Кодексінің 123 бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»



Дата26.04.2016
өлшемі24.09 Kb.
түріКодекс



Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданының аумағында

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының

қорғау аймағын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123 - бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарап, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды және қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Мыналар:

1) Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – Қорық) қорғау аймағы жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер телімдерін алусыз, ені кемінде 2 шақырым болып;

2) Қорықты қорғау аймағының мөлшері мен шекарасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес;

3) Қорықты қорғау аймағының аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43 - бабына сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі Д. Ахметов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман шаруашылығы және

жануарлар әлемі комитетінің

Шығыс Қазақстан облыстық

орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының басшысы

________________ Е.Упобаев

2015 жылғы «_____» __________

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2015 жылғы «__» ________

№ _____қаулысына қосымша



Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының

мөлшері мен шекарасы


  1. Қорғау аймағының жалпы ауданы – 48559,6 гектар.

  2. Үржар ауданының жерінде қорғау аймағы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы шекарасының бойында ені кемінде 2 шақырым тұтас жолақпен орналасқан.

Қорғау аймағына шаруа қожалықтарының - 9656,5 гектар, «Фирма Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 12,1 гектар, «Даремет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 2331,3 гектар, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» мемлекеттік мекемесінің - 0,03 гектар, «Вокзал-Сервис» акционерлік қоғамының - 0,05 гектар, «2484 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің - 1,7 гектар жерлері, елді мекендер жерлері (Сағат ауылы) - 1650,0 гектар, су қоры жерлері (Алакөл, Сасықкөл көлдері) - 14206,4 гектар, қордағы жерлер - 20701,52 гектар кіреді.



Каталог: assets
assets -> Отраслевой pr а. Таболин Особенности pr в спорте
assets -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
assets -> Российская Федерация Республика Хакасия
assets -> Ооо сп «Абаза Телеком»
assets -> Постановление «26» декабря 2013 г г. Абаза №1097 Об утверждении муниципальной программы «Развитие образования на 2014-2016 годы»
assets -> «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру»
assets -> Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атныдағы қазақ музыкалы драма театрының қызмет көрсету
assets -> Тауарды әкелген, жұмыстың орындалу, қызмет көрсету мерзімі
assets -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтама беру»
assets -> Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және халықпен кездесу орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет