Көлік құралдары салығының салық төлеушілері



жүктеу 94.09 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі94.09 Kb.
: data -> files -> kaz
kaz -> Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
files -> Верхнетоемской территориальной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав муниципального образования «Верхнетоемский муниципальный район»
kaz -> Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы
kaz -> Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
kaz -> Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін түсіндіреді
kaz -> Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы
kaz -> Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Көлік құралдары салығының салық төлеушілері

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.

Мыналар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:

- двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;

- 1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке 1000 кВт мөлшерiндегi жүк автомобильдерi.

Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлiк құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшектi мәнiмен бiреуден көп бiрлiктi құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бiрлiкке дейiн дөң­ге­лектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.

Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомо­биль­дерiнiң саны бiр бiрлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бiр жүк автомобилi босатылуға жат­қызылады.

2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:

сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;

ветеринария қызметінің автомобильдері,

автозообиологиялық зертханалар,

автожемтасығыштар;

автотиеуіштер,

дән сепкіштерге автоқұйғыштар;

тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;

ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды

автотиеуіштер;

тең штабельдерін автотасымалдауыштар;

автоулыжемшашқыш;

пәлекжинағыш машиналар;

а/ш АН-2 әуе кемесі;

өздігінен жүретін дестелегіштер;

астық жинағыш комбайндар;

доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;

мал азығын жинағыш комбайндар;

ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;

өздігінен жүретін шөп шапқыштар;

маялағыштар;

жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);

3) мемлекеттік мекемелер;

4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;



5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;

6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;



7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар.
Салық ставкалары

 

Рет №


Салық салу объектiсi

Салық ставкасы

(айлық есептік көрсеткіш)

 

1.

Двигателінің көлемi мынадай жеңiл

автомобильдер (текше см.):

1100-ге дейiн қоса алғанда

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

4000-нан жоғары



1

2

3

5

8

15

117

2.

Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын

арнаулы автомобильдер (тiркемелердi

есептемегенде):

1 тоннаға дейiн қоса алғанда

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда

5 тоннадан жоғары

 


3
5

7

9

3.

Шынжыр табанды машиналар мен

механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн

машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер

 


3

4.

Автобустар:

отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда

отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда

отыратын 25 орыннан жоғары

 


9
14

20

5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты:







55 кВт-ға дейiн қоса алғанда

1




55 кВт-дан асатын

10

6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,

яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең):

160-қа дейiн қоса алғанда

160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

1000-нан жоғары

 



6

18

32

55

7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi


8.

Мыналарды:

магистральды жолдар бойымен поездардың кез келген санатын жүргiзу үшiн;

магистральды, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;

өнеркәсiптiк темiржол көлiгi және магистральды және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын темiр жолдың тарту қозғалмалы құрамы;

Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрам

көлiк құралының жалпы қуатының әрбiр киловатынан

айлық есептiк көрсеткiштiң 1 процентi

көлiк құралының жалпы қуатының әрбiр Киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 процентi

Салықты есептеу тәртібі

Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.


Салық төлеу мерзімдері

Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.



Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.

Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.


Салық есептілігі

Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ  декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет