«Көлік логистикасы»



жүктеу 1.45 Mb.
бет1/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.45 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-12.1.101/03-2013

«Көлік логистикасы» пәні бойынша оқыту-әдістемелік кешені

18.09.2013

Баспа №1



«Көлік логистикасы»

пәнінен оқыту-әдістемелік кешені
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

мамандығына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

Мазмұны

  1. Глоссарий


  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттің өздік жұмысы

1. Глоссарий


КЛ және КҚ (ТЛ и ТС) - көлік логистикасы және көлік құралдары.

Материалды ағымдар - логистикалық операцияларды жүргізу барысында қарастырылатын және мерзімдік интервалға жатқызылатын жүктер, бөлшектер, тауарлы материалды құндылықтар.

Логистикалық операциялар - бұл материалды және ақпараттық ағымды қайта құруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

Тасымалдау - адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады.



ТА (ПС) - тасымал автобус көлігінің басқа да жолаушы көліктерімен орындалуы.

ТТ (ЗП) - ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.

МТ (МП) - ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.

ПЖГ (ГДП) - Пойыздардың бөлiм бекеттерi (станциялар) арасында жүруiнiң графиктiк бейнеленуi.



2. Дәрістер



Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс 1
Логистика жағдайындағы көлік.
Тәжірибелік логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңіңде "логистер" немесе "логистиктер" деғен мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша кызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VI Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақытылы қарайластыру жатқан, деп есептелген. Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керекті орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен әскер жарағының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды роль аткаратындығын әр уақытта түсінген. Адамзат тарихындағы бүкіл соғыстар әскерлерді жабдықтаудың үйымдастырылуына байланысты, жеңілген немесе жеңіске жеткен. Мысалы, Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыстағы британдықтардың жеңілуі көбінесе ағылшын әскерлерінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі. Соғыстың ең өршіген кезінде американдық континентте британдық әскердің құрамында 12000 отряд болды, олар Англиядан тек қару-жарақ емес, сондай-ак азық-түлік те алулары тиіс еді. Соғыстың алғашқы алты жылында өмірлік маңызы бар бұл жабдықтарды ұйымдастыру әскерлердің қажеттілігіне барабар болмады, бұл өз кезегінде әскери әрекеттердің сипатына және сарбаздардың моральды жағдайына кері әсер етті. Әскерлердің дәлме-дәл қамтамасыз етілуі тек 1781 жылы ғана жүзеге асты, ал бұл тым кеш болды.

Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде қеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде кару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.

Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі танда да "logisties" сөзін әскери 1) тыл және жабдыктау; 2) материалды-техникалык қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударьш жүр.

Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: "Логистика гректің "logistike" сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын тәжірибелік арифметика - логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Еуропада XVII ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушысы-энциклопедисті, философы) логистиканы "calculus ratiocinator" (ой қорытындыларын есептеу) деп атап синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды".

Әдебиеттерде оның басқа да қолданылуы кездеседі: Рассел және оның мектебі ұсынған логика кезеңі басқаша логицизм деп аталған (математиканы оны логикаға қиыстыру арқылы түсіндіруге тырысатын, математиканың философиялық проблемалар саласындағы бағыты). Логистиканы логикамен, яғни абстрактілі ойлау сатысьндағы әлемді танудың заңдары, формалары және тәсілдері туралы ғылыммен шатастыруға болмайды.

Логистика бойынша бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XIX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: "логистика - әскерлерді маневрлеудің тәжірибелік өнері". Ол логистикаға тек тасымалдау ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқару және жабдықтау мәселелері, әскерлерді орналастыру жерлерін анықтау, сонымен қатар көпір, жол және т.б. салу мәселелері жатады деп пайымдаған. Логистика әскери ғылым ретінде тек XIX ғасырдың ортасында ғана қалыптасты.

Логистика дамуының тағы бір бағыты — экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-тәжірибелік бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағындарын тиімді басқару түсіндіріледі.

Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70-ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағындарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.

Логистиканың тәжірибелік потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін "шығындарды үнемдеудің соңғы шегі" және "экономиканың танылмаған материгі" ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарымен көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М.Потер, Д.Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады.

Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілерді: үйлесімділік, рационалдық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді.

Логистика ғылым ретінде және азаматтық саладағы бизнес құралы ретінде ең алдымен АҚШ-та 1950-ші жылдардың басында қалыптаса бастады. Логистика эволюциясы дамыған капиталистік елдердегі нарықтық катынастардың тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі "логистика" терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында ғана қалыптасып, әлемде жаппай қолданыла бастады. Міне, шамамен жарты ғасыр бойы батыста мамандар, ғалымдар, іскерлер арасында қарастырылып отырған түсініктің атауы және мазмұны бойынша талқылаулар әлі күнге дейін аяқталмаған. Логистика бойынша батыс әдебиеттерін сараптай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: көптеген авторлар бірдей логистикалық қызметтерді баяндай отырып әр түрлі терминдерді қолданады. "Логистика" терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі 1.1 кестеде келтірілген. Біздің ойымызша, түрлі терминнің колданылуы зерттеушінің талғамына байланысты және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалауымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны "физикалық бөлу" терминінің қолданылуы, ол Батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және "дистрибьюция" терминінің синонимі болып табылады.

Кесте 1.1 - Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын "логистика" терминінің синонимдері



Термин атауы (ағылшын тілінде)

Атаудың аудармасы

Physical distribution

Физикалық бөліну

Marketing logistics

Маркетинг логистикасы

Materials management

Материалды менеджмент

Logistics engineering

Логистикалық инжинеринг

Industrial logistics

Өнеркәсіптік логистика

Business logistics

Бизнес логистика (коммерциялық логистика)

Logistical management

Логистикалық менеджмент

Integrated logistics management

Біріккен логистикадағы менеджмент

Supply management

Жабдықтау менеджменті

Logistics pipeline management

Логистикалық арна менеджменті

Distribution management

Бөлу менеджменті

Supply chain management

Логистикалық тізбек менеджменті (жабдықтау тізбегі)

Time-based management

Уақытқа негізделген менеджмент

Integrated distribution

Біріккен дистрибьюция

Supply chain logistics

Жабдықтау тізбегінің логистикасы

Service response logistics

Қызметке жауапты логистика

Integrated supply chain management

Біріккен логистикалық тізбектегі менеджмент

Логистика біршама жас және белсенді дамушы ғылым болып табылады. Оның түсініктеме аппаратына және терминологиясына қатысты көптеген сұрақтар әр уақытта нақтыланып, жаңа мәнге ие болып, өзгеріп отырады. Осыған байланысты логистика өткен тарихи жолды қарастыру, қәзіргі сатыдағы жағдайын бағалау және шетел мен біздің елдегі оның даму перспективасын бағалау қызық.

1.1-суретте шет елдегі логистика эволюциясы, материалды, сондай-ақ онда кездесетін ақпарат және қаржы ағындарын басқарудың теориясы мен тәжірибесі бойынша берілген, яғни шикізаттардың, материалдардың және дайын өнімдердің айналым үрдісімен байланысты, оларды жабдықтаушылардан өндіруші-кәсіпорындарға және соңғылардан талаптарға сәйкес соңғы тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты барлық кешенді мәселелердің шешілуі берілген.

XX ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады. 20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезенді "фрагментаризация" кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағындарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық функциялар (1-сурет) құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т.б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді.

Бұл жағдайда көрнектісі АҚШ экономикасының даму сатысы болып табылады. Қарастырылып отырған бұл кезеңде АҚШ-тың жаңа өндіріс технологиясын енгізумен (мысалы, автомобиль жасауда), мамандандырудың жоғары деңгейімен, табиғи ресурстардың көптігімен, жақсы инвестициялық ортамен, мемлекеттің экономиканы минималды реттеуімен сипатталатын тез өсу нарығы болды. Тауарлар мен қызметтерді өндірушілер кеңеюші нарықтың қажеттіліктерін әрең орындады, яғни сатушылар нарығының жағдайы болды. Әрине, бұл жағдайда менеджменттің басты назары нарықты қалай толтыру керек мәселесіне, яғни өнім өндіру үшін резерв іздеуге бағытталды.

Логистиканың өндіріс үрдісі.
Материалды ағын, өзінің бастапқы шикізат көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолында бірқатар өндірістік звенолардан өтеді. Бұл сатыдағы материалды ағынды басқарудың өзіндік ерекшелігі болады және ол өндірістік логистика деген атқа ие болады.

Өндірістік логистиканың мақсаты материалды игіліктерді құрайтын немесе сақтау, орау, өлшеу, салу және т.б. осындай материалды қызметтер көрсететін кәсіпорындар ішінде материалды ағындарды оңтайландыру болып табылады. Өндірістік логистикадағы зерттеу объектілерінің сипаты -олардың территориалды жинақтылығы. Әдебиеттерде оларды кейде "логистиканың аралды объектілері" деп те атайды.

Өндірістік логистика шеңберінде логистикалық үрдіс қатысушыларын өндірістік катынастар байланыстырады (макродеңгейдегі логистикалық үрдістің қатысушылары тауар-ақша қатынастарымен байланысты).

Өндірістік логистика қарастыратын логистикалық жүйелер өндірістік логистикалық жүйелер деп аталады. Оларға өнеркәсіп кәсіпорындарын, қоймалары бар көтерме кәсіпорындарды, тізбекті жүк стансаларын, тізбекті теңіз порттарын және т.б. жатқызуға болады. Өндірістік логистикалық жүйелерді макро- және микродеңгейлерде қарастыруға болады.

Макродеңгейде өндірістік логистикалық жүйелер макрологистикалық жүйелердің элементтері ретінде болады. Олар осы жүйелердің жұмыс қарқынын белгілейді, материалды ағындардың көзі болып табылады. Макрологистикалық жүйелердің қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу мүмкіндігін, оларға кіретін өндірістік логистикалық жүйелердің шығушы материалды ағынның сандық және сапалық құрамын тез өзгерте алу қабілеттілігімен анықталады (яғни шығаратын өнімнің ассортименті мен сапасы).

Микродеңгейдегі өндірістік логистикалық жүйелер белгілі бір бірлікті, тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тығыз байланысқан бірқатар элементтер болып табылады. Бұл элементтер: сатып алу, коймалар, қорлар, өндіріске қызмет көрсету, көлік, ақпарат, өткізу және кадрлар материалды ағындардың жүйеге кіруін, оның ішінде жылжуын және жүйеден шығуын қамтамасыз етеді. Логистика концепциясына сәйкес, өндірістік логистикалық жүйелерді құру кәсіпорын ішіндегі жабдықтау, өндірістік және өткізу звеноларының жоспарлары мен әрекеттерінің тұрақты түрде үйлесу және өзара дұрыстау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет.


Өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық концепциялары
Өндірісті ұйымдастырудың логистикалық концепциясына келесі негізгі жағдайлар жатады:

  • артық қорлардан бас тарту;

  • негізгі және тасымалдау-қоймалау операцияларын орындауға қажет уақыттың көбеюінен бас тарту;

  • сатып алушылар тапсырыс бермеген бөлшектерді шығарудан бас тарту;

  • құрал-жабдықтардың тұрып қалуларын жою;

  • ақауды міндетті түрде жою;

  • тиімсіз өндірісішілік тасымалдауларды жою;

  • жабдықтаушыларды карсы тараптан игі ниетті әріптеске айналдыру.

Логистикалыққа қарағанда өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясы мыналарды ұйғарады:

  • негізгі құралды ешқашан тоқтатпау және оны пайдаланудың жоғарғы коэффициентін ұстап отыру;

  • өнімді ірі партиялармен шығару;

  • "кездейсоқ жағдайларға" материалды ресурстардың максималды көп көлемі болуы тиіс.

Концептуалды жағдайлардың болуы өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясының "сатушы нарығы" жағдайында тиімді екенін көрсетеді, ал логистикалық концепция — "сатып алушы нарығы" жағдайы үшін.

Сұраныс ұсыныстан жоғары болған кезде, нарық конъюнктурасын ескере отырып шығарылған өнім партиясы толығымен өткізіледі деп сенімді түрде айтуға болады. Сондықтан да құрал-жабдықтарды максималды жүктеу мақсаты артыкшылыққа ие болады. Дайындалған партия неғұрлым ірірек болса, өнім бірлігінің өзіндік құны соғұрлым болады. Өткізу мәселесі бірінші орында тұрмайды.

Нарыққа сатып алушы "диктаты" келген кезден бастап жағдай өзгереді. Бәсекелестік жағдайындағы өндірілген өнімді өткізу мәселесі бірінші орынға шығады. Нарықтық сұраныстың тұрақсыздығы және болжамданбайтындығы үлкен қорларды құруды тиімсіз етеді. Сонымен қатар өндіруші бірде-бір тапсырысты жіберуге құқығы жоқ. Осыдан пайда болған сұранысқа өндірістің тез жауап беруіне қабілетті икемді өндірістік қуаттарға қажеттілік туады.

Нарық жағдайындағы өндіріс тек шығарылатын өнімнің ассортиментін және санын тез өзгертуге қабілетті болған кезде ғана жандана алады. 70-ші жылдарға дейін бүкіл әлем бұл мәселені коймадағы дайын өнім қорларының есебінен шешіп отырды. Бүгінгі күні логистика сұраныс өзгерістеріне өндірістік қуаттар қорының есебінен бейімделуге мүмкіндік береді.

Өндірістік қуат қоры өндірістік жүйелердің сандық және сапалық икемділігі болған кезде пайда болады. Сапалық икемділік әмбебап қызмет көрсетуші қызметкерлер мен икемді өндірістің есебінен қамтамасыз етіледі. Сандық икемділік түрлі әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Мысалы, Жапонияның кейбір кәсіпорындарындағы негізгі қызметкерлер бүкіл жұмысшылардың шамамен 20% құрайды. Қалған 80% -уақытша жұмысшылар. Сонымен, қызметкерлер саны 200 адамды құрған кезде кәсіпорын тапсырысты орындау үшін кез келген уақытта 1000-ға жуык адамды қоя алады. Жұмыс күші резерві еңбек кұралдарының резервіне сәйкес толықтырылып отыруы тиіс.
Өндірістік логистикадағы материалды ағындарды басқарудың итеруші және тартушы жүйелері
Өндірістік логистикалық жүйелер шеңберіндегі материалды ағындарды басқару түрлі әдістермен жүргізілуі мүмкін, соның ішінде негізгі екеуін атап көрсетуге болады: бір-бірінен ерекшеленетін итеруші және тартушы жүйелер.

Бірінші вариант "итеруші жүйе" атына ие және өндірісті үйымдастыру жүйесін білдіреді, өндірістік телімге келіп түсетін ондағы еңбек заттарына алдындағы технологиялық звенолардан тікелей тапсырыс алынбайды. Материалды ағын алушыға өндірісті басқарудың орталық жүйесінен тапсыратын звеноға келіп түсетін бұйрық бойынша "итеріледі" (3.1-сурет).

Ағындарды басқарудың итеруші модельдері өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі әдістеріне тән. Өндірісті логистикалық ұйымдастыруда оларды қолдану мүмкіндігі есептеу техникасының жаппай таралуымен байланысты пайда болды. Алғашқы жұмыстары 60-шы жылдарға жататын бұл жүйелер кәсіпорынның жабдықтау, өндірістік және өткізуші бөлімшелерінің жоспарлары мен әрекеттерін, нақты уакыт ағынындағы тұрақты өзгерістердің есебінен үйлестіруді және тез түзетуді мүмкін етті.

Микроэлектроника арқылы күрделі өндірістік механизмді біртұтас бірлікке байланыстыру қабілеттілігі бар итеруші жүйелердің өз мүмкіндіктерінің табиғи шектері болады. Телімге "итерілетін" материалды ағынның параметрлері осы телімдегі өндірістік жағдайға әсер ететін барлық факторларды басқарушы жүйе ескере алатындай және бағалай алатындай оңтайлы. Бірақ баскарушы жүйе кәсіпорынның көптеген телімдері бойынша неғүрлым көп факторларды ескеру тиіс болса, оның бағдарламалық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілуі соғұрлым жетілген және қымбатырақ болуы тиіс.

Өндірістегі логистикалық үрдістерді ұйымдастырудың екінші варианты материалды ағынды басқарудың өзгеше әдісіне негізделген. Ол "тартушы жүйе" деп аталады және бөлшектер мен жартылай шикізаттар алдыңғыдан келесі технологиялық операцияға қажетінше берілетін өндірісті ұйымдастыру жүйесі болып табылады.

Бұл жерде баскарудың орталық жүйесі кәсіпорынның түрлі учаскілері арасындағы материалды ағынның алмасуына кіріспейді және оларға ағымды өндірістік тапсырмаларды белгілемейді. Жеке технологиялық звеноның өндірістік бағдарламасы келесі звеноның тапсырыс мөлшерімен анықталады. Басқарудың орталық жүйесі өндірістік технологиялық тізбектің тек соңғы звеносы алдына мақсат қояды.

Мысалы,кәсіпорын 10 бірлік өнім өндіруге тапсырыс алды делік. Басқару жүйесі бұл тапсырысты жинау цехына тапсырады. Жинау цехы тапсырысты орындау үшін бірінші цехтан 10 бөлшек сұрайды. Өз қорынан 10 бөлшек бере отырып, тапсырысты орындау максатымен бірінші цех екінші цехқа 10 дайындамаға тапсырыс береді. Өз кезегінде, 10 дайындаманы тапсыра отырып, екінші цех шикізат коймасына берілген көлемді өндіру үшін материалдарға тапсырыс береді. Сонымен, материалды ағынды әрбір келесі звено "тартады". Жеке цехтың персоналы оңтайлы тапсырыстың мөлшерін анықтайтын айрықша факторларды, орталық басқару жүйесіне қарағанда, көбірек ескере алады.

Іс жүзінде созылмалы өндірістік логистикалық жүйелерге "Тоета" (Жапония) фирмасы жасап, жүзеге асырған "Канбан" жүйесін жатқызады (жапон тілінен аударғанда - карточка).

"Канбан" жүйесі өндірісті жаппай компьютерлендіруді талап етпейді, бірақ ол жеткізулердің қатаң тәртібін, сондай-ақ қызметкерлердің жоғары жауапкершілігін ұйғарады, себебі өндірісішілік логистикалық үрдісті орталықтан реттеп отыру шектеулі. "Канбан" жүйесі өндірістік қорларды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, "Тоета" фирмасындағы шығарылатын бір автомобильге шаққандағы бөлшектер қоры 77 долл. құрайды, ал АҚШ автомобиль фирмаларында бұл көрсеткіш шамамен 500 долл. тең. "Канбан" жүйесі айналым кұралдарының айналымдылығын тездетуге және шығарылған өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Өндірістегі материалдық ағындарды басқаруда логистикалық тесілді қолдану тиімділігі
Материалдың өндірістік кәсіпорында жататын уақытының 95-98 пайызы тиеу-түсіру және тасымалдау-қоймалау жұмыстарына жататыны анық. Өндірілген өнімнің өзіндік кұнындағы олардың мол үлесі осымен түсіндіріледі.

Кәсіпорындағы материалды ағындарды басқарудың логистикалық тәсілі логистикалық операциялар кешенін максималды оңтайландыруға мүмкіндік береді. "Бош", "Сименс", "Мицубиси", "Дженерал моторс" фирмаларының мәліметтері бойынша, логистикалық функцияларды орындауға кететін шығындардың 1 пайызын қысқарту, өткізу көлемін 10 пайызға өсіргендегідей әсер берді.

Кәсіпорындағы материалды ағындарды басқарудың логистикалық тәсілін қолданғанда беретін жиынтық әсердің қосындыларын атап көрсетейік:


  1. өндіріс нарыққа бейімделеді. Шағын сериялы және жеке өндіріске тиімді көшу мүмкін болады.

  2. жабдықтаушылармен серіктестік қатынастар бекітіледі.

  3. құралдардың тұрып қалулары қысқарады. Бұл жұмыс орындарында әр уақытта жұмысқа кажетті материалдардың болуымен камтамасыз етіледі.

  4. өндірілетін өнімнің сапасы жақсарады.

  5. өндірістік цикл қысқарып, шығындар минимизацияланады.

Өндірістік үрдіспен байланысты шығыңдарды төмендетуге мүмкіндік беретін себептерге толығырақ тоқталайық:

    • қорларды оңтайландыру - логистиканың негізгі мәселелерінің бірі. Қорларды ұстау қаржы құралдарын тартуды, материалды-техникалық базаның, еңбек ресурстарының көп бөлігін қолдануды талап етеді. "'Канбан" жүйесін қолданатын бірқатар Батыс Еуропа елдерінің фирмаларын талдау көрсеткендей, логистиканы қолдану өндірістік қорларды 50 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

    • косымша жұмысшылар санын кысқарту. Жүйелілік деңгейі неғұрлым аз болса, еңбек үрдісі соғұрлым анықсыз және көп жұмыс көлемін орындау үшін қосымша қызметкерлерге кажеттілік соғүрлым жоғары.

    • материал жоғалтуларымын төмендеуі. Кез келген логистикалық операция- бұл потенциалды жоғалтулар. Логистикалық операциаларды оңтайландыру – бұл жоғалтулардың қысқаруы.

    • өндірістік және қойма орындарын пайдалануды жақсарту. Ағынды үрдістердің анықсыздығы қосымша орындарды жинақтауға мәжбүр етеді. Соның ішінде саудалық көтерме базаларын жобалауда ағынды үрдістердің анықсыздығы қойма орындарын 30 пайызға көбейтуге мәжбүр етеді.

    • зақымдану деңгейін төмендету. Логистикалық тәсілге еңбек қауіпсіздігі жүйесі де жатады.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет