«Көлдер» Сыныбы: 6



Дата03.05.2016
өлшемі61.76 Kb.
Кулагино орта мектебі

Химия, биология және география пәндерін оқытуда «Блум таксаномиясын қолданудың тиімділігі»

атты апталықта өткізілген




Тақырыбы: «Көлдер»

Сыныбы: 6


Өткізген:

география пәні мұғалімі З.Набиева

2015 - 2016 оқу жылы

Сынып: 6


Пәні: физикалық география

Тақырыбы: Көлдер

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан аумағында орналасқан көлдер жөнінде мағлұмат беру.Өзіндік ой пікірлерін қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту. Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру. Арал теңізі бұрын қандай еді, қазір қандай? Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру. Балқаштың табиғат байлықтарына сипаттама беру.

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көлдердің таралуын физикалық, тектоникалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып интернетпен жұмыс істейбілу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайларына тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы, глобус, атлас

Сабақтың кезеңдері:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Тақырыпты меңгеру кезеңі

Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақты қорытындылау кезеңі

Бағалау кезеңі

Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Үй тапсырмасын «Қызықты хат» тапсырмаларымен сұраймын.

І –топ

1.Қазақстандық ірі өзендерді атаңдар, олардың ұзындығы қанша км-ден асады?

Жауабы: Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар: Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Шу.

2. Қазақстан өзендерінің қоректену типіне сипатта.

Жауабы: Қазақстан өзендері жаңбыр және қармен қоректенеді, жер асты суымен, мұздықтармен қоректенетін өзендер да бар, олар көбінесе басын таудан алатын өзендер. Өзендердің көбі көктемде қар еріген кезде тасып, жазда кейін қайтады.

3.Су туралы жұмбақ.

1.Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су)

2.Сылқ-сылқ күледі

Аяғы жоқ жүреді (су)

3.Еш тесікке тұрмайды

Ол жоқта жер құрғайды. (су)

4.Аяғы жоқ, қолы жоқ

Бірақ тыныш тұрмайды

Сақтамасаң қорын тек

Барша тірлік құрғайды (су)

ІІ топ

1.Өзен жүйесі дегеніміз не?



Жауабы: Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі аралықты айтамыз.

2. Көшпелі Қазақ халқы қай өзеннің бойында мекен еткен? ( Сырдария)

3. Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады? Оларды картадан көрсет.

Жауабы: Қазақстан өзендері негізгі 2 алапқа жатады: Солтүстік Мұзды мұхит алабы: Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері және ішкі тұйық алап: Каспий теңізі алабы, Арал теңізі алабы, Балқаш-Алакөл алабы.

1. Өзеннің су шығыны, жылдық ағыны деген не?

Жауабы: Өзеннің су қимасынан 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін өзеннің су шығыны деп аталады. Өзеннің бір жыл ішінде ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.



2.Сарқырама дегеніміз не?

Жауабы: Егер жартас өзен арнасынан кесе-көлденең алып жатса, су одан төмен қарай құлап ағып сарқырама жасауы.

3. Жер шарындағы ең биік сарқырама? Жауабы: Анхель

III.Үй тапсырмасын қорыту

Өзеннің аты

Ұзындығы

(км)

Қай материкте

орналасқан

Ніл







Амазонка







Янцзы







Миссисипи







Хуанхэ






Жаңа тақырып өтпес бұрын тақтадан видео ролик тыңдайық.



Жаңа сабақ тақырыбы: Көлдер

Көл дегеніміз - Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды айтамыз.

Мұхит, өзен, көл, жер асты, батпақ сулары және мұздықтар мен атмосферадағы су булары – жердің су қабығы гидросфераны құрайды.(грек тілінен аударсақ гидро-су) деген ұғымды білдіреді.Теңізбен салыстырғанда көлдер мұхит суларымен тікелей байланыспайды. Сол себепті де Каспий және Арал теңіздерін шығу тегіне және орналасуына қарай көл деп атауға болады. Көлдер ауданына, шығу тегіне, су айналымына қарай бір-бірінен айырмашылық жасайды.Адам үшін көлдер мен теңіздердің пайдасы көп. Олар балық аулау кәсіпшілігін, балық шаруашылығын, су көлігін, туризмді және спортты дамыту үшін қажет.










Үш топ осы көл туралы постер қорғаймыз.

Көлдердің орналасуы жөнінде мағлұмат беру.

Өзіндік ойларын айту. Проблемалық сұрақ.

Құрып бара жатқан, экологиялық себептерге байланысты тартылып қалған көлдер барма?

Олардың ластануы, адам өмірінде қандай зиян шектіру себептерін айту.



Шығармашылық тапсырма
(картамен жұмыс):




Көлдер

Орналсқан материгі

1

Каспий




2

Балқаш




3

Арал




4

Байкал




5

Ыстықкөл




6

Мичиган




2.Келесі тапсырма «Адасқан әріптерді тауып, сәйкестендіру»


1.ТАТНЛА көл

2.ЙКСАПИ мұхит

3.ЖРЕРОАТ бұғаз

4.ЫҚЖЙА теңіз

5.ИГБАРЛТАР өзен

3.Географиялық диктант

1. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды...көл............... атаймыз.

2. Ешбір өзен ағып шықпайтын көлдерді...ағынсыз................көлдер деп атаймыз.

3. Ежелгі теңіздің орнында қалғандарын..қалдық...............көлдер дейміз.

4. Жағалауында және солтүстік-шығысында мұнай мен газдың мол қоры бар көл................Каспий..............көлі.

4. Семантикалық карта



Атауы

Өзен

Көл

Каспий







Ертіс







Зайсан







Балқаш







Жайық







Жаңа сабақты бекіту.

1. Көл дегеніміз не?

2. Көл қазан шұңқыры қайдан пайда болады? Оның түрлері.

3. Ағынды және ағынсыз көлдер?

4. Көлдердің шаруашылықтағы маңызы?

5. Мына кескіндердің қай көл екенін анықта



Үйге тапсырма:

1.Көлдер


2.Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің

экологиялық жағдайы.

( Мәнжазба жазу)

3.Дүниежүзіндегі ірі көлдерді кескін



картаға түсіру.
Каталог: uploaded files
uploaded files -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
uploaded files -> Сабақ №55 Сыныбы 11 «А» Күні 23. 01. 15ж Сабақтың тақырыбы «Жарық кванттары» тарауы бойынша есептер шығару
uploaded files -> 0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6
uploaded files -> Перечень объектов недвижимости, принадлежащих на праве собственности
uploaded files -> История Вторжения кочевых племен Дашт-и Кипчака в Среднюю Азию (XVI в.)
uploaded files -> Исаевна внутриличностная конфликтность школьников и ее коррекция в педагогическом процессе. 19. 00. 07 педагогическая психология
uploaded files -> Медико-психологическая реабилитация инвалидов по зрению 19. 00. 10 коррекционная психология 19. 00. 04 медицинская психология
uploaded files -> Таджикско армянские литературные связи в новое время 10. 01. 03 Литература народов стран зарубежья
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет