Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (акт) пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр



Дата03.05.2016
өлшемі61.98 Kb.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2012

Г.Д.ҚОШАНОВА

педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы


Н.И.БАЙТЕРЕКОВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы


Болашақ филология саласы мамандарын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып оқытудың әдістемесі
Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.

Сондықтан, бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Болашақ филолог мамандардың біліктіліктеріне қоятын талаптарды атап айтсақ:


  • Ұйымдастырушы-басқарушылық: әр түрлі деңгейде шетел тілінен білім берудің мазмұнын жоспарлау, оқу мен білім үдерісін жүргізу және ұйымдастыру жолдарын анықтау, дүние танымы мен ойлау қабілеті дамыған, бірнеше елдің мәдениетін меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;

  • Тәжірибелік-зерттеушілік: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу, шетел тілі білімін меңгерудің озат тәжірибесімен танысып, оны қорыту, олардың нәтижесін оқу үдерісінде қолдану;

  • Оқу-технологиялық: ақпарат сауаттылығы, оқу үдерісінде жаңа технологияларды (оның ішінде шетел тілдерін оқытудың мультимедиялық құралдарды) қолдану және оларды игеру.

Қазіргі кезде ақпараттық мәдениет жалпы мәдениеттің өте бір маңызды бөлігі болып отыр. Ақпараттық мәдениетті ақпараттық үдерістерді ұйымдастырудың жеткілікті деңгейі ретінде, адамдардың ақпаратпен алмасуын қанағаттандыру деңгейі ретінде, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру және пайдалану тиімділігі деңгейі ретінде қарастыруға болады [1].

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің филология саласы мамандықтары студенттерінің филологиялық информатика арнайы курсын оқу

барысындағы қолданбалы бағдарламаларды меңгеру деңгейлері салыстырылды.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2012
Қошанова Г.Д., Байтерекова Н.И. Болашақ филология саласы мамандарын ақпараттық-...

“Филологиялық информатика” элективті курсының мақсаты:



  • филология саласы студенттеріне түрлі ақпараттық жүйелерде қолданбалы бағдарламаларда жұмыс жасап, өңдеп, өз мамандықтарында кеңінен пайдалана алуы тиіс;

  • электронды оқу құралдарын: электронды оқулықтарды, электронды сөздіктерді, электронды пошта т.б. қолдана алуы;

  • HTML тілінде бағдарлама жасай алу.

Бұлар тәжірибе нәтижелерінің ақиқаттығын жеткілікті дәрежеде талдауға қолданылады.
Кесте-1- «Филологиялық информатика» элективті курсының жоспары (бір оқу жылына-1 кредит)



Элективті курстың тақырыптары

1

АКТ-ды пайдалану қажеттіліктері


2

Мультимедиялық материалдарды жіктеу


3

АКТ-ды дайындау, қолдану мен тәсілдері


4

Өзіндік жұмыс тапсырмаларын (курстық және дипломдық жұмыстар) дайындауда АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.


5

АКТ жасау технологиялары

Студенттерді ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға дайындау оның кәсіби іс-әрекетіне дайындығының бір көрінісі болып табылады. Болашақ филология саласы мамандарының АКТ пайдалану арқылы білімі мен біліктіліктерін қалыптастыру компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері мен жүзеге асыру формалары белгіленген құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды (Сурет 1).

Болашақ филология саласы мамандарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі (1- сурет).

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2012
Қошанова Г.Д., Байтерекова Н.И. Болашақ филология саласы мамандарын ақпараттық-...




А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2012
Қошанова Г.Д., Байтерекова Н.И. Болашақ филология саласы мамандарын ақпараттық-...

Филология саласы мамандарын оқытуда АКТ пайдаланып оқыту – жоғары технологиялар мүмкіндіктерін қолдану ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық қажеттілікті қазіргі гуманитарлық білім беру кеңістігінде дамыту екені анық. Атап айтқанда: тілді оқыту тиімділігі мен қолайлылығын жоғарылату қажеттілігі, сөйлесу әрекетінде коммуникативті құзырлылықты қалыптастыруды іске асыру.

Қазіргі заманғы жоғары мектептерде филолог мамандарын оқытуды өзгерту (модернизациялау) перспективті дидактикалық құралдар тобын дамытумен байланысты, яғни оған: электронды мультимедиалық құралдар, компьютерлеу мен компьютерлік желіде телекоммуникация, интерактивті видео, сондай-ақ, қазіргі электронды техника қорымен оқытуды жабдықтау кіреді.

Бұдан шығатын нәрсе, жаңа педагогикалық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы филология саласы мамандарын оқытуда коммуникативтілікті қалыптастыру және қолайлықты көтеру қазіргі білім беру практикасын инновациялау үдерісі болып табылады.

Ю.С.Брановский [2] бұл байланысты «педагогикада информатиканың негізгі мәселесінің бірі ақпараттық орта мәселелерін үйренуді қабылдау болып табылады» деп көрсетеді.

Ақпараттық қоғам жағдайында болашақ педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:



  • білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;

  • ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;

  • ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;

  • ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;

  • ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;

  • ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;

  • интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;

  • ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2012
Қошанова Г.Д., Байтерекова Н.И. Болашақ филология саласы мамандарын ақпараттық-...

Қорыта келе, заманауи ақпараттандыру ғасырының маманын соның ішінде, филолог мамандарын дайындауда компьютерлік-ақпараттық мәдениетін жетілдіру мақсатында инновациялық-ақпараттық технологияларды меңгеру үшін, шығармашылық пен зерттеушілік даярлығын қалыптастыруға бағытталған оқу бағдарламаларын, электронды оқулықтар мен электронды оқу құралдары, CASE технологиялары көптеп дайындалып оқыту үдерісіне ендірілсе, студенттердің танымдық іс-әрекеттерін дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттырады.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Беркімбаев К.М. Болашақ экология мамандарын кәсіби даярлаудағы информатикалық пәндерді оқыту үдерісінің педагогикалық жүйесі: док.дисс. – Түркістан, 2006. – 300 б.

  2. Брановский Ю.С. Введение в педагогическую информатику. Учебн. пособ. -Ставрополь: СГПУ, 1995. -206 с.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет