Компьютерлік бағдарламалардың Қазақстандық нарығындағы мәселелері мұхитов Ж. Ж



Дата03.05.2016
өлшемі44.37 Kb.
УДК 517.51

КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Мұхитов Ж.Ж.


Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті, Астана
Ғылыми жетекші – Анетова А.Ж.
Қазақстандағы компьютерлік бағдарламалар нарығында отандық компаниялардың үлес салмағы төмен болып тұр.

Айта кетейік, Қазақстан ақпараттық технология саласында әлі де болса, бәсекеге қабілетті емес. Шамамен 130 елдің арасында біз бұл салада 101-ші орында келе жатырмыз. Бізде IT қызметін пайдаланушылар аз. Олардың қатары бар-жоғы 15 мыңға жуықтайды. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, шағын ғана Малайзияда олардың саны 360 мыңнан асып жығылады. Елдің мұнша артта қалуына қарақшылық әрекеттер тосқауыл болуда. Егер біз олардың жұмысына тоқтау салмасақ, бұл салада ешқандай табыстарға қол жеткізбейміз деген қауіп бар. Еуропа елдері жыл сайын “Mіcrosoft”-қа 500 миллион доллар көлемінде айыппұл салып жатыр. Себебі Билл Гейтс Еуропаның табиғи монополияға қарсы заңдарын аяққа таптап отыр. Мәселен, “Mіcrosoft” компаниясы “Wіndows” пакетімен бірге қосымша бағдарламаларды қоса сатады. Ол қосымша бағдарламалардың керегі бар ма, жоқ па, ол оны қызықтырмайды. Осылайша, “Mіcrosoft” компаниясы қазақша айтсақ күректеп, былайша айтсақ миллиондап, мил­лиардтап ақша тауып отыр. Еуропалықтар бұған қарсы. Олар негізгі ядроны сатып алып, өздеріне керекті қосымша компьютерлік бағдарламаларды өздері жасағысы келеді. Сондықтан әлемнің көптеген елдері енді “Lіnux” бағдарламасына көше бастады.

Тағы бір айта кетер жайт, “Mіcrosoft” компаниясы “Wіndows” бағдарламасын жыл сайын жаңартып отырады. Алғашқы кезде “Wіndows 97”, “Wіndows Mіllenіum”, “Wіndows XP” деген сияқты жаңа сериялары шықты. Алдағы жылдан бастап “Wіndows vіsta” деген жаңартылған нұсқасын шығарғалы жатыр. Алайда, оның әрбір жаңа сериясы қосымша қаржыны, жаңа техниканы қажет етеді. Мәселен, ескі компьютерде басылған жай ғана мәтінді жаңа компьютерден аша алмайсыз. Себебі, оның қазақша шрифтері сәйкес келмейді. Енді қазақша мәтінді оқу үшін қосымша бағдарламаны сатып алуға мәжбүр боласыз.

Енді Қазақстандағы мектептердің жағдайын айтайық. Қазіргі таңда мектептерге орнатылған компьютерлердің барлығы ескі. Бірінші компьютерлер 1995-1996 жылдары қойылды. Баяғы “Пентиум-1”, “Пентиум-2” бағдарламасымен жұмыс істеуде. Бүгінде олар технологиялық жағынан қартайды десек те болады. Жаңа бағдарламаларды орната алмайсыз, мәтінді оқымайды, дискіні ашпайды, электронды пошта жұмыс істемейді, баяу, ойланып қимылдайды. Ендігі жерде “Lіnux” жүйесіне көшетін болса, бір ғана компьютер орнатып, қалғандарын соның желісіне қосуға болады. Қосымша бағдарламалар сатып алып жатпайсыз. Бұл бір. Екіншіден, қазақ тілінде компьютерлік бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Бұл енді біздің ұлттық мүддеміз. Күні бүгінге дейін қазақтың операциялық жүйесі жоқ еді. Енді пайда болды. Өзінің жазба мәдениеті жоқ халық сауатсыз деп саналса, қазіргі таңда өзінің операциялық жүйесі жоқ халықты да солай айтуға болады. Біз енді бұл қатардан шықтық.

Қазіргі кезде Қазақстан нарығында компьютерлік техника жеткізіп берумен айналысатын 300-дей фирма бар. Дер кезінде қолға алынған либералды экономикалық реформалардың арқасында ақпараттық технология нарығы да жедел дамып келеді. Себебі экономика әрі қарай дамыған үстіне дами түссе, оған қазіргі заманға сай ақпараттық технология керек. Сұраныстың көп болуы сондықтан. Маман­дардың айтуынша, 2030 жылға дейін Қазақстан экономикасына құйылған инвестиция көлемі 25 миллиард долларды құрамақ. Ал сол қаржының кем дегенде 25 пайызы телекоммуникациялық саланы дамытуға жұмсалады. Ендігі жерде біз әлемдік өркениетте Қазақ елін жарнамалауға керекпіз. Мен бір мысал келтірейін, әлемдік “Википедия” деп аталатын Интернет энциклопедиясы жұмыс істейді. Бұл сайтқа әлемнің кез келген елі өздері туралы танымдық мақалаларды жіберіп отырады. Қазіргі таңда аталған сайттан 700 мың ағылшын тілінде, 50-60 мыңға жуық орыс тіліндегі мақалаларды оқуға болады. Демек, ағылшындар мен орыстар әлемдік Интернет кеңістігі арқылы өздерінің тілін, мәдениетін, дәстүрін насихаттап отыр. Бір өкініштісі, қазақ тілінде мақала жүзден асып қана жығылады.

Тағы бір айта кетерлігі, Интернетте мыңдаған ақпараттық арна бар. Бір ғана АҚШ-тың 400-500 телеарнасын Интернет арқылы көруге болады. Сол сияқты, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты көптеген өркениетті елдердің күнделікті хабарлары Интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне таралуда. Ал Интернет арқылы хабар тарататын бірде-бір қазақ арнасы жоқ. Қазіргі таңда техниканың тілін түсінетін мамандардың басым көпшілігі орыс тілділер, қазақшаға шорқақ. Бәлкім, олардың бұл мәселеге бас ауыртқысы келмейтін шығар. Бірақ, мұны аяқсыз қалдыруға болмайды. Үкімет, тиісті органдар қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияны дамытып, әлгіндей басты мәселелерді назарда ұстауы керек.

Ақпараттық технология, оның ішінде бағдарламамен қамтамасыз ету индустриясының қарқынды дамуы Қазақстанға тиімді. Сарапшылар Қазақстандағы лицензиялық бағдарламалар рыногы жылына 150-180 пайызға өседі деген жорамал айтуда. Бұл сөздің жаны бар. Қазіргі таңда шетел инвесторлары үшін Қазақстанның ішкі рыногында тұрақты табыс беретін нысандар азайып барады. Осы тұста енді олар ақпараттық технология рыногына ауыз салуда. Себебі бұл рыноктың әлі де пайдаланылмаған ресурсы жеткілікті.

Бір ғана проблема бар, ол — қарақшылық жолмен келген өнімдерді жою. Бүгінгі таңда Қазақстанда сатылып жатқан ортанқол компьютерлердің бағасы 300-400 доллардың төңірегінде. Ал лицензиялық компьютерлік бағдарламаларды қолданатын болса, оның бағасы әлдеқайда қымбат болады. Жүргізілген сауалнаманың қоры­тындысы бойынша қазақстандықтардың 60 пайызы қарақшылық өнімді қолданғанды жөн санайды. Өкінішке қарай, Қазақстан қарақшылық өнімдерді пайдалану жағынан Қытай, Вьетнам, Украинаны ғана алдына жібереді. Бүгінгі таңда елімізде лицензия­лық өнімді пайдаланатындардың 30 пайызын мемлекеттік органдар, 40 пайызын ірі кәсіпорындар құрайды. Қарақшылық өнімдерден бас тартқан елдер ұлттық ақпарат­тық технологияны дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оны әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.


Әдебиеттер


  1. Кутуков В. Как победить в Интернет через эффективный маркетинг. Краткий справочник руководителя. - М., 2003. - 30 с.

  2. Шеденов У.К., Романов А.С. Формирование современного рынка рекламы в Респудлике Казахстан.// "Экономика Казахстана", № 1, 1997.

  3. Интернет: информационно-аналитические понятия: Учебно-метод. пособие / Авторы-сост.: З.Н. Бетина, Д.А. Бетин. - Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн. ун-та, 2004. - 96 с.

  4. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы. – Астана, 2004. – 46 с.

  5. Джимми Д. Браун. Лестница к Интернет-успеху / Пер. П.В. Берестнёва. 2003.

  6. Вишал Рао. Секреты электронного бизнеса / Пер. П.В. Берестнёва. 2004.

Каталог: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет