Коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау



жүктеу 118.72 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі118.72 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
УДК 336.71.078.3

Коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Бектемирова Н.Т., аға оқытушы, магистр
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті,

Алматы қаласы


Қаржы және есеп кафедрасы

Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының банк секторы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 38 екінші деңгейлі банк бар. Банк секторының құрылымы төмендегі кестеде көрсетілген.

1-кесте – Қазақстан Республикасы банк секторы құрылымы

Банк секторының құрылымы

1.01.2012 ж

1.01.2013ж

Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде

38

38

  • жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер

1

1


  • шет елдік қатысуы бар екінші деңгейдегі банктер

19

19

16

16

Екінші деңгейдегі банктер филиалдарының саны

363

362

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялар негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. Ал банк ресурстары дегеніміз – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Банк активтері дегеніміз – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

1) касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;

2) берілген несиелер;

3) бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

4) банктің ғимараты мен жабдықтартары.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің активтері

келесі кестеде көрсетілген.

2-кесте – Қазақстан Республикасының банк секторы жиынтық активтерінің құрылымы


Көрсеткіштің атауы/ күні

1.01.2012ж

1.01.2013ж

Өсімі, % - бен

млрд.теңге

жиынтығына % - бен

млрд.теңге

жиынтығына % - бен

Қолма – қол ақша, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шоттар

1 396,5

8,3%

1 479,3

8,2%

5,9%


Басқа банктерде орналастырылған салымдар

603,9

3,6%

520,2

2,9%

-13,9%


Бағалы қағаздар

1 859,0

11,1%

1 890,3

10,5%

1,7%


Банктік қарыздар және «кері РЕПО» операциялары

10 455,4

62,5%

11 623,0

64,3%

11,2%


Капиталға инвестициялар

381,0

2,3%

325,7

1,8%

-14,5%

Өзге активтер

2 035,1

12,2%

2 220,3

12,3%

9,1%

Активтер жиынтығы (резервтерді (провизияларды) қоспағанда)

16 730,9


100,0%


18 058,8


100,0%


7,9%


Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес резервтер (провизиялар)

-3 913,0




-4 188,4




7,0%

Анықтама үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес резервтер

-3 796,8





4 188,9





18,4%


Активтердің барлығы

12 817,9




13 870,3






ҚР екінші деңгейдегі банктерінің активтері 2012 жылғы 1 қаңтармен

салыстырғанда банктік қарыздар және «кері РЕПО» операциялары бабының 1 167,6 млрд. теңгеге немесе 11,2% - ға, қолма – қол ақша, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шоттар бабынынң 82,8 млрд.теңгеге немесе 5,9% - ға, сондай – ақ өзге активтердің 185,2 млрд.теңгеге немесе 9,1% - ға ұлғаюы есебінен 1 052,4 млрд.теңгеге немесе 8,2% - ға ұлғайып, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 870,3 млрд.теңге болды.

2012 жылғы желтоқсанда ҚР екінші деңгейдегі банктері активтерінің ұлғаюы 161,4 млрд.теңге болды. Банктердің несиелік операциялары бойынша мүмкін болар зияндардың орнын жабу үшін провизия (резерв) құру қажеттігі банк қызметіндегі несиелік тәуекелдің болуымен негізделеді. Несиелік тәуекелдерге байланысты провизия құру банк активтерінің сапасының нашарлауын немесе несиелік операциялардың тәуекелдігінің жоғарылығын ескере отырып жүзеге асырылады. Банк үшін провизияның құрылуы, оның қаржылық қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жылдың басымен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктер активтерінің құрылымында елеулі өзгерістер байқалмады. Активтер құрылымындағы негізгі үлесті банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операциялары алады – 64,3%, қолма – қол ақша, тазартылған қымбат металлдар, корреспонденттік шоттарға 8,2%, ал портфельдегі бағалы қағаздарға 10,5% тиесілі. Жылдың басында тиісінше банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операцияларына – 62,5%, қолма – қол ақша, тазартылған қымбат металлдар, корреспонденттік шоттарға – 8,3%, ал портфельдегі бағалы қағаздарға – 11,1% тиесілі еді.

Банк негізгі қарыздың толық сомасына байланысты шығындардың орнын жабу мақсатында ұлттық және шетел валютасындағы барлық несиелік операциялар түрлері бойынша резервтеу коэффициентіне сәйкес провизия құра алады. Аталған резерв есебінен кейіннен қайтарылмаған несиелер бойынша зияндар шегеріледі. Несиелік тәуекел деңгейіне қарай, яғни қарыз алушының келісімшартта бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізгі қарызы мен пайызының сомасына қарай несиелер жіктеледі.

Қазақстан Республикасы банк секторының активтері мен шартты міндеттемелерінің сапасын екі жылдық мәліметтерді ала отырып салыстырмалы түрде көрсетейік.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер

активтері мен шартты міндеттемелер сапасының құрылымындағы стандарттылар үлесі 46,7% (жыл басында 45,8%), күмәнділер 31,2%(жыл басында 36,9%) болды. Жылдың басындағы 17,3% - бен салыстырғанда үмітсіз активтер мен шартты міндеттемелер деңгейі 22,1% - ға дейін ұлғайды.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында екінші деңгейлі банктердің активтері мен міндеттемелерінің сапасы елеулі түрде өзгерген жоқ. 2012жылғы 1 желтоқсанда стандарттылар үлесі 46,9%, күмәнділер 30,6%, үмітсіздер 22,5% болған еді.

Несиелік портфель дегеніміз – несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы.

ҚР банк секторының несие портфелі жылдың басымен салыстырғанда 1 183,8 млрд.теңгеге немесе 11,3% - ға ұлғайып, есепті күні 11 656,6 млрд.теңге болды.

Заңды тұлғаларға қарыздар 2012 жылғы есепте 344,5 млрд.теңгеге немесе 5,1% - ға ұлғайып, 2013 жылы 7 049,7 млрд.теңге болды. Жеке тұлғаларға қарыздар 2012 жылы 511,9 млрд.теңге немесе 25,4% - ға ұлғайып, 2013 жылғы есепте 2 530,4 млрд.теңге болды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар 2012 жылғы есепте 316,1 млрд.теңгеге ұлғайып, 2013 жылы 1 870,7 млрд.теңге болды.

3-кесте – Қазақстан Республикасы банк секторының активтері мен шартты міндеттемелерінің сапасы




Көрсеткіштің атауы/ күні

1.01.2012ж

1.01.2013ж

негізгі борыш сомасы, млрд.теңге

жиынтығына % - бен

негізгі борыш сомасы, млрд.теңге

жиынтығына % - бен

Барлық активтер мен шартты міндеттемелер

15 201,9

100,0%

16 569,0

100,0%


Стандартты

6 957,3

45,8%

7 738,4

46,7%

Күмәнді

5 612,4

36,9%

5 166,2

31,2%

1 – санатты күмәнді

1 682,9

11,1%

1 664,2

10,0%

2 – санатты күмәнді

692,7

4,6%

740,3

4,5%

3 – санатты күмәнді

1 315,3

8,7%

1 385,1

8,4%

4 – санатты күмәнді

432,0

2,8%

496,9

3,0%

5 – санатты күмәнді

1 489,5

9,7%

879,7

5,3%

Үмітсіз

2 632,2

17,3%

3 664,4

22,1%

2013 жылы жұмыс істемейтін қарыздар үлесі – 36,7%, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар үлесі – 29,8% болды. Бұл орайда 2012 жылдың басында жұмыс істемейтін қарыздар үлесі – 36,7%, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар үлесі – 30,8% болған еді.

Несие портфелі бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) 2012 жылдың басынан бастап 643,2 млрд.теңгеге немесе 19,1% - ға ұлғайып, 2013 жылы 4 008,9 млрд.теңге немесе екінші деңгейлі банктің жиынтық несие портфелінің 34,4% - ы болды. 2013 жылы ЖІӨ 31 442,7 млрд. теңге болды, ал бұл көрсеткіш 2012 жылы 3 870,8 млрд. теңгеге немесе 14% - ға кем болды, яғни 27 571,9 млрд. теңгені құраған. Активтердің ЖІӨ – ге қатынасы 2013 жылы 44,1% болса, 2012 жылы 46,5% болған еді. Несие портфелінің ЖІӨ – ге қатынасы 2013 жылы 37,1%, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 38,0% құраған еді. Клиенттер салымдарының ЖІӨ – ге қатынасы 2013 жылы 27,1% құрады, ал 2012 жылы 28,3% болған еді.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Сейтітқасымов Ғ.С., Омарбекова А.Ғ., Сейтқасымова А.Ғ., «Ақша, кредит, банктер».Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2006ж

2 Мақыш С.Б., «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007ж

3 Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж

4 Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет, 2004ж

5 Мақыш С.Б., Сұпығалиева Г.И, Керімбекова Н.Н. Ақша, несие,

банктер пәнінен практикум Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2004

6 http://www.afn.kz




LITERATURA

1. Melnikov V.d. securities market of the Republic of Kazakhstan: current state and trends of development//modern aspects of the economy. -St. Petersburg, 2003. -N6. -67-79.

2. Great encyclopedic dictionary, m., 2007.

3. Kuchukova n. legislative framework of reforming the budget system of the Republic of Kazakhstan//finance. -2002. -N7. -S. 58-62. Utebayev. execution of the Republican budget of the Republic of Kazakhstan for 2001 year//transit economy. -Almaty, 2002.

4. Abdugalimova a., Usumbaeva a., some peculiarities of interbudgetary relations//transit economy. -Almaty, 2009. -N2. -74-79.

5. Alferov. international financial institutions are cutting crediting of Kazakhstan//financier. -2012. -N7 (July-Aug.). -S. 38-41.



Бектемирова Н.Т.

Коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау

Түйіндеме. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін ұйымдастыру шарттарын білдіреді.

Түйін сөздер: кредит, пайыздар, қарыз алушы, мәселелер, базар.

Бектемирова Н.Т.

Анализ кредитной политики коммерческих банков

Резюме. Кредитная политика определяет задачи и приоритеты кредитной деятельности банка, средства и методы их реализации, а также принципы и порядок организации кредитного процесса.  Кредитная политика создает основу организации кредитной работы банка в соответствии с общей стратегией его деятельности, являясь необходимым условием разработки системы документов, регламентирующих процесс кредитования.

Ключевые слова: кредит, проценты, заемщик, проблемы, рынок.
Бектемирова Н.Т.

Modern practice of the mortgage crediting in jars the second level and prospects of market of the real estate development

The summary. Credit politics determines tasks and priorities of credit activity of bank, facilities and methods of their realization, and also principles and order of organization of credit process. Credit politics provides a basis of organization of credit work of bank in accordance with general strategy of his activity, being the necessary condition of development of the system of documents, regulating the process of crediting.

Keywords: credit, percents, borrower, problems, market.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет