.2

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

1.2.1.

мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

1.2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

1.3

балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

1.3.1.

мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

1.3.2.

қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

1.4

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2.

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін:

 

2.1.

дара кәсіпкерлерді тіркегені үшін

2

2.2.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін:

 

3.1

мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін:

 

3.1.1.

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға

0,5*

3.1.2.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа

8*

3.1.3.

гараждарға

0,5*

3.1.4.

мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар):

 

3.1.4.1.

бір объект

10*

3.1.4.2.

екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер

15*

3.1.4.3.

алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер

20*

3.1.4.4.

оннан көп жеке тұрған объектілер

25*

3.2

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:

 

3.2.1.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін

1

3.3.

жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін

0,5*

3.4.

сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін

0,5

3.5.

кондоминиум объектісін тіркегені үшін

1

3.6.

ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін

0,25*

3.7.

құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін

0,25*

3.8.

жылжмайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін

0,25*

3.9.

құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін

0,25*

3.10.

 міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін

0,25*

3.11.

құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

0,25*

3.12.

жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін

0,5*

3.13.

құқықтық талап етуді тіркегені үшін

0,25

3.14.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (туындататын) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені (ауыртпалығын тоқтатқаны) үшін

0

3.15.

республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін

0

3.16.

жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін

0

3.17

мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін

0

3.18

жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,25

4.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін

-

4.1.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарылып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін:

-

4.1.1.

жеке тұлғалардан

1

4.1.2.

заңды тұлғалардан

5

4.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,5

5.

 

 

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

 

5.1.

5.2.

5.3.

5.4.

5.4.1.

5.4.2.

6.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

 

6.1.

мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін:

 

6.1.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

6.1.2.

теңіз кемелерін

60

6.1.3.

өзен кемелерін

15

6.1.4.

шағын флот кемелерін:

 

6.1.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

3

6.1.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

2

6.1.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.1.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

6.1.6.

ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды

14

6.1.7.

қалалық рельстік көлік

0,25

6.1.8.

теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам

0,25

6.2.

мыналарды:

 

6.2.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

6.2.2.

теңіз кемелерін

30

6.2.3.

өзен кемелерін

7,5

6.2.4.

шағын флот кемелерін:

 

6.2.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.2.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1

6.2.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,75

6.2.5.

азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін

7

6.2.6.

қалалық рельстік көлік

0,25

6.2.7.

теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам

0,25

6.3.

мыналардың:

 

6.3.1.

механикалық көлік құралының немесе тіркеменің

0,25

6.3.2.

теңіз кемелерінің

15

6.3.3.

өзен кемелерінің

3,75

6.3.4.

шағын флот кемелерінің:

 

6.3.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі

0,75

6.3.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі

0,5

6.3.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелердіі

0,38

6.3.5.

азаматтық әуе кемелерінің

3,5

6.3.6.

ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

3,5

6.3.7.

қалалық рельстік көлік

0,25

6.3.8.

теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам

0,25

7.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

 

7.1.

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркегені үшін

11

7.2.

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қайта тіркегені үшін

5

7.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

0,7

8.

Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегені үшін:

 

8.1.

авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркегені үшін

3

8.2.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

8.2.1.

8.2.2.

8.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

2

9.

Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттiк тiркегенi (есепке қойғаны) үшiн:

 

9.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

2

9.2.

өзге тақырыптағы

5

9.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

 

9.3.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

1,6

9.3.2.

өзге тақырыптағы

4

Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет