«КӨлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи бағының Қарыс көбелектер (geometridae) фаунасын зерттеу тарихы



жүктеу 74.95 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі74.95 Kb.
: sites -> default -> files -> conf
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
conf -> Іле алатау тау алды шөл аймағындағы күрделі гүлділер тұҚымдасы түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктері
conf -> Сборник научных трудов (выпуск 6) Киров 2010
conf -> Шырайлы мекен – шығыс қазақстан облысының биоалуан түрлілігін сақтау шараларын жүзеге асыру жолдары
conf -> АҚТӨбе облысы флорасының антропогендік трансформациялану проблемасы
«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНЫҢ  ҚАРЫС КӨБЕЛЕКТЕР (GEOMETRIDAE) ФАУНАСЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ
Назымбетова Г.Ш., Еликбаев Б.К.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ., Қазақстан

g.nazymbetova@mail.ru
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 7 ақпанындағы №88 қаулысымен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды. Ұлттық саябақ Алматы обылысының Райымбек, Талғар аудандарының аумағында орналасқан, барлығы 161996 га жерді қамтиды. Саябақ теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары орналасқан, оның аумағының орманды бөлігін негізінен, көркем Шренка шыршасы құрайды, саябақ аумағында адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Бұл аумақтың қарыс көбелектерді зерттеу тарихы Тянь-Шань таулар жүйесімен, Орта Азия қарыс көбелектерін зерттеумен тығыз байланысты.

Қарыс көбелектер (Geometridae) тұқымдасы өзінің түрлік алуантүрлілігінің және кең таралуының арқасында барлық жерлерде кездеседі. Қарыс көбелектер тобына түстері қоңырлау – сұр, кейде сарғылт көлденең жолақтармен немесе сызықша, кейде өте ашық және алабажақ, мұртшалары әр түрлі, түнде және ымыртта ұшатын көбелектер жатады. Алғаш қарыс көбелектер туралы мәліметтер тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней еңбектерінде келтіріледі, бұл кітапта қарыс көбелектердің 64 түрді анықтап жазған [1], бұл қарыс көбелектердің бірнеше түрі Қазақстанда тіршілік етеді.

XIX ғасырда ғылыми мәліметтер жоқ, зерттеу жұмыстарын жүгізуге жабық Орта Азияның және Қазақстанның аудандарында көбелектер фаунасын туралы мәліметтер Э.А.Эверсман, С.Н.Алфераки есімдерімен тығыз байланысты. Алашқылардың бірі болып орталық аудандарда лепидепторолог Э.А.Эверсман зерттеу жүргізген. Ол 1820-1821 жж. Бұхар эмиратына орыс елшілігі миссиясына қатысады, бұл сапарда олар Оренбургтан шығып Мұғаджар, Үлкен Борсықтар, Арал маңы Қарақұм, Сырдария сағасы және Қызылқұм құмдары арқылы жүрді. Ал 1825 ж. Ф.Ф.Бергтың Арал-Каспи әскери – топографиялық экспедициясына қатысады. Осы сапрлардан соң ол солүстігінде Кама басейні аумағын оңтүстігінде Каспи және Арал маңы жануарлар әлемін зерттеуді жөн көреді. Ол өзінің лепидоптериологиялық қоллекцисын жасаған соң оны Орталық Азидан, Қазақстанан, Жоңғария және Алайдан әр түрлі жинаушылардың қабыршаққанаттылар коллекциялары арқылы толықтырды. 1831 ж. ол өзінің қабыршаққанаттылар туралы тұңғыш еңбегін МОИП Бюллетенде жариалайды. Одан соң осы баспадан 1837, 1841, 1843, 1847 және 1851 жылдары өзінің жаңа түрлерді сипаттап жазған еңбектерін жариалайды. 1844 ж. Қазанда "Fauna Lepidopterologia Volgo-Uralensis" атты осы ауданның көбелектері туралы есеп еңбегі жарыққа шықты [2,3].

1838 ж. Эверсман П.А. Романовты «Қырғыз даласы»- Мұғаджар және Гурьев (қазіргі Атрау) экспедициясына жібереді. 1840-1844 жж. П.А.Романов Алтай, Зайсан маңынан, Алакөл өзені маңынан және Жоңғар Алатауынан Эверсман үшін көбелектер жинайды. 1884 ж. П.А.Романов Арал теңізінің маңында болып ол жерден де көбелектер жинайды. Осы экспедициялар нәтижесінде Э.А.Эверсман жаңа түрлер анықтайды: Cinglis humifusaria Ev., 1837, Cleta perpusillaria Ev., 1847, Stamnodes pauperarius Ev., 1848, Aspilates acuminaria Ev., 1851, Semiaspilates curvarius Ev., 1852, және басқалар [4].

Белгілі орыс саяхатшысы Орталық Азияны зерттеуші, лепидепторолог С.Н.Алфераки 1879 жылы Санкт-Петербургтан Құлжаға экспедицияға шығады. Ол Тройцк, Омск, Семей және Түркістан аумағы шекарасында орналасқан Сергиопол (Аякөз) арқылы Батыс Қытай Құлжаға келеді бұл жерде ертеректе Н.Г.Ершовқа Түркістанның әр жерлерінен қабыршаққанаттылар коллекциясын жинаған дәріханашы А.Б.Голикпен танысады, одан қабыршаққанаттылардың жиналған орындары туралы мәлімет алып ары батыста Іле алқабын Хоргосқа дейін зерттейді. Осылайша бірінші рет С.Н.Альфраки бірнеше ай бойы Шығыс Тянь-Шанның басым бөлігінің қабыршаққанаттылар фаунасын егжей-тегжейлі зерттейді. Бұл жерден ол ғылым үшін бірнеше жаңа түрлер анықтаған: Apetovia iliensis Alpheraky, 1883, Alcis songarica Alpheraky, 1883, Pterotocera suidunaria Alpheraky, 1883, Epirrhoe dubiosata Alpheraky, 1883, Epirrhoe fulminata Alpheraky, 1883, Scotopteryx sartata Alpheraky, 1883, Odontorhoe tianschanica Alpheraky, 1883, Xanthorhoe stupida Alpheraky, 1883, Odontorhoe tianschanica Alpheraky, 1883, Xanthorhoe stupida Alpheraky, 1897, Entephria intermediaria Alpheraky, 1883, Kuldscha staudingeri Alpheraky, 1883, Plesioscotosia putchrata Alpheraky, 1883, Stigma kuldshaensis Alpheraky, 1883 және басқалар. Барлығы бұл сапарында ол 12000 экземпляр көбелектер жинайды, олардың бір бөлігін басқа да жинаған омыртқалылармен қоса Санкт-Петербургте Зоология мұражайында қалдырады. Бұл экспедиция нәтижесінде С.Н.Алфераки 1881-1883 жж. “Horae Soc. Entomol. Ross.” Атты еңбегін жариялады мұнда қабыршаққанаттылар тарауында Rhopalocera-дан Geometridae-ге дейін қамтыған. Сергей Николаевич Алфераки ғылым үшін 20 аса көбелектердің жаңа туысты ашып сипатап жазған, солардың қатарында қарыскөбелектер туыстары: Asovia Alphéraky 1908: Astrapephora Alphéraky 1892: Atomophora Alphéraky 1892: Atomorphora Alphéraky 1892: Kuldscha Alphéraky 1883: Megametopon Alphéraky 1892: Neolythria Alphéraky 1892: Stigma Alphéraky 1883 [5].

1868-1871 жж. А.П.Федченко Сырдария сағасына және Түркісан өлкесіне бірнеше рет экспедицияға шығады. Осы сапарларынан жинаған энтомологиялық материалдары өңдеу нәтижесінде Н.Г. Ершов ғылым үшін бірненше жаңа түрді анықтап сипаттап жазған [6].

XIX ғасырдың екінші жартысында қабыршаққанатылар фаунасын зерртеуде беделді болған неміс ғалымы Отто Штаудингер, ол Европада жәдіктерді сатумен және алмастырумен айналысқан ірі фирманың қожайыны болды. Штаудингер жиналған жәндіктерді жүйелеп зерттеген, нәтижесінде бірнеше еңбектері жарық көрді. Олардың ішінде Ребелмен бірге жазған "Katalog der paläarctischen Lepidopteren" еңбегі ғылымда жоғары бағаға ие болды [7,8].

XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Орта Азия республикаларының аумақтарынан жиналған қарыскөбелектердің өкілдерінің табылғандығы туралы жалпылама жариаланымдар жарық көрді. Бұл мәліметтерде материалдардың жиналған орындар көрсетілмеген, тек қай қаладан жіберілгендігі, немесе біршама үлкен елді мекеннің атауы көрсетілген [9-12].

XX ғасырдың екінші жартысында Geometridae тұқымдасын жүйелі зерттеген А.М.Дьяконов және Я.Р.Вийдалепп, Е.М. Антонова, болды.

Ұлы отан соғысы жылдары Дьяконов А.М. Қазақстанның және Орта Азияның қызылшаның және мақтаның зиянкестерінің анықтағышын жазды және Қазақстан жерінен жиналған материалдар негізінде ғылым үшін жаңа түрлерді анықтаған [13-20].

Я.Р. Вийдалепптің 1986 жылы жарық көрген «Фауна пяденицы горы Средней Азии» атты еңбегі өте жоғары бағаға ие. Бұл кітап Орталық Азияның және Казақстанның таулы өлкелерінде тіршілік ететін қарыс көбелектері туралы жазылған. Бұл кітап түрлерді нақты анықтауға мүмкіндік береді, тіршілік ету ареалы және систематикасы салыстыра тексерілген. Орталық Азияда және Казақстанда қарыс көбелектері туралы маңызды жинақ. Осы аудандардан бірнеше таксондар анықталған [21-27].

1986 жылдары Нурмуратов Т.Н., Линский В.Г., Таранов Б.Т. зиянкес жануарлар анықтағышын жазады бұл еңбекте қарыс көбелектердің бірнеше түрлері зянкес ретінде көрсетілген [28].

Қазақстанның солтүстік бөлігінің қарыс көбелектерінің фаунасы, эколгиясы және зогеографиялық таралуы зерттеу жүргізген Кенжеханов Т.М. еңектері 1975-90 жылдары аралығында жарық көрді [29-34].

Қазақстанның Жетісу өңірінің қарыс көбелектерінің жаңа түрлері сипаттап жазылды және жаңа мәліметтермен толықтырылды [35].

Бүгінгі таңда «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи бағының  қарыс көбелектер (Geometridae) фаунасын туралы авторлар жүргізген зерттеулерден [36,37] басқа әдебиетте мәліметтер жоқ. Осылайша, лепдепторологтардың Қазақстан фаунасына біршама қызығуылық танытқанына қарамастан, зерттеу жүргізілмеген аймақтар мен қабыршаққанатты көбелектер тобтары аз емес, солардың қатарында «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи бағының  қабыршаққанттылары болашақта зерттеуге міндеті тұр.


Әдебиет

  1. Linnæus, C. Systema naturæ per Regna tria Naturæ, secundum classes, ordines, genera, species, cum characteribus, differentiis, synonymis, locis // Editio decima, reformata.- Holmiae: Laurentii Salvii, 1758. Tomus I. 4 - 824 pp.

  2. Alpheraky S. Lepidopteres rappotes par M-r Gr. Groum- Grshimailo de Asia Centrale en 1889-1890 // Mem. Lepid. Romanoff. 1897. Vol.9. p. 1-81

  3. Алфераки С.Н. Кульджа и Тянь-Шань.Пуиевые заметки.- СПб,1891. 192 с.

  4. Werneske G. Neue palaarktische Geometriden –Arfen und der Sammlung des Zool. Museums in Hambyrg (Lepidoptera, Heterocera) // bid. 1934. Bd. 28. H. 12. S. 129-132.

  5. Schutze E. Eupithecien – Studien. VII, VIII. Die semigraphata-Gruppe // Ztschr. Wien. Entomol. Ges. 1956. Bd. 41. S. 306- 320, 328- 339.

  6. Ершов И.Г. Чешуекрылые (Lepidoptera) //Пуричествие в Туркестан А.П. Федченко. М., 1874. Т. 2. Ч. 5. Вып. 2. -1-127с.

  7. Staudinger O. Neue Arten und Varietaten von palaaktisch Geometriden // Dt. Entomol Ztschr. Iris. 1892. Bd. 5. S. [4] – 260

  8. Staudinger O. Catalog der Lepidopteren des Palaearktischen Faurengebietes. 1. Macrolepidoptera. B. 1901. 32 -411 s.

  9. Pungeler R. Neue Macrolepidopteren aus Centralasien // Dt. Entomol. Ztschr. Iris. 1899. Bd. 12. S. 95-106, 288-299.

  10. Куликовский Л.В. К сведениям о чешуекрылых Западной Сибири и Семиречья // Рус. Энтомол. Обозрение. 1903. Т. 3. С. 300-303.

  11. Гептнер В.Г. Эдуард Александрович Эверсманн. -М., МОИП, 1940, -79с.

  12. Куликовский Л.В. Материалу к познанию фауны чешуекрылых Центральной Азии // Зап. Урал о-ва любителей естествознания. 1911. Т. 31. С. 95-126.

  13. Дьяконов А.М. Новые пяденицы (Geometridae) из Казахстана и Южного Приморья // Энтомол. Обозрение. 1952. Т. 32. С. 268-278.

  14. Дьяконов А.М. Новый вид Xanthorhoe Hb. (Lep. Geometridae) из Семиречинской области // Рус. Энтомол. Обозрение. 1908а. Т. 8. С. 12.

  15. Дьяконов А.М. К фауне Geometridae Семиречья и Семипалатинской области // Рус. Энтомол. Обозрение. 1908в. Т. 8. С. 25-31.

  16. Дьяконов А.М. 1943. Определитель вредителей хлопчатника Средней Азии. Алма-Ата, 1943. 40 с.

  17. Дьяконов А.М. 1945. Определитель вредителей свекловицы Средней Азии и Казахстана. Алма-Ата. 72 с.

  18. Дьяконов А.М., И.В. Кожанчиков 1947. Чешуекрылые. - Вредные насекомые Средней Азии. С. 22-42, 178-198, 252-275, 319-323

  19. Дьяконов А.М. 1948. Пяденицы (Geometridae). - Определитель насекомых. Под ред. С.П. Тарбинского и Н.П. Плавильщикова. М. С. 42-56.

  20. Djakonov А.М., 1952. New Lepidoptera, Geometridae from Kazakhstan and southern Maritime Province. Ent. Obozr. 32 : 268-278 .

  21. Вийдалепп Я.Р. Список пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) фауна СССР. І-ІV // Энтомол обазрение. 1976. т. 55, вып.4. с.842-852.

  22. Вийдалепп Я.Р. Список пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) фауна СССР. І-ІV // Энтомол обазрение. 1977 т. 56, вып.3. с.564-576.

  23. Вийдалепп Я.Р. Список пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) фауна СССР. І-ІV // Энтомол обазрение. 1978. т. 57, вып.4. с.752-761.

  24. Вийдалепп Я.Р. Список пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) фауна СССР. І-ІV // Энтомол обазрение. 1979. т. 58, вып.4. с.782-798.

  25. Вийдалепп Я.Р. Ишков Е.В. К фауне пяденицы Аксу-Ждабагалинского заповедника(Казахская ССР) // тр. ВЭО. 1986. Т. 67. С. 100-111.

  26. Вийдалепп, Я. Р. Два новых вида рода Biston (Lepidoptera, Geometridae, Ennominae) из Центральной Азии // Я. Р. Вийдалепп // Вестник зоологии. - 2003. - Том37, NN3. - С. 89-92 . - ISSN 0084-5604

  27. Jaan Viidalepp. Checklist of the Geometridae (Lepidoptera) of the former U. S. S. R. Apollo Books 1996- 111рр.

  28. Нурмуратов Т.Н., Линский В.Г., Таранов Б.Т.Определительная таблица насекомых- вредителей изеня // Вестн. с.-х. науки Казахстана, 1986, № 8. С.34-35.

  29. Кенжеханов Т.М. Зонально- экологический распределение пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) Северного Казахстана. Алма-Ата: Ин-т зоологии АН КазССР. 7 с. (рукопись деп. В ВИНИТИ 21 апр. 1975 г., № 1134-75 Деп.)

  30. Кенжеханов Т.М. Дополнение к фауне пяденицы (Geometridae) Северного Казахстана. Алма-Ата: Ин-т зоологии АН КазССР. 9 с. (рукопись деп. В ВИНИТИ ң июня. 1975 г., № 1578-75 Деп.)

  31. Кенжеханов Т.М. Эколого- фаунистический обзор пяденицы (Geometridae) западной части Северного Казахстана. Алма-Ата: Ин-т зоологии АН КазССР. 26 с. (рукопись деп. В ВИНИТИ 21 апр. 1975 г., № 1133-75 Деп.)

  32. Кенжеханов Т.М. Зоогеографический состав фауны пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) Северного Казахстана. Новости энтомологии Казахстана. Тр. Каз. Отд. ВЭО. Алма-Ата: Ин-т зоологии АН КазССР. 89-96 с. (рукопись деп. В ВИНИТИ 1 октябрь. 1979 г., № 3415-79 Деп.)

  33. Кенжеханов Т.М. Кормовые связи пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) Северного Казахстана. Алма-Ата: Ин-т зоологии АН КазССР. 17 с. (рукопись деп. В ВИНИТИ 24.07.1989, № 4972-В89Деп.)

  34. Кенжеханов Т.М. Сезонная динамика лета пяденицы (Geometridae) Северного Казахстана. Алма-Ата: Ин-т зоологии АН КазССР. 17 с. (рукопись деп. В ВИНИТИ 24.07.89, № 4978-В89)

  35. Мейнгард А.А. Список коллекции чешуекрылых из Семиречья // Списоки коллекций беспозвоночных Зоологического музея и Томского университета. Л., 1908. Вып. 9. С. -1-39

  36. Назымбетова Г.Ш., Таранов Б.Т., Еликбаев Б.К., Акимжанов Д.Ш. «Пяденицы (Lepidoptera, Geometridae) ГНПП «Көлсай көлдері» и сопредльних с ним тереторий Северного Тянь-Шаня» // «Ізденістер, Нәтижелер», Алматы, 2013. - № 4. - С. 112-115.

  37. Назымбетова Г.Ш., Таранов Б.Т., Еликбаев Б.К., Игибаева А. «К видовому составу пяденицы - Geometridae (Insecta, Lepidoptera, Heterocera) ГНПП «Көлсай көлдері» // Материалы международной научно-практической конференции «Успехи формирования и функционирования сети особо охраняемых природных территорий и изучение биологического разнообразия», Костанай. 2014. 156-159.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет