Көкпекті аудандық кітапханасының 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат. «А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абайым-ақындықтың пайғамбары»



жүктеу 73.36 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі73.36 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Көкпекті аудандық кітапханасының 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат.

«А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абайым-ақындықтың пайғамбары»» атты фото слайд байқауы.

5 наурыз күні Аудандық кітапханада «А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абайым-ақындықтың пайғамбары»» атты фото слайд байқауы өтті. Іс-шара мақсаты: Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Байқауға орта буын оқушылары қатысты. Оқырмандарға «Абайым-ақындықтың пайғамбары» атты әдемі кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды. Көкпекті орта мектебінің 6 сынып оқушысы Халыков Нұрдәулет «Абайдың нақыл сөздері» атты слайд көрсетіп 1-ші орынға ие болды. Ұйымдастырушылар тарапынан сыйлық тапсырылып және қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.



« Абай оқулары» байқауы өтті.

1.«Ойлан, тап»,

2. «Өз таңдауыңды жаса»,

3. «Ұшқыр ой,жылдам жауап»,

4.«Кім шапшаң?» төрт кезеңмен өтті.

Байқау жеңімпазы Ж. Шайжүнісов мектебінің 8 сынып оқушысы Касенов Ильясқа ұйымдастырушылар тарапынан сыйлық тапсырылып және қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.



Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдығы!

25 ақпан күні мәдениет үйінде Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен « Халықтар достығы» фестивалі өтті.Фестивальда ауыл кітапханашылары әр ұлт өкілінің салт-дәстүрін, ұлттық киімін, өнерін көрсетті.Қатысушылар ең үздік ұлттық киім,ұлттық дастархан,ең үздік өнер номинациялары бойынша марапатталды. Бас жүлдені Тассай селолық округінен келген өзбек ұлты жеңіп алды.






Ұлы Жеңістің 70 жылдығы!

Көкпекті ауданы бойынша «Ұлы Жеңіске дейін 70 күн: өткенді болашақ үшін есте сақтаймыз» акциясы аясында Аудандық кітапханада 2015 жылы 1сәуірде «Мың тағзым, Сізге ардагер» атты Көкпекті ауылының тұрғыны 86 жастағы тыл ардагері Малғаждаров Жәлел Малғаждарұлымен кездесу өтті.Іс –шараның мақсаты: жасөспірімдерге Ұлы отан соғысы жайлы тереңірек ақпарат беру, тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқырмандарды патриоттық рухқа , Отанын сүюге тәрбиелеу. Іс-шара барысында қарт ардагердің ауыр балалық шағы,шығармашылық жолы туралы әңгімеленіп,өмірбаяны туралы толық ақпарат слайд түрінде оқырман назарына ұсынылды.

Акция «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Боздақтардан бір белгі»

Аудандық кітапханың онлайн-орталығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Боздақтардан бір белгі» атты акция қолға алынды. Акцияның мән-мақсаты — соғыста хабар-ошарсыз кеткен немесе майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің деректерін іздестіру.Осы шара басталғаннан бері кітапхананың тұрақты оқырманы Нұрасыл Бекенов өз әкесінің қай бауырластар зиратында жерленгені туралы мәлімет тапты. Бұл үшін Сіздерден өздеріңіз іздеу салған, дерегін білгісі келген жауынгердің толық аты-жөнін, туған жылын, әскерге қашан және қай жерден шақырылғаны туралы мәліметтерді kokpektyonline@mail.ru электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.



Акция «Читаем детям о войне»
Акция «Читаем детям о войне»26 қаңтар күні аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Балалар соғыс туралы оқиық деген тақырыппен акция басталды.Акцияның мақсаты жасөспірімдерге соғыс туралы кітаптарды оқыту арқылы олардың патриоттық сезімін ояту.Соғыс көріністері кітап жадында деген тақырыптық көрме қойылып,балаларға толық мәлімет берілді.



Кітап көрмесі.Әлия Молдағулова онлайн көрсетілім.

Әлия Молдағұлова арналған онлайн-көрсетілім өтті



2015 жыл Ұлы Жеңістің 70 «Шығыс Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары» илл.кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.



«Көкпектілік Кеңес Одағының Батырлары» тақырыптық сөре және Ұлы Жеңіске тағзым онлайн көрсетілім келушілер назарына ұсынылды.Сонымен қатар Шығыстан шыққан Совет Одағының батырларына арналған «Всем тем, кто ушел в бессмертие и победил,посвящается…» деген тақырыппен еске алу сағаттары өткізілді.



15 сәуір - Козы Көрпеш Баян Сұлу ғашықтар күні.

Аудандық кітапханадағы «Жас ақын » клубының мүшелері Жақия Шайжүнісов атындағы мектебінің 8,9 сынып оқушылары, жас ұстаздар М. Мақатаевтың өлеңдерін оқып, Ғашықтар күні туралы ойларын ортаға салды.

.



«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.


Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік
Ғабит Мүсірепов.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.      


Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында  маңызды  рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, Аудандық кітапханада кітап қорын әр саладағы әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптармен толықтыру, қазақ әдебиетінің  кітаптарын  насихаттау, жастарды  рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен  «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын өткізді.
Жергілікті ақын, Бейсен Аханов игі  іс-шараға белсене қатыса отырып Алматы баспасынан 2015 жылы шыққан 3 бөлімнен тұратын «Шашу» атты жинағын Көкпекті аудандық кітапханасына және оқырмандарына , сыйға тартты. Ақынның  бастамашылығын  қолдай келе, ұйымдастырушылар ризашылығын білдіреді.«Кітап- білім бұлағы» демекші, кітап оқыған адамның әрдайым рухани байлығы, дүниетанымы кеңейіп, ішкі дүниесі тазаратынын білеміз. Сондықтан да ұстаздар мен ата-аналар қауымы жас  ұрпақты кітапханаға көптеп тартуы керек.



Қазақ хандығының 550 жылдығы!

21 сәуір Көкпекті аудандық кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтын Орда хандары» атты тақырыппен кітап көрмесі оқырманға насихатталды. Көрмеге қазақ мемлекетін құруға үлес қосқан атақты хандар мен сұлтандар туралы жазылған кітаптар,қазақ хандығының тарихын дәріптейтін шығармалар қойылды.Көрмеге жиналған оқырмандар тарихқа толы әдебиеттермен танысып,өз ойларын ортаға салды.

.

1 мамыр Халықтар достығы күні!

Аудандық кітапханада 1 мамыр Халықтар достығы мерекесіне арналып, « Бір шаңырақ астында!» деген тақырыппен кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге әр ұлт және ұлыс өкілдерінің салт-дәстүрін, ұлттық дастархан мәзірін дәріптейтін кітаптар қойылып, оқырман назарына ұсынылды. Аудандық кітапхана қызметкерлері 1 мамыр күнгі мерекелік шеруде қазақ халқының ұлттық киімін киіп, ұлттық тағамдарынан дастархан жайды. Іс- шара соныңда кітапханашылар халық әнін айтып сайысқа түсті.1-мамыр қазақстандықтар үшін татулық, достық мерекесі ретінде қалыптасқан – көп ұлтты мемлекет. Еліміздегі қол жеткізген табыстар осы халықтар достығымен тығыз байланысты. Осы бірлік аясында еліміз дамыды, өсті, біздің достығымыздан үлгі алатын мемлекетке айналды.





Ұлы Жеңістің 70 жылдығы!

Ұлы Жеңістің 70 «Шығыс Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары» .кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. «Көкпектілік Кеңес Одағының Батырлары» тақырыптық сөре және Ұлы Жеңіске тағзым онлайн көрсетілім келушілер назарына ұсынылды.Сонымен қатар Шығыстан шыққан Совет Одағының батырларына арналған Всем тем, кто ушел в бессмертие и победил,посвящается…деген тақырыппен еске алу сағаттары өткізілді.

Аудандық кітапханада Ұлы Жеңіске 70 жылдығына орай Отты жылдар жаңғырығы деген тақырыпта тарихи кеш өтті.

Слайд –шоу көрсетілді. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы туралы оқырмандар толық танысып, талдау жасауға мүмкіндік алды





31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналып, қазақ тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы келер ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Зобалаң жылдар жаңғырығы» деген тақырыппен еске алу кеші өткізілді. Кеш барысында тақырыптық слайд көрсетіліп, «Репрессия құрбандары»деген тақырыппен ашық кітап көрмесі қойылды.

.

1 маусым - Балаларды қорғау күні

 1 маусым - Балаларды қорғау күні, бұл ең жақсы және  қуанышты мереке болып табылады. Бұл күннің жақсы өтуі, есте қалуына үлкендердің тигізетін ықпалы зор осы мерекеге арнап аудандық кітапхана қызметкерлері «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты флеш-моб ұйымдастырды. «Ертегілер әлеміне саяхат»деген тақырыппен қойылған кітап көрмесі балғын оқырмандардың қызығушылығын туғызды .





4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні!

4 маусым Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздер күніне арналған - «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты әңгіме викторина өтті. Іс-шараның мақсаты : Жас өспірімдерді мемлекеттік нышандарды құрметтеуге, олардың бойларына патриоттық сезімді қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушыларға аудандық кітапхана қызметкерлері

« Үмітін елдің арқалап арманнан туған рәміздер» атты кітап көрмесін ұсынды

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» слайд –шоу көрсетілді «Рәміздерді



Ұлт Жоспары – “100 нақты қадам”

Н.Назарбаев: Ұлт Жоспары – “100 нақты қадам” атты тақырыппен 24-25 маусымда Күршім ауданында кітапханашылардың аймақтық семинары өтті.Семинарды Күршім ауданы әкімінің орынбасары М.Ж.Қалелов ашты.Семинарда ел президентінің бағдарламасын насихаттаудағы кітапхана саласының ролі,кітапханалардың жағдайы туралы ,жаңа технологияға көшуі,кітапханалардың дамуы туралы Күршім аудандық ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Ф.Ульмесеков баяндама жасады. Аймақтық семинарға Көкпекті аудандық кітапханасы қызметкерлері қатысып тақырыптық лекция, презентация және топтық жұмыстар жүргізді.Семинарда кітапханалық туризм бағдарламасының тұсаукесері өткізіліп,қатысушыларды Қиын-Керіш шатқалына саяхатқа шығарды.







Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет