Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 24.62 Mb.
бет98/126
Дата25.04.2016
өлшемі24.62 Mb.
түріКодекс
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
476-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейін телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін рұқсатты (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.

 

 



2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 68-1-тараумен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

68-1-тарау. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым

 

476-1-бап. Жалпы ережелер

1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақты, тікұшақ айлағын, авиациялық оқу орталығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдарын, аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттауы үшін алынады.

2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық органдарына өзінің орналасқан жері бойынша алым төлеушілер туралы және салық салынатын объектілер туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.

 

476-2-бап. Алым төлеушілер



Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің мүдделеріне орай азаматтық авиация саласында сертификаттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Құрылымдық бөлімшелер осындай құрылымдық бөлімшенің мүдделерінде азаматтық авиация саласында сертификаттауды жасаған кезде дербес алым төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.

 

476-3-бап. Алым мөлшерлемелері

1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және (немесе) қызмет саласына, әуе кемесінің салмағына және (немесе) оның қозғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталатын объектілердің класына (санаттарына) байланысты белгіленеді.

2. Азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:



 

Р/с№

 

Сертификат-тау түрі

Пайдаланушының штат (адам) саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін:

1.1.

 

қоса алғанда 50 адамға дейін

1144

1.2.

 

51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін

1232

1.3.

 

201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін

1272

1.4.

 

401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін

1319

1.5.

 

601 адамнан қоса алғанда

1 200 адамға дейін

1363

1.6.

 

1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін

1407

1.7.

 

2001 адамнан астам

1458

2.

Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін:

2.1.

 

қоса алғанда 50 адамға дейін

743

2.2.

 

51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін

831

2.3.

 

201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін

871

2.4.

 

401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін

918

2.5.

 

601 адамнан қоса алғанда

1 200 адамға дейін

962

2.6.

 

1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін

1006

2.7.

 

2001 адамнан астам

1057

 

3. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:



 

Р/с



Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі

(АЕК)

1

2

3

1.

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін:

1.1.

ұшақтың ұшуға жарамдылығы

1.1.1.

136000 килограмнан астам

450

1.1.2.

75000 килограмнан астам, қоса алғанда 136000 килограмға дейін

437

1.1.3.

2 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін

328

1.1.4.

3 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін

364

1.1.5.

4 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін

401

1.1.6.

2 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін

291

1.1.7.

3 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін

328

1.1.8.

4 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін

364

1.1.9.

5700 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін

54

1.1.10.

2250 килограмнан астам, қоса алғанда 5700 килограмға дейін

54

1.1.11.

750 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін

36

1.1.12.

750 килограмнан төмен

10

1.2.

тікұшақтың ұшуға жарамдылығы

1. 2.1.

10000 килограмнан астам

145

1.2.2.

1 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін

91

1.2.3.

2 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін

127

1.2.4.

1 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін

54

1.2.5.

2 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін

72

1.2.6.

1 қозғалтқышымен 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 3180 килограмға дейін

54

1.2.7.

2 қозғалтқышымен 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 3180 килограмға дейін

72

1.2.8.

1 қозғалтқышымен 2000 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін

54

1.2.9.

2 қозғалтқышымен 2000 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін

72

1.2.10.

750 килограмнан астам, қоса алғанда 2000 килограмға дейін

54

1.2.11.

750 килограмнан төмен

10

2.

Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін:

2.1.

ұшақ

10 000

2.2.

тікұшақ

5 000

2.3.

басқа да ұшу аппараттары

1 000

3.

Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау:

3.1.

ұшақ

1000

3.2.

тікұшақ

2000

3.3.

басқа да ұшу аппараттары

500

 

4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:



 

Р/с



 

Қолданылу саласы

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі

(АЕК)

1

2

3

4

1.

Жекелеген типтегі әуе кемелеріне шұғыл техникалық қызмет көрсету, оның ішінде ағымдағы жөндеу, ақауларды жою, агрегаттар мен жабдықтаушы бұйымдарды ауыстыру:

1.1.

 

10 адамға дейін

346

1.2.

11 адамнан 40 адамға дейін

364

1.3.

41 адамнан 70 адамға дейін

382

1.4.

71 адамнан 100 адамға дейін

400

1.5.

101 адамнан 150 адамға дейін

419

1.6.

151 адамнан 200 адамға дейін

437

1.7.

201 адамнан астам

455

2.

Жекелеген типтегі әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету, оның ішінде авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарын ауыстыру, оларды ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы қызмет көрсету, авиациялық техникаға сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету:

2.1.

 

10 адамға дейін

418

2.2.

11 адамнан 40 адамға дейін

436

2.3.

41 адамнан 70 адамға дейін

454

2.4.

71 адамнан 100 адамға дейін

472

2.5.

101 адамнан 150 адамға дейін

491

2.6.

151 адамнан 200 адамға дейін

509

2.7.

201 адамнан астам

527

3.

Зертханалар жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету

 

218

4.

Әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жабдықтаушы бұйымдарының жағдайын бұлжытпай бақылау әдісін қолдану

 

145

5.

Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):

5.1.

 

10 адамға дейін

236

5.2.

11 адамнан 40 адамға дейін

254

5.3.

41 адамнан 70 адамға дейін

272

5.4.

71 адамнан 100 адамға дейін

290

5.5.

101 адамнан 150 адамға дейін

309

5.6.

151 адамнан 200 адамға дейін

327

5.7.

201 адамнан астам

345

6.

Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау)

 

145

7.

Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау

 

218

8.

Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу:

8.1.

 

10 адамға дейін

528

8.2.

11 адамнан 40 адамға дейін

546

8.3.

41 адамнан 70 адамға дейін

564

8.4.

71 адамнан 100 адамға дейін

582

8.5.

101 адамнан 150 адамға дейін

601

8.6.

151 адамнан 200 адамға дейін

619

8.7.

201 адамнан астам

637

 

 

 

 

 


1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет