Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 20 қараша Астана қаласы



жүктеу 0.74 Mb.
бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 20 қараша Астана қаласы
«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби

стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;



4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

міндетін атқарушы

_____________ Қ. Әбсаттаров

2013 жылғы ___ __________

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы 20 қарашадағы № 910 бұйрығымен бекітілген
«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты

1. Жалпы бөлім

1. «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.


2. КС паспорты

5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «52.23 Әуе көлігі саласындағы қызметтер»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1-параграф «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша санатсыз маман (механик)»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3115 «Авиациялық техник»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: авиациялық техник, техник-механик;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемелеріне сервистік және техникалық қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша санатсыз маманының (механиктің) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.


2-параграф «А» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / 3-разрядтағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (механик)»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3115 «Авиациялық техник»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: авиациялық техник, техник-механик;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемелеріне сервистік және техникалық қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «А» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / 3-разрядтағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.


3-параграф «А» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / 3-разрядтағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (механик)»
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4.

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3115 «Авиациялық техник»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: авиациялық техник, техник-механик;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемелеріне сервистік және техникалық қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «А» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / 3-разрядтағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.


4-параграф «Санатсыз / «В1»/«В2»/«В3» санатындағы разрядсыз /

1-разрядтағы / 2-разрядтағы / жоғары разрядтағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (механик)
9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 2145 «Авиациялық отряд инженері», 2149 «Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: авиациялық отряд, инеженері, авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемелеріне сервистік және техникалық қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Санатсыз / «В1»/«В2»/«В3» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / жоғары разрядтағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.


5-параграф «Санатсыз / «В1»/«В2»/«В3» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / жоғары разрядтағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (механик)
10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 2145 «Авиациялық отряд инеженері», 2149 «Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: авиациялық отряд инеженері, авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемелеріне сервистік және техникалық қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Санатсыз / «В1»/«В2»/«В3» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / жоғары разрядтағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген.


6-параграф «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (инженер-бригадир)» еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары
11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 2145 «Авиациялық отряд инеженері», 2149 «Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: авиациялық отряд инеженері, авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемелеріне сервистік және техникалық қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (инженер-бригадирдің) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген.


7-параграф «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (ауысым бастығы)» еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары

12. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6, СБШ бойынша – 6;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 1226 «Ауысым бастығы (көлікте және байланыста)»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: ауысым бастығы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемелеріне сервистік және техникалық қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (ауысым бастығының) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 7-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі

13. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1 – 7-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.


5. КС бірліктерінің сипаттамасы

14. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 – 7-кестелерінде келтірілген.



6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

15. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

16. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

17. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

18. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандартына

1-қосымша


Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері


р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсіптің атауы

01-2005 ҚР МЖ сәйкес кәсіптің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды

1

Әуе кемелеріне сервистік қызмет көрсету

Санатсыз әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (механик)

3115 Авиациялық техник

3115 Техник-механик

4

-

2

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету

Разрядсыз/ 1-разрядтағы/ 2-разрядтағы/ 3 разрядтағы, А санатындағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (механик).

3115 Авиациялық техник

3115 Техник-механик



4

-

3

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету

Разрядсыз/ 1-разрядтағы/ 2-разрядтағы/ 3 разрядтағы, А санатындағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (механик).

115 Авиациялық техник

3115 Техник-механик



4

-

4

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету

Разрядсыз/ 1-разрядтағы/ 2-разрядтағы/ жоғары разрядтағы, санатсыз/ «В1»/»В2»/»В3» санаттарындағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (техник/инженер).

2145 Авиациялық отряд инженері

2149 Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері



5

-

5

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету

Разрядсыз/ 1-разрядтағы/ 2-разрядтағы/ жоғары разрядтағы, санатсыз/ «В1»/»В2»/»В3» санаттарындағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық техникалық қызмет көрсету бойынша маман (техник/инженер).

2145 Авиациялық отряд инженері

2149 Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері



5

-

6

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (инженер-бригадир)

2145 Авиациялық отряд инженері

2149 Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері



5

-

7

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маман (ауысым бастығы)

1226 Ауысым бастығы (көліктегі және байланыстағы)

6

-

Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

ӘК – әуе кемесі.


«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандартына

2-қосымша

1-кесте

1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша санатсыз маманның (механиктің) еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары

Әуежайлар, ӘК ТҚ бойынша ұйымдар, жөндеу базалары, коммерциялық тасымалдауларға қатыспайтын, жеңіл ӘК пайдаланатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
Ескертпе:

Талаптар ұсыну 1-қосымшада көрсетілген мамандар үшін бірыңғай болып табылады




Авиациялық қозғалтқыштардың шектік-рұқсат етілетін деңгейлерден асатын түрлі режимдеріндегі механикалық және электрлік элементтерінің жұмыстарының, іске қосу және сынама жасау барысындағы шуылдар;

Ауа райы жағдайлары (қоршаған орта температура-сының экстремалдық төмен және жоғары температураларын, желді, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынды, ӘК үстінің және әуеайлақтың мұздануын қоса алғанда, суық және ыстық);

Іске қосылған қозғалтқыштар;

ӘК-де, қозғалтқыштармен және оның компоненттерімен жұмыс істеу барысында қолданылатын химиялық заттардың персоналға әсері (ӘК мұздан тазалау кезінде қолданылатын сұйықтықтармен, реактивті авиациялық қозғалтқыштарға арналған стандартты отын болып табылатын авиациялық жанармайман – керосинмен, авиациялық піспекті қозғалтқыштарға арналған авиациялық бензинмен, маймен, оның ішінде күйік тудыруға қабілетті жоғары температурадағы, трибутил фосфатынан тұратын гидравликалық сұйықтықтармен, композитті материалдармен, желімдермен, еріткіштермен, лактармен және сырлармен, герметикалармен ықтимал жанасу және олардан зақымдану);

Биіктікте жұмыс істеу, ауыр көтеру және ыңғайсыз күйде жұмыс істеу;

Жер үстіндегі радиолокациялық жабдықта және ұшақтық борттық жабдықта орнатылған аса жоғары жиіліктегі сәулелендіру көздерінен қуаттанатын электромагнитті өрістің жоғары деңгейі жағдайларында жұмыс істеу;

208 Вольт кернеудегі, 400 Гц жиіліктегі ауыспалы тоқтың жердегі және ұшақтық борттық көздерімен, желілерімен және тұтынушылармен жұмыс істеу;

Түнгі жұмыс уақытын қоса алғанда, ауысым бойынша жұмыс істеу;

ӘК дер кезінде шығару туралы жедел шешім қабылдау жағдайларындағы еңбек процесіндегі қарбаластық.


Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. Мұзданудан тазалау / ӘК сыртын мұзданудан өңдеуге бақылау жасау / ӘК сыртын мұзданудан қорғау бойынша («Шеберлігі және дағдыларының» 16, 17, 18 - тт. қараңыз) міндеттерді орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті дербес сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

4-есткертпе. Сервистік жұмыстарды орындау бойынша «Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бойынша санатсыз маманның (механик)» функциялары жер үсті персоналына («Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша агент») және /немесе ӘК пайдаланушысының (операторының) шешімі бойынша ұшу экипажының мүшелеріне (пилот), аталмыш қызметкерлер санатсыз механиктерге қойылатын талаптарға сай болған жағдайда, жүктеледі. ӘК пайдаланушысының (операторының) ӘК сервистік жұмыстар орындаудағы шешімі маманға жеке берілген рұқсатпен расталуы тиіс.

ӘК-де және қозғалтқыштарында ӘК ТҚ-де көмек көрсету және/немесе ӘК ТҚ тәжірибе алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар

ӘК ТҚ барысында жұмыстарды орындауға сертификатталған персоналдың бақылауымен, орындаушы бағанасында қол қою құқығымен жұмыстарды сертификаттау бағанасында қол қою құқығысыз рұқсат етіледі. Персоналдық ӘК-де орындауға рұқсат етілген жұмыстарының құқықтары, міндеттері, көлемдері ӘК ТҚ ұйымдастыру бойынша жосықпен немесе ӘК ТҚ ұйымдастыру талап етілмейтін АА басқа ұйымымен белгіленеді



СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Техникалық және кәсіби білім немесе кәсіби дайындық

Талап етілмейді

2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. «А» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / 3-разрядтағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар





Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары

Әуежайлар, ӘК ТҚ бойынша ұйымдар, жөндеу базалары, коммерциялық тасымалдауларға қатыспайтын, жеңіл ӘК пайдаланатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

2-қосымшадағы бірыңғай талаптарды қараңыз

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Жасы 18-ден кіші емес

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

ӘК сервистік жұмыстарды орындауға оператордың (пайдаланушының) жеке (дербес) рұқсаты

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. Мұзданудан тазалау / ӘК сыртын мұзданудан ӘК сыртын мұзданудан қорғау бойынша ӘК сыртын өңдеуге бақылау жасау міндеттерін орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

«А» санатындағы базалық білім бағдарламалары бойынша емтихандар тапсыру.

«А» санатындағы ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша маманның қолданыстағы куәлігінің болуы.

ӘК ТҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарында – ӘК ТҚ бойынша ұйымның маманның жеке өзіне берген сертификатталған рұқсаттың болуы.

Практикалық оқудан өту және/немесе ӘК-де практикалық тәжірибеден өту нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған ӘК ТҚ орындауда машықтары болуы.

ӘК ТҚ барысында жұмыстарды орындауға сертификатталған персоналдың бақылауымен, орындаушы бағанасында қол қою құқығымен жұмыстарды сертификаттау бағанасында қол қою құқығысыз рұқсат етіледі. Персоналдық ӘК-де орындауға рұқсат етілген жұмыстарының құқықтары, міндеттері, көлемдері ӘК ТҚ ұйымдастыру бойынша жосықпен немесе ӘК ТҚ ұйымдастыру талап етілмейтін АА басқа ұйымымен белгіленеді


СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімінің және оқуының деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4


ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

1. А санаты бойынша ӘК ТҚ маманының базалық білімі болуы және орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде емтихандар тапсыру, немесе

2. Базалық білім алусыз – кемінде А санаты бойынша ӘК ТҚ маманының емтихандарын орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде тапсыру


«А» санаты үшін:

(i) егер өтініш беруші мұның алдында тиісті техникалық оқудан өтпеген болса, ӘК ТҚ-де 3 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы, немесе

(ii) құзыретті органдар техникалық кәсіпте тәжірибелі қызметкер ретінде қарастырған, ӘК ТҚ-де пайдалануда 2 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және оқуы немесе

(iii) ӘК ТҚ пайдалануда 1 жыл тәжірибелік білімі болуы және Уәкілетті органмен мақұлданған базалық оқу курсын

аяқтауы тиіс.

1-Ескертпе. «А» санатындағы механиктерге разрядтар уәкілетті орган бекіткен жосыққа сәйкес беріледі


3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. «А» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / 3-разрядтағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары

Әуежайлар, ӘК ТҚ бойынша ұйымдар, жөндеу базалары, коммерциялық тасымалдауларға қатыспайтын, жеңіл ӘК пайдаланатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

2-қосымшадағы бірыңғай талаптарды қараңыз

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Жасы 18-ден кіші емес

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. Мұзданудан тазалау / ӘК сыртын мұзданудан ӘК сыртын мұзданудан қорғау бойынша ӘК сыртын өңдеуге бақылау жасау міндеттерін орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

«А» санатындағы базалық білім бағдарламалары бойынша емтихандар тапсыру.

«А» санатындағы ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша маманның қолданыстағы куәлігінің болуы.

ӘК ТҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарында – ӘК ТҚ бойынша ұйымның маманның жеке өзіне берген сертификатталған рұқсаттың болуы



СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімінің және оқуының деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

1. А санаты бойынша ӘК ТҚ маманының базалық білімі болуы және орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде емтихандар тапсыру, немесе 2. Базалық білім алусыз – кемінде А санаты бойынша ӘК ТҚ маманының емтихандарын орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде тапсыру.



«А» санаты үшін:

(i) егер өтініш беруші мұның алдында тиісті техникалық оқудан өтпеген болса,

ӘК ТҚ-де 3 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы, немесе

(ii) құзыретті органдар техникалық кәсіпте тәжірибелі қызметкер ретінде қарастырған, ӘК ТҚ-де пайдалануда 2 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және оқуы немесе

(iii) ӘК ТҚ пайдалануда 1 жыл тәжірибелік білімі болуы және Уәкілетті органмен мақұлданған базалық оқу курсын

аяқтауы тиіс.

Ескертпе. «А» санатындағы механиктерге разрядтар уәкілетті орган бекіткен жосыққа сәйкес беріледі.

4-кесте
4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Санатсыз / «В1»/«В2»/«В3» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / жоғары разрядтағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары

Әуежайлар, ӘК ТҚ бойынша ұйымдар, жөндеу базалары, коммерциялық тасымалдауларға қатыспайтын, жеңіл ӘК пайдаланатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

2-қосымшадағы бірыңғай талаптарды қараңыз

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

ӘК сервистік жұмыстарды орындауға оператордың (пайдаланушының) жеке (дербес) рұқсаты.

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. Мұзданудан тазалау / ӘК сыртын мұзданудан өңдеуге бақылау жасау / ӘК сыртын мұзданудан қорғау бойынша («Шеберлігі және дағдыларының» 16, 17, 18 - тт. қараңыз) міндеттерді орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті дербес сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

В1, В2, В3 санаттарының бір немесе бірнеше базалық білім беру бағдарламалары бойынша емтихандар тапсыру.

В1, В2, В3 немесе С санаттарындағы ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша маманның қолданыстағы куәлігінің болуы.

Маман ТҚ орындайтын ӘК сол типіне және қозғалтқыштарына оқуы

Маман ТҚ орындайтын ӘК / ӘК өндірушісінің қосалқы тобының және қозғалтқыштың жеке типі көрсетілумен, ӘК ТҚ бойынша маманның куәлігінің «Rating» бөліміндегі рейтинг туралы жазбаның болуы.

ӘК ТҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарында – ӘК ТҚ бойынша ұйымның маманның жеке өзіне берген сертификатталған рұқсаттың болуы.

Практикалық оқудан өту және/немесе ӘК-де практикалық тәжірибеден өту нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған ӘК ТҚ орындауда машықтары болуы.

1-есткертпе. ӘК ТҚ барысында жұмыстарды орындауға сертификатталған персоналдың бақылауымен, орындаушы бағанасында қол қою құқығымен жұмыстарды сертификаттау бағанасында қол қою құқығысыз рұқсат етіледі. Персоналдық ӘК-де орындауға рұқсат етілген жұмыстарының құқықтары, міндеттері, көлемдері ӘК ТҚ ұйымдастыру бойынша жосықпен немесе ӘК ТҚ ұйымдастыру талап етілмейтін АА басқа ұйымымен белгіленеді.



СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімінің және оқуының деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5


ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

1. ӘК ТҚ бойынша мманның «В1», «В2», «В3» санаттарының кемінде біреуі бойынша базалық білімі болуы және орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде емтихандар тапсыру, немесе

2. Базалық білім алусыз - ӘК ТҚ маманының кемінде «В1», «В2», «В3» санаттарының кемінде біреуі бойынша емтихандарын орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде тапсыру.


1. «B1.2» және «B1.4» қосалқы санаттары және «В3» санаты үшін:

(i) егер өтініш беруші мұның алдында тиісті техникалық оқудан өтпеген болса ӘК пайдалануда ТҚ-де 3 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы, немесе

(ii) құзыретті органдар техникалық кәсіпте тәжірибелі қызметкер ретінде қарастырған, ӘК ТҚ-де пайдалануда 2 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және оқуы немесе

(iii) ӘК ТҚ пайдаланудағы 1 жыл тәжірибелік білімі және Уәкілетті органмен мақұлданған базалық оқу курсын аяқтау

2. «B2» санаты және «B1.1» және «B1.3» қосалқы санаттары үшін:

(i) егер өтініш беруші мұның алдында тиісті техникалық оқудан өтпеген болса ӘК ТҚ-де пайдалануда 5 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы, немесе

(ii) құзыретті органдар техникалық кәсіпте тәжірибелі қызметкер ретінде қарастырған, ӘК ТҚ-де пайдалануда 3 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және оқуы немесе

(iii) ӘК ТҚ-де пайдалануда 2 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және құзыретті органдар мақұлдаған базалық оқу курсын аяқтауы.

3. Үлкен ӘК-іне қатысты «С» санаты үшін:

(i) «B1.1», «B1.3» санаттарының артықшылықтарын пайдаланумен немесе «B2» ӘК үлкен түрлерінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы немесе қолдаушы персонал, не олардың комбинациясы ретінде, немесе

(ii) «B1.2» немесе «B1.4» санаттарының артықшылықтарын пайдаланумен ӘК үлкен түрлерінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе қолдаушы персонал, не олардың комбинациясы ретінде.

4. Үлкен ӘК-дің санатына жататындарға қарағанда, басқаларға қатысты «С» санаты үшін: үлкендерінен айырмашылығы бар басқа ӘК-де «B1» немесе «B2» санаттарының артықшылықтарын пайдаланумен 3 жыл жұмыс өтілі немесе қолдаушы персонал, не олардың комбинациясы ретінде.

5. Академиялық білім арқылы алынған «С» санаты үшін:

Уәкілетті орган мойындаған университетте немесе басқа жоғары оқу орындарында техникалық дисциплиналарда академиялық білім алған өтініш беруші, ӘК базалық ТҚ міндеттерін қадағалау бойынша 6 айды қоса алғанда, тікелей ӘК ТҚ байланысты міндеттерді іріктеу барысында азаматтық авиацияның ӘК-не ТҚ ортасында 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

1-Ескертпе. Механиктердің/ техниктердің / инженерлердің «В1», «В2», «В3» санаттарының разрядтары Уәкілетті орган бекіткен жосыққа сәйкес беріледі.

Механиктерге/ техниктерге / инженерлерге разрядтар беру осы жосыққа сәйкес жүргізіледі.

2-ескертпе. «Техник» және/немесе «инженер» лауазымдарының атауы әр бір жеке ұйымда оның қызмет жағдайларына байланысты, әр түрлі функциялар мен міндеттерді бөлімшелер мен қызметкерлердің арасында бөлу бойынша, сонымен қатар, ұйым қабылдаған жұмыстарды орындау технологиялары мен жосықтары бойынша таңдалады

5-кесте
5. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Санатсыз / «В1»/«В2»/«В3» санатындағы разрядсыз / 1-разрядтағы / 2-разрядтағы / жоғары разрядтағы әуе кемелерінің интерьеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (механиктің) еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар





Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары

Әуежайлар, ӘК ТҚ бойынша ұйымдар, жөндеу базалары, коммерциялық тасымалдауларға қатыспайтын, жеңіл ӘК пайдаланатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

2-қосымшадағы бірыңғай талаптарды қараңыз

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

ӘК сервистік жұмыстарды орындауға оператордың (пайдаланушының) жеке (дербес) рұқсаты.

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. ӘК мұзданудан өңдеу / ӘК сыртын мұзданудан өңдеуге бақылау жасау / ӘК сыртын мұзданудан тазалау бойынша міндеттерді орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті дербес сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

В1, В2, В3 санаттарының бір немесе бірнеше базалық білім беру бағдарламалары бойынша емтихандар тапсыру.

В1, В2, В3 немесе С санаттарындағы ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша маманның қолданыстағы куәлігінің болуы.

Маман ТҚ орындайтын ӘК сол типіне және қозғалтқыштарына оқуы.

Маман ТҚ орындайтын ӘК / ӘК өндірушісінің қосалқы тобының және қозғалтқыштың жеке типі көрсетілумен, ӘК ТҚ бойынша маманның куәлігінің «Rating» бөліміндегі рейтинг туралы жазбаның болуы.

ӘК ТҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарында – ӘК ТҚ бойынша ұйымның маманның жеке өзіне берген сертификатталған рұқсаттың болуы.

1-есткертпе. ӘК ТҚ барысында жұмыстарды орындауға сертификатталған персоналдың бақылауымен, орындаушы бағанасында қол қою құқығымен жұмыстарды сертификаттау бағанасында қол қою құқығысыз рұқсат етіледі. Персоналдық ӘК-де орындауға рұқсат етілген жұмыстарының құқықтары, міндеттері, көлемдері ӘК ТҚ ұйымдастыру бойынша жосықпен немесе ӘК ТҚ ұйымдастыру талап етілмейтін АА басқа ұйымымен белгіленеді


СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімінің және оқуының деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5



ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

1. ӘК ТҚ бойынша мманның «В1», «В2», «В3» санаттарының кемінде біреуі бойынша базалық білімі болуы және орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде емтихандар тапсыру, немесе

2. Базалық білім алусыз - ӘК ТҚ маманының кемінде «В1», «В2», «В3» санаттарының кемінде біреуі бойынша емтихандарын орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде тапсыру.


1. «B1.2» және «B1.4» қосалқы санаттары және «В3» санаты үшін:

(i) егер өтініш беруші мұның алдында тиісті техникалық оқудан өтпеген болса ӘК пайдалануда ТҚ-де 3 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы, немесе

(ii) құзыретті органдар техникалық кәсіпте тәжірибелі қызметкер ретінде қарастырған, ӘК ТҚ-де пайдалануда 2 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және оқуы немесе

(iii) ӘК ТҚ пайдаланудағы 1 жыл тәжірибелік білімі және Уәкілетті органмен мақұлданған базалық оқу курсын аяқтау

2. «B2» санаты және «B1.1» және «B1.3» қосалқы санаттары үшін:

(i) егер өтініш беруші мұның алдында тиісті техникалық оқудан өтпеген болса ӘК ТҚ-де пайдалануда 5 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы, немесе

(ii) құзыретті органдар техникалық кәсіпте тәжірибелі қызметкер ретінде қарастырған, ӘК ТҚ-де пайдалануда 3 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және оқуы немесе

(iii) ӘК ТҚ-де пайдалануда 2 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы және құзыретті органдар мақұлдаған базалық оқу курсын аяқтауы.

3. Үлкен ӘК-іне қатысты «С» санаты үшін:

(i) «B1.1», «B1.3» санаттарының артықшылықтарын пайдаланумен немесе «B2» ӘК үлкен түрлерінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы немесе қолдаушы персонал, не олардың комбинациясы ретінде, немесе

(ii) «B1.2» немесе «B1.4» санаттарының артықшылықтарын пайдаланумен ӘК үлкен түрлерінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе қолдаушы персонал, не олардың комбинациясы ретінде.

4. Үлкен ӘК-дің санатына жататындарға қарағанда, басқаларға қатысты «С» санаты үшін: үлкендерінен айырмашылығы бар басқа ӘК-де «B1» немесе «B2» санаттарының артықшылықтарын пайдаланумен 3 жыл жұмыс өтілі немесе қолдаушы персонал, не олардың комбинациясы ретінде.

5. Академиялық білім арқылы алынған «С» санаты үшін:

Уәкілетті орган мойындаған университетте немесе басқа жоғары оқу орындарында техникалық дисциплиналарда академиялық білім алған өтініш беруші, ӘК базалық ТҚ міндеттерін қадағалау бойынша 6 айды қоса алғанда, тікелей ӘК ТҚ байланысты міндеттерді іріктеу барысында азаматтық авиацияның ӘК-не ТҚ ортасында 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

1-Ескертпе. Механиктердің/ техниктердің / инженерлердің «В1», «В2», «В3» санаттарының разрядтары Уәкілетті орган бекіткен жосыққа сәйкес беріледі.

Механиктерге/ техниктерге / инженерлерге разрядтар беру осы жосыққа сәйкес жүргізіледі.

2-ескертпе. «Техник» және/немесе «инженер» лауазымдарының атауы әр бір жеке ұйымда оның қызмет жағдайларына байланысты, әр түрлі функциялар мен міндеттерді бөлімшелер мен қызметкерлердің арасында бөлу бойынша, сонымен қатар, ұйым қабылдаған жұмыстарды орындау технологиялары мен жосықтары бойынша таңдалады.

6-кесте
6. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша маманның (инженер-бригадирдің) еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары

Әуежайлар, ӘК ТҚ бойынша ұйымдар, жөндеу базалары, коммерциялық тасымалдауларға қатыспайтын, жеңіл ӘК пайдаланатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

2-қосымшадағы бірыңғай талаптарды қараңыз

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

ӘК сервистік жұмыстарды орындауға оператордың (пайдаланушының) жеке (дербес) рұқсаты.

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. ӘК мұзданудан өңдеу / ӘК сыртын мұзданудан өңдеуге бақылау жасау / ӘК сыртын мұзданудан тазалау бойынша міндеттерді орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті дербес сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

В1, В2, В3 санаттарының бір немесе бірнеше базалық білім беру бағдарламалары бойынша емтихандар тапсыру.

В1, В2, В3 немесе С санаттарындағы ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша маманның қолданыстағы куәлігінің болуы.

Маман ТҚ орындайтын ӘК сол типіне және қозғалтқыштарына оқуы.

Маман ТҚ орындайтын ӘК / ӘК өндірушісінің қосалқы тобының және қозғалтқыштың жеке типі көрсетілумен, ӘК ТҚ бойынша маманның куәлігінің «Rating» бөліміндегі рейтинг туралы жазбаның болуы.

ӘК ТҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарында – ӘК ТҚ бойынша ұйымның маманның жеке өзіне берген сертификатталған рұқсаттың болуы.

1-есткертпе. ӘК ТҚ барысында жұмыстарды орындауға сертификатталған персоналдың бақылауымен, орындаушы бағанасында қол қою құқығымен жұмыстарды сертификаттау бағанасында қол қою құқығысыз рұқсат етіледі. Персоналдық ӘК-де орындауға рұқсат етілген жұмыстарының құқықтары, міндеттері, көлемдері ӘК ТҚ ұйымдастыру бойынша жосықпен немесе ӘК ТҚ ұйымдастыру талап етілмейтін АА басқа ұйымымен белгіленеді


СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімінің және оқуының деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

ӘК техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін:

1. ӘК ТҚ бойынша мманның «В1», «В2», «В3» санаттарының кемінде біреуі бойынша базалық білімі болуы және орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде емтихандар тапсыру, немесе

2. Базалық білім алусыз - ӘК ТҚ маманының кемінде «В1», «В2», «В3» санаттарының кемінде біреуі бойынша емтихандарын орнатылған (өту) деңгейден төмен емес деңгейде тапсыру


Саладағы 4-деңгейдегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет