Көлік ұйымдары көрсететін қызметтер төлем ақысы көлік тарифтері арқылы жүргізіледі. Тарифтерге мыналар жатады



Дата14.01.2020
өлшемі45.9 Kb.

Көлік ұйымдары көрсететін қызметтер төлем ақысы көлік тарифтері арқылы жүргізіледі. Тарифтерге мыналар жатады:

- жүктерді тасығаны үшін алынатын төлемдер;

- жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін алынатын жинақтар;


- төлемдер мен жинақтарды есептеу ережелері.


Экономикалық категория ретінде көлік тарифтері көлік өнімнің бағасының формасы болып табылады. Олардың құрылуы төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

көлік кәсіпорнына — пайдалану шығындарды
өтеу және пайда алу мүмкіндігі;

көлік қызметтерін сатып алушыларға — көлік шығындарын жабу мүмкіндігі.


Алдыңғы бөлімде көрсетілгендей, тасымалдаушыны таңдауға әсер ететін маңызды факторлардың бipi тасымалдау құны болып табылады. Клиенттер үшін күресте көлік тарифтеріне өз әсерін тигізе алады. Мысалы, Қазақстанның темір жолы шағын және аз тоннажды жүктерді тасымалдауда, автомобиль көлігімен қатаң бәсекелесуде. Бұл сәйкес темір жол тарифтерінің өсуіне тежеулі әсер етеді.

Әр түрлі көліктердің тарифтер жүйесінің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Оларды қысқаша сипаттап өтейік. Teмip жол көлігінде жүктерді тасымалдау құнын анықтау үшін жалпы, ерекше, жеңілдік және жергілікті тарифтерді пайдаланады.

Жалпы тарифтер — тарифтердің, негізгі түpi. Олар арқылы негізгі жүктердің тасымалдау құнын анықтайды.

Ерекше тарифтер деп, арнайы қосымшалар немесе жеңілдіктер түрінде, жалпы тарифтерден ауытқу арқылы белгіленетін тарифтер аталады. Бұл тарифтер жоғары не төмен болуы мүмкін. Олар тек нақты жүктерге ғана таралады.

Ерекше тарифтер өнеркәсіпті орналастыруға әсер ете алады, сeбeбi олар аркылы шикізаттың жеке түрлерін тасымалдаудың, құнын реттеп отыруға болады, мысалы, тас көмip, кварцит, кен және т.с.с. Тасымалдау құнын ерекше тарифтер аркылы жоғарылата немесе төмендете отырып, темір жолдардағы тасымалдаудың біркелкі еместігін төмендетеді. Мұндай мақсаттарды ерекше төмендетілген тарифтер ұстанады.

Жеңілдік тарифтері белгілі бip мақсаттар үшін жүктерді тасымалдауда қолданылады.

Жергілікті тарифтерді жеке тeмip жол бастықтары белгілейді. Жүктерді тасымалдағаны үшін төленетін ақы және түрлі жинақ, қойылымдары кіретін бұл тарифтер берілген темір жол шеңберінде қызмет етеді.

Тасымал төлемінен басқа темір жол жүк жіберуші мен жүк алушыдан қосымша қызметтер үшін ақы алып отырады. Бұл төлем жинақ деп аталады және темір жол күштері операцияларды орындағаны үшін алынады: жүкті сақтағаны үшін, жүкті өлшеу немесе тексеру, вагондарды беру немесе жинау, оларды дезинсекциялау, жүктерді жөнелту және тиеу-түcipy жұмыстары, сондай-ак, баска да бірқатар операциялар үшін.

Темір жол мен жүктерді тасымалдауда төлейтін төлемдерге әсер ететін негізгі факторларды атап өтейік.

Жөнелту түрі. Темір жол бойынша жүк вагондап, контейнерлеп, аз тонаждап — салмағы 25 т. дейін және көлемі вагонның 1/3 болігіндей болып жөнелтілуі мүмкін.

Тасымалдау жылдамдығы. Темір жол бойымен жүк үлкен, жолаушылар немесе жүктік жылдамдықпен тасымалдануы мүмкін. Жылдамдық түpi жүктің тәулігіне қанша килoметр жүруі тиіс екенін анықтайды.

Тасымалдау ара қашықтығы. Тасымалдау ақысы ең қысқа бағыттағы ара қашықтық бойынша алынуы мүмкін, жүктік немесе үлкен жылдамдықпен жүктерді тасымалдау кезінде тарифтік қашықтыққа немесе габариттік емес жүктерді немесе жүктерді жолаушылар жылдамдығымен тасымалдау кезінде нақты өткен кашықтық үшін алынуы мүмкін.

Жүктердің тасымалдауы жүргізілетін вагон типі. Темір жол бойымен жүктер әмбебап, арнайы немесе изотермиялық вагондарда, цистерналарда немесе платформаларда тасымалдануы мүмкін. Тасымалдау ақысы әр жағдайда әр түрлі болады.

Вагон немесе контейнерлердің тиістілігі. Вагон платформа немесе контейнер темip жолға жатуы мүмкін, жүк алушының немесе жүк жіберушінің меншігі болуы мүмкін.

Тасымалданатын жүк саны — тасымалдау маңызды әсер ететін фактор.



Автомобиль көлігінде жүктердің тасымалдау құнын анықтау үшін келесі тарифтер түрлері қолданылады:

жүктерді тасымалдаудың кесімді тарифтері;


ақылы автотонна — сағат жағдайларында жүктерді тасымалдау тарифтеpi;


уақытылы жүк автомобильдерді қолданғаны үшін тарифтер;


километрді есептеу есебінен тарифтер;

жылжыту құрамдардың алып келгені үшін тарифтер;

келісім тарифтері.

Тарифтік ақы мөлшеріне келесі факторлар әсер етеді;
тасымалдау қашықтығы;

жүк массасы;

Автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану мүмкіндігін сипаттайтын жүктің көлемді салмағы. Осы көрсеткіш бойынша автомобильмен тасымалданатын барлық, жүктерді төрт класқа бөледі:
автомобильдің жүк көтерімділігі;

жалпы жүрісі;

автомобильді пайдалану уақыты;

автомобиль типі;

тасымалдау жүргізілетін аудан, сондай-ак, бірқатар факторлар.

Тасымалдау тарифтерінің әрқайсысы факторлардың барлығын ескермейді, тек олардың кейбіреулерін нақты тасымалдау жағдайларындағы маңызды факторларды ескереді. Мысалы, кесімді тариф бойынша тасымалдау құнын есептеу үшін тасымалдау қашықтығын, жүк массасын және автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану дәрежесін сипаттайтын жүк сыныбын ескеру қажет. Уақытылы жүк автомобильдерін қолдану тарифтерін есептеуде автомобильдің жүк көтерімділігі, оның пайдаланылу уақыты және жалпы жүрісі ескеріледі.



Барлық жағдайларда автомобильді пайдалану үшін алынатын ақы мөлшеріне тасымалдау жүргізілетін аудан әсер етеді. Бұл аудан бойынша жүктерді тасымалдаудың өзіндік құнының деңгейінің тұрақты түрлілігімен түсіндіріледі.

Өзен көлігіндегі жүктерді тасымалдау тарифтері, тасымалдау жұмыстары үшін алынатын жинақтар және тасымалдаумен байланысты басқа қызметтер нарық конъюнктурасын ескергендегі пароход шаруашылығымен анықталады. Тариф мөлшерін есептеу негізіне тарифтер мен жинақтарды еңгізу мерзіміне болжамданатын қызметтердің өзіндік құны, сондай-ак, заңмен бекітілген рентабельділіктің шектік деңгейі алынады.

Теңіз көлігінде жүктерді тасымалдау ақысы не тариф бойынша, не фрахталық койылым бойынша жүргізіледі. Егер жүк тұрақты жүк ағынының бағыты бойынша жүрсе онда тасымалдау сызықтық кеме жүру жүйесімен жүргізіледі. Бұл жағдайда жүк кесте бойынша жүіп, белгілі бip тариф бойынша төленеді.

Егер тасымалдау кезінде жүк кемелерінің жұмысы тұрақты жүзу аудандарымен, тұрақты тиеу және түcipy портымен байланысты болмаса, белгілі бip жүк түрімен шектелмесе, онда тасымалдау фрахталық қойылым бойынша төленеді. Фрахталық қойылым фрахталық нарық конъюнк-турасына байланысты бекітіледі және әдетте, жүктің түріне және көліктік сипатына, рейс жағдайларына және сонымен байланысты шығындарға тәуелді болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет