Коммуналдық гигиена курсы ДӘріс



жүктеу 110.12 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі110.12 Kb.
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Коммуналдық гигиена курсы




ДӘРІС



Тақырыбы: Ауыз суды тазалаудың және залалсыздандырудың қазіргі әдістері.
Пән: Гигиеналық гидрология

Мамандығы: 5В110400 “Медициналық-профилактикалық іс”

Курс: 4

Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат


Қарағанды 2015ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының отырысында қаралды

________________2015 ж. Хаттама № ____


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Шайзадина Ф.М.

Тақырыбы: Ауыз суды тазалаудың және залалсыздандырудың қазіргі әдістері.


Мақсаты: ауыз суды тазалау және залалсыздандыру әдістеріне қойылатын гигиеалық талаптар.
Дәрістің жоспары:

1. Судың сапасын жақсарту әдістерінің жіктелуі.

2 Суды өңдеудің негізгі әдістері.

3. Коагуляциялау, суды мөлдірлендірудің және түссіздендірудің негізгі процесстері ретінде.



4. Ауыз суды хлорлау.

5. Ауыз суды озондау.

6. Суды ультракүлгін сәулелерімен залалсыздандыру.


Суды тазалаудың міндеті деп –ауыз сумен қамтамасыздандыру үшін суды дайындауда ондағы қоспалардың концентрацияларын, адам оны ішуі үшін пайдалануында, оның зиянсыздығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуші деңгейге дейін, яғни гигиеналық нормативтердің деңгейіне дейін төмендету деп түсіну керек.

Судың сапасын жақсарту әдістерін 2 үлкен топқа бөледі.



  1. Негізгі жақсарту әдістері.

  2. Суды өңдеудің арнайы әдістері.

Жер беткі су көздеріндегі судың сапасын жақсартудың негізгі әдістеріне жатады:

  1. суды мөлдірлендіру

  2. суды түссіздендіру

  3. суды залалсыздандыру

  4. Суды мөлдірлендіру - ол оның құрамынан қалқымалы заттарды шығару.

  5. Суды түссіздендіру - ол оның құрамындағы шынайы еріген заттарды және коллоидтарды шығару.

Суды мөлдірлендіру және түссіздендіру судың органолептикалық қасиеттерін жақсартудың негізгі технологиялық процессі болып келеді. Ол үшін судан қалқымалы заттарды шығару қажет. Су көзіндегі суда қалқымалы заттар әдетте микроскопиялық өлшемде болып, сумен бірге коллоидты тұнбаны құрайды. Сондықтан олар қалқымалы күйде шексіз ұзақ уақыт болуы мүмкін. Суды қарапайым сүзудің нәтижелі әдістері жоқ, сүзгіштер қалқымалы тұнбамен бітеліп қалады да, жұмыс істей алмайды. Сондықтан, ұсақ қалқымалы бөлшектерді ірілету үшін және судан коллоидтарды шығару үшін, коагуляциялау әдісімен олардың құрылымын алдын ала бұзу қажет.

Коагуляциялау - деп судың коллоидты және жұқа дисперсті қоспаларды ірілету, агрегациялау процесі деп түсіну керек. Бұл процесс - олардың молекулярлық бір-біріне тартылу күштерінің әсерлері арқылы өзара жабысу нәтижесінде жүреді де, көзге көрінетін агрегаттардың - үлпектердің құралуымен аяқталады. Коагуляциялау процессінің өзі екі сатыда жүреді:

  • бірінші сатыда судағы қоспалардың агрегаттың тұрақтылығы бұзылып, олар бір-біріне жабысады.

  • екінші сатысында коагулянттың үлпектері түзіліп, олардың беттерінде қоспалардың дисперсті және коллоидты бөлшектері сорбцияланады.

Коагулациялаудың екі түрін ажыратады:

  1. бос көлемде жүргізілетін коагуляция - ол үлпек құрау камерасында жүргізеді

  2. жанаспа түрде жүгізілетін коагуляция - ол жанаспа сүзгіштердің түйіршікті толтырғыштарының арасында жүреді.

Коагулянттар ретінде алюминий оксихлориді - AL2(SО4)3, темір хлориді – FeCL3, темір купоросы - Fe SO4 және күкірт қышқылды үшвалентті темір - Fe (SO4)3 қолданылады.

Суды коагуляциялау тиімділігіне өзінше «коагулцияның ядролары» болып келетін ірі қалқымалы заттардың бөлшектері, судың температурасы, рН, тұздық құрамы, тотығуы, араластыру қарқындылығы әсер етеді. Осыдан шыға, құрамы әртүрлі сулар үшін коагулянттың әр қилы дозасы таңдап алыну керек. Коагулянттың оңтайлы дозасы деп СанПиН «Питьевая вода» құжатының талаптарына сай келетіндей 1л суды мөлдірлендіру және түссіздендіру үшін қажетті коагулянттың минимальды санын (мг/дм.куб) айтады.

Коагуляциялау процессін тездету үшін және тазалау қондырғыларының жұмысын қарқындату мақсатымен флокулянттарды - жоғары молекулаалық синтеттикалық қоспаларды қолданады. Оларға жататындары:


  1. Белсенді кремний қышқылы

  2. Сілтілі крахмал

  3. Синтетикалық препарат – поликриламид.

  4. Катионды типті флокулянттар.

Флокулянттарды суға коагулянттарды қосқаннан кейін енгізеді.

Коагулянттар мен флокулянттарға белгілі гигиеналық талаптар қойылады:



  1. Улы болмауы керек.

  2. Зиянсыз болуы

  3. Судың құрамы мен қасиеттерін нашарлатпауы керек.

  4. Оларды жасауды арзан және жеңіл болуы

  5. Жақсы коагуляциялық нәтиже беруі керек.

Коагуляциялау үшін қолданылатын құрылымдар кешені мыналар:

  1. Оларды даярлау және дозалау құрылымдары (реагенттік шаруашылығы).

  2. Реагенттерді өңделетін сумен араластыру құрылымдары (араластырғыштар).

  3. Үлпек құраушы камералар.

  4. Коагулянттардың үлпектерін судан бөліп алуға арналған құрылымдар оларға қалқымалы тұнбалы мөлдірлеткіштер, жанаспа мөлдірлеткіштер.

Реагенттерді дозалау қондырғылары (дозаторлар) мынадай болуы мүмкін:

а) бірлік уақыт ішінде реагенттерді белгілі бір мөлшерде беруге арналған дозаторлар;

б) тазартылатын судың мөлшері өзгеруінде берілетін реагенттердің мөлшерін автоматты режимде өзгертіп тұратын дозаторлар.

Флокулянттардың дозасы коагулянттардың дозасының 1%-ін құрайды.

Коагулянттың дозасын бастапқы суды өндірістік лаборатория жағдайында сынақтық жолмен анықтауға болады. Коагулянттың керекті дозасы ретінде осы құрамдағы суды мөлдірлендіруде ең жақсы нәтиже беретін дозасы алынады.

Коагуляциялауына бақылау.

Су құбырында судың коагуляциялауына бақылау сынақтық коагуляциялау реакциясын қоюмен қатар, өңделген судың мөлдірлігіне, түсіне, оның сілтілігіне әрдайым бақылауды қарастырады.

Коагуляциялау процессі тиімді өтті деп, егер судың бұлдырлығы 1,5 мг/л аспайтын болса санау керек.



Суды хлорлау міндеттері.

Суды залалсыздандырудың мақсаты болып, су арқылы ішек инфекцияларының таралу жолдарына сенімді тосқауылды қою саналады.

Суды тұндыру және сүзу ондағы болатын микроорганизмдердің санын маңызды төмендетеді, бірақ оларды толық шығаруына кепілдік бермейді. Микроорганизмдерді толығымен жою үшін суды залалсыздандыру (дезинфекциялау) жүргізіледі. Қазіргі суды тазалау қондырғыларында суды залалсыздандыру, егер сумен қамтамасыздандырушы су көзі эпидемиологиялық тұрғыдан сенімсіз болатын болса, барлық жағдайларда жүргізіледі. Залалсыздандыру суды сүзу және тұндыру сияқты барлық тазалау сатыларын өткеннен кейін жүргізіледі. Суды залалсыздандыруда мынадай міндеттер қойылуы мүмкін:


  1. Суды тек қана залалсыздандыру.

  2. Бір уақытта судың органолептикалық қасиеттері мен химиялық құрамын жақсартып залалсыздандыру.

Суды залалсыздандыру әдістерін 2 топқа бөлуге болады:

  1. реагенттік әдістері (хлорлау, озондау).

  2. Реагентсіз әдістері (ультракүлгін сәулесімен, гамма-сәулелерімен, ультрадыбыспен, ауыр металлдардың иондарымен).

Қазіргі уақытта техникалық, гигиеналық және экономикалық тұрғыдан, басқа әдістерге қарағанда көптеген артықшылығымен, суды хлорлау әдісі ең кеңінен қолданылып жүр.

Хлорлаудың тиімділігіне бірқатар факторлар әсер етеді:



  1. Судың рН жоғарылаған сайын бактерицидтік эффектісі төмендейді.

  2. Хлорлау эффектісі судағы қалқымалы заттардың бөлшектерінің өлшемдеріне және санына байланысты. Олар хлордың бактериалдық клеткаға жетуіне кедергі жасайды.

  3. Судың температурасының хлорлау тиімділігіне әсері судың бастапқы бактериалдық ластану дәрежесіне, хлордың дозасына, жанасу уақытына байланысты болады.

  4. Залалсыздандыру жағдайына әсер етуші факторлардың ішінде ең маңыздысы болып, хлордың дозасы және жанасу уақыты саналады.

Суды хлорлаудың технологиялық процессі мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. белсенді хлордың судағы ертіндісін даярлау (хлорлы су).

  2. сынақ (эсперимент) жолымен анықталған белсенді хлордың дозасына сәйкес, белгіленген режим бойынша хлорлы суды дозамен беру.

  3. Хлорланатын судың массасымен хлорлы суды араластыру.

  4. судың хлормен жанасуының жеткілікті (қажетті) уақытын қамтамасыз ету.

Белсенді хлордың оңтайлы дозасы деп – белгілі жанасу уақытында, залалсыздандыруына жеткілікті гигиеналық эффект беретін хлордың концентрациясын айтамыз. Хлордың оңтайлы дозасын анықтау лабораторлық жағдайда сынақ жолымен жүргізіледі.

Белсенді хлордың оңтайлы дозасы судың хлор жұтынуына қажетті мөлшерден, бактерицидтік әсеріне қажетті мөлшерден және қалдық хлордан құралады. Залалсызданған суда қалдық хлордың болуы залалсыздандыру процессінің аяқталғанын көрсетеді.

Қалдық хлор, басқа микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерімен қатар, судың эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін куәлеуші көрсеткіш болып табылады.

Қалдық хлордың концентрациясы СанПиН “Питьевая вода” құжатымен нормаланған:



  1. бос хлор үшін (хлорноватистый немесе хлор қышқылы, гипохлорид ионы) – 0,3-0,5 мг/л, жанасу уақыты – 30 мин.

  2. байланған хлор (хлорамин) үшін – 0,8-1,2 мг/л, жанасу уақыты 60 мин.

Осы көрсетілген концентрацияларының диапазонында қалдық хлор судың органолептикалық қасиеттерін өзгертпейді, және де аналитикалық әдістерімен оны тура анықтауға болады.

Өнеркәсіптік іркінді сулармен ластану салдарынан жер беткі су көздері суында фенолдар жиі кездеседі. Хлордың фенолмен өзара әрекеттесуінде тұрақты келетін хлорфенолды қоспалары пайда болады. Хлорфенолдың йісі жоғары келеді де, бұл суды ауыз су ретінде қолдануына жарамсыз қылады. Бұл жағдайда суда иістің пайда болуын болдырмау үшін алдын алу аммонизациялап, соңынан хлорлау жүргізу әдісі қолданылады, мұнда өңделетін суға аминдерді түзетін аммиакты қосып, соңынан бірден хлор қосылады. Хлор процесстің бірінші кезеңінде-ақ аминдер реакцияға түседі. Мұнда пайда болған хлораминдер фенолдармен реакцияға түспейді де, суда хлорфенолды иіс болмайды. Бұл процесс алдын ала аммонизациялау деп аталады.

Суперхлорлау, яғни хлордың қажетті шамадан артық дозасымен хлорлау әдісі – ерекше эпидемиологиялық жағдайда және хлор мен судың жанасуының қажетті уақытын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда уақытша қолданылатын әдіс болып табылады.

Бірақ, суды тұщыландыруға берер алдында шамадан артық қалдық хлорды судан шығарып алып қажеті туады, оған суға гипосульфитті қосу арқылы немесе хлорды белсендірілген көмірмен сорбциялау немесе аэрациялау арқылы жетуге болады.

Тиімділігі жоғары және сенімді болу себептерінен, хлорлау әдісі ауыз суды залалсыздандыру тәжірибесінде ең кеңінен қолданылатын әдіс.

Ауыз суды озондау.

Суды залалсыздандырудың болашағы мол әдістерінің біріне суды озондау әдісі жатады.

Дезинфекциялаушы әдіс ретінде суды озондау 20-шы ғасырдың басында кеңінен қолданыла бастады. Францияның қалалық су құбырларының станцияларында 200 озондаушы қондырғылар жұмыс істеуде. Озондаушы қондырғылар Швейцарияда, Германияда, Канадада, США, Польшада т.б. мемлекеттерде де салынған. Әлемдегі ең ірі өнімділігі 1 200 000 м³/тәулік озондаушы қондырғы Москвада істейді.

ОЗОН (О3) - бозғылт-күлгін түсті, ерекше иісті газ. Озон ауаны немесе оттегіні генератордағы (озонатор) үлкен кернеулі электрлік разряд арқылы жіберумен алынады. Озон-ауалық желісіндегі озонның концентрациясы 20 г/м3.

Суда озонның ыдырауында, аралық өнімдері ретінде, қысқа мерзімді өмір сүруші – Н2О: ОН бос радикалдары пайда болады. Молекулярлық оттегі және оның радикалдары, күшті тотықтырғыштар болып, озонға бактерицидтік қасиет береді.

Күшті тотықтырғыш бактерицидтік әсерінің арқасында суды озондау әдісінің гигиеналық жағынан маңызды артықшылығы бар. Озонның бактерицидтік әсеріне судың құрамы мен физико-химиялық қасиеттері ықпал етеді. Бұл ең алдымен жоғары температуралы суда озонның еруінің төмендейтініне байланысты.

Судың рН 7,1 жоғары көбейткенде судың озонды пайдалану коэффициенті төмендейді.

Судың лайлығында (5 мг/л жоғары), қовалентті темірдің (1 мг/л жоғары), алюминидің (1-2 мг/л), гумустық (гуминдік) қышқылдар тобындағы органикалық заттардың қатысуында озондау тиімділігі төмендейді.

Судың түсі озондау нәтижесін едәуір төмендейді.

Суды озондау әдісі бактерицидтік әсерден басқа, судың сапасының бірқатар көрсеткіштерін жақсартады. Мысалы, судың түссіздендіреді, иістер мен дәмдерді жояды, судың химиялық құрамын жақсартады.

Суды залалсыздандыруда озонның хлорлаудан артықшылықтары мыналар: озон суда хлорорганикалық сияқты қоспаларды түзбейді, судың органолептикалық қасиеттерін жақсартады, сумен жанасуының аз уақытында жақсы бактерицидтік эффект береді (10 минутқа дейін).

Озондау суға жағымды айқын көгілдір түс береді.

Иістер мен дәмдер суда кейбір балдырлардың, эфирлі майлардың, органикалық субстанциялардың, микроорганизмдердің қатысуымен пайда болады. Озондау осы қоспаларды тотықтыру арқылы ажыратып, иістер мен дәмдерді толық жояды.

Мұнай өнімдерімен ластанған суды дезодорациялауда озондау әдісі өте тиімді болып келеді. Суда қатысушы мұнай өнімдерінің 3-5 мин. ішінде 3 мг/л дозасымен озондағанда су толық дезодорацияланады.

Беткейлі-белсенді заттар (ББЗ) жер беткі су қоймаларын қосымша ластаушылар болып келеді және олар су құбырының тазалау құрлымдарында ұсталмайды. Озондау тіпті «қатаң» ББЗ сульфанолды, никольды және ОП-10 тотықтыруға мүмкіндік береді.

Озондау құрамында канцерогенді заттар (бензпирен) бар суды қысқа мерзімді зиянсыздандыратын жалғыз әдіс болып келеді.

Озондау артық темірден және марганецтен құтылуға мүмкіншілік береді. Темірсіздендіру және марганецті шығару процессі металлдарды тотықтырып, оларды ерімейтін күйге келтіріп, тұнбаға шөктіруіне байланысты.

Қалдық озонның мөлшері озондаушы қондырғыдан кейін 0,1- 0,3 мг/л болуы керек (араластырғыш камерасынан кейін).

Суды залалсыздандыру тәжірибесінде озондау әдісін кеңінен қолдануына озонды алу процессіне көп энерцияның жұмсалуы кедергі болып отыр.

Ультракүлгін (УК) – сәулесімен залалсыздандыру

Суды ультракүлгін (бактерицидтік) сәулелерімен залалсыздандыру физикалық, немесе реагентсіз әдістеріне жатады. Бактерицидтік әсерді УК (ультракүлгін) сәулелерінің, толқындарының ұзындығы 275-тен 200 нм дейінгі диапазонындағы спектрі береді. Максимумды бактерицидтік әсері – толқындарының ұзындығы 260 нм сәулелеріне келеді. Бактерицидтік сәулелерінің көздері ретінде қуаттығы 2500 Вт дейін жоғары қысымды сынапты- кварц шамдарын немесе сынапты-аргон шамдарын қолданады. Ультракүлгін (УК) – сәлесімен залалсыздандыру тек судың түсі 200 С жоғары болмағанда, оның мөлдірлігі ең кемінде 30 см болғанда, темірдің концентрациясы 0,3 мг/л аспауында және бастапқы судың коли-индексі 1000 жоғары болмағанда қолдануға болады. Сондықтан УК-сәулесімен залалсыздандыруды жоғарғы сапалы жер асты және арна астылық суларды залалсыздандыру үшін ғана қолдануға болады.

Залалсыздандыру әсері толқындарының ұзындықтары 200-300 нм УК-сәулелерінің микробтық клетканың протоплазмасының ферменттерін және белоктық коллоидтерін тікелей жоюына негізделген. УК-сәулелері тек бактериаларға ғана емес, сонымен қатар споралық организімдерге және вирустарға әсер етеді.

Гигиеналық тұрғыдан бұл әдістің бағасы жақсы, бірақ экономикалық жағынан үнемді емес.


Әдебиеттер

  1. СНИП РК 4.01-02-2009 «Водоснабжение. Наружные сети и сооружения» с изменениями от 29.052010г).
  2. СанПиН № 104 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін си жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су обьектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 2012 ж.

  3. Аксенова О.И., Иванов С.И. Гигиенические аспекты обеспечения населения доброкачественной питьевой водой: проблемы и решения: руководство + CD под ред. Г.Г. Онищенко.-М., 2008. – 528 с.

  4. Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.,– 2006.- Ч.1.-300 с.


  5. Мазаев В.Т., Ильницкий А. П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М.- 2008.- 250 с.

  6. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник-Алматы, 2008.-430с.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет