Композитор Сыдық Мұхаметжановтың туғанына – 80 жыл



жүктеу 51.97 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі51.97 Kb.
: text
text -> Аденозин-5'-трифосфорная кислота, или трифосфорный эфир 9- b -d-рибофу- ранозида
text -> Газоносность и направления поисков залежей углеводородов в юрской терригенной формации восточного устюрта 25. 00. 12 Геология, поиски и разведка нефтяных и газовых месторождений
text -> Книга Псалмов (Теелим)
text -> Семейдің Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясының бірінші күні
text -> Принадлежность
text -> Интернет-ресурсы по круговороту азота и приземному озону
text -> Европейски парламент
text -> Ульяновская область, ульяновский район
text -> Абакумов георгий Григорьевич, 1897 г р. Житель с. Верхнеильинка Верхнеильинского с/с Омского р-на Омского окр. Западно-Сибирского края. Состав семьи: жена Прасковья, 1897 г р., сын Николай, 1923 г р
text -> Информации для его использования на борту
Шалқар шабыт иесі

Композитор Сыдық Мұхаметжановтың туғанына – 80 жыл

Кеңес Одағының халық артисі, композитор Сыдық Мұхаметжанов -шығармаларынан ұлттық музыканың исі аңқып тұратын дарындылардың бірі. Оның музыкасының әуені бай, ұлттық нақышы басым, бояуы қанық. Сондықтан оның ән, романстары, хорлары мен симфониялық шығармалары халықтың құлағына жағымды, жүрегіне жылы тиеді.

Сыдық Мұхаметжанов 1924 жылы 5 тамызда Қарағанды облысының Шет ауданында, Үлкенбұлақ деген жерде туады. Сыдықтың музыкаға қабілеті жас кезінен-ақ байқалады. Ол алғаш рет қазақтың ән-күйлерін өз әкесі, домбырашы, әрі қобызшы Мұхаметжаннан естиді. Анасы Ақборық та әнші болған деседі.

Музыкаға қабілеті бар Сыдық Алматы музыка училищесіне оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін Мемлекеттік консерваторияның композиторлық бөліміне, Е.Брусиловскийдің сыныбына қабылданады. Сыдық консерваторияда оқып жүріп, «Шолпаным», «Ауыл түні», «Жылқышы әні» сияқты әндер шығарумен қатар, скрипка үшін Соната, қобызға арналған пьесалар, хорлар мен драма спектакльдеріне музыка, қазақтың халық аспаптары оркестріне арнап «Балқадиша» вариациясын, «Қыз қуу» симфония-лық суреттемесін, «Домбыра туралы баллада», «Шаттық отаны» симфониялық поэмаларын жазды. Композитордың атын шығарып, оны көпшілікке танымал еткен осы соңғы поэмасы болды. Оның негізіне күй ырғағы алынғанмен.ол - қазақтың дәстүрлі күйлерінен түбірімен өзгеше жанр. Бір кезде М.Төлебаев халық аспаптары оркестріне арнап музыка жазуды құптап, қуаттап: «ғажайып респуб-ликалық халық аспаптары оркестріне (жетекші - Ш.Қажығалиев) арнап жазудан бас тартқан біздің жас авторларымыз кешірілмес қате жасайды деп ойлаймын. Өйткені шығармашылықтың бұл саласы фоль-клордан кәсіби өнердің күрделі формаларына өтетін жол» - деген еді. Бұл поэма - сол М.Төлебаев айтқан ұлттық музыканың кәсіби үлгіде дамуынан туған симфониялық күй. Осы шығармамен қазақ музыкасында жаңа жанр туды деуге болады. Бұдан кейін Е.Рахмадиевтің әлемге әйгілі «Дайрабай», «Құдаша-думан», М.Маңғытаевтың «Концерттік күй», Т.Қажығалиевтің «Қыз қуу» т.б. шығармалар дүниеге келді. 1953 жылы Бухарестегі Бүкілдүниежүзілік фестивальге барған Құрманғазы оркестрінің бағдарламасына М.Төлебаевтың «Венгр тақырыбына жазылған Фантазиясы», Е.Брусиловскийдің «Ру-мын әуендері», М.Глинканың «Вальс-фантазиясы», И.Брамстың «Венгр билері», румын композиторы Г.Диникудың «Хора стаккато» шығармаларымен қатар «Шаттық отаны» атты симфониялық позма да енгізілді. Кейін бұл шығармаға Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Жас композитор үшін бұл үлкен табыс еді.

Дирижер Ш.Қажығалиев пен композитор С.Мұхаметжановтың ізгі сыйластыққа, шығармашылық достыққа айналған алғашқы таныстығы сол жылдары басталып еді. Музыка жайындағы бір әңгіме кезінде Шәкең әнші дауысына арнап концерт жазу жөнінде Сыдыққа ой салады. Мемлекеттік сыйлықтың бірнеше дүркін иегері Н.Шпиллер және тамаша әнші Д.Пантофель-Нечецкая орындаған Р.Глиэрдің жеке дауысқа жазған концертін тыңдауға кеңес береді. Шәкеңнің бұл ұсынысы тамыры халықтық музыканың топырағында өнген әуенге жаны бай композитордың көңіліне қона кетеді. Көп ұзамай Жарылғапбердінің «Ардақ» әнінің негізінде сопрано дауысына арналған тамаша Концерт дүниеге келеді. 1958 жылы аталмыш концерт Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде үлкен табысқа ие болды. Кейін бұл шығарма Б.Төлегенованың орындауында Ш.Қажығалиевтің дирижерлығымен Армения Мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен таспаға түсіп, Бүкілодақтық радионың алтын қорына қосылды. Әнші дауысына жазылған Концерт қазақ музыкасы тарихында осы жанрдағы тұңғыш, әрі күні бүгінге дейін жалғыз туынды болып отыр.

С.Мұхаметжановтың шығармашылығына зейін қойып қарасаңыз, оның қазақ музыкасындағы көптеген жанрға тұңғыш қалам тартқан композитор екенін аңғарасыз. Оның домбыра мен халық аспаптары оркестрі үшін, қобыз бен халық аспаптары оркестрі үшін жазған Концерттері бұған дәлел. Оған дейін композитор Л.Хамидидің домбыра-прима аспабына жазған Концерті ғана бар еді. Домбыра мен қобызға кішігірім дүниелерден басқа кесек туынды жоқ болатын. Үстірт ойлаған адамға композитор бәсеке қуып, әр жанрда тұңғыш болуға тырысқан сияқты көрінеді. Алайда, олай емес. Үлкен өнер иесі қазақ музыкасындағы кенже қалған жанрды дамытуды, кейінгілерге үлгі көрсетіп, із қалдыруды мақсат тұтты. Мұндай мақсат ұлтының өнерін өркендетсем деген азаматтық ойдан туады. Сонымен қатар, бұл өзіне оңтайлы жанрда ғана жазып қоймай, композитордың кез келген жанрды меңгеріп кете алатын шығармашылық қуатын, суреткерлік өресін, дарын деңгейін білдірсе керек.

Қазақ өнерінде күлдіргі опера жоқ еді. Сыдық бұрынырақта өзі музыка жазған «Беу, қыздар-ай» комедиялық спектаклін негізге алды. Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов бірігіп жазған спектакль сюжеті күлдіргі операға сұранып-ақ тұр еді. Көңілді ырғаққа, күлкілі көріністерге, әзіл әуендерге толы опера көрерменнің көзайымына айналды. 1964 жылы операның премьерасы алдында театрда қойылымды талқылау болды. Мәжіліске өнер адамдары: композиторлар, әншілер және ақындар қатысты. Консерваторияның студенті мен де отырдым. Әртүрлі пікірлер айтылды. Қазақстанның халық артисі Қанабек Байсейітовтің сөзі есімде қалыпты. «Кейбір композиторларымыз күрделі гармонияға әуес. Оны жұрт түсінсе жақсы. Сыдықтың музыкасы әуенділігімен, саздылығымен ерекшеленеді. Сосын да құлаққа жағымды, жанға жақын, халыққа түсінікті» - деген еді өнер тарланы. Композиторға берілген әділ баға, замандастарының пікірі бүгін де маңызын жойған жоқ. Осыдан 40 жыл бұрын сахнаға шыққан қазақтың тұңғыш күлдіргі операсы «Айсұлудан» кейін бүл жанрға қалам тартқан ешкім болмады.

1960 жылы Мәскеуде Сыдықтың «Ғасырлар үні» ораториясы орындалды. Хор мен симфониялық оркестрге арналған көп бөлімді күрделі шығарманың өне бойынан халық әні «Елім-айдың» әуені мен елім деген ердің асқақ рухы сезіліп тұрды. Бұл - қазақ музыкасындағы тұңғыш оратория еді. Көп ұзамай Ғ.Жұбанованың «Дала шұғыласы» ораториясы жарық көрді.

Сыдықтың ән-романстарының өзі бір төбе. Оның әндері әсем сазды, кең тынысты, әуенді болып келеді. «Қырманға кел, қалқатай», «Тербеледі тың дала», «Жарқырайды Теміртаудың оттары» әндері кезінде еңбек гимніне айналды десек дау туғызбас. Оның Абай сөздеріне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл», «Таңғажайып бұл қалай хат?», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Жарқ етпес қара көңілім» сияқты он бес шақты романстары ерекше құнды дүниелер. Композитор Абай өлендерінің табиғатын танып Абай философиясын ойлы да, терең әуендермен жеткізе білген. Сыдық романстарының әуезді нақышы мен қоңыр үні Абай әндерімен үйлесіп жатады.

Қазақстан композиторларының| қаламынан туған симфониялық шығармалар баршылық. М.Төлебаев «Қазақстан», Е.Рахмадиев «Амангелді», «Толғау» симфония-лық поэмаларын, Қ.Мусин, Ғ.Жұбанова, Т.Базарбаев, М.Сағатов бірді-екілі симфонияларын жазды, Симфония жанрында өндіріп еңбек еткен Е.Брусиловский, сосын көлемді төрт симфония жазған С.Мұхаметжанов болды. Оның «Да-уыл» атты алғашқы симфониясы 1968 жылы жазылды. Бұл шығармада халқымыздың тарихы, заман ағысының иірімдеріндегі ел тағды суреттелді.

Композитор көптеген драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазды. Ол көлемді үш операның авторы. «Айсұлудан» кейін Сыдық «Жұмбақ қыз», «Ақан сері Ақтоқты» операларын жазып, тарихи оқиғаларды музыкасына арқау етті. Кейінгі кезде ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» операсын қолға алған екен. Бұл сюжетке опера жазудьг кезінде М.Төлебаев та бастаған болатын. Сәтті басталған опера аяғына жетсе, «еуропалық Ромео-Джульетта сюжетінен кем болмайды» деп үміттенген композитор арманына жете алмай кеткен еді. Сыдықтың да бастаған операсын аяқтауға өмірі жетпеді. Өкінішті-ақ.

Алайда, Сыдық Мұхаметжанов - қазақ музыка өнерінде өз үнін, өз келбетін танытып, артында өшпес із қалдырған композитор. Оның музыкасы уақыт өткен сайын егеменді елінің рухын асқақтатып, туған халқының сарқылмас рухани азығына айналып келеді.



Т.БЕЙСЕМБЕК,

Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі,

музыка зерттеушісі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет