Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата09.12.2019
өлшемі4.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі.
МАЗМҰНЫ
 
 
 
 
 
 
Р Қ А О - н ы ң  
е с к е р т п е с і !
            Кодекстің  қолданысқа  енгізілу  тәртібін 
  қараңыз.
186-баптан
            Ескерту.  Кодекстің  бүкіл  мәтіні  бойынша  "салауаттылығы",  "салауаттылық",  "
салауатты", 
"салауаттылығының", 
"салауаттылығын", 
"салауаттылыққа", 
"
салауаттылығына", "салауаттығы", "Салауатты" деген сөздер тиісінше "саламаттылығы
",  "саламаттылық",  "саламатты",  "саламаттылығының",  "саламаттылығын",  "
саламаттылыққа", "саламаттылығына", "саламаттылығы", "Саламатты" деген сөздермен
,  "принциптер",  "принциптері",  "принциптеріне",  "принциптерін",  "принцип",  "
принциптердің",  "принципі",  "принциптерімен"  деген  сөздер  тиісінше  "қағидаттар",  "
қағидаттары", "қағидаттарына", "қағидаттарын", "қағидат", "қағидаттардың", "қағидаты
",  "қағидаттарымен"  деген  сөздермен,  "тіркеу  деректемесіне",  "тіркеу  деректеріне",  "
тіркеу деректерінің", "тіркеу деректемесінің", "Тіркеу деректеріне", "тіркеу деректері", 
"тіркеу  деректерінде"  деген  сөздер  тиісінше  "тіркеу  дерекнамасына",  "тіркеу 
дерекнамасының",  "Тіркеу  дерекнамасына",  "тіркеу  дерекнамасы",  "тіркеу 
дерекнамасында"  деген  сөздермен,  "тексеріп-қараулардың",  "тексеріп-қарау",  "
тексеріп-қараудың",  "тексеріп-қаралуға",  "тексеріп-қараудан",  "тексеріп-қарауы",  "
тексеріп-қарауды"  "тексеріп-қарауға"  деген  сөздер  тиісінше  "қарап-тексерудің",  "
қарап-тексеру",  "қарап-тексерудің"  "қарап-тексерілуге",  "қарап-тексеруден",  "
қарап-тексеруі", "қарап-тексеруді", "қарап-тексеруге" деген сөздермен, "көрсетімдер", "
айғақтары",  "айғақтарсыз",  "айғақтар",  "айғақтардың"  деген  сөздер  тиісінше  "
көрсетілімдер", "көрсетілімдері", "көрсетілімдерсіз", "көрсетілімдер", "көрсетілімдердің
"  деген  сөздермен,  "өмірді  сақтау  айғақтары"  деген  сөздер  "тіршілік  көрсеткіштері" 
деген  сөздермен  ауыстырылды  -  ҚР  06.04.2015 
  Заңымен  (алғашқы  ресми 
№  299-V
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) авторландырылған генерик – бірегей препаратқа ұқсас, сол бір өндірушінің өзі 
шығаратын, бірақ саудалық атауымен және бағасымен ерекшеленетін дәрілік препарат;
            1-1)  адамның  мекендеу  ортасы  (бұдан  әрi  –  мекендеу  ортасы)  –  адамның 
тыныс-тiршiлiгi  жағдайын  айқындайтын  табиғи,  антропогендiк  және  әлеуметтiк 
факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
      2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
            3)  анонимдік  қарап-тексеру  -  адамды  жеке  басын  сәйкестендірмей  ерікті  түрде 
медициналық қарап-тексеру;
      4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайлардың  (бұдан  әрі  –  төтенше  жағдайлар)  медициналық-санитариялық 
салдарларының  алдын  алуға  және  оларды  жоюға  бағытталған,  халық  ауруларының 
алдын  алуды  және  оларды  емдеуді,  санитариялық-эпидемияға  қарсы  және 
санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды,  төтенше  жағдайларды  жоюға 
қатысушылардың  денсаулығын  сақтауды  және  қалпына  келтіруді,  сондай-ақ 
авариялық-құтқару  қызметтерінің  қызметкерлеріне  медициналық  көмек  көрсетуді 
қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;
      5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда 
және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына
зиянды  әсер  етуі  мүмкін,  қолданылуы  мен  пайдаланылуы  халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық 
актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
            5-1)  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қоры  –  аударымдар  мен  жарналарды 
шоғырландыруды  жүргізетін,  сондай-ақ  медициналық  көмек  көрсететін  денсаулық 
сақтау  субъектілерінің  көрсетілетін  қызметтерін  медициналық  көрсетілетін 
қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды

және  оларға  ақы  төлеуді  және  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  айқындалған 
өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
      6) әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер 
кешені)  және  әскери-медициналық  қызметтің  әскерлерді  бейбіт  уақытта  және  соғыс 
уақытында  жан-жақты  медициналық  қамтамасыз  етуді  өзіне  мақсат  тұтатын 
практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;
      7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану 
салдарынан  зардап  шеккен  адамдарға  әскери-медицина  қызметінің  мамандары 
көрсететін медициналық көмек;
            8)  әскери-медициналық  қызмет  -  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  осы 
органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы
қызметтің  болуы  көзделген  әскери-медициналық  (медициналық)  бөлімшелердің 
жиынтығы;
      9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:
            орталық  атқарушы  органдар  мен  өзге  де  орталық  мемлекеттік  органдардың 
әскери-медициналық  (медициналық)  мекемелер  (ұйымдар)  қызметін  ұйымдастыруды 
және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
      әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы 
органдар  мен  өзге  де  орталық  мемлекеттік  органдардың  тиісті  контингентке 
әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де 
бөлімшелері;
      10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық
жабдықтау  жөніндегі  іс-шаралар  кешені,  сондай-ақ  жеке  құрамның  жауынгерлік 
қабілеттілігі  мен  еңбекке  қабілеттілігін  қалпына  келтіру  мақсатында  әскерлерде, 
бөлімшелерде  және  ведомстволық  ұйымдарда  медициналық  көмек  көрсетуді 
ұйымдастыру;

      11) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
            12)  бас  миының  біржола  семуі  -  бас  миының  бүкіл  қатпарының  семуімен  қатар 
жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;
      13) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша 
сертификаты бар медицина қызметкері;
      13-1) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын 
тегін  және  (немесе)  жеңілдікпен  амбулаториялық  қамтамасыз  етуге  арналған  дәрілік 
заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі – белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар
азаматтардың  жекелеген  санаттары  бөлінісінде  дәрілік  заттардың,  медициналық 
бұйымдар мен бейімделген емдік өнімдердің атаулары мен сипаттамаларын қамтитын, 
амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген  көлемі  шеңберінде  және  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру 
жүйесінде  бюджет  қаражаты  мен  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қорының 
активтері  есебінен  сатып  алынатын  дәрілік  заттардың,  медициналық  бұйымдар  мен 
бейімделген емдік өнімдердің тізбесі;
            13-2)  биоаналогтық  дәрілік  препарат  (биоаналог,  биотектес  дәрілік  препарат, 
биосимиляр) – тіркелген биологиялық бірегей дәрілік препараттың немесе референттік 
дәрілік препараттың әсер етуші затының нұсқасын қамтитын және ол бойынша сапа, 
биологиялық  белсенділік,  қауіпсіздік  және  тиімділік  көрсеткіштері  бойынша 
салыстырып  зерттеулердің  негізінде  ұқсастығы  (тектестігі)  көрсетілген  биологиялық 
дәрілік препарат;
            13-3)  биобанк  –  ғылыми  және  медициналық  мақсаттар  үшін  биологиялық 
материалдарды мамандандырылған сақтау қоймасы;
      14) биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық 
өзгерген  функцияларын  қалыпқа  түсіретін,  дәрілік  заттар  алудың  ықтимал  көздері 
болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;

      15) биологиялық активті қоспалар – тағаммен бір мезгілде қабылдауға немесе тамақ
өнімінің  құрамына  қосуға  арналған  табиғи  және  (немесе)  табиғимен  бірдей 
биологиялық активті заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер;
            15-1)  биологиялық  дәрілік  препарат  –  әсер  етуші  заты  биологиялық  көзден 
өндірілген немесе бөліп алынған және оның қасиеттерін сипаттау мен сапасын бақылау
үшін  өндірістік  процесті  және  оны  бақылау  әдістерін  бағалай  отырып,  талдаудың 
биологиялық  және  физикалық-химиялық  әдістерін  ұштастыру  қажет  болатын  дәрілік 
препарат;
      15-2) биотехнологиялық дәрілік препарат – биотехнологиялық процестердің және 
рекомбинанттық  дезоксирибонуклеин  қышқылы  технологиясы,  биологиялық  активті 
ақуыздарды  өндіруді  кодтайтын  гендердің  бақыланатын  экспрессиясы,  гибридомдық 
технологиялар,  моноклондық  антиденелер  немесе  басқа  да  биотехнологиялық 
процестер  пайдаланылатын  әдістерді  қолданудың  көмегімен  өндірілген  дәрілік 
препарат;
      15-3) алып тасталды - ҚР 28.12.2018 
№ 211-VI
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      15-4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.12.2018 
 Заңымен (
№ 211-VI
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң 
 енгізіледі).
қолданысқа
      15-4) біліктілік санатын беру туралы куәлік – тиісті біліктілік санатының берілгенін 
растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
      15-5) біліктілік санатын беру туралы куәлік – тиісті біліктілік санатының берілгенін 
растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
      15-6) бірегей дәрілік препарат – қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін растайтын 
клиникаға  дейінгі  (клиникалық  емес)  және  клиникалық  толық  зерттеулердің 
нәтижелерін қамтитын дерекнама негізінде әлемдік фармацевтика нарығында бірінші 
болып тіркелген және орналастырылған жаңа әсер етуші заты бар дәрілік препарат;
      16) алып тасталды - ҚР 28.12.2018 
№ 211-VI
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

            16-1)  бірыңғай  дистрибьютор  -  тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген 
көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде осы 
Кодекстің 77-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
            16-2)  гемопоэздік  дің  жасушалары  –  организмнің  ішкі  ортасы  тінінің  бір  бөлігі, 
адамның өмір сүру процесінде сүйек кемігінде, перифериялық қанда (стимуляциядан 
кейін) және кіндік қанында болатын, полипотенттілігі бар сүйек кемігінің жасушалары;
            16-3)  гомеопатиялық  дәрілік  препарат  –  Қазақстан  Республикасы  және  (немесе) 
Еуразиялық экономикалық одақ фармакопеяларының талаптарына сәйкес немесе олар 
болмаған  жағдайда,  гомеопатиялық  фармакопеялардың  талаптарына  сәйкес 
гомеопатиялық  шикізат  пайдаланыла  отырып,  гомеопатиялық  технология  бойынша 
өндірілген дәрілік препарат;
            17)  генетикалық  түрлендірілген  объектілер  -  гендік  инженерия  әдістері 
пайдаланылып  алынған,  өсімдіктен  және  (немесе)  жануардан  алынатын  шикізат  пен 
өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
      18) дәрілік зат – затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам 
организмімен  байланысқа  түсетін,  адамның  ауруларын  емдеуге,  олардың 
профилактикасына  немесе  оның  физиологиялық  функцияларын  фармакологиялық, 
иммунологиялық  не  метаболизмдік  әсер  ету  арқылы  қалпына  келтіруге,  түзетуге 
немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған
зат;
      18-1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  бірыңғай 
дистрибьютор  Қазақстан  Республикасының  дәрілік  заттарды,  медициналық 
бұйымдарды  өндірушілерімен  немесе  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
орналасқан,  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдарды  келісімшарттық  өндіруге 
тапсырыс берушімен дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына 
және қолданудың ықтимал қатерінің 1 және 2а қауіпсіздік сыныбының медициналық 
бұйымдарын  (стерильдіктен  басқа)  қоспағанда,  медициналық  бұйымдар  үшін  сапаны 
басқару  жүйесінің  халықаралық  стандартының  (ISO  13485)  талаптарына  сәйкес 
өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруге; не дәрілік заттар үшін 

тиісті  өндірістік  практика  (GMP)  талаптарына,  ал  қолданудың  ықтимал  қатерінің  1 
және  2а  қауіпсіздік  сыныбының  медициналық  бұйымдарын  (стерильдіктен  басқа) 
қоспағанда,  медициналық  бұйымдар  үшін  сапаны  басқару  жүйесінің  халықаралық 
стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан дәрілік заттарды өндірушімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар 
өндірісін  құруға  және  (немесе)  жаңғыртуға  немесе  дәрілік  заттар  мен  медициналық 
бұйымдарды  келісімшарттық  өндіруге  ниеті  бар,  дәрілік  заттар  мен  медициналық 
бұйымдардың  айналысы  саласындағы  субъектімен  он  жылға  дейінгі  мерзімге 
жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;
            18-2)  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдарды  сақтау  және  тасымалдау 
жөніндегі  ұзақ  мерзімді  шарт  –  бірыңғай  дистрибьютор  тиісті  дистрибьюторлық 
практика  (GDP)  талаптарына  сәйкес  келетін,  дәрілік  заттар  мен  медициналық 
бұйымдардың  айналысы  саласындағы  субъектімен  –  Қазақстан  Республикасының 
резидентімен жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты 18-3) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 28.12.2018 
 
№ 211-VI
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң 
 
қолданысқа
енгізіледі).
            18-4)  дәрілік  заттарды  өндіруші  –  дәрілік  заттарды  өндіру  жөніндегі  қызметті 
жүзеге асыратын және дәрілік заттарды өндіруге лицензиясы бар ұйым;
      18-5) дәрілік заттарды өндірушілердің уәкілетті тұлғаларының тізілімі – денсаулық 
сақтау  саласындағы  уәкілетті  органның  дәрілік  заттарды  өндірушілердің  уәкілетті 
тұлғалары туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурсы;
      18-6) дәрілік заттарды ұтымды пайдалану – жеткілікті уақыт кезеңі ішінде және 
неғұрлым  аз  шығындармен  пациенттің  жеке-дара  қажеттіліктеріне  сай  келетін 
мөлшерлерде клиникалық көрсетілімдерге сәйкес келетін дәрі-дәрмекпен емдеу;
      18-7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталы – тегін 
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік 

медициналық  сақтандыру  жүйесінде  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдарды 
сатып  алудың  электрондық  көрсетілетін  қызметтеріне  бірыңғай  қол  жеткізу  нүктесін 
беретін ақпараттық жүйе;
            18-8)  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдарды  сатып  алу  саласындағы 
бірыңғай  оператор  (бұдан  әрі  –  бірыңғай  оператор)  –  денсаулық  сақтау  саласындағы 
уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша
айқындайтын заңды тұлға;
      19) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
            20)  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдарды  бөлшек  саудада  өткізу  – 
денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  орган  бекіткен  қағидаларға  сәйкес  жүзеге 
асырылатын,  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдарды  сатып  алумен  (әкелуден 
басқа),  сақтаумен,  бөлумен,  түпкі  тұтынушыға  өткізумен  (әкетуден  басқа),  жоюмен 
байланысты фармацевтикалық қызмет;
      20-1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіру (бұдан 
әрі – келісімшарттық өндіру) – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дәрілік 
заттар  үшін  тиісті  өндірістік  практика  (GMP)  талаптарының  толық  сақталуын 
қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, дәрілік заттар 
мен  медициналық  бұйымдарды  өндірушілердің  өндірістік  қуаттарында  келісімшарт 
негізінде өндіру;
            21)  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдарды  көтерме  саудада  өткізу  (
дистрибуция)  –  денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  орган  бекіткен  қағидаларға 
сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көлемдерін 
шектемей сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен (импорттаумен), әкетумен (
экспорттаумен), өткізумен (халыққа өткізуді қоспағанда), тасымалдаумен және жоюмен
байланысты фармацевтикалық қызмет;
            21-1)  дәрілік  заттардың  айналысы  саласындағы  тиісті  фармацевтикалық 
практикалар  (бұдан  әрі  –  тиісті  фармацевтикалық  практикалар)  –  дәрілік  заттардың 
өмірлік  циклінің  барлық  кезеңдерінде  қолданылатын  денсаулық  сақтау  саласындағы 
стандарттар:  тиісті  зертханалық  практика  (GLP),  тиісті  клиникалық  практика  (GCP), 

тиісті  өндірістік  практика  (GMP),  тиісті  дистрибьюторлық  практика  (GDP),  тиісті 
дәріханалық  практика  (GPP),  тиісті  фармакологиялық  қадағалау  практикасы  (GVP) 
және басқа да тиісті фармацевтикалық практикалар;
      21-2) алып тасталды - ҚР 28.12.2018 
№ 211-VI
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      21-3) дәрілік заттың сапасы жөніндегі нормативтік құжат – дәрілік затты тіркеу 
кезінде оған жүргізілген сараптама негізінде тіркеуден кейінгі кезеңде дәрілік заттың 
сапасын  бақылауға  қойылатын  талаптарды  белгілейтін  және  дәрілік  заттың  өзіндік 
ерекшелігін, талдамалық әдістемелері мен сынауларының сипаттамасын немесе мұндай
сынауларға  сілтемелерді,  сондай-ақ  сапа  көрсеткіштері  үшін  қолайлылықтың  тиісті 
өлшемшарттарын қамтитын құжат;
            22)  дәрілік  заттардың  айналысы  –  дәрілік  заттарды  әзірлеу,  клиникаға  дейінгі  (
клиникалық  емес)  зерттеулер,  сынаулар,  клиникалық  зерттеулер,  сараптау,  тіркеу, 
фармакологиялық қадағалау, сапасын бақылау, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, 
әкелу және әкету, босату, өткізу, беру, қолдану, жою процестерін қамтитын қызмет;
            23)  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдардың  айналысы  саласындағы 
объектілер  –  дәріхана,  алғашқы  медициналық-санитариялық  және  (немесе) 
консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы 
дәріхана  пункті,  шалғайдағы  ауылдық  жерлерге  арналған,  дәріханадан 
ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана (дистрибьюторлық) қоймасы,
дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, 
медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттар мен 
медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар;
            24)  дәрілік  заттар  мен  медициналық  бұйымдардың  айналысы  саласындағы 
субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар
;
      24-1) алып тасталды - ҚР 28.12.2018 
№ 211-VI
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

            24-2)  дәрілік  препараттың  қауіпсіздігі  –  дәрілік  препаратты  қолдану  кезінде 
адамның  өміріне,  денсаулығына  және  қоршаған  ортаға  зиян  келтіру  мүмкіндігімен 
байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;
      25) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан 
Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар 
мен медициналық бұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс;
      25-1) дәрілік препараттың тиімділігі – профилактикалық, диагностикалық немесе 
емдік әсерге қол жеткізуді не физиологиялық функцияны қалпына келтіруді, түзетуді 
немесе түрлендіруді қамтамасыз ететін дәрілік препарат сипаттамаларының жиынтығы;
      25-2) алып тасталды - ҚР 28.12.2018 
№ 211-VI
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      26) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
            27)  дәрілік  заттың  жарамдылық  мерзімі  -  уақыты  біткеннен  кейін  дәрілік  затты 
қолдануға болмайтын күні;
      28) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан 
қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған 
ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
            29)  дәрілік  заттың  сапасы  –  фармацевтикалық  субстанция  (активті 
фармацевтикалық  субстанция)  мен  дәрілік  препараттың  нысаналы  мақсатқа  сәйкес 
келуін қамтамасыз ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;
            29-1)  дәрілік  заттың  немесе  медициналық  бұйымның  балк-өнімі  –  соңғы 
қаптамамен  орауды  қоспағанда,  технологиялық  процестің  барлық  сатысынан  өткен, 
мөлшерленген дайын дәрілік препарат немесе дайын медициналық бұйым;

            30)  дәрілік  заттың  халықаралық  патенттелмеген  атауы  -  дәрілік  заттың 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
      30-1) дәрілік нысан — дәрілік препараттың оны енгізу, қолдану тәсілдеріне сәйкес 
келетін және қажетті емдік әсерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жай-күйі;
            30-2)  дәрілік  өсімдік  шикізаты  –  дәрілік  заттарды  өндіру  үшін  пайдаланылатын 
жаңадан  алынған  немесе  кептірілген  өсімдіктер,  балдырлар,  саңырауқұлақтар  немесе 
қыналар не олардың бүтін немесе ұсақталған бөліктері;
            31)  дәрілік  препарат  –  диагностикалау,  емдеу  мен  профилактика  үшін 
қолданылатын, дәрілік нысан түріндегі дәрілік зат;
            32)  дәрілік  препараттарды  дайындау  –  дәріханаларда  дәрілік  препараттарды 
дайындаумен, 
фармацевтикалық 
қолдануға 
арналған 
фармацевтикалық 
субстанцияларды  (активті  фармацевтикалық  субстанцияларды)  сатып  алумен, 
дайындалған  дәрілік  препараттарды  сақтаумен,  олардың  сапасын  бақылаумен, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет