Кодексiнің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 57.56 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі57.56 Kb.
түріКодекс
: sites -> default -> files -> decree
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
decree -> Жоба 2014 жыл № Сарыағаш ауданының Сарыағаш
decree -> Жоба 27 наурыз 2015 жыл 40-343-v әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
ЖОБА

«__» ________ 2014 жыл №________



Сарыағаш ауданының Сарыағаш

қаласындағы, Абай ауылындағы,

Көктерек поселкесіндегі және елді мекендеріндегі жерлер аймақтарының

схемасы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қосымшаға сәйкес Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласындағы, Абай ауылындағы, Көктерек поселкесіндегі және елді мекендеріндегі жерлер аймақтарының схемасы бекітілсін.

2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы Н.Тоғызбаев

Аудандық мәслихат

хатшысы Б.Садықов

2

Сарыағаш аудандық мәслихаттың



2014 жылғы «___» ____________

№__________ шешіміне қосымша

Сарыағаш қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы
1-аймақ:

Оңтүстігі «Шыназ Шымкент» тас жолының темір жолы көпірінен республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлерді алып, Рамадан каналына дейін, Рамадан каналы бойымен П.Елібай көшесіне дейін, П.Елібай көшесі бойымен С.Исмайлов көшесі қиылысына дейін, С. Исмайлов көшесінің бо-йымен «Алып» базары қиылысына дейін, сол көше бойымен Рамадан каналына тіреліп, канал бойымен Гагарин көшесінің қиылысына дейін. Сол жерден рес-публикалық маңызы бар жолдың оңтүстігімен жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлерді алып, Қабланбек ауылдық округінің шекарасына дейінгі жерлер енгізілді.

-Солтүстігі республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлерді алып, Қабланбек ауылдық округінің шекарасынан «Шыназ Шымкент» тас жолының темір жолы көпіріне дейінгі жерлер және темір жолдың шетінен 150 метр ендіктегі жерлер енгізілді.

2-аймақ:


Темір жолдан бастап С.Исмайлов көшесі бойымен «Алып» базарының артқы жағындағы айналма жолымен Рамадан каналы каналына дейін, Рамадан каналы бойымен Әскери бөлімді айнала отырып, А.Омаров көшесінің қиылысына дейін келіп, әскери бөлімнің шекарасымен Республикалық маңызы бар жолға дейін, республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлерді алып Сарыағаш қаласының шығыс шекарасына келіп, қаланың шығыс және оңтүстік шекарасы бойымен Кескен каналының қиылысына келіп, канал бойымен темір жолға дейінгі жерлер енгізілді.

-«Шыназ Шымкент» тас жолының темір жолы көпірінен республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлерді алып Рамадан каналына дейін, Рамадан каналы бойымен П.Елібай көшесінің қиылысына дейін, П.Елібай көшесі бойымен темір жолға дейінгі жерлерді қамтиды.

3-аймақ:

- Республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлерді алып 10 кварталдың шығыс шекарасы бойымен, 12 кварталдың шекарасына дейін, 12 кварталдың шекарасы бойымен 1 кварталдың шекарасына дейін, 1 кварталдың бойымен Сарыағаш қаласының батыс шекарасына дейін, шекара бойымен оңтүстікке қарай республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлерге дейін қамтиды.


4-аймақ:

012 кварталдың қалған аймағы және 019 кварталдың республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 50 метр ендіктегі жерлердің шекарасынан бастап солтүстікке қарай түгел кіреді.


Абай ауылының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы

1- аймақ:

М.Артыков көшесінің бойындағы республикалық маңызы бар жолдың ортасынан 150 метр ендіктегі жерлерге дейін қамтиды.

2- аймақ:

Д.Қонаев көшесінің бойымен Т.Рыскулов көшесімен қиылысына дейін, Т.Рыскулов көшесінің бойымен Ешан базарын қоса алғандағы көшенің ортасынан 150 метр ендіктегі жерлерді қамтиды.


3- аймақ:

Абай ауылының қалған жерлері кіреді.


Көктерек поселкесінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасы

1- аймақ:

Көктерек поселкесінің аумағындағы жерлер

Сарыағаш ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасы


1-аймақ:

Ақжар ауылдық округі – Ақжар ауылы, Бағыс ауылы;

Алпамыс батыр ауылдық округі – Ақжол ауылы, Қауыншы ауылы;

Ақтөбе ауылдық округі – Қызыл әскер (орт) ауылы, М.Горький ауылы, Жаңа дәуір (Ворошилов) ауылы, Ынтымақ ауылы, Көгерту ауылы, Жуантөбе ауылы, Ақжар ауылы, Қаратөбе ауылы, Көкбұлақ (С.Казахстан) ауылы, Ғ.Мұратбаев ауылы, Қия жол ауылы, Құйған (Октябр) ауылы, Бозсу (Ленин) ауылы, Ескі қорған (Киров) ауылы

Әлімтау ауылдық округі - Әлімтау ауылы, Жайдаққұдық ауылы, Көктал ауылы, Тасқұдық ауылы;

Бірлік ауылдық округі - Бірлік (орт) ауылы, Жайдаққұдық ауылы, Коммунизм (Ащысай) ауылы, Құрыөзек (Құйған) ауылы, Мәдениет (Қаңтарбай) ауылы, Қосөткел (Киікші ауыл) ауылы, Қосөткел (Киікші ауыл) ауылы;

Біртілек ауылдық округі – Біртілек (М.Рахимов орт) ауылы, Димитров (Оразата) ауылы, Еңбекші (Энгельс) ауылы, Жолбасшы ауылы, Аманкелді ауылы, Көлтоған ауылы, Игілік ауылы, Шырылдақ (15 жылдық) ауылы, Жабайтөбе (Буденный) ауылы, Құрылыс ауылы, Шұқырсай ауылы, Аққорған ауылы, Керегетас (К.Октябрь) ауылы;

Бірлесу ауылдық округі – Қазақстан (Б.Амиров орт) ауылы, 28-гвардия ауылы, Берекелі (Целиный) ауылы, Дихан (Садовая) ауылы;

Бозай ауылдық округі – Бозай (орт) ауылы, Тентексай ауылы, Шолантөбе ауылы, Шолантөбе ауылы;

Дарбаза ауылдық округі – Дарбаза (орт) ауылы, 50 разъезд ауылы, 51 разъезд ауылы, Ердәуіт ауылы; Жаңаауыл ауылы, Тасқұдық ауылы, Сарысу ауылы, Құрысай (Ызақұдық) ауылы;

Дербісек ауылдық округі – Дербісек (орт) ауылы, Атамекен ауылы;

Жартытөбе ауылдық округі – Ынтымақ (орт) ауылы, Төнкеріс ауылы, Құрама ауылы, Бостандық ауылы, Достық ауылы;

Жамбыл ауылдық округі – Бекбота (орт) ауылы, Майдабозай ауылы, Байғабыл ауылы, Ащыкөл ауылы, Қалғансыр ауылы;

Жемісті ауылдық округі – Жемісті (орт) ауылы, Тың ауылы;

Жылға ауылдық округі – Жылға (орт) ауылы, Шайхана ауылы, Қарақалпақ ауылы, Шымырбай ауылы, Қызыласу (Қызылабад) ауылы, 49 разъезд ауылы, Қапан ауыл (Нұрауыл) ауылы, Шеңгелді 3 ферма ауылы;

Жібек жолы ауылдық округі –Жібек жолы (орт) ауылы, Социализм ауылы, Жаңа тұрмыс ауылы, Қарабау (КССР 13 жылдық) ауылы, Жаңа құрылыс ауылы, Қожахан ауылы, Сарқырама ауылы, Сок-сок ата ауылы, Тың ауылы;

Жүзімдік ауылдық округі –Жүзімдік (орт) ауылы (Ә.Сатбаев) ауылы, Оңтүстік ауылы, Бірлесу ауылы,Ақсу (Канал) ауылы;

Тегісшіл ауылдық округі –Таскескен (орт) ауылы, Мәдениет ауылы, Тегісшіл ауылы;

Қабланбек ауылдық округі –Қабланбек (Горное орт) ауылы, Тыңтөбе (Целинное) ауылы, Ташқұлақ ауылы, Зах ауылы,Ақниет (20 лет КССР) ауылы, Сіргелі ауылы, Қанағат (Ленин жолы) ауылы, Жонарық ауылы;

Қошқарата ауылдық округі –Бесқұбыр (орт) ауылы, 1-мамыр ауылы, Шынар ауылы, Қошқарата (Коммуна) ауылы, Ұшқын ауылы, Мақташы ауылы, Алғабас ауылы, Аманжар (Бесжылдық) ауылы,Қарабура (Кілем) ауылы, Жаңақоныс ауылы,Бесауыл (Төменгі Калинин) ауылы, Жамбыл ауылы,Байтерек ауылы;

Қызылжар ауылдық округі –Қызылжар (орт) ауылы, Жаскешу ауылы;

Құркелес ауылдық округі –Ақниет (орт) ауылы, Келес ауылы, Жаңаарық ауылы, Еңкес ауылыҚұлтума ауылы, Дархан ауылы,Нұрлыжол (Мичурин) ауылы, Құркелес ауылы, Алғабас Ақ үй Жылысу (Қызыл Қазақстан) Жаңаталап Дастан (Ортатөбе) ауылы, Бесқұдық ауылы, Береке ауылы;



Ошақты ауылдық округі –Ошақты (орт) ауылы,Құрбанов ауылы,Еңбек ауылы,Береке (Коминтерн) ауылы,Ынталы (Фрунзе) ауылы,Саңырау ауылы,Қоңыртөбе ауылы,Сарыжылға ауылы,С.Саттаров ауылы,Қаратал ауылы, Бақышсай (Қызылжұлдыз) ауылы,Атақоныс (Большевик) ауылы,Жиделі (21 партсъезд) ауылы;

Ұшқын ауылдық округі –Ұшқын (орт) ауылы, Достық ауылы, Қоралас ауылы;



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет