КӨкпекті ауданы әкімінің 2009 жылғы есепті баяндамасының тезистері өнеркәсіп



Дата02.05.2016
өлшемі159.96 Kb.
КӨКПЕКТІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 2009 ЖЫЛҒЫ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

Өнеркәсіп.

2009 жылы жалпы өңірлік өнім 28,1 % - ға өсіп, 11 млрд. 161 млн. теңгені құрады.

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемі 2 млрд. 636 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өнімінің жеке көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 18 % - ға өсті. Өнеркәсіп және электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу ұлғайды.

Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім өндірудің 6,9 % - ға өсуіне қарамастан, балықты өңдеу бойынша 10,4 % - ға төмендеу байқалады.

Нарықта титанды – магний өніміне сұраныстың төмендеуіне байланысты «STM» ЖШС-де металл қоспаларын шығару 0,3 % - ға төмендеді.

«Каскад-Н» ЖШС Кулунджун учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпорынның бұдан әрі қызмет етуі инвестициялардың көлеміне байланысты.

«Семгео» ЖШС жұмысын уақытша тоқтатты.


Инвестициялар.

Негізгі капиталға инвестиция құюдың көлемі 1 млрд. 158 млн. 989 мың теңгені құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткішінен 73 %. Инвестицияның азаюы 2008 жылы республикалық бюджет есебінен Көкпекті ауылында мектептің салынуына байланысты болды. Қаржыландырудың көзі бойынша инвестицияның құрылымында ең көп көлемі республикалық бюджет қаражаты - 62 %, қарыз қаражаты - 19,2%, кәсіпорындардың және ұйымдардың меншіктік қаражаттары - 10,2%, жергілікті бюджеттің қаражаты - 8,5 % құрайды.

2009 жылы республикалық бюджет есебінен Көкпекті ауылындағы аурухананың құрылысы жалғасты. 2 көпсалалы мемлекеттік комуналды кәсіпорындарының жарғылық капиталын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді, Жол картасы бойынша жобаларды бірлесіп қаржыландыру жүргізілді. Ірі және орта ауылшаруашылық құрылымдарының меншікті және қарыз қаражаттары негізгі және айналым қаражатын толықтыруға және техникалар сатып алуға жіберілді.

198 млн. теңге сомасына 2 инвестициялық жобалар жүгезе асырылуда – олар №14 кәсіби лицейінде жастар өндірістік - оқыту шаруашылығын құру және «Елімай» шаруа қожалығының базасында бордақылау алаңы мен мал сою цехының құрылысы.



Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы қолданыстағы бағада 41, 2 % өсті және 8,3 млрд. теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің сомасында мал шаруашылығы өнімінің үлесі - 59 %, өсімдік өсіру - 41 % құрады.

Мал шаруашылығында жылқы басының саны 10,6 мыңға, шошқа-5,4 мың басқа, құстар - 70,1 мың басқа жетті. Сонымен қатар, атап өтетін жағдай, ауданда өткен жылы мүйізді ірі қара және ұсақ мүйізді мал басы, тірідей салмақта мал және құс етін өндіру ұлғайған жоқ 2008 жылдың деңгейінде қалды.

Ет және сүт өндірісін ұлғайту үшін ауданда 9 бордақылау алаңы мен 2 тауарларлық-сүт фермасы құрылды және жұмыс жасауда, 4 асыл тұқымды шаруақылықтар бар.

Жалпы мал басы құрылымында асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың үлесі 3,5 % (2008 жылы-2,9 %) құрайды.

Ірі қара малдың 85 пайызынан көбі тұрғын халыққа және шағын шаруа қожалықтарына жатады, оларда қолдан ұрықтандыру енгізілмеген, бұл сүтті үйірдің өсуін төмендетеді. Ауданда 14 қолдан ұрықтандыратын пункттер бар, бірақ оның 2-уі ғана - Миролюбовка және Палатцы селолық округтерінде жұмыс істеп тұр.

2009 жылы егістіктің алаңы 10 % ұлғайтылған болатын және 122,1 мың га. құрады. Орташа өнімділігі гектардан 13,8 центнер болған кезде дәнді дақылдардың жалпы түсімінің көлемі 103,4 мың тоннаға жетті, орташа өнімділік гектардан 6,1 центнер болғанда күнбағыстың жалпы түсімі 20,3 мың тоннаны құрады.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындай келе, біз ылғал сақтаушы технология бойынша егістік алаңын 30 мың гектарға жеткізе отырып, 2 есеге ұлғайттық.

Облыста алғашқы рет «Еңбек-Агро» ЖШС 50 гектар алаңда картоп өсірді, оны суғару тамшылап суғару әдісі арқылы жүргізілді. Осы технология өнімділікті гектардан 250 центнерге жеткізуге мүмкіндік берді, бұл дәстүрлі технология көрсеткішінен 100 центнерге артық. 2010 жылы осы шаруашылықта картоп өсірудің егістік алаңын 100 гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.

Ауданда 3 тұқым өндіру шаруашылықтары бар, олармен 3310 тонна бидай тұқымы, 250 тонна күнбағыс тұқымы өндірілді. «Қалисатар-ұлы» шаруа қожалығында 2010 жылы дегдар-тұқымдыға ауыстыру жоспарланған, осы үшін егістік жердің көлемі 1700 гектарға жеткізілді.

Бүгінгі күні облыс әкімі біздің алдымызға ішкі нарықты тұрақты баға бойынша меншікті азық-түлік тауарларымен толтыру міндет қойып отыр.

Қазіргі уақытта аудан бойынша ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша 37 цех жұмыс істеп тұр. Олармен 770,0 млн.теңгеге немесе өткен жылдың деңгейінен 102 % өнім өндірілді. Негізгі кірісті екі кәсіпорын әкеледі – «Рыбпром» ЖШС және тәулігіне 120 тонна өндіретін диірмен кешені бар «Самар-Астық» ЖШС. Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Мәмбет» шаруа қожалығының кешенінде тәулігіне қуаттылығы 28 тонна өндіретін диірмен кешені пайдалануға енгізілетін болады.

Машина-тракторлық паркты жаңартуда позитивті алға жылжу байқалады. 134 бірлік жаңа техника сатып алынды, ол 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 46 бірлікке немесе 34 % ұлғайды.

ШҚО әкімінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 32 объектінің санитарлық-қорғау аймақтары анықталды, олардың барлығы белгіленген уақыттарында бірдейлендіру құжаттарын алды.

Мемлекет ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қолдау көрсетуде. Жанар-жағар майдың арзандауына және басқа да материалды-тауарлық құндылықтарға республикалық бюджеттен 175 млн. теңге, сиыр және шошқа етін өндіруге 56,2 млн. теңге, сүт өндіруге 8,7 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді.


Шағын және орта бизнес.

Бизнестің белсенді объектілерінің саны 47 % - ға өсті немесе 75 бірлікті құрайды. Шағын бизнес кәсіпорындарының өсуі салалық қимадан алғанда ауыл шаруашылықта және құрылыста байқалады.

Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 1,8 % - ға өсіп, 3028 адамды құрады. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтін халықтың үлесі аудандағы экономикалық белсенді халықтың жалпы көлемінде 14,2 % құрайды.

Бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салықтың түсімі 0,7 % - ға өсті, соның ішінде жергілікті бюджетке 7,1 %.

Өнеркәсіптік әлеуетте шағын және орта кәсіпорындардың үлесі 2008 жылы 39 % құраса, 2009 жылы 41 % - ға дейін өсті. Шағын кәсіпкерліктердің субъектілерімен тауар шығару көлемі 10,6 % - ға өсті.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының қаражатынан БТА банкі арқылы 23,6 млн. теңге соамасында 8 жоба қаржыландырылды, «КазАгрофинанс» Акционерлік қоғамында 3 инвестициялық жоба қаралуда.

Тұтыну бағаларының деңгейін тұрақтандыру және төмендету жөніндегі штаб жұмыс атқарады. Апта сайын Көкпекті және Самар ауылдарында ауыл шаруашылық өнімдерін сату бойынша жәрмеңкелер өткізіледі, бір жыл ішінде 33 млн. теңгеге өнімдер сатылып, 41 жәрмеңкелер өткізілді.

2 әлеуметтік дүкендер мен 22 әлеуметтік бұрыштар өз істерін жалғастыруда.

Кәсіпкерлермен алғашқы қажеттіліктегі тауарлардың бағасына 10 % сауда үстемесін көтермеу туралы 70 – тен астам меморандумдар жасалды.

1 сұрыптағы ұнның бағасы 22 % - ға, күріш 6 % - ға, макарон өнімдері 15 % - ға төмендеді, қанттың бағасы 8 % - ға жоғарылады.

Ауданның кәсіпкерлері әлеуметтік мәселелер мен сұрақтарды шешуге белсенді қатысады.

Жасалған меморандумдарға сәйкес кәсіпкерлік субъектілері 2009 жылдың ішінде 48 млн. теңге сомасына әлеуметтік міндеттерді орындады. «Каскад Н» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көше жарықтандыруын орнатуға, балабақшаны қоршауға және қасбетін қаптау, Жеңіс саябағын көріктендіру үшін 16,5 млн. теңге бөлді.

«Ромат» ЖШС дәріхана ашты. «Дюсупов и К», «Елімай», «Арна» шаруа қожалықтарының, «Өрнек», «Шегелек ЛТД» ЖШС басшылары және т.б. ауылды көріктендіруге көмек көрсетті, жолдарды қардан тазалауды қамтамасыз етті, спортты дамытуға және мерекелік іс-шараларды өткізуге қаражаттар бөлді.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен өткен «Туған жерге тағзым» атты патриоттық акциясының шеңберінде бизнес өкілдері клубтар үшін ғимараттарды, медициналық пункттерді, мектептерді беруде, 130 млн. 450 мың теңге жалпы сомасына жаңа қайта өңдеу объектілері мен мейрамхана кешендерінің құрылысын, ауылды көріктендіруді, компьютерлік сыныптар сатып алу және басқа да ізгі істер жаспарлауда.


Бюджет.

2009 жылға ауданның бюджеті 2 млрд. 451 млн. 266 мың теңгені құрайды, соның ішінде 13, 3 % меншікті кірістер. 2010 жылдың 01 қаңтарына 325 млн. 394 мың теңге меншікті кірістердің болжамымен 326 млн. 154 мың теңге кіріске түсті, 0,2 % - ға өсу қамтамасыз етілді. 2 млн. 279 мың теңге немесе 93 % бюджет игерілді. Кәріз желілірінің құрылысы бойынша 171 млн. 987 мың теңге иегрілмеді.

2010 жылға ауданымыздың меншікті кірістері бойынша болжам 366 млн. 561 мың теңгеге жеткізілді. Бұл былтырғы жылдың деңгейінен 41 млн. 167 мың теңгеге немесе 12,6 % - ға жоғары. Ағымдағы жылы бюджеттің кірістік бөлімін орындауды аудан әкімінің орынбасары Г.Т.Қойгелдинаға тапсырамын.
«Ауыз су» бағдарламасы.

Ауыз су мәселесі Биғаш, Самар және Көкпекті ауылдарының тұрғындары үшін шешілді. Сумен жабдықтау және су бұрғыш жүйесінің жұмыс істеуі бойынша 15 млн. 40 мың теңге игерілді, соның ішінде Тассай және Шұғылбай ауылдарына ұңғымалар бұрғыланып, насостар орнатылды. Сумен жабдықтау нысандары бойынша жобалардың тізбесі бекітілді, соған байланысты ауданның 12 елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.


Көріктендіру.
Елді мекендерді көріктендіру бойынша 4 млн. 297 мың теңге игерілді. Баннерлерді орнату үшін 3 тірек дайындалды, облыс әкімнің тапсырмасы бойынша кіреберісте 3 стелла орнатылды, аудандық әкімдік ғимаратының айналасына металды қоршау орнатылды. Көшелерді жарықтандыруға 16,3 млн. теңге бөлініп, Көкпекті ауылындағы қашықтығы 5,1 км. және Самар ауылында қашықтығы 4,5 км. көшелер жарықтандырылды. Жол картасы есебінен 5,7 млн. теңге сомасында болашақтағы Жеңіс саябағының аймағы қоршалды, соқпақтарға кеспе тастар төселді, мемориалдың бетонды негізі дайындалды. 1 млн. 995 мың теңге сомасында жалпы қашықтығы 2,5 км. Көкпекті ауылындағы Күшімбаев, Қабанбай батыр, Әуезов атындағы көшелерін жөндеу бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Дүкендер мен тұрғын үйлердің қасбеттері жаңғыртылды, қоршаулар тәртіпке келтірілді.
Жолдар.

«Жол картасының» 9 жобасын іске асыру шеңберінде жергілікті маңызы бар жолдарды жөңдеуге 119 млн. 231 мың теңге бөлінген. Жалпы қашықтығы 174 км автокөлік жолдарына жөндеу жүргізілді.

Жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға және қардан тазалау үшін 31 млн. 690 мың теңге игерілді.

Новотимофеевка – Самар – Көкпекті, Самар – Мариногорка –Жұмба бағыттары бойынша Көкжыра, Бастаушы ауылдарына кірумен аудан ішіндегі рейстер ашылды, ол үшін 280 мың теңге бөлінді.

Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге 400 мың теңге бөлініп, 22 жол белгілері сатып алынды және орнатылды.
Инфрақұрылым.

Көкпекті АЭС - мен электр тасмалдау желілеріне және олардың пайдалану қызметіне жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа – База учаскесінде тұрғын үйлерге қосылатын электр тасымалдау желілері құрылды. 15 жыл ішінде алғаш рет желілерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көкпекті және Самар ауылдарында Мегалайн байланысы орнатылған. Тассай мен Көкжайық ауылдарында санды АТС орнатылды. Шұғылбай мен Теректі ауылдарында ескірген АТС санды WLL -ға ауыстырылды. Көкпекті және Биғаш ауылдары арасында спутниктік байланыс орнатылды. Қосымша 699 нөмір қосылды, Қалбатау – Көкпекті талшықты оптикалық байланыс желісін салу басталды.

Ауданның коммуналдық кәсіпорындары халықты сумен қамтамасыз ету және көрсетілетін қызмет саласын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізді.

«Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде Көкпекті ауылындағы су құбыры желілерін және суды қысыммен ағызатын мұнараны ағымды жөндеуге 24 млн. теңге бөлінді. Нысан аяқталып, пайдалануға енгізілді.

Жергілікті бюджет есебінен көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғылық капиталы кеңейтілді, бұл 2 арнайы техника, тазартқыш машина, экскаватор, 2 самосвал автокөлігі, 2 трактор және дәнекерлеу аппаратын алуға мүмкіндік берді, олардың жұмыс істеуі 354 мың теңге сомасында кіріс әкелді.


Құрылыс.

Тұрғын үйді енгізудің жалпы көлемі 809 шаршы метрді құрады. Үш үй 1 млн. 315 мың теңгеге жөнделді. Азаматтардың жеке санаттарына 5 млн. 898 мың теңгеге тұрғын үй сатып алынды.

Әлеуметтік сала нысандарына мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысымен 7 жоба алынды.

Самар ауылында тазарту имараттары мен су құбыры пайдалануға қабылданды.

Құрылыс саласында жүргізіліп жатқан жұмыс сапасының төмендігі, нысандардың құрылысы барысына бақылаудың болмауы байқалады. Жыл ағымында мердігер М.К. Құмаров Көкпекті орта мектебі бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтарды жойған жоқ. «АзияТемірKZ» ЖШС Көкпекті ауылында кәріз желілері мен тазарту имараттарының құрылысын жүргізді. Қолда бар қаражатқа қарамастан мердігер Егораев С.Н. қосымша мердігер ұйымдарды тартпады, конкурстың талаптарын орындамады, жұмыстың кестесін, техникалық нормалар мен талаптардың ережесін бұзды, осының барлығы қаражаттың игерілмеуіне және жұмыстардың тоқтауына әкеліп соқты.
Халықты әлеуметтік қорғау.

Ауданда 1246 мүгедек бар, соның ішінде 137 бала, 4727 зейнеткер, олардың 170-і жалғызбасты, 43 соғысқа қатысушылар, 1171 тыл еңбеккерлері.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жазған 841 адамның ішінен 370 адам жұмысқа жіберілді, 600 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 516 жұмыс орны құрылды. Кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 41 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам, жастар практикасына 9 адам жіберілді.

Әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемде төлеу қамтамасыз етілді. Жыл бойы 40 млн. 927 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек, 29 млн. 895 мың мемлекеттік балалар жәрдемақысы, 8 млн. 926 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін 445 мың теңгеге облыстық газет басылымдарына тегін жазылу ұйымдастырылды. 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне 1 млн. 700 мың теңге сомасында материалдық көмек бөлінді.

Былтырғы жылы 27 жас маманға 2 млн. 566 мың 560 теңге сомасына көтерме ақылар төленді.


«Арнайы - әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес былтырғы жылдың қараша айында «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» құрылды. Ауданда мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға көмек пен қолдау көрсетіледі. 2009 жылы 13 мүгедектік арба берілді, мүгедек балаларды емдеу үшін 250 мың теңге бөлінді, үйде оқытылатын мүгедек балалар үшін 3 млн. 798 мың теңге төленді.

Қайырымдылық айлығының барысында 4530 күнкөрісі төмен азаматтарға 3 млн. 370 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Семей сынақ полигонынан зардап шеккендер үшін біржолғы өтемақы төлеу жалғастырылды. Төлегені 5 млн. 492 мың 180 теңге, төленбеген сома 2 млн. 392 мың. 800 теңгені құрайды.

Ауданда 232 оралман отбасылары тұрады, жалпы саны 1137 адамды құрайды. 18 қарашада аудандық «Атамекен» форумы өтті, онда 2 отбасына Ажа мен Көкжайық ауылдарындағы пәтердің кілті ұсынылды.

«Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру мақсатында Курчатов қаласына 4 отбасы көшуге дайын, олар тұрғын үй комиссиясынан өтіп, «Ертіс» АӨК арқылы келісімшарт жасады.

«Жол картасы» шеңберінде 14 салалы жобалар құрылды, бүгінгі күнге 13 жоба аяқталды. 272 жұмыс орны, 75 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, «Жастар практикасына» 53 адам жіберілді. Кәсіби оқу мен қайта даярлаудан 149 адам өтті. Бүгінгі таңда 109 адам жұмысқа орналастырылды.


Білім беру.

Ауданда 49 мектеп жұмыс істейді. Мектепке дейінгі тәрбие беру екі балалар бақшасында, үш «Мектеп-балабақша» кешендерінде, 54 мектепалды дайындық сыныптарында және 53 шағын орталықтарда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1443 бала қамтылды, бұл 60,3 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылы «Шуақты Шұғыла» балалар бақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, кәріз желілері жаңғыртылды, сумен қамтамасыз ету жүйесі жөнделді.

2010 жылы Көкпекті ауылындағы балабақшада 60 орынға арналған 2 қосымша топтар, Самар балабақшасында 30 орынға арналған 1 топ ашылады. Тассай ауылындағы шағын орталықта бір топ балалардың балабақшада толық күн болу тобына қайта құрылады. Осы мақсаттарға 13 млн. 252 мың теңге қарастырылған. «Дәншік» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтану қамтамасыз етілді. 2009/2010 оқу жылының басына асханалар үшін 2 млн. 140 мың теңге сомасына жаңа құрал-жабдық алынды.

Жүргізілген оңтайландырудың негізгі мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттыру, бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану, материалдық – техникалық базаны нығайту. Нәтижесінде бір негізгі мектеп және 7 бастауыш мектеп жабылды, 6 орта мектеп негізгі болып қайта құрылды.

Материалдық – техникалық базаны нығайту үшін 4 автобус, 18 жабдықталған физика кабинеттері, 4 биология мен химия, 5 мультимедиялық кабинет сатып алынды.

Мектептерде 16 лингафондық мультимедиялық кабинет және 820 компьютер орнатылды, 378 компьютер ауыстыруды қажет етеді.

Шығармашылық бағытта жұмыс істейтін ұстаздармен және педагогикалық істің ардагерлерімен аудан әкімінің кездесуі өтті, мұнда 7 ұстаз, 12 ардагер марапатталды, 8 ардагерге демалыс үйіне жолдамалар берілді.

Тамыз конференциясында үш ұстаз дарынды балалармен жұмыстағы шығармашылық тәсілі үшін мадақтамалар мен 3 мың доллар сомасына сыйлықақымен марапатталды.

Жыл сайын білім беру қаражатының көлемі ұлғайтылуда. 2010 жылға 4 мультимедиялық кабинет, 2 биология кабинетін, 4 автобус, 8 компьютерлік сынып, 4 «Өзін-өзі тани білу» кабинеттерін, алу жоспарланған, жазғы демалыс лагерінің құрылысы үшін қаражаттар қарастырылған.

«Дарынды балалар» бағдарламасын іске асыру және инновациялық – ақпараттық технологиялар орталығын ашу үшін алғаш рет ауданда 8,5 млн. теңге қарастырылды.


Денсаулық сақтау.

Ауданның тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін екі медициналық бірлестіктер, туберкулезге қарсы аурухана, 2 алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету орталықтары, 9 дәрігерлік амбулаториялар, 33 медициналық пункттер, бөлек ғимараттары жоқ 11 медицина жұмысшылары қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жұмыс істейді. Жедел медициналық көмекті 2 қабылдау бөлімшелері көрсетеді, тәулік бойғы күтімімен 135 төсек бар.

Ауданның денсаулық сақтау бюджеті 388 млн. 335 мың теңгені құрайды. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға 7,3 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау мекемелерін ағымды жөндеу жүргізілді.

Барлығы 61 дәрігер және 236 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. 10000 халыққа шаққандағы дәрігермен қамтамасыз етілу былтырғы жылдың деңгейінде – яғни 15,8 бірлік. Дәрігерлер үшін 3 пәтер сатып алынды.

Денсалуық сақтау саласында медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтауды реформалау бағдарламасын толық көлемде іске асыру, ана мен бала өліміне жол бермеу қажет.

30 %-ды құраған туберкулез ауруының өсуін қысқарту үшін туберкулезбен науқас адамдарды әлеуметтік қолдауға қаражат қарастыру қажет.

Сапалы медициналық қызмет көрсету үшін Медицина кадрларының жеткіліксіздігі мәселесін шешу қажет, ол 29 арнайы профильді дәрігерді құрайды.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау үшін 11 медициналық пункттерді арнайы үй-жаймен қамтамасыз ету қажет.

Мәдениет.

2009 жылы 2 Мәдениет үйі, 39 ауылдық клуб, 2 аудандық кітапхана, 27 ауылдық кітапханалар және Самар ауылындағы өлкетану мұражайы жұмыс істеді.

Ерекше көріністі іс-шаралар болып аудандық ауған әндерінің байқауы, балалар шығармашылығының фестивалі, ауыл шаруашылығы жұмысшыларының күні, сондай-ақ «Туған жерім – алтын бесігім» акциясының шеңберіндегі ауданның мәдени күні өтті, оған біздің жерлестеріміз, еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері Нұмухамбетова Мергүл, Арғынбекова Майра, Макенова Бисара, Бахтинова Шайзат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халық әртісі Майра Ілиясова қатысты.

Мәдениет үйінің фальклорлық ансамблі өз жұмысын қайта бастады. Көкпекті ауылындағы Мәдениет үйінің қонақ бөлмесіне жөндеу жүргізілді, осы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда, ол үшін жобалау – сметалық құжаттамалар жасалды.

714 мың теңге сомасына музыкалық аппаратура алынды, ерлер квартеті мен «Русские сувениры» ансамблі үшін сахна костюмдері тапсырыс бойынша тігілді.

Қабылданған шараларға қарамастан, материалдық-техникалық базасы нашар, үлгілік ғимарат жоқ, музыкалық және жарық аппаратурасы жоқ, жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, сахналық және театрлық костюмдер жеткіліксіз.

Режжисер, хореограф, көркемөнерпаздық үйірмелерінің жетекшілері, және де фольклорлық ансамбль үшін мамандарға тапшылық сезіледі.

Ауылдық кітапханалар мен клубтарда халықпен жұмыс нашар жүргізіледі.


Спорт.

Спортшыларды дайындау 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жүргізіледі, онда 392 оқушы спорттың 10 түрімен шұғылданады. Спорттың самбо, еркін күрес, таэквон-до, волейбол, армрестлинг сияқты түрлерінен айтарлықтай жетістіктерге қол жетті. Спорттың ұлттық ат ойындарының түрлері сәтті жүзеге асырылуда, бұған «Дархан» атты-спорт клубының жұмысы ықпал етеді. Оны қолдау үшін 5 млн. теңге жоспарланған. Күресті дамыту үшін спорт залының ғимаратын жөндеу, күресу кілемдерін сатып алу, еліміздің атақты күресшілерімен кездесуді ұйымдастыру қарастырылған.

13-ші Халықтық спорт ойындарында біздің аудан бағдарламаның 20 түрі бойынша қатысты. Нәтижесінде ауданның құрама командасы 287,5 ұпай жинап, облыстың аудандары ішінде 4 орынға ие болды.

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі проблемалары – ол материалдық – техникалық базаның нашарлығы, әсіресе спорттың қысқы түрлері бойынша, перспективалы жаттықтырушылардың жоқтығы, халықты дене шынықтырумен және спортпен қамтудың төмен деңгейі.


Құқықтық тәртіп.

Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында жедел – алдын алу іс-шаралары және нысаналы операциялар жүргізілді. Оңды өзгерістер бар, оны ауыр қылмыстың, пәтер ұрлығының, бұзықтық жасау, есірткі заттарын заңсыз сақтаудың азаюынан байқауға болады. Сонымен қоса, өткен жылы жалпықылмыстық қылмыстардың 30 жағдайға өсуі де байқалады, соның ішінде зорлау, бөтен мүлікті ұрлау, тонау, автокөліктерді айдап әкету, жол-көліктік апаттар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар және кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыстар сияқты.


Қоғамдық-саяси ахуал.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың болымды серпіні, ақпараттық-насихаттау жұмыс, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасы, толеранттық және ұлтаралық келісім қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
Ауданда «Нұр Отан» ХДП филиалы, жастардың, интернационалист – жауынгерлердің, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері өз жұмысын жалғастыруда. Жоғары азаматтық белсенділіктерімен ардагерлер қозғалысы ерекшеленеді. Өмірлік тәжірибесі және білімі толеранттық пен ұлтаралық келісімнің негізі болып табылатын ақсақалдар алғыс айтуға лайықты.

Барлық ұлттың діні мен тілдерін ары қарай дамыту үшін жағдай жасалған. Дегенмен, біз әлі де мемлекеттік тілді дамытуда және оның қолданылу аясын кеңейтуде бейқамдық көрсетеміз.


Мемлекеттік қызмет көрсету.
Орындардағы мемлекеттік басқару жүйесі сапалы жақсартуды қажет етеді. 2009 жылдың ішінде тәртіптік жауапкершілікке 21 мемлекеттік қызметші тартылды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін екі адам лауазымынан босатылды. Есептік кезеңде 6 селолық округ әкімдері, 4 дербес бөлімдердің бастықтары тағайындалды.

Менімен және менің орынбасарларыммен азаматтарды қабылдау жүргізіледі. 2009 жылдың ішінде азаматтардан 1854 өтініш түсті, соның ішінде 150 заңды тұлғалардан. Оңды шешілгендері - 926, түсіндірулер берілгені - 888, бас тартылғаны - 4.

Былтырғы жылдың есепті кездесуінде 2 ұсыныс түсті – олар Бастаушы ауылында балабақша ашу және Белое ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда дүкенін ашу. Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектептің ішінде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шағын орталық ашылды. Балабақшаны жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Бұл мәселе ауылдың даму перспективасын есепке ала отырып, аудандық білім беру бөлімімен шешілетін болады.

Екінші мәселе бойынша – дүкеннің ғимараты жөнделді, қазір өртке қарсы және мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау қызметтерімен келісулер жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату «Самар-Астық» ЖШС қоймасында жүргізіледі. Белое селолық округінің әкіміне кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп осы жұмысты аяқтау қажет.

Аудан әкімінің аппаратында электрондық құжатайналым және азаматтардың өтініштерін бірыңғай есепке алу бағдарламасы енгізілді, электронды түрде өтініштерді есепке алу жүргізіледі, аудан әкімінің виртуальді қабылдауы жұмыс істейді, мұнда 41 өтініш түсіп, оның барлығына жауап қайтарылды.

2008 жылдың маусым айынан бастап қазақ және орыс тіліндегі Көкпекті ауданы әкімінің ресми сайты жұмыс істейді.

Ауданның тұрғындарының Интернет желісіне тегін қол жетімділігі үшін бес қоғамдық қатынау пункеттері жұмыс істейді.

Аудан әкімінің аппараты халықаралық сапа стандартын енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде, оның қызметі ИСО 9001:2000 стандартына сәйкестігі тексеріліп, танылды.








Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет