Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы



Дата08.12.2019
өлшемі320.79 Kb.
Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, бухгалтерлік

есепті ұйымдастырумен танысу

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

Мемлекеттік тілде – Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 100500,

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 2/1

үй.

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының ішкі саясат

бөлімінің «Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі туралы осы ереже (бұдан әрі - Жарғы) «Мемлекеттік

жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6

бабы, 11 тармақшасына сәйкес әзірленді және аудандық жастар ресурстық

орталығының (бұдан әрі – Ресурстық орталық) мәртебесі мен өкілеттігін

анықтайды.

1. Ресурстық орталық ақпараттық- әдістемелік, консультациялық

сүйемелдеуді және жастар бастамаларына қолдау көрсетуді, жастар

арасындағы жағдайды мониторингтеу мен талдауды жүзеге асыратын заңды

тұлға болып табылады.

2. Ресурстық орталықты кұру, қамтамасыз ету және қызметін

үйлестіру ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы

органы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің құзыретіне жатады.

3. Ресурстық орталық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден

өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына

ие болады.

4. Ресурстық орталықтың мемлекеттік тілде өз атауы, мөр және

мөртаңбалары бар, белгіленген үлгідегі бланкілер, қазынашылық органдарда

және банктерде есеп айырысу шоттары болады.

5. Ресурстық орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының

Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты

туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан

Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік- құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. (олардың негізінде әзірленген)

6. Ресурстық орталық өз қызметінде Ресурстық орталықтың

мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мемлекеттік органдар

мен коммерциялық емес ұйымдармен өзара қимылда өз қызметін жүзеге

асырады.




Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты


Жаңаарқа ауданының жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады.

Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері


1) аудан бойынша әсіресе жастар арасындағы діни ахуалды үнемі

назарда ұстап, осы бағытта мониторинг жүргізіп отыру;

2) жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық

сүйемелдеу және қолдау;

3) жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге

асыру болып табылады

4) жастар арасында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

Ресурстық орталық қызметін қамтамасыз ету көздері


Ресурстық орталықтардың қызметі, оның ішінде еңбек, ақпараттық,

материалдық- техникалық ресурстар жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз

етіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы

келмейтін басқа да көздерден қаржыландырылады.

Ресурстық орталыққа қажет болған жағдайда жергілікті бюджет

есебінен:

1) оқыту іс-шараларын, тақырыптық консультациялар, зерттеулер

жүргізу үшін қызметтер көрсету бойынша тартылатын мамандардың еңбек

ақы төлеу шығыстары;

2) ақпараттық бюллетеньдер, журналдар әзірлеу және басып

шығару, веб-сайт қызметін жасау және қолдау шығыстары өтеледі.


Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі


«Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Републикасының Еңбек

кодексінің 68.71 баптарына сәйкес, коммуналдық мемлекеттік мекемеде

күнделікті жұмыстың ұзақтығы, аптаның нормасы 40 сағат болғанда,

күнделікті жұмыстың ұзақтығы – 8 сағаттан аспауы тиіс (жұмыс күнінің

басталуы – 9:00 сағат, аяқталуы – 18:30 сағат, түскі үзіліс – 13:00-14:30

сағатқа дейін)


Ресурстық орталықтарды тарату және қайта ұйымдастыру


Ресурстық орталықты тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Ресурстық орталықта директор, бас бухгалтер, барлығы 8 маман қызмет

атқарады.

  • Есепшіні директор жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығарады.

  • Есепшінің негізгіміндеті қаржылық- шаруашылық қызметті ұйымдастыру, түсетін қаржыны, тауарлық - материалдық құндылықтар мен негізгі қорды есепке алу, жылжуына байланысты бухгалтерлік операцияларды мерзімінде көрсету болып табылады.

  • Өз қызметінде есепші Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ,«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстанның даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.01.2002 ж. Қаулысын басшылыққа алады.

  • Есепші лауазымына жоғары экономистік білімді, компьютерді игерген, С бағдарламасын білетін тұлға алынады.


Есепші мынадай лауазымдық міндеттер мен қызметтер атқарады:

  • Қаржылық- шаруашылық қызметке бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды іске асыру.

  • Келіп түсетін ақшаны, тауарлық- материалдық құндылықтар мен негізгі қорды есепке алуды, жылжуына байланысты бухгалтерлік операцияларды есепке алып мерзімінде есеп шотты көрсету.

  • Штаттық қаржы тәртібінің, смета мен басқа да шығындардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқару.

  • Орталықтың кадрлық жұмыстарын жүргізу.

  • Статистикалық, қаржылық және салық есептерін тапсыру.


Жауапкершілігі


Есепші:

  • Лауазымдық міндеттерін мерзімінде және сапалы орындауға

  • Еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауға

  • Заңнамалық және нормативтік актілердің, жоғары органдардың шешімдері мен нұсқаулықтарының орындалуына

  • Заңнамамен қарастырылған басқа да міндеттердің орындалуына жауап береді.





Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі.


Ақша қаражаттарының сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің касссасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен-сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады.

Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.

Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды түлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) беріледі. Төлемдерге ақша билеттері мен теңге ақшаларды қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықгау тәртібі белгілерін» басшылықңа алуға міндетті.

Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:

- кіріс кассалық ордерлер;

- шығыс кассалық ордерлер,

- кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы,

- кассалық кітап.

Кассаға қолма-қол ақша кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады,ал шығыс болуы- шығыс кассалық ордерлер бойынша жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тіркеледі.

Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордерінің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі.Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қолтаңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек,олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген "Алынды" немесе "Төленді" таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулер жол берілмейді.

Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда,сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төл құжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсету тиіс.

Кіріс және шығыс ордерлерге кезекті номер беріледі,тіркеу жулналында есепке алынады. 

Кассаға түгендеу жасалған кезде, ақша қаражаттары және купюрлер бойынша бір бірлеп саналады. Бағалы қағаздар, қаржы құжаттары,арнайы есеп беру бланктері актіде түрлеріне байланысты көрсетіліп, олардың аты, нөмірі, сериясы, номиналдық құны жазылады және кассадағы басқа да бағалы заттар тексеріліп,есепке алынады. Қолма-қол ақшаны есептеген кезде, кассадағы нақты ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар есепке алынады (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа да заңға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар).

Қолма-қол ақша сомасы актіге купюрлар бойынша енгізіліп, көрсетіледі.

Түгендеу актісіндегі қолма -қол ақшаның мөлшері, түгендеу жасалған күндегі кассирдің есебімен, кассадағы бар ақша қалдығымен салыстырылып, нәтижесі шығарылады. Егер түгендеу кезінде кем, болмаса артық шыққан қаржы табылса, оның сомасы актіде көрсетіледі.

Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгендеу, осы счеттағы соманы тексеру арқылы жүргізіледі:

1) қолма - қол ақша тапсырылса - банк мекемелерінің, пошта бөлімшелерінің түбіртектерін, банк инкассаторларының өткізген ақшалары бойынша жасалған ведомостарының көшірмелерін ж.т.б. мәліметтерді салыстырады;

2) меншік иесінің аударған сомасы немесе басқа да мекемелерден келіп түскен ескерту (авизо) сомасы, көрсетілген уақытында, төлем тапсырмасының нөміріне, соманы аударуға қабылданған банк мекемесі болмаса пошта бөлімшелері бойынша тексеріледі.

Оның қалдығы айдың басына есеп айырысу шотында кәсіпорын қаражаттарының мөлшерін бейнелейді, дебет бойынша айналым - өнімді өткізуден, дебиторлық қарыздардың жабылуы есебінен, банк несиелерінің келуінен, кассаға қолма-қол ақша салымынан және т.б келген қаражаттарды есепке алу бейнеленеді. Кредит бойынша әр түрлі төлемдер нәтижесінде, сондай-ақ оларды кассаға өткізу нәтижесінде қаражаттардың кемуі көрсетіледі.

Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемақыға, және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе олардың (жабықтаушылардың, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу) келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қарай төленеді.

Бухгалтерлiк баланста шетелдік валютадағы шот бойынша қаржылардың қалдығы және шетелдiк валютамен көрсетiлген кредиторлық борыш есеп берiп отырған кезеңнiң соңғы күнiнде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасымен бейнеленедi. Сонымен бiрге аталған жазбалар есеп айырысулар мен төлемдер валютасымен жүзеге асырылады.

Шетелдік валютадағы шоттар бойынша операциялардың жасалу және ресiмдеу тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. Шетелдік валютадағы шоттар қаражаттардың қозғалысы және шетелдiк валютамен операциялар бухгалтерлiк есепте ақша-есеп айырысу құжаттары жазылған күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы алынған Қазақстан Республикасының валютасымен көрсетіледi. Осы операцияларды есепке алумен бiрге есеп айырысулар мен төлемдер валютамен жүргiзiледi. Бюджеттік қаражаттар есебiнен шетел валютасын сатып алу кезiнде «Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар» қосалқы шотына дебеттеледi және «Бюджет бойынша лимиттер»,«Жергілікті бюджеттер бойынша лимиттер» шотына кредиттеледi. Шетел валютасы шетелдік валютадағы шотқа түскен кезде «Шетел валютасындағы шот» қосалқы шотына дебеттеледi және «Бекiтiлген сметаның шегiнде, басқа дебиторлармен және кредиторлармен жасалатын есептемелер» кредиттеледi, сонымен бiрге екiншi жазба жазылады. Шетел валютасымен алынған сомаға «Бюджет бойынша шығыстар» шотының дебетiне және «Шетел валютасындағы қаражат қоры» қосалқы шотының кредитiне және комиссиондық алым сомасына «Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар. 

Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржылардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айрысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.

Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді:

· шот ашу жөнінде өтініш,

· кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы,

· мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылғын нотариуспен бекітілген екі карточка,

· кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.

Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық , депозитті т.б) туралы мәліметтерді беріп тұруға міндетті.

Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іс-сапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады.

Қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін ұйымның банкіде есеп шоты болуға тиіс. Шот ашу үшін арнаулы үлгідегі өтініш толтырылып, оған құрылтай құжаттарының көшірмесі, бірінші басшы мен қол үлгісінің карточкасына енгізілген қол қою құқығы бар басқа да тұлғалардың қызметке тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері қоса тапсырылады. Карточка толтырылып, ұйым қаржысын басқаруға құқылы тұлғалардың қолдары карточкаға қойылып, мөр басылады. Банкілік қызмет банкілік қызмет көрсету туралы Келісім шарт бойынша іске асырылады, келісім шартта міндетті түрде қызмет көрсетудің бағасы қосымша бойынша көрсетіледі.

Банк шоты бойынша операциялар мына негіздер бойынша іске асырылады:

Ø шот иесінің тапсырысы;

Ø шот иесімен акцептіленген үшінші тұлғалардың талаптары;

Ø заң бойынша шот иесімен акцептіленуді талап етпейтін үшінші тұлғалардың талаптары;

Ø ҚР заңнамалары мен келісім шартқа сәйкес шот иесінің пайдасына қарама қайшы болмайтын шот жүргізуші банктің жарлықтары.

Төлем тапсырмасы – бұл банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма.

Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы меноның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып оның соңғы данасына таңба қояды одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған бірақ банкіге өткізілмеген төлем –тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.

Чек. Банктегі есеп шоттан қолма-қол ақша алу үшін, шот иесі чектерді, яғни арнаулы тапсырыс-бланкісін пайдаланады. 25-50 чек бір чек кітапшасына біріктірілген. Чек бір дана етіліп сиямен толтырылады. Чектің бірінші бетінде сома жазбаша түрде жазылып, ақша алушының тегі, аты, жөні, чектің жазылған күні, ұйымның атауы, есеп шотының нөмірі мен СТН-і көрсетіледі. Чектің келесі бетінде ақшаның қандай мақсатқа алынатыны, чекте көрсетілген адамның жеке төлқұжатының деректері жазылады. Сонымен қатар, чек кітапшасында сақталып қалатын чектің түбірі толтырылады. Толтырылған күннен бастап 10 күн ішінде чек заңды болып саналады. Чекке түзетулер енгізуге болмайды. Егер қателікке жол берілсе, бүлінген чек сызып тасталып, “жойылды” деген жазбасымен сақтау мерзімі аяқталғанға дейін чек түбірлерімен бірге сақталады. 

Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша шаруашылық операциялары




Шаруашылық операциясының мазмұны

дебет

кредит

1

Кассадан еңбекақы берілді

3350

1010

2

Кассадан ағымдағы шотқа ақша аударылды

1030

1010

3

Кассаға сатып алушылардан тауарлар мен қызметтер үшін ақша қаражаты келіп түсті

1010

1210

4

Кассадан жеткізушілермен мердігерлердің қарызы төленді

3310

1010

Дебиторлық берешекті есепке алу

Дебиторлық берешек дегеніміз (латын тілінен debitium- аударғанда қарыз, міндеттеме, берешек деген мағына береді), берілген компания алдында басқадай тұлғалардың қарыз болуы.

Дебиторлық берешек – кәсіпорын алдында пайда болған міндеттеме, ол шаруашылық іс әрекет нәтижесінде (активтер берілгенде) пайда болады,шот-фактурамен расталады. Дебиторлық берешек қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып танылады. Дебиторлық берешектерге сатып алушылармен тапсырыс берушілер, еншілес кәсіпорындар мен бірлескен ассоциациялық ұйымдардың, филиалмен құрылымдылық бөлімшелердің берешегі,қызметкерлердің берешегі, жалдау бойынша берешекпен өзге де берешектер жатады.

Мерзімі 1 жылға дейін көрсетілген қызметтер үшін, өндірілген материалдар үшін сатып алушылармен есептесу қысқа мерзімді дебиторлық қарыз болып табылады. Ал мерзімі 1 жылдан аса көрсетілген қызметтер үшін немесе өндірілген активтер үшін сатыпалушылармен есептесу ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып табылады.

Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы есебінің шоттар байланысы

рет


Шаруашылық операцияның мазмұны

құжат

Шоттар байланысы

Дебет

Кредит




Сатыпалушылар мен тапсырыс берушілерге төлеуге беріледі













Көрсетілген қызмет үшін және босатылған өнім үшін

Шот- фактуралар, транспорттық накладнойлар

1210

6010




Өндірілген өнім бойынша қосымша құн салығын есептеу (көрсетілген қызмет үшін)

Шот- фактура

1210

3130




Жарияланған шоттар бойынша сатыпалушылар мен тапсырыс берушілерден енліп түскен ақшалай төлемдер

Банк көшірмесі

1010

1030


1210




Алдағы кезеңде сатып алушыларды алынған аванстар соммасы есепке алынады.




3510

1210

Кәсіпорындар тауарларды жөнелткенде және босатқанда сатып алушыларға сатып алу бағаларынан жеңілдіктер жасай алады, олар пайызбен немесе белгіленген соммамен көрстеіледі. жеңілдіктер тұрақты сатып алушыларға мынандай жағдайларда беріледі: ірі партиялармен сатып алғанда, шоттарды қолма-қол төлегенде, сапасы төмен тауарлар бойынша және басқа да жағдайларда.

Сатып алушыларға бағадан жеңілдіктері көтерме сауда кәсіпорындарында зиян,т ал сатып алушыларға табыс әкеледі, сондықтан олар экономикалық негізделген болу керек.

Сатып алушыларға бағадан берілетін жеңілдіктің барлық түрлері, олардың көлемі мен беру шарттары тауварларды жеткізу келісім шарьына және басқа құжаттарда ескерілуі керек. Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктер түрлеріне байланысты бағаның түсірілуінің есебі 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шотында жүргізіледі.

Шот-фактурада немесе тауар-көлік құжатында көрсетілген сатып алушыларға бағадан және сатудан берілген жеңілдіктер сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулармен көрсетіледі:

6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шотының дебеті

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының кредиті.

Сатып алушыларға берілген бағаның жеңілдігінен есептелген ҚҚС сомасына:

3130 «Қосылған құн салығы» шотының дебеті,

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының кредиті.

Жыл соңында 6030«Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шотында есепке алынған сатып алушыларға бағадан берілген жеңілдік сомасы жыл аяғында жылдық жиынтық пайдаға (зиянға) есептен шығарылады да, шот жабылады, қалдық болмайды.

Кассалық операцияларды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес кәсіпорындар есепті қолма-қол ақшаларды осы ұйым қызметкерлеріне оперативті,шаруашылық және басқа да шығындарға беруіне болады.

Жұмсалынбаған есепті қолма-қол ақшалар ұйым кассасына оларды берген күннен 3 күннен кешіктірмей қайтарылуы тиіс.

Қолма-қол ақшаларды сонымен бірге қызметтік жолсапарлық шығындарды жабу үшін де беріледі. Қызметтік жолсапар деп -жұмысшы-қызметкердің кәсіпорын басшылығының өкімімен белгілі бір мерзімге еңбек міндетін атқару үшін жұмыс орнынан тыс жерге жолсапарын айтамыз. Жұмысшы-қызметкерлердің жоспарларының мерзімін ұйым басшысы анықтайды, бірақ ол жолдағы уақытты санамағанда 40 күннен аспауы тиіс. Қызметтік қажеттілік жағдайында осы ұйымның басшысы бұйрық шығаруы арқылы жолсапардың мерзімін ұзартуы тиіс.

Жолсапарға шығу күні болып жұмысшы-қызметкердің тұрақты жұмыс орны мекенінен жүретін поездің, ұшақтың, автобустың немесе басқада автокөлік құралының жөнелу күні саналады, ал келу күні болып аталған көліктердің тұрақты жұмыс мекеніне келу күні саналады.

Жолсапардағы жұмысшы- қызметкерге мыналар өтелінеді:

1. Жол құжаттары негізінде жолсапар мекеніне жетуіне және қайта оралуына кеткен нақты төленген шығындар;

2. Жол билеттерінің бронінің, қонақ үйдегі орнының және поездарда төсек-орнының құны (осы шығындарды растайтын құжаттардың бар болу шартымен);

3. Ұсынылған құжаттар бойынша тұрғын орныды жалдауға кеткен нақты шығындар. Растаушы құжаттар жоқ болған кезде тұрғын орынды жалдауға кеткен шығындаржолсапар бойынша күндік нормалардың 50% мөлшерінде өтеледі.

4. Жолсапарда болу уақытында тәуліктілер(суточные).

Жолсапарға шығу алдында жұмысшы -қызметкерге жол ақысына,орынды жалдау мен күндіктерге жұмсалынатын сомасындай ақшаны авансретінде береді. Жолсапардан қайтып келгенде жұмысшы-қызметкер 5 күн ішінде нақты жұмсалынған ақша қаражаттары жөнінде аванстық есепті тапсыруы тиіс.Аванстық есепке қосымша ретінде жолсапарлық куәлік,тұрғын үйдің жалы және жол ақысы туралы құжаттар тіркелінеді.

Есепті тұлғалардың есебі 1250 "Қызметкердің қысқа мерзімді берешегі" шотында жүргізіледі. Қолма-қол ақшаларды есепке алған кезде:

Дт 1250 "Қызметкердің қысқа мерзімді берешегі"

Кт 1010 "Кассадағы ақша қаражаттары"

1250 "Қызметкердің қысқа мерзімді берешегі" шотының кредитінде мына шоттар дебетінде көрсетілген сома көрсетіледі:

- 1300 " Қорлар" бөлімшесінің шоттары -алынған материалдар сомасына;

- 1010 " Кассадағы ақша қаражаттары" -аванстың жұмсалынбаған бөлігін қайтару;

- 8410 " Үстеме шығындар"-жұмысшылардың жолсапармен байланысты нақты шығындары ;



- 7210 "Әкімшілік шығындары" -әкімшілік басқару персоналының жолсапарымен байланысты нақты шығындары.

Дебиторлық қарыздардың есебі - 1200 "Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер" және 2100 " Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер" бөлім шоттарында жүргізіледі.

Қарыздар ұйым банкрот болса, жойылса, басқа себептер болса онда дебиторлық берешекті өндіріп алу күмәнді болып саналады. Күмәнді болып мерзімінде төленбеген дебиторлық қарыз, ал мерзімі қойылмаған болса онда төлеу мерзімі өтіп кеткен және кепілдермен қамтамасыз етілмеген қарыз есептелінеді.Үмітсіз дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға байланысты мүмкін болатын шығындарды өтеу мақсатында күмәндіталаптар бойынша резервтер құрылады.

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірбиеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ берешекті талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады.

Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары – «Күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздарға-уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық берешектер жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын берешектерді есептен шығарудың екі тәсілі бар:

Тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады.

Резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі. Мұндай берешекке болжам жасалынады.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді берешектерді тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебіне резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасында дебиторлық берешекке түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» – деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомасы құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірбиеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

- несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);

- дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).

Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық берешектердің нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық берешектің таза өзіндік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді берешектерден шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезең мәліметтері пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар - негізгі дебиторлық берешекке жасалған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;

- алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.


Қорларды есепке алу
ХҚЕС талабына сәйкес – қорлар ұйымдарға, экономикалық пайда келтіретін, әрқашан айналымдағы материалды активтер деп түсінік берілген. Қорлар сатылып алынады, қайта сатуға немесе өндіріс үдерісінде дайын өнімдер шығаруға қолданылады.

Сонымен, қорлар бухгалтерлік есептің кіріс әкелуші объектісі, яғни ұйымдардың қаржылық ресурстарының негізгі жоғары ликвидті активі. Қорлар қозғалыстары, ұйымдардың іс-қызмет нәтижесінің орны биік көрсеткіштері. Қорлар қаржылық есептіліктің бухгалтерлік баланстың арнайы бабында нақты өзіндік құнымен танылады.

Материалдық қорлар келесідей: шикізат және материал-дар; дайын өнім; тауарлар; аяқталмаған өндіріс; өзге қорлар; қорларды есептен шығару бойынша резерв деп аталынған топтарға бөліп көрсетілген. Қорлардың экономикалық жіктелуі олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып саналады.

Өндіріс үдерісі үздіксіз жүретіндіктен, өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек құралдарының қорлары үнемі жаңаланып, толықтырылып отырылады. Осыған байланысты, бухгалтерлік есепте төмендегідей бақылау қызметі ұйымдастырылады .

Келіп түскен қорлардың нақты өзіндік құнын есептеу үшін транспорттық дайындау шығындары туралы мәліметтер қажет болады:


  • сатып алынған шикізаттар мен материалдар, тауарларды тасымалдау, тиеу және түсіру шығыстары;

  • жүкті станциядан қабылдап алып, ұйымның қоймасына жеткізу шығыстары;

  • кеден шығыстары, делдалдык, ұйымдарға көмектескені үшін төленетін комиссиялық марапаттау шығыстары;

  • бюджеттен қайтарылмайтын (толтырылмайтын) салық пен алымдар;

  • қорлары сатып алуға тікелей байланысты және басқа да шығыстар.

Тауарлық - материалдық қорлар – бұл шаруашылық субъектісінің өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар, материалдар, отындар, энергиялар, жартылай фабрикаттар.

Бұл бөлімнің шоттарында бюджеттік ұйымға тиесілі құрылыс материалдары, қондырғы жабдықтары, материалдар, тамақ өнімдері, отын мен жанармай, мал азығы, жем, ыдыс, машиналар мен жабдықтардың запас бөлшектері, қосалқы шаруашылықтардың өнімдері мен бұйымдары, малдың төлдері мен бордақыдағы малдар, оқулық, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын және лабораториялық сынақтағы материалдар, шаруашылық шарттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған арнаулы жабдықтар есептеледі.

Материалдық қорларды есептеудің негізгі міндеттері: барлық материалдық құндылықтардың сақталуын және қозғалысы мен дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету; запастар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен өткізуге жататын, пайдаланусыз материалдарды дер кезінде анықтау; бюджеттік ұйымның қоймаларында тұрған қалдықтар туралы нақты мәліметтер алу болып табылады. Материалдық құндылықтарды сақтау арнайы бейімделген бөлмелерде (қоймаларда) жүргізілуге тиіс. Материалдық құндылықтарды қоймалық жайларда орналастырудың тәртібі оларды қабылдау, беру және түгендеу жөніндегі операциялардың тездігін қамтамасыз етуі керек. Материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату үшін жауапкершілік бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын белгілі бір материалдық жауапты тұлғаға жүктеледі. Бұл тұлғалардың ауыстырылуы қоймаларда түгендеу жасаумен және бюджеттік ұйымның басшысы бекітетін қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен бірге жүргізілуге тиіс.

Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және есебін дұрыс жолға қою мақсатында, қоймалық есептің ойдағыдай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету керек. Материалдық құндылықтарды сақтау арнайы бейімделген бөлмелерде (қоймаларда) жүргізілуге тиіс. Материалдық құндылықтарды қоймалық жайларда орналастырудың тәртібі оларды қабылдау, беру және түгендеу жөніндегі операциялардың тездігін қамтамасыз етуі керек. Материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату үшін жауапкершілік бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын белгілі бір материалдық жауапты тұлғаға жүктеледі. Бұл тұлғалардың ауыстырылуы қоймаларда түгендеу жасаумен және бюджеттік ұйымның басшысы бекітетін қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен бірге жүргізілуге тиіс.

Материалдық құндылықтардың есебі материалдың атаулары және жауапты тұлғалар бойынша сандық және сомалық тұрғыда жүргізіледі.

Бухгалтерлік қызмет қоймадағы материалдық құндылықтардың келіп түсуін және бөлінуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ материалдардың есебі жөніндегі өз жазбаларын қоймада жүргізілетін жазбалармен салыстырып отырады.

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

3. ФИФО әдісі

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы бір материапдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардьщ бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (косындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы аныкталады.

ФИФО әдісі. Есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

- жылдық есеп беру (жыл аяғында) алдында маусыммен жұмыс істейтін қайта өндіруші ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар материалдар мен шикізаттарға олардың қалдығының азайған кезінде түгендеу жұмысын жүргізе алады.

- материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға жауапты адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасалғанда, сондай-ақ материалдық қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) тағы да басқа жағдайларда жүргізіледі.

Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады.

Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері және олардың сақтаулы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдарында түгендеу керек. Түгендеу- бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады.

Негізгі құралдар - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнынын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланыстынегізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).

Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер бөліктері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтірілмеуі мүмкін емес, басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнім беретін мал, арнаулы құрал-саймандар, өзге негізгі құралдар.

Материалдық емес активтер - бұл өндiрiсте ұзақ мерзiм бойына пайдалану үшiн немесе тауарларды, сатуғa, әкiмшiлiк мақсатқа және басқа субъектiге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер.

Бюджеттік ұйымдарда материалдық емес активтер негізгі құралдар құрамында «Материалдық емес активтер» қосалқы шотында есетеледі.

Материалдық емес активтерге: лицензиялық келiсiмдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгiлерi, қызмет ету белгiлерi, фирма атаулары, тәжiрибелi - конструкторлық жұмыстар және т.б.

Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу. Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отырылуы тиіс. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық қүқық) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім). Материалдық емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек.

Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа активтердің құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін таңдау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтьну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтерді жою құны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңында анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою құны, әдетте нольге тең болады.

Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы» деп аталатын бөлiмшесiнiң шоттары арналған.



Қорытынды.

Жалпы мен бұл іс- тәжірибемді қорытындылай кетсем осы мекемеде іс- тәжірибеден өту барысында көп нәрселерді үйрендім.



Кәсіптік іс- тәжірибе өту кезінде мекеменің ішкі құрылымымен, ережелерімен, тәртіптерімен және жұмыстарды ұйымдастыру бағыттарымен таныстым.

Тәжірибе кезінде алғашқы күндері біраз қиыншылықтар болды. Кейін оқу- танысулық тәжірибе жетекшім көмектесті.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет