Коксохимиялық өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/4
Дата24.04.2016
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген



Коксохимиялық өндірісіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптары

1. Жалпы жағдайлар
1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы коксохимиялық өндіріске таратылады.

2. Жобалау, құрылыс және коксохимиялық өндірістердің (цехтердің, бөлімшелердің) қайта жөндеуі Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істеп жатқан құрылыс нормалары мен талаптарға, технологиялық жобалау нормаларына, Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда Министрінің 2001 жылғы 7 тамыз № 192 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсіп ұйымдары мен кәсіпорындарына арналған жалпы қауіпсіздік талаптарына және қазіргі Талаптарға сай жүзеге асырылады.

3. Қайта салынған және жөнделген коксохимиялық өндірістерді (цехтерді, бөлімдерді) пайдалануға қабылдау ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 сәйкестігімен жүргізіледі.

4. Жобалы ұйыммен немесе жабдықтарды әзірлеуші-зауыт келісімінсіз, жарылыс қаупі бар немесе улы орталардың пайда болуына әкеліп соқтыратын, негізгі жабдықтау конструкцияларына немесе технологиялық кестелердің олардың жобалы параметрлердің (қысым, температура) арттыру бөлімінде өзгертулерді енгізуге рұқсат етілмейді.

5. Барлық жұмыс істейтін өндірістердің техникалық бастықпен бекітілген ұйымдары бар:

1) технологиялық уақыт тәртібі;

2) өндірістік бақылау туралы жағдай;

3) апаттарды жою жоспары.

6. Өндіріске өзгертулерді енгізуіне дейін, технологиялық процестердің, коммуникация схемаларының өзгеру немесе жабдықтардың жаңа түрлерін қолдану жағдайында, ұйымның техникалық басшымен бекітілген, жұмыс істейтін технологияық уақыт тәртіптеріне лайықты өзгертуер енгізіледі.

2. Коксхимиялық өндіріс аумағы
7. Электрлендірілген темір жолдарға тұтастырылған, коксохимиялық өндіріс аумағында теміржол кіру жолдарда, рельстік жапсарларда бөлектеуші қосатын бастырмалар болады. Сондай бөлектеуші рельстік жапсар, бұл жолдарда қабылдайтын, теміржол құрамы ұзындығынан асатын, ара қашықтарда орналасады.

8. Екінші бөлектеуші жапсарға электрлік потенциалдың жоқтығына тексеріс жасау, дұрыс пайдалану кезінде, монтаждан және әрбір жолды жөндеуден кейін жүргізіледі.

9. Теміржол жолдарына және автомобильдік жолдарға шығу орындарында ғимараттардың бұрыштарында тосқауылдар орналастырылады. Кокс машиналардың жолдарында қоршаушы тосқауылдар жасаудың қажеті жоқ.

10. Коксохимиялық өндірістің ғимараттары Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда Министрінің 2001 жылғы 7 тамыз № 192 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсіп ұйымдары мен кәсіпорындарына арналған жалпы қауіпсіздік ереже талаптарына сай.

11. Жолдар, барулар, тротуарлар, сыртқы сатылар, эстакадалар және асулар түзу күй-жағдайда болады, дер кезінде жөнделеді және түн мезгілінде жарықтандырылады.

12. Өндіріс аумағы тазалықта ұсталады және жүйелі түрде өндіріс қалдықтарынан тазартылады.

13. Кәсіпорын аумағында ашық қоршалмаған шұңқырлардың, қанаулардың, траншеялардың, құдықтардың бар болуына рұқсат етілмейді.

14. Өндірістік бөлмелер тазалықта ұсталады. Жұмыс орындарын, бөлмеден өтулерді, шығуларды үйіп тастауға рұқсат етілмейді. Өндіріске қажетті жабдықтау бөлшектер және материалдар, олар үшін арналған орнында болады.

15. Ғимараттар мен жабдықтардың конструкцияларында шаңның жиналуына рұқсат етілмейді. Шаңды жинау ұйымның техникалық басшымен бекітілген, жұмыстардың қауіпсіз өткізуін қамтамасыз ететін шаралардың орындалуымен, графикке сәйкес жүзеге асырылады.

3. Желдету, канализация және жарықтандыру
16. Өндірістік бөлменің жұмыс аймағындағы ауа МСТ 12.1.005-88 сәйкес. Еңбек қауіпсіздік стандарттар жүйесі. Жұмыс аймағындағы ауаға жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.

17. Желдету жүйелерін жіберу, жөндеу және пайдалану МСТ 12.4.021-75 ССБТ сәйкестікте жүзеге асырылады. Желдету жүйелері. Жалпы талаптар.

18. Өндірістік бөлмелерде, олардың тағайындалуына байланыссыз, толассыз жұмыс істейтін құйылу - сорылатын механикалық, табиғи немесе аралас түрдегі желдету ескеріледі.

19. Ауаға кенеттен зиянды заттардың (шаңнан басқа), жарылыс қаупі бар газдардың және булардың көп түсу мүмкіндігінен, жалпы айырбасталатынан басқа, өндірістік бөлмелерде апаттық-сорылатын желдету орнатылады.

Апатты желдету орнатылады:

1) ұстап алу машиналы цех залында;

2) газ компрессорында;

3) вакуум - насосты күкіртті сутек газ жабық бөлмесінде;

4) күкірт қышқылын алуға, күкірт сутегінен кокс газын тазалау цехінің түйісу аппараттар бөлімінің жабық бөлмелерінде;

5) бензол тазарту насосты бөлімінде;

6) бензол тазарту басты корпусында;

7) бензол тазарту насостық цехында;

8) бензол тазарту цехтың жуу бөлімшесінде;

9) бензол өнімдерінің жабық қоймаларында;

10) бензол өнімдері мен ацетон насос қоймаларында;

11) ацетон қолданылатын, байырған антрацен цехында;

12) сульфаттық бөлімнің пиридиндік құру аппараттары бөлмесінде;

13) жеңіл және ауыр пиридиндік негіздердің және пиридиндік өнімдердің тазарту цехтарының аппараттары мен бөлмелерінде;

14) пиридиндік және бензолді өнімдердің насосты құйғыштарда, жабық қоймаларда;

15) дициклопентадиен алу үшін насос пен аппараттар бөлмесінде.

20. Апаттық желдету құрылғысы алдын ала ескерілген бөлмелерде, автоматты газ анализаторларымен жабдықталады. Тұтану концентрациясы 20 % төменгі шегіне жеткен кезде немесе олардың шекті концентрациясының жоғарлауы кезде, бөлмелерде газ немесе бу концентрациялары пайда болған жағдайда апаттық желдету газ анализаторымен қоршалады және автоматты түрде қосылады. Автоматты газ анализаторлары жарық және дыбысты сигнал беру үшін құрылғылармен блокталған.

Бөлмелерде шекті мүмкін газ немесе бу концентрацияларын анықтайтын газ анализаторы орнатылса, онда бұл бөлмелерді жарылысқа дейінгі концентрацияға сигнализатормен жабдықтаудың қажеті жоқ.

Апаттық желдетудің автоматты қосуларынан басқа, қолдық дистанциялық қосу да ескеріледі, бөлменің сыртында негізгі кіріс есіктің біреуінде қосу құрылғысы орналасады.

Өнеркәсіппен шығаратын автоматты газ анализаторларының жоқтығы кезінде, жоғарыда аталған жағдайларда ескерту сигналы берілген кезде апаттық желдетуді қолмен қосуға рұқсат етіледі. Бөлмедегі газ бен булардың құрамына бақылау жасау, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша зертханамен жүзеге асырылады. Апаттық желдетуді қолдық қосуы кезінде, қосу құрылғылары бөлменің ішінде де, сыртында да орналасады.

21. Жарылыс қаупі бар бөлмелерде барлық металл ауаағарлар және құйылғыш және сорылатын құру жабдықтары МСТ 12.4.124-83 сәйкестікте жерге қосылады. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Статикалық электрден қорғаныш құралдары. Жалпы техникалық талаптар.

22. Апаттар, жөндеулер және аспап тексерулер кезінде шикізат пен өндіріс өнімдерін канализацияға тастауға рұқсат етілмейді.

23. Конденсатбұрғыштан конденсат бұруы ағыс жарумен жүргізіледі, кокс ошақтарының соңғы және аралық алаңдары астындағы бөлмелер мен туннельдердегі конденсатбұрғыштарынан басқа.

24. Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар Министрлігімен 2004 жылғы 26 тамыз № 190 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларының құрылғы ережелерінің талаптарына сәйкес, жарылыс қаупі бар бөлмелерді жарықтандыру үшін, осы ортаға сай жарамды жарылыс қорғанышты атқаратын шырақтар қолданылады.

25. Құйылғыш желдету жүйелері үшін ауадуал құрылғысы, желдету жүйелеріне өндірістің барлық тәртіптерінде жарылыс қаупі бар булар мен газдардың тиуін болдырмайтын, орындарда ескертіледі.

26. Жалпы айырбас және апатты сору желдету жүйелерінен ауа жіберу құрылғысы нәтижелі себуді қамтамасыз етеді және кәсіпорын аумағының үстінде қоспалардың жарылу мүмкіндігін жояды.

27. Жарылыс қаупі бар шаң және газдарды жойып отыратын, жергілікті отсостарда істен шыққан желдету жүйелерінде технологиялық жабдықтарды қолдануға рұқсат етілмейді.

28. Технологиялық процестермен басқару бөлмелерінде және өндірістік бөлмелерінде желдету жүйелердің түзу жұмыстары туралы сигнал беру ескеріледі.

29. Ағындарды тазарту және өрт жарылыс қаупі бар өнімдерді жою бойынша шаралар канализация жүйесінде жарылыс қаупі бар концентрация қоспаларының пайда болу мүмкіншілігін жоққа шығарады.

30. Құрамында жарылыс қаупі бар өнімдері бар, сыртқы құруларды жабдықтау ернеу шектерінде технологиялық құбырлар эстакадалары астында, канализация ауларында құдықтарды жайғастыруа рұқсат етілмейді.



4. Жалпы талаптар
31. Коксохимиялық өндірістерге арналған жабдықтауларды таңдау және дайындау жұмыс істейтін нормативтік құжаттар мен қазіргі Талаптармен сәйкестікте жүзеге асады.

Коксохимиялық өндірістер үшін дайындалатын технологиялық жабдықтаулардың барынша көп механизацияланған басқаруы бар, ол апатсыз жұмысты, автоматты бақылауды және технологиялық процесті автоматты жөнге салуды қамтамасыз етеді.

Жабдықтар зауыт-әзірлеуші төлқұжатына, жобалы, технологиялық, жұмыс істейтін нормативтік-техникалық құжатнама және қазіргі Талаптарға сай емес екендігі анықталған жағдайда, оларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Технологиялық жабдықтардың өндіріс ғимараттарында және ашық алаңдарда орналасуы, оның ыңғайлы және қауіпсіз пайдалануын, оның жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аппатты жағдайларды алдын алу бойынша шараларды жедел түрде қолдану мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Коррозия әсеріне төзімді, қолданылатын конструкциялық материалдардың коррозиялық тозу жылдамдығын есепке ала отырып, технологиялық жабдықтар және құбырларды пайдалану кезінде, оларды қорғау әдістері ескеріледі.

32. Технологиялық жүйелерде апатты алдын алу үшін, олардың дамуын болдырмауға қарсы құрылғылар қолданылады: ілмектік, ілмектік-реттеуші арматура, кесуші клапандар және басқа да сөндіруші құрылғылар, қысымның артуын сақтандыратын құрылғылар, жалынды басу және жою құралдары.

Газ және химиялық аппаратурада орнатылған сақтандыру құрылғылары істелген жағдайда, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қызмет көрсету қызметкерлерімен зақым алу, жұмыс аймағына зиянды заттардың түсу мүмкіншілігі жойылады.

Әзірлеушінің төлқұжаты жоқ және тексерістен өтпеген технологиялық жүйелердің қорғанышына арналған құрылғылар, арматуралар, сақтандыру құрылғылары және жалын жою құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

33. Құбырлар штуцерлеріне шлангілерді қосу және айыру жабық ілмектік арматура жағдайында жүргізіледі. Құбырлар штуцерлерінде және аспаптарда шлангілерді бекіту, олардың босану мүмкіншілігін жоятын, арнайы қысымдармен жүзеге асады. Шлангілерді бекіту үшін сымның қолдануына рұқсат етілмейді.

34. Аппараттардың, құбырлардың және құралдардың беттері келесі жағдайларда жылу оңашалауына жатады:

1) бөлмелерде керекті температуралық шарттарын қамтамасыз ету үшін;

2) күйіктердің құтылуынан;

3) температура сақтау үшін жылу жоғалтуынан, конденсация қақпайлауынан, кристалдануынан және конденсат қатуынан құтылуынан.

Жылуды шығармайтын қорғаныш жанбайтын материалдардан жасалады.

35. Ғимарат шатырларында орналасқан, қызмет көрсетуге арналған жұмыс алаңдары мен өтулері биікігі 1,0 м кем емес қоршаумен қоршалған.

36. Коксохимиялық кәсіпорындардың түтіндік құбырларын пайдалану және күту, Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің құрылыс істері бойынша Комитет 2004 жылғы 5 ақпан № 42 бұйрығымен бекітілген Үйлер мен ғимараттардың жағдайына техникалық бақылау ережелерімен» (РДС РК 1.04.15-2004) сәйкестікте жүргізіледі.

37. Ылғалды газгольдерді пайдалану МСТ 5172-63 сәйкестікте жүзеге асырылады.

38. Тоқтату және жіберу кезінде жұмыс тәртібінің құрамында жарылыс қаупі бар сұйықтар, булар, газдар, шаң бар агрегаттар, аппаратттар және комуникациялар, оларда жарылыс қаупі бар қоспалардың пайда болуын алдын алу үшін инертті газбен немесе бумен үрленіп тазартылады.



5. Технологиялық құбырлар және арматура
39. Жарылыс, өрт қаупі бар және зиянды заттарды, сұйытылған газды қоса, тасымалдауға арналған құбырлар, қызу температурасына байланыссыз, арматура өзінің техникалық мінездемесі бойынша тасымалданатын орта жайдайына сай материалдардан жасалынады.

40. Апаттық сыйымдылықпен қосушы апаттық құбырлар, бұл сыйымдылық жағына еңісті болады, мүмкіншілігі бойынша түзу және бұрулары мен бұрылулардың ең аз мөлшерімен. Апаттық құбырларда, аппараттарды сөндіру ысырмаларынан басқа, барлық ұзындығы бойында ілмектік құрылғылары болмайды.

41. Барлық құбырлар, тасымалданатын орта температурасына байланыссыз, өзін - өзі толық өтеуіне есептеледі. Өзін-өзі толық өтеу мүмкіншілігі жоқ кезінде, құбырларда құбырлардың жұмыс шарттарына сай өтегіштер орнатылады.

Зиянды заттар, жанатын (соның ішіне сұйытылған) газдар, тез тұтанатын және жанатын сұйытықтар тасымалданатын құбырларда сальникті компенсаторларды орнатуға рұқсат етілмейді.

42. Металл құбырлардың (ауаағарлардың, сусымалы материалдарға арналған материал құбырлардың және тағы сол сияқты) жұмсақ (қолды) қосындысы орындарында, қосылатын учаскелер арасында тығыз электр тізбесінің болуын қамтамасыз ететін, тұрақты тоқ өткізетін ұстатқыштар орнатылады.

43. Өрт жарылыс қаупі бар технологиялық жүйелерде, жанғыш сұйытылған газдарды, бу аралас газ күй - жағдайдағы заттарды, тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды тасымалдау үшін стационарлық құбырлар ретінде иілгіш шлангілерді (резеңке, пластмассалық және тағы сол сияқты) қолдануға рұқсат етілмейді.

44. Құбырларда ілмектік арматураның мөлшері және орналасуы жобамен анықталады және әрбір аппараттың немесе агрегаттың сенімді сөндірілуін қамтамасыз етеді.

45. Ілмектік арматурадан басқа реттеуші арматура көзделген. Реттеуші арматураның ілмектік арматура ретінде қолдануына рұқсат етілмейді.

46. 4 МПа (40 кгс/cм²) және одан жоғары қысымда жұмыс істейтін аппараттар мен агрегаттарды сөндіру үшін, негізгі коллекторлардан әрбір бұруында, ілмектік арматура қысымын бақылау үшін арасында сыналатын крандар ескертілетін, екі екіден ілмектік құрылғы (вентильдер, ысырмалар) орнатылады.

47. Ысырмалар және әртүрлі ілмектік арматураның құдықтарда, тартпаларда және басқа да тереңдетулерде орналасуы кезінде ұзартылған штоктар немесе басқару штурвалдар ескертіледі, оларға арматураны жөндеу немесе ауыстыру үшін қауіпсіз рұқсат қамтамасыз етіледі.

48. Өрт жарылыс қаупі бар заттар мен газдармен құбырларда, бұл заттар мен газдардың толық жойылмайынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Құбырлар инертті газбен немесе сулы бумен үрленіп тазартылады.

49. Сұйықтықтар, бу, қысылған ауа тасымалдайтын шлангілер, бүрмелі болатты штуцерлерде қамыттармен нықталып бекітіледі; олармен тез тұтанатын сұйықтықтар тасымалдау кезінде бекіту МСТ 12.4.124-83 сәйкестікте жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздік стандарттар жүйесі. Статикалық электрден қорғаныш заттары. Жалпы техникалық талаптар.

Қосалқы операциялардың орындалуына арналған (құбырларды, жабдықтарды, газдардың үрлегіш отводтарын үрлеу, тез тұтанатын сұйықтар (ТТС), сұйытылған газдар, жанатын сұйықтықтар және тағы да басқа қалдықтарынан құбырларды босату), теміржолдық цистерналарға және басқа да жабдықтарға төгу және құю операциялары кезінде иілгіш шлангілердің қолдануына рұқсат етіледі.

50. Құбырлардың салынуы коммуникациялардың ең аз бойлық, салбырау және тоқырау аймақтардың пайда болмауын қамтамасыз етеді.

51. Технологиялық жүйені пайдалану жөндеу аралық мерзімі ішінде нығыздау конструкциясы, салу материалдары және фланцтік қосындысын монтаждау, алмалы-салмалы қосулардың қажетті герметикалық дәрежесін қамтамасыз етеді.

6. Өлшеу және автоматизация құралдары
52. Автоматтандырылған және дистанциялық басқарудың, технологиялық процестерді бақылау жүйелері, апатқа қарсы автоматты қорғау жүйелері, байланыстар мен хабарлаулар, соның ішінде кешенді жабдықтармен жеткізілетін, қазіргі Талаптар, жұмыс істейтін нормативті - техникалық құжатнамаға, жобаларға, уақыт тәртібінің талаптарына жауап береді және технологиялық параметрлердің берілген сүймелеу дәлдігін, технологиялық процестердің сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бөлменің сыртында орнатылатын бақылау-өлшеу құралдары (әрі қарай - БӨҚ), атмосфералық әсер етуден қорғалады, ал қажетті жағдайларда жылыту және жылу шығармайтын құрылғылармен жабдықталады.

53. Жөнге келмейтін немесе тексеріс мерзімі өткен бақылау - өлшеу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

54. Жөнге келмейтін немесе сөндірілген бақылау және технологиялық процестерді басқару жүйелерімен жабдық жұмысын және технологиялық процестерді жүргізуге рұқсат етілмейді.

55. Қоршаған орта температурасында қататын, қатып қалатын және кристалданатын және бақылау - өлшеу құралдарына зиянды әсер ететін өнімдердің шығынын, қысымын және басқа да параметрлерін өлшеу кезінде, импульсті сызықтар өлшенетін өнімдерді ерітпейтін және онымен араласпайтын инертті, қатпайтын және қатып қалмайтын ортамен толтырылады.

56. Бөлгіштік ыдыстардан бақылау - өлшеу құралдары мен аппараттарына дейін жүретін, импульстік сызықтарды толтыратын сұйықтық, ондағы өлшенетін өнімдердің құрамына жүйелі түрде бақылау жасалады және оның сұйықтықтағы мөлшеріне байланысты, ауыстырылады.

57. Сынапты құралдар қақпанмен жабдықталады немесе сынап шығарындысы кезінде басқа да қорғау лайықтары болады.

Сынаппен байланысты барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік Санитарлық дәрігермен 1994 жылғы 22 тамыздағы бекітілген Сынап өндіретін кәсіпорындарды жобалау, жабдықтау, пайдалану және ұстауына байланысты санитарлық ережелер сәйкестікте жүргізіледі.

Бақылау-өлшеу құралдарды жөндеу кезінде, БӨҚ қалқандары орналасқан жерде, өндірістік бөлмелерде сынаппен жұмыс жасауға рұқсат етілмейді.

58. Пневматикалық құралдарда ауа қоспасымен бірге өндірістің жанатын заттарын қолдану мүмкін емес жайдайларында, қысылған ауа, буферлі сыйымдылықтардан құралдарға жіберілетін, қысылған азотпен немесе басқа инертті газбен ауыстырылады.

59. Құралдар мен автоматизация құрылғылары үшін технологиялық құрылғылардан кептірілген қысылған ауаны немесе азот қолдану кезде, ауа немесе азот желілерін бұл құрылғылардың құбырларынан сөндіру, буферлі сыйымдылықтың алдында орнатылған, автоматты кері клапанмен немесе басқа құрылғымен жүзеге асырылады.

60. Бақылау - өлшеу құралдардың қалқан бөлмелерінде өрт сөндіру үшін су құбырларын енгізу, өрт сөндіру крандары және жеңдері үшін шкафтарды ортатуға рұқсат етілмейді. Бұл бөлмелерде көмір қышқылды от сөндіргіші қолданылады.

61. БӨҚ құрылғылары мен реттеуіштерінің түзулігін тексеру жылына бір реттен сирек емес жүргізіледі және актілермен дайындалады.

62. Өндірістік бөлмелерде құралдарды тексеру және байқау ұшқын пайда болу мүмкіндігін шығарған шарттарында ғана жүргізіледі.

63. Бір бөлмеде бір уақытта газ қауіпті жұмыстарымен бірге электрлік құралдарды және электр өткізгіштерін реттеу және тексеру бойынша жұмыстарын өткізуге рұқсат етілмейді.

7. Электр құрылғыларға талаптар
64. Электр қондырғыларын орнату, монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану талаптарының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарының және қазіргі Талаптарына сай.

65. Кернеу астында емес (электр қозғалтқыштардың, жіберу құралдардың, қалқандардың, құрастырулардың және тағы сондайлардың корпустары), бірақ оңашалау зақымдану себебінен оның астында бола алатын, жабдықтар мен механизмдердің металл бөлімдері, «Электр қондырғыларын орнату ережелерімен» сәйкестікте жерге қосылады.

66. Жарылыс қаупі бар ортаға сай, жарылысқорғанышты қозғалтқышдардың жоқтығы кезінде, келесі талаптардың сақталуы кезінде жалпы тағайындалу электр қозғалтқыштарының қолдануына рұқсат етіледі:

1) электр қозғалтқыштар, жарылыс қаупі бар орта бөлмелерден керең қабырғамен бөлектенген, отқа төзімділігі 0,75 сағат шегімен, бөлмелерде орнатылады; бөлмелерде бөлек кіру (шығу) болады және оларда ауаның артық қысымы қамтамасыз етіледі;

2) механикалық энергияны қозғалтқыштардан аппараттарға жіберу, қабырғада сальникті немесе басқа сенімді нығыздау орнатумен қабырға арқылы жіберілген, валдың көмегімен жүзеге асырылады;

3) бөліп тұратын құрылғылар және барлық жіберу аппаратурасы,электр қозғалтқыштар орналасқан бөлмелерде немесе жарылыс қаупі бар ортасыз басқа бөлмелерде орнатылады.

67. Шаңды ылғалды жинау және улы материалдарды өңдеу бөлмелерінде электр өткізгіш және жіберу құрылғылары шаңсу өткізбейтін болады.

68. Электр өткізгіш өндірістік сұйық өнімдердің төгілу мүмкін бөлмелердегі, бұл өнімдердің тиюын шығарып тастайтын немесе лайықты қорғанышы бар орындарда орнатылады.

69. Өтулер немесе барулар үстінде салынған троллейлік сымдар, жерге қонумен сақтандыратын торлармен қоршалады.

8. Отқа қарсы қорғаныс
70. Кәсіпорын аумағында ұйым объектілері мен өрт бөлімі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін ішкі зауыттық жол жүйелері көзделген.

71. Барлық жолдар жөнделген жағдайда, қыс кезінде қардан тазаланады және өрт сөндіруші машиналардың еркін өтуіне, заттар бөгет етпейтіндей жағдай жасалған.

Ұйымда өткізілетін жұмыстарға байланысты барлық өрт жолдарының уақытша жабылуы өрт қорғаушыларымен келісуге тиіс.

72. Барлық ішкі өрт крандары және сыртқы өрт гидранттары жөнделген жағдайда ұсталады. Оларға жол әрқашанда ашық.

73. Барлық өндірістік және көмекші ғимараттар, орнатқыштар, қоймалар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпан № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздік ереже талаптарына сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдармен жабдықталған (№ 4126 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген).

74. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру бақылау органдарымен келісілген жерде, анықталған көлемде мен олардың ереже сақтауымен және еркін өтумен орналастырылады.

Барлық қызметкерлер өртке қарсы сақтық құралдармен пайдалануға үйретіледі.

75. Өрт жарылыс қаупі бар өндірістер орналасқан бөлмелер, өрт сөндіру сигнал беру автоматты құралдарымен жабдықталады.

76. Ғимарат қабырғаларында құбырлар өтетін орындарда айналма саңылаулар өртенбейтін материалмен толтырылады.

77. Сыртқы тұтану қайнар көздерінен тез тұтанатын сұйықтықтармен аппараттарды және резервуарларды қорғау үшін, аппарат ішіне оттың тиюын шығарып тастайтын, отбөгеткіштер немесе басқа да құрылғылар қолданылады.

78. Химиялық цехтерге қызмет етуші локомотивтер мен автомобильдерде газ шығару құбырларында өрт сөндіру құрылғылары болады.

79. Бензол өнімдерін төгу және құю үшін берілетін теміржол цистерналарында, ұзындығы жергілікті өрт сөндіу бақылау органдармен келісілген пана болады.

80. Ішкі жану қозғалтқыштарымен (автомашиналар, тракторлар және тағы сол сияқты) көлік қозғалысына тыйым салынған жерлерде, өнеркәсіп кәсіпорындары үшін МСТ 12.4.026-76 ССБТ сәйкестікте тыйым салынатын белгілер ілінеді. Сигнал түстері және қауіпсіздік белгілері.

81. Өндірістік цех бөлімшелерінде өндірістің дұрыс жұмыс істеуіне қажет нормадан аспайтын көлемде шикізаттың, жартылай фабрикаттың және дайын өнімнің сақталуына тыйым салынған.

Қандай да бір материалдарды сақтау үшін шатыр астыларды, жанатын және тез тұтанатын сұйықтықтарды және майлайтын материалдарды сақтау үшін үй асты бөлмелерін қолдануына рұқсат етілмейді.

82. Майлағыш және сүрткіш (таза және қолданған) материалдар металл тығыз жабылатын шкафтарда немесе жәшіктерде сақталады.

83. Барлық өрт, күйік иістің және басқа да жану белгілері пайда болған жағдайда қызмет көрсету қызметкерлеріне жану ошағын жою бойынша шараларды қолдану, қол астындағы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және өрт сөндіру күзетін шақыру.

9. Технологиялық жабдықтарды

күту, байқау, жөндеу және тазалау
84. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу және пайдаланудың нақты шарттарын ескере отырып, құралдарды жөндеу тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

85. Техникалық қызмет көрсету жөндеу аралығында жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстарды алдын ала ескереді, соның ішінде олқылықтарды жою кезінде өндірістің (цехтердің) тоқтатуын талап етпейді.

86. Өндіріс жабдықтарының жұмысы, оның ауыртпалығы және процестің негізгі параметрлері бекітілген төлқұжат мәліметтері мен технологиялық уақыт тәртіп талаптарына сай болады.

87. Қысымның, температураның, сұйықтық деңгейінің және басқа да параметрлердің орнатылған нормалары бұзылған жағдайда олардың себептері табылып, мұндай ұқсас бұзушылықтарды болдырмайтындай шаралар қолданылады.

88. Жарылыс және өрт қаупі бар заттар, қышқылдар мен сілтілер сақтайтын резервуарлардың, аппараттардың және құбырлардың қабырға жуандығы, төлқұжатқа лайықты жазу салумен оқтын-оқтын тексеріледі. Мерзімділік, әдістер және бақылау орны, техникалық бастықпен бекітілген, технологиялық уақыт тәртібімен анықталады.

89. Жарылыс, өрт қаупі бар және зиянды заттар үшін арналған аппаратура, қоймалар және құбырлар, монтаж немесе жөндеуден кейін пайдаланар алдында жұмыс қысымы астында қысылған ауамен немесе инертті газбен герметикалық байқауға ұшырайды.

Байқау барысында сабын ерітіндісі көмегімен газ жіберілуіне барлық қосындылардың байқауы және тексерісі жүргізіледі. Жіберулер анықталған жағдайда қысым төмендетіледі, ал түзуліксіздер жойылады. Герметикалық байқау нәтижелері қанағаттанарлық деп есептеледі, егер қысым түсуі 1 сағат ішінде 0,5 % шамасынан аспаса. Аппараттар мен құбырларды байқау актімен бекітіледі.

90. Барлық сақтандыратын клапандар пайдаланар алдында орнату қысымына стендте реттеледі және затвордың және алмалы - салмалы қосындылардың тығыздығына тексеріледі.

91. Сақтандырғыш клапандардың тексерісі агрегатты байқау, тазалау немесе жөндеу үшін әрбір тоқтатуы кезінде жүргізіледі, бірақ жылына бір реттен кем емес.

92. Аппараттар мен құбырларға арналған ілмектік құралдар мен арматура, оларды құру алдында және әрбір жөндеуден кейін герметикалық байқауға душар болады. Бұл байқаулар қалыптастыру және слесарлық - механикалық өңдеулер аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Қысымға гидравликалық байқау арматураға нормаларымен сәйкестікте және агрегаттың сынақ гидравликалық қысымынан төмен емес жүргізіледі. Байқаулар актпен бекітіледі.

93. Ішкі байқау, тазалау және жөндеу үшін ашылуға жататын аппараттар, ыдыстар және құбырлар өнімдерден босатылады, жұмыс істейтін аппараттардан ілмектік құрылғылармен және бұқтырмалармен сөндіріледі. Ондағы өнімдер мен конструкцияларға байланысты, олар инертті газбен үрленеді, өткір бумен буландырылады немесе сумен жуылады, таза ауамен үрленеді, ауа ортасының сынақтары алынады.

94. Кокс газының аппараттарын және құбырларын ашуы алдында, олардың буландырылуы жүргізіледі, ал ашудан кейін ылғалдандырылады және пирофорлы темір жойылады.

95. Жұмыс өнімнен босатуынан кейін, ішкі байқау, тазалау немесе жөндеу үшін арналған аппараттарды, ыдыстарды және құбырларды сөндіру, оларды жұмыс істеуші құбырларынан ысырмалармен және металл бұқтырмалармен сөндіру жолымен жүргізіледі. Болтаралық бұқтырмаларды орнатуға рұқсат етілмейді.

96. Резервтегі барлық химиялық аппараттар жұмыс істейтін аппараттарынан ілмектік құрылғылармен және металл бұқтырмалармен сөндіріледі.

97. Аппараттарды, газ құбырларды және өнім құбырларды сөндіруге арналған металл бұқтырмалары әзірлеуші зауыт талаптарымен сәйкестікте әзірленеді. Бұқтырмалар ілмектік құрылғылардан кейін орнатылады.

Бұқтырмаларды орнату және алу бақылау тұлғаның қол қоюымен технологиялық кестеде белгіленеді.

98. Бөлініп шыққан шайырмен, полимерлермен, күкіртті темірмен және анықталмаған тұңбалармен жабылған аппараттардың, резервуарлардың және құбырлардың беттері тазалау кезінде ылғалдандырылады. Бөлінген шығулар жиналады және тазалаудан кейін бөлмеден қауіпсіз жерге апарылады.

99. Жөндеу жұмыстары тоқталады, егер:

1) жөнделуші жабдықтауына жұмыс істейтін жабдықың бір ғана бөлігі қосылған болса;

2) өндіріс жұмыстарының нақты жағдайы қауіпсіздік талаптарына сай емес екендігі анықталған болса;

3) жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген болса;

4) жұмыс көлемі мен сипаттамасы өзгергені соншалықты, жабдықтарды сөндіру схемалары немесе оларды орындау шарттары өзгертілген болса;

5) апат жайында сигнал берілген болса;

6) жұмыс істеушінің нашар күй көрінісі пайда болса;

7) кенеттен иіс немесе өндіріс қауіпті өнімдердің көрінетін мөлшері пайда болса.

100. Жұмыс тәртібінде зиянды немесе жарылыс қаупі бар заттарды сақтайтын аппараттарды, агрегаттарды және коммуникацияларды байқау немесе жөндеуге дайындау тәртібі, газ қауіпті жұмыстарына кіру рұқсатында баяндалады.

101. Жұмыс істейтін аппараттарды, ыдыстарды және құбырларды сөндіру бойынша жұмыстар, оларды технологиялық өнім қалдықтарынан тазалау, буландыру және басқа да даярлайтын шараларды пайдаланушы қызметкерлерімен жүзеге асырылады. Бұл жұмыстардың мердігер ұйымдардың қызметкерлерімен орындалуына рұқсат етілмейді.


Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет