Комитетпен заңға сәйкес, оның өкілеттігі шегінде шығарылған даулы нұсқамалар арыз берушінің құқығын, бостандығын және заңмен қорғалатын мүддесін бұзбаған



жүктеу 55.36 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі55.36 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 2a4c22618e8d1f7046257375002e2afd -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасында Сот заңнамалар мен халықаралық шарттар арасындағы басымдық мәселесіне байланысты коллизия жоқ екенін көрсетті
$FILE -> Даулы үй жайдың құқықтық режимі өзгермейді және осы мүлікке мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығын тоқтатуға негіз болып табылмайды
Комитетпен заңға сәйкес, оның өкілеттігі шегінде шығарылған даулы нұсқамалар арыз берушінің құқығын, бостандығын және заңмен қорғалатын мүддесін бұзбаған
( үзінді)

Нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімінде 2004 жылы мамыр айынан бастап тіркелген ЖШС "Қ." Көкшетау (басымдылық үлесі 99,3%), қаласы бойынша тұтынушыларға электр тасымалдау жөнінде тауарлы нарықта басым (монопольді) бөлігін алатын 2004 жылғы 18 мамырда ЖШС "Т."-мен энергия жабдықтау шартын жасасты. Шарттың 5.5-тармағына сәйкес электрэнергия төлемі және басқа да белгіленген төлемдер есеп айырысу кезеңі үшін төлемдердің 100% есеппен алдын ала шарттағы көлемде есептесу айының 1-ші күніне дейін төлем жасау көзделген.

2005 жылғы 8 қарашада ЖШС "Т." ЖШС "Қ." шарттың аталған тармағын өзгерту туралы ұсыныс жіберді, онда электр энергиясын нақты тұтынған көлеміне байланысты төлем жүргізуін ұсынды. ЖШС "Қ." бұл өзгерісті АК 387-бабына сәйкес коммерциялық ұйым шарт жасауға қатысты басқа тұлғалар алдында, бір тұлғаға жеңілдік көрсетуге құқылы еместігі көрсетіліп, шартты өзгертуден бас тартты.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) ЖШС "Т."-ның өтініші бойынша тексеріс жүргізіп, нәтижесінде ЖШС "Қ." өз әрекетімен басымдық үстем (монопольді) жағдайын асыра пайдаланғаны анықталды және 2006 жылғы 23 ақпанда нұсқама шығарылды.

Комитет нұсқамасы бойынша 2006 жылғы 20 наурызға дейін электрмен жабдықтаудың жария шартына (барлық тұтынушылар үшін) жария шартына алдын ала 100% төлемді төлеу туралы талапты алып тастау арқылы өзгеріс енгізуді, яғни 20 наурызға дейінгі мер-зімде БАҚ арқылы өзгерістер енгізілгені туралы жариялау айтылған.

Бұл нұсқамамен келіспеген ЖШС "Қ." оны заңға қайшы деп тану және оның күшін жою туралы өтінішпен сот-қа жүгінген. Өзінің талабына негіздеме ретінде серіктестік 2001 жылғы 19 қаңтарда "Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 16-бабының 4-тармағын олардың бұзғандығы туралы Комитеттің тұжырымының заңсыздығына сілтеме жасады.

Электрмен жабдықтау шарты 2004 жылғы 18 мамырда ЖШС "Т."-мен жасасты, оған қол қою кезінде барлық шарттар бойынша оның ішінде талаптар бойынша келісімге, соның ішінде төлем тәртібіне де қол жеткізілді. Шарт ерікті түрде және басқа тұтынушылармен жасасқан бірдей нысанда және бірдей талаптармен жасалды.

Арыз берушінің айтуынша АК 488-бабының 1-тармағында төленуге жататын энергияның көлеміне төлем тәртібін емес, оның көлемін белгілеу тәртібі анықталған. Осыған сәйкес ол Комитеттің электр энергиясын оның тұтыну фактісі бойынша төленуі тиіс екені туралы тұжырымның негіздемесіне осы нормаға сілтеме жасалуы негізсіз деп ойлайды. Сондай-ақ ЖШС "Қ." бұл норма диспозитивті болып табылатынын көрсеткен және төлем талабы тараптардың келісімімен өзгертілуі мүмкін, сол себепті төлем нысаны - 100% алдын ала төлеу белгіленген.

Мұнан басқа арыз беруші "Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 16-бабының 4-тармағында көзделген монополияға қарсы заңнамадағы бұзушылықтардың бұзылуына оны кіналап жатқан барлық жағдайы шарт жасасу кезеңіне ғана қолданылады деп есептейді.

Шартқа өзгеріс енгізу бастамасын көтерген тұтынушы электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымнан бас тартқан жағдайда, талап арызбен сотқа жүгіну тиіс еді және тек соттың шешімі бойынша шартқа өзгерістер енгізілу мүмкін еді. Арыз берушінің пікірі бойынша Комитет, даулы нұсқама шығару арқылы тек сотқа ғана тән қызметті жүзеге асырған.

Арыз беруші оны дәлелді себеппен өткізіп алу түріндегі Комитеттің нұсқамасын даулау мерзімін қалпына келтіру туралы ұсыныс жасады.

Астана қалалық сотының 2006 жыл-ғы 22 желтоқсандағы шешімі бойынша қаулы етті. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің 2006 жылғы 23 ақпандағы нұсқамасына ЖШС "Қ."-ның шағым жасау мерзімін қалпына келтіруге шешім қабылдаған. Арызды мәні бойынша қанағаттандырудан бас тартылған.

Арыз берушінің апелляциялық шағымында материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуымен байланысты сот шешімінің күшін жою, арыз талаптарын қанағаттандыру туралы, жаңа шешім қабылдау туралы мәселе қояды және ЖШС "Қ." мен ЖШС "Т." арасындағы шарт 2004 жылы жасалғандығы ішінара көрсетілген, сондықтан тұтынушы үшін қолайсыз жағдайды таңу туралы соттың тұжырымы нанымсыз болып табылады. Мұнан бас-қа, арыз беруші ЖШС "Т." шарттың талаптарына өзгеріс енгізу туралы бас тартқаннан кейін сотқа жүгінуі тиіс еді, алайда ол іс жүргізуде соттың қызметін атқарған Комитетке жүгінген.

АК 488-бабының 1-тармағына сәйкес, егер заңнамалық актілерде немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, энергияны есептейтін мәліметтерге сәйкес анықталатын энергия санына абонент іс жүзінде қабылдаған энергияға төлем жүргізіледі.

Арыз беруші мен ЖШС "Т." арасында жасалған шарттың 10.1-тармағымен көзделгендей шарттың талабы тараптардың бірінің бастамасымен қайта қаралуы мүмкін. Тұтынушы ЖШС "Т."-мен шартқа өзгеріс енгізу туралы, оның себебі көрсетіліп ұсыныс жасалған болатын. Алайда арыз беруші тұтынушының ұсынысынан жеткіліксіз негіздермен бас тартылған болатын.

Шартты өзгерту үшін негіз болып табылатын осы жағдайдағы мән-жайлар, осы шарттың не оның жекелеген талаптарының заңсыздығымен байланысты емес, ЖШС "Қ." үшін жеңілдіктермен бір жақты басымдық белгіленген шарттың талаптарына, біржақты тәртіпте жағдай қалыптастырған талаптардың нәтижесі болып табылғанын сот дұрыс көрсеткен.

АК 488-бабының 1-тармағына сәйкес абонент іс жүзінде қабылдаған энергия көлемі үшін энергия төлемін жүзеге асыруға құқылы.

Бұл Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген электр энергия-сын пайдалану Ережесінің 62-тармағынан туындайды.

Тұтынушының көрсетілген құқығы-нан шығатыны, талапкер шартқа өзгеріс енгізуге және шарттың энергия көлемінің 100% алдын ала төлемін көздейтін тармағын алып тастауға міндетті еді.

Сондықтан, арыз берушінің тарапынан электрмен жабдықтау нарығында басым (монопольді) жағдайды иеленуші тұтынушыға 99,3 % басымдықпен тұтынушыға қолайсыз жағдайды күштеп таңу және өз құқығын асыра пайдалану орын алған.

Комитет, ЖШС "Қ." Көкшетау қаласында іс жүзінде негізгі электр тасымалдаушы болып табылатынын, өзінің құқығын теріс пайдаланғанын және тұтынушының шартқа өзгеріс енгізу туралы ұсынысынан негізсіз бас тартқанын анықтап, ол өзінің басым жағдайын теріс пайдаланғаны туралы дұрыс тұжырым жасаған және монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатына байланысты заңды нұсқама шығарған.

Аталған заңның 16-бабында белгіленген монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып табылатын әрекеттердің тізімі түпкілікті болып табылмайды, сондықтан монополияға қарсы орган, сот дұрыс көрсеткендей, шаруашылық субъектіге монополияға қарсы әсер ету шарасын қолдануға құқылы.

Аталған заңның 16-бабының 4-тармағында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзудың, бұзылуына оны кіналаған барлық жағдайы туралы арыз берушінің бекітуін бұзылуы шарт жасасу кезеңіне ғана қолданылатынын сот нанымсыз деп дұрыс таныған. Комитеттің даулы нұсқамасында талапкердің әрекеттеріне шарт жасасу сәтінде емес, оның әрекет ету барысына - шартқа өзгеріс енгізу туралы нақты тұтынушының ұсынысын қарау бойынша баға берілген.

ЖШС "Т." сотқа, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманың нарығындағы субъектілердің сақтауы үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жүгінуге құқылы болғандығы, шартқа өзгеріс енгізуден бас тартылған жағдайда тұтынушының тек сотқа жүгінуге құқығының болғаны туралы арыз берушінің бекітуі заңмен негізделмеген.

Комитет даулы нұсқаманы шығара отырып, іс жүзінде сотқа ғана тән қызметті жүзеге асырды деген арыз берушінің тұжырымдары негізделген деп тануға болмайды, себебі "Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9, 21-баптарына сәйкес монополияға қарсы орган өзінің өкілеттігі шегінде басым (монополия) жағдайына ие шаруашылық субъектілеріне орындалуы үшін міндетті нұсқаманы, оның ішінде шартқа өзгерістер енгізуге құқылы.

Сондықтан, Комитетпен заңға сәйкес, оның өкілеттігі шегінде шыға-рылған даулы нұсқамалар арыз берушінің құқын, бостандығын және заңмен қорғалатын мүддесін бұзбағандығы туралы сот негізді тұжырымға келген.



Алқа, АІЖК 358-бабының 1) тармақшасын басшылыққа алып, Астана қаласы сотының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға қаулы етті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет