Көмектесем бәріне



жүктеу 25.64 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі25.64 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары












Көмектесем бәріне

Отын жарып беремін,

Суды да алып келемін.

Аялаймын мамамды,

Тиеді ылғи көмегім.

Ең елгезек баламын,

Үлкен тілін аламын.

Өссем деген ойым бар,

Таудай биік талабым.

(М.Байсариева)




Арыстан мен тышқан

(Ертегі)
Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын»,дейді ол. Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жіберді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып: «Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің», депті.



Көрдің бе, кішкентай тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.

Арыстан тышқанға қандай көмек көрсетті?

Тышқан Арыстанның жақсылығын қалай қайтарды?

Болайықшы осындай


Жақсы бала еңбекшіл,

Ер-азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай!
Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай

Болайықшы досым-ай!



Сөзі, әні– Айымгүл Меңжанованікі




«Не үшін?»

Екі көзің не үшін керек ?

Жақсыларды көру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!

Қ. Мырза Әли
Кім жақсы ?
Сұрайды ылғи бәрі де – Кімге жиі ересің?

Жасы кіші, кәрі де: Кімді жақсы көресің?

- Айтшы, кәне, турасын: - Мамаңды ма,

Кімге бүйрек бұрасың? - Папаңды?

- Әжеңді ме, Сондай сәтте енді мен,

- Атаңды? Кім сұрасын

- Тәтеңді ме, Сеніммен

- Ағаңды? Бір-ақ жауап беремін:

Бәрін жақсы көремін!
МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР
Жақсыға қылған жақсылық Құдықтан су ішкен,

Өміріңде тозбайды, Қазғанға рахмет айтады,

Жаманға қылған жақсылық Ағашты көлеңкеленген,

Бір күнгідей болмайды. Еккенге рахмет айтады.

****** ******

Жасаған жақсылығың алдыңнан шығады. Су ішкен құдығыңа түкірме.

****** ******

Сиыр сипағанды білмейді, Қадіріңді білмеске

Жаман сыйлағанды білмейді. Қадамыңды көтерме.

****** ******



Айырылсаң – азарсың, қосылсаң – озарсың. Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.
. Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет