Көңіл ауанын бейнелеу лайықсыздығы ауруға душар етеді



Дата17.04.2016
өлшемі53.01 Kb.
      Белсенді үміткерлік көңіл-күйі адам ғұмырын ұзартады әрі тәннің ауруға қарсылық қуатын күшейтеді. Ал жуық жылдардан бері, көңіл күй мен денсаулық арасында қатыстылық болатындығын ғалымдар тағы бір тұрғыдан растады. Олардың көрсетуінше, егер адам жыл бойы жабығып, торығып жүретін болса, онда қан құрамындағы хлостерин шамасы артады және адам тәнінің ауырсыну түйсігі ұлғаяды.

Ғалымдар мынаны байқаған: егер адам өзінде бардың бәріне разы болса, мысалы, жанашыр жұбайының болғанына, белгілі табысқа жеткендігіне, тіпті өзінің тірі жүргендігі сынды болмыстың өзіне де разылық сезіммен қарай алатын болса, бұндай разылық сезім иммунитеттік иқуатты арттырып, қан қысымын төмендетіп, тұтас тәннің қалпына келу қарқынын тездете түседі.

Көптеген адамдардың өмірінде мынадай кешулер болған: қайғырып, жабыққан сәттерде басы, асқазаны ауырып, ұйқы қашу, қан қысымы өрлеу сияқты сырқат белгілері байқалады. Таяуда АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің зерттеушілері мынаны байқады: егер жыл бойы жабығып, басылып жүрген жағдайда адамның қанындағы глюкоза мен май қышқылының шамасы артып, сусамыр (диабет) ауруы мен жүрек ауруының қатері зораяды, бұдан сырт, қысым адам денесіндегі холестерин шамасын арттырып, жүрек-қантамыр ауруларына оңай душар етеді.

Көңіл күй не үшін адам денсаулығына ықпал жасайды? Осылай деудің ғылымилығы бар ма, жоқ па? Мамандар көңіл күйдің сырын Қытай дәстүрлі медицинасы тұрғысынан ашып берді.

 

Көңіл ауанын бейнелеу лайықсыздығы ауруға душар етеді



 

Медицинада, физиологиялық аурулардың көбі, айталық, әдеттегі тымаудан тартып ракқа дейін писхологиялық қысыммен қатысты деген күмән бар. Медициналық зерттеулер, адам ұнжырғасы түсіп, торығып, пейілсіз күйге душар болғанда, денедегі күрделі амин мен допамин шамасы төмендейтіндігін дәлелдеді. Күрделі амин адамның ауруды сезу қабілетін реттейді. Торығу пиғылы бар науқастардың 45 пайызда әр алуан ауырсыну, жайсыздану түйсігі болатынының себебі міне осында.

Әр түрлі түйсік-сезімдер мен көңіл-күй адамдардың бәрінде болатын жәйт. Жайшылықта бұл қалыпты рухани физиологиялық құбылысқа тән. Әр алуан көңіл күй әрекеттерінің бәрінде сезімді ояту, физиологиялық әрекеттерді сәйкестіру рөлі болады. Дей тұрғанмен, клиникалық тәжірибелер, адам жанының ызалануы, қайғыру, ой соқты болу, уайымдау, үрейлену сияқты жағымсыз көңіл-күйлері меңдеп алып, ол толық бейнеленіп шықпаса, денсаулыққа аса зиянды болатынын, тіпті, дертке шалдықтыратынын дәлелдеген. Бұндай аурулар да көңіл-күйден болған аурулар делінеді.

Қытай дәстүрлі шипагерлігі, әр алуан сезім-түйсіктер мен көңіл күйлерінің ішкі ағзалармен арасында мынадай қатынас болады деп қарайды: өкпе қайғы мен уайымды меңгереді, шектен тыс қайғыру мен уайымдау өкпені зақымдайды; Жүрек қуанышты меңгереді, шектен тыс шаттану жүрекке зақым жеткізеді. Айталық, мереке-мейрамдарда, шектен тыс шаттанудың әсерінде жүрек науқасы қозғалып қалатындар үнемі кезігеді; Бауыр ашу-ызаны меңгереді, шектен асқан ашу-ыза бауырға зиян жеткізеді, адамда мынадай бір түйсіну болады: ерекше ашуланғанда оң, сол жақ қабырғалардың асты ауырғандай сезім байқалады, міне бұл ашуланудың бауырды залалдағанының бейнесі; Көкбауыр ой соқтылықты меңгереді, шектен тыс ойланып-толғану көкбауырды зақымдайды. Тұрмыс ауыртпашылығы зор, жұмысы қарбалас адамдарда ылғи шаршау, болдыру белгілері көрінеді: аяқ-қолы дәрменсізденіп, бұлшық еттері ауырады, қимылдап әрекет жасаған күнде де бұндай жағдай жоғалып кетпейді. Не үшін? Қытай дәстүрлі шипагерлігі тұрғысынан түсіндіргенде, бұл көкбауырдың нақ өзін емес, қайта ол уәкілдік еткен адам тәнінің ас қорыту, сіңіру, қан жасау иқуатын айтып отыр. Жоғарыда айтылған жүрек жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің иқуатына, өкпе дене сұйықтығын теңшеу мен тыныстық иқуатқа, бауыр бүкіл денелік зат алмасу иқуатына, бүйрек бүкіл денелік эндокринологиялық иқуатқа уәкілдік етіп тұр. Көкбауыр әлсіздігі тым ой соқтылықтың, уайымшаңдықтың салдары. Ал үрейлену, қорқу бүйрекке өз әсерін көрсетеді, адам қатты үрейленгенде бүйректің физиологиялық рөліне ықпал жасайды.

 

Көтеріңкі көңіл-күй ауру жолатпайды



 

Қатысты зерттеулер көрсеткендей, тамаша, көтеріңкі көңіл-күй адам денсаулығына ең демеуші болатын бір түрлі күш екен. Егер көңіл-күйді реттеудің ебін біліп, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі де жадыраңқы ұстай білгенде, аурудың алдын алып, сырқатты әу бастан емдеудің өнімін көруге болады.

АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің зерттеушілері мынаны байқаған: ғашықтық сезіміне шомған адамның денесінде бір жылдай “нерв өсу факторы” дейтін заттың деңгейі арту жағдайында тұрады екен. Гормон сияқты осы зат жаңа ми клеткаларын тітіркендіріп, олардың өсуін жебеп, жүйке жүйесінің қалпына келуіне, әрі есте сақтау қуатының артуына игі ықпалын көрсетеді. Ал шынайы қарқылдап күлу адамның психологиялық қысымының жеңілдеуіне мүмкіндік жасап, қан тамырдың ішкі қабырғасын қорғауға, жүрек ауруының қозғалу ықтималдығын азайтуға тиімді келеді. Бұдан басқа, шын қайғырып қатты жылағанда да, неғұрлым мол гормон мен нервтік жеткізуші заттар бөлініп шығып, денедегі жабығу тудыратын химиялық құрамдарды жойып жібереді екен.

Ғашықтық сезіміне шомған, қарқылдап күлген, разылық көңіл-күйіне бөленген адам қуанышқа шомып, өзін бақытты сезінеді, былайша айтқанда, қуанышты көңіл-күйде болады. Қуанышты жүрек меңгереді, сондықтан “Қуаныш” жүрекпен қатысты болады. Қытай дәстүрлі шипагерлігі теориясында: “Жүрек қанды меңгеріп, рухты сақтайды”, рухпен нұрланған жүрек – адам денесінің тіршілік қимылының әміршісі іспетті, ішкі ағзалар жүректің біртұтас қолбасшылығында болғанда ғана, біріңғай сәйкесті тіршілік әрекетін жасай алады - делінеді. Шат көңілді, рухы көтеріңкі, ойы сергек, дене мүшелері қалыпты жұмыс істейтін адамның дені әрине сау болады. Сонымен бірге, жылаудың өзі көңіл-күйі жағынан алғанда оңды нәрсе емес, бірақ адам жылағаннан кейін, ішкі шері тарап, мұңы азайып, дене мүшелерінің рөліне жасайтын кері ықпалы жеңілдеп, денсаулыққа пайдалы болады.

 

Деннің саулығы – тән мен рухтың жарасымында



 

Алдыңғы ғасырдың 80 жылдарының орта шенінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) денсаулық жөнінде қайтадан мынадай анықтама берді: “Денсаулық дегеніміз – тек аурудың жоқтығы немесе әлсіздіктің болмауы ғана емес, қайта тән, рухани жақтарда, қоғаммен үйлесудің кемелді күйі».



Адамның психологиясы мен физиологиясы бейне компьютердің жұмсақ бөлшегі мен қатты бөлшегіне ұқсайды, екеуінің бірі кем болса болмайды. Денсаулықтың мәні үйлесімділікте. Тамаша көңіл-күй – денсаулықтың “жұмсақ бөлшегі”. Тіршіліктің, ең кемінде адамзаттың тіршілігінің бір маңызды ерекшелігі сол – сезімі бар нәрсенің бәрінде көмескі реттеу күші болады. Сондықтан көңіл күйді реттеу үшін, ең түбірлі нәрсе, көңіл-күйдің өзін түсіну керек. Жайшылықта өзіміздің психологиялық барысымызды қадағалай бақылау әдетін қалыптастырсақ, көңіл-күйдің бастапқы тұсын дер кезінде байқай аламыз, әрі үйлесімді жетекшілік ете аламыз. Физиологиялық және психологиялық сәйкестікті жүзеге асыру үшін, күнделікті тұрмыста үйлесімді азықтануға және дене шынықтыруға көңіл бөлу керек. Психологиялық және физологиялық жақтан жаппай дамуды қамтамасыздандыру үшін, психологиялық тұрғыдан айтқанда, кең пейілді мінез-құлық жетілдіріп, ұзақ уақыт бойында алақызып абыржу күйінде болудан сақтанған жөн.

Қытай дәстүрлі шипагерлігі былай дейді: физиологиялық және психологиялық үйлесімділікті жүзеге асыру үшін, әлдебір іске жолығудан ілгері “Ашуланудан” сақтанып, сезім жағындағы өрекпуді ақылмен жеңе білу керек. Өйткені “Ашулы көңіл” адам денсаулығына ерекше қатерлі. Ашу бауырға зақым жеткізіп қана қоймай, жүректі, асқазанды, миды зияндайды. Сонымен қатар, өзге де ауруларға апарып соқтырады. Бұдан сырт көңіл-күйді шеберлікпен реттеп, сыртқы дүниенің тітіркендіруіне байсалды көңіл-күймен төтеп беріп, сезім жағындағы шұғыл тітіркенуден сақтанған жөн. Сондай-ақ оңсыз көңіл-күйді басқа жаққа бұрып, белгілі бір іс жөніндегі ұстанымды өзгертіп, мәселелерге белсенді тұрғыдан мұғамиле жасай білген жөн. Егер сонда да сабасына түсіп бәсеңдей алмағанда, ішке толған жабығуды, шерді үйлесімді тәсілмен шығарып, психологиялық тепе-теңдікке жету керек.
Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет