КӨне наным-сенімдер мен әулиелер культінің зерттелуі



жүктеу 133.67 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі133.67 Kb.
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы
Д.МҰСТАПАЕВА

тарих ғылымдарының кандидаты,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті
КӨНЕ НАНЫМ-СЕНІМДЕР МЕН ӘУЛИЕЛЕР

КУЛЬТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Мақалада елдің рухани мәдениетінде сақталған көне наным-сенімдердің ерекшеліктері туралы баяндалады. Ежелден келе жатқан , тарихи санада сақталған әулиелер культінің сипатына тоқталады. Қазақ жеріндегі, Орталық Азия мен Кіші Азиядағы қасиетті жерлердің ғылыми әдебиеттерде зерттелуі қарастырылады.Ата-баба рухын, қасиетті жерлерді қастерлеудің өте ертеден келе жатқан түп-тамыры туралы айтылады. Орта Азиядағы әулиелер культінің тарихи тамырын зерделеген О.А.Сухарева, В.Н.Басилов, Г.Н.Снесарев, Р.М.Мұстафина т.б. ғалымдар зерттеулері қамтылған.
Кілт сөздер: тотемизм, көне наным-сенімдер, дәстүрлер, ата-баба культі, әулиелер культі, дүниетаным.
Елдің рухани өміріндегі ықылым заманнан келе жатқан, сақталып қалған тотемизм, анемизм, фетишизм, зоолатрия, яғни жануарларға, аспан денелеріне, т.б. бас ию бөлшектері бар ата-баба культі белгілі бір халықтың ата-бабасын қадірлеуде жасалатын рәсімдік іс-әрекеттері [1]. Мазар, оның жанына қойылатын арнайы заттар, мысалы әулиелі жерлердегі ту ұшы, малдардың мүйіздері де осыларға мысал болады. Көшпелі және отырықшы мәдениетті қатар алып, тіршілік еткен ортада көптеген қасиетті, киелі орындар болғаны белгілі. Ежелгі наным-сенімде ата-баба рухы- аруақтарды құрметтеген. Олардың есімі мен жорыққа шығып, тайпа, рулар ұрандарына айналды. Маңызды бір мәселені шешкенде, жорыққа шыққанда ата-баба рухына бас иіп, құрбандық шалып отырған.

Қазақ халқының тарихи санасында от, су, тотемизм, мифологиялық тақырыпта, жұмақ пен тозақ туралы, отбасына беріктік, жауынгершілік туралы түсініктер сақталып қалған [2]. Дала дәстүрінде табиғат күшін сыйлау, аспан, Күн, Ай, Жер, отқа, суға сыйыну тән болды. Ата-баба рухына бас ию сақ дәуірінен, оған дейінгі кезеңдерден келе жатқан дәстүр деуге болады. Қазақтардың қоғамдық санасында ата-бабасына бас ию, отты қасиеттеу әлі күнге дейін сақталған. Осы аталған көптеген ұстанымдар мен рәсімдер мұсылмандық сипатқа ие болды. Ислам жергілікті наным-сенімдердің әсеріне ұшырады және олардың өзара ұштасып, үйлесуіне алып келді. Тәңірлік, зәрдүш, шаманизм, т.б. белгілері ел санасында сақталып



А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

дамыды. Бұлар ежелгі жергілікті наным-сенім, дәстүр мен мұсылмандықтың бірігуінде бейнеленеді. Елдің тіршілігінде, оның дамуында тарихи сананың маңызы ерекше, ата-баба өсиетіне беріктік, ата-баба рухын сыйлау дәстүрі, салт-дәстүр сабақтастығы ерекше орын алады. Халықтың ежелден келе жатқан жырларында Жаратушыдан перзент сұрап, сыйынады. Рәсімдер жасап, ата-баба рухына құрбандық шалады. Орта Азия мен Қазақстанда кең тараған сопылық ілім, ежелден келе жатқан наным-сенімдер, дәстүрлер, әулиелі жерлерге деген дәстүрлер мен рәсімдер исламның жергілікті дәстүрлермен үйлесуі деуге болады. Аруақтарға сыйыну ежелгі дәстүр, ата-баба қабірін, әулиелерді қадірлеу ежелден келе жатқан рәсім болып табылады [2].

Қайтыс болған ата-бабаларын, көсемдерді қадірлеу сақтарда , ғұндарда, көне түркілерде болған.

Қазақтың салт-жоралғылары – әлемдік құрылым, қоршаған орта, әлеуметтік космос, бөтен дүние, қоғамдық қатынастары жөніндегі үлгілері секілді. Зерттеуші Н.Әлімбай зерттеуінде көрсеткендей екі космостың үйлесуін, байланысын бабаларымыз «құдай жарылқады», «әруақ атты» деген баламалармен бейнелеген.Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқының ауыз әдебиетінде бас кейіпкер тілегі ата-баба зиратына барып тәу еткеннен кейін қабыл болады. Бейіт әруақтармен тіл табысудың, олардың құдыретін игілікке бағыштаудың торабы [3].

Ата-баба рухын, қасиетті жерлерді қастерлеудің өте ертеден келе жатқан түп-тамыры бар, ертеден, сақ дәуірінен келе жатқан үрдіс деуге негіз бар. Сақ патшасының парсы патшасы Дариге «Ата-бабамыздың моласын тауып бұзып көріңдер, сонда біздің бұл молалар үшін қалай соғысатынымызды көресіңдер» деген жауабы ата-баба рухын сыйлауды көрсетеді [4]. Бұл дәстүр кейінгі кезеңдерде, түркілерде өзінің жалғасын алды. Әруақты мойындау туыстық-ұлттық мінез, тәлім-тәрбие, өнеге, ортақ мақсат төңірегіне топтасу. Бабаларға тағзым ету түркі өркениетінің өлшемі. Елдегі барлық ұлыс, тайпалар, топтар түркі дәстүрлерін бейнеледі, соларға сай заңдар мен салттар бойынша өмір сүрді [5].

Әскери демократия заманында жеке батырлық, әскери қабілеттер, қасиеттер бағаланған, алға тұтылған батыр ата-баба культінің біртіндеп қалыптасуына алып келді. Өткен ата-баба мен ұрпақтарды байланыстырып, жаңаша түсіндіретін тарихилық бөлшегі деуге болады. Ұрпақ - зерттеулер көрсеткендей көп рет қайталанған, шешуші мәнге ие, тарихи ата-бабалардың көптеген ғасырлардан соңғы жаңа сипатта қайталануы [6].

Отырар-Қаратау, Жеті Асар, Қауыншы мәдениетінде ата-баба әруағына табынған. Ертедегі қаңлы елінде ата-баба мазарларына әр жыл сайын барлық иеліктер жиналып, ата-бабаларын шек берген [7].

Ш.Уәлиханов зерттеуінде «Қазақтарда әруақты қастерлеу салты қазіргі күнге дейін өз күшінде. Олар басына қауіп төнгенде, мұсылмандардың әулие-әмбиелеріне сыйынатын, әруағын көмекке шақырады, Қазақтар әруақтарға



А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

бағыштап төрт түліктің қайсысын болсын құрбандыққа шалады. Мінәжат етіп, әруақтың басына (моласына) барып түнейді. Құрбандық шалады, өзінің қолы жетпей жүрген көкейтесті арманын өтеуді тілейді» дейді [8]. Ежелгі түркілік өмір мен өлім туралы дүниетанымда ата-баба рухы өзінің ұрпақтарына көмектеседі деген наным болған. Ата-баба культі ежелгі түркілер мен монғолдарда өз ғұмырларында ерлігі, жақсы істерімен әйгіленіп, ел санасында қалған тұлғаларды ұлықтап, оны үнемі қорғап, қолдайтынына сенген [9].

Ата-баба культі - тотемдік ата-бабаның шығу негізі отбасының, рудың қолдаушысы, рудың негізін салушы ата-баба ерекше тұлға ретіндегі көзқарастардың жиынтығынан туындады. Олар көптеген салт-дәстүрлер, рәсімдерде сақталып, қайта қалыптасып, жаңа сипатта барлық түркі-монғол халықтарының наным-сенімдерінде орын алды.

Мұсылмандық дәуірге дейін түркілер отқа, қасиетті тау, ағаш, Жер, ата-баба әруақтарына, қасиетті деп есептелетін жануарларға табынды. Әлемдегі адамзат баласының мәдениеті мыңдаған жылдар бойы адамның іс-әрекетімен байланысты болды. Барлық кезеңде адамзат баласы адамның жан-дүниесі бай адамды пір тұтқан [10].

Орта Азиядағы әулиелі жерлер жайында шығыстанушылар еңбектерінде қамтылып зерттелгені белгілі. Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулерде, атап айтқанда Н.Маллицкий, П.Позднев, Ә.Диваевтың, Н.С.Лыкошиннің, т.б. еңбектерінде әулиелер және олардың мазарлары туралы айтылады. XX ғ. бірінші жартысында А.А.Семеновтың, В.А.Гордлевский, И.Гольдциер, В.А.Жуковскийдің зерттеулері әулиелер культіне қатысты болды [11].

Орта Азиядағы әулиелер культіне қатысты іргелі зерттеулер XX ғ. екінші жартысында, елуінші-алпысыншы жылдарында жарияланды. Сол кезеңдегі ресми көзқарасқа сай әулиелер культі діни қалдық, ескі діни көзқарас ретінде қабылданған еді. Зерттеушілер О.А.Сухарева, В.Н. Басилов, Г.Н.Снесаревтің [12], зерттеулері бұл мәселені саралап зерттеуде өзіндік тұжырымдар айтумен, қоғамдағы қалыптасқан сол уақыттың талабына сай талданды. Сол кездегі Орта Азия, Қазақстандағы қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түркімен тілдерінде жарияланған О.Дастанов, М.Агаев, А.Мухтаров, О.Мурадов, А.Алиммухамедов, т.б. авторлардың еңбектері, әулиелі жерлерге байланысты тұжырымдары сол кезеңдегі қоғамдағы көзқарастан алшақ кетпей, сынай қараған тұстары болды, сонысына қарамастан аталмыш тақырыпты саралаған еңбектер деуге негіз береді [13].

Зерттеушілер О.А.Сухарева, В.Н.Басилов, Г.Н.Снесарев өз еңбектерінде Орта Азиядағы әулиелі жерлердің, тұрғындарының ерекшеліктерін сипаттап, олардың сипатын, құрамын жіктеген.

Г.П. Снесаревтің зерттеуінде әулиелі жерлерді сипатына қарай жүйелеп, төрт топқа бөлген [14, 277-278]:

1. нақты өзінің аты жоқ, лақап атпен белгілі әулиелер мазарлары, жерлеу орындары, т.б.

А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

2. Құран- библиядағы әулиелер, атап айтқанда Мұса, Нұх, Сүлеймен, Дәуіт, т.б. Алғашқы исламның кезеңіндегі алғашқы халифтер, Пайғамбар ұрпақтары, ілімін жалғастырып, таратушылар. Осы топта әр түрлі мамандық пен кәсіпті қолдаушы әулиелер аталған.

3. Үшінші топта ортағасырлық сопылар негізін салушылар, жетекшілері, ізбасарлары аталады. Осы топта Г.П.Снесаревтің тұжырымында әулиелер көп және кең танымал болған. Дін таратушы жергілікті әулиелер мен дін аша келген әулиелер кең тарады.

4. Төртінші топта жергілікті билеушілер отбасы мүшелері, жеке адамдар ел арасында әйгілі, кең тараған қасиетті әулиелер жанында жерленген соң белгілі болған адамдар енген.

Г.П.Снесаревтің 1950-1960 ж.ж. тарихи-этнографиялық және фольклорлық материалдар негізінде жүргізген зерттеуі белгілі бір аумақты қамтығанмен, Орта Азия аймағының басқа өңірлерінде де кездесетінін айғақтады [4, 3]. Г.П.Снесарев Орта Азиядағы әулиелер культінің тарихи тамырын, екі бастауын ата-баба культі және көне өркениет жағдайында қалыптасқан зороастризммен байланыстырған [15].

Екі құбылыс та Орталық Азияға ислам діні келгенше өзгеріске ұшырай отырып, әртүрлі деңгейде сақталған.

Орталық Азия, Кіші Азия аумағын алғанда әулиелер культі уақыт өте сопылық авторлардың шығармаларында ерекше орын алды. «Әулие» терминін «Жаратушыға жақын», сопылық шығармаларда «қолдау», «қорғау», «Жаратушының көмегі» деп түсіндіріледі [16].

XIV-XVғғ. Анадолы түріктерінің әулиелері туралы Ф.Көпроғлы, О.Көпроғлы, А.Осактың зерттеулерінде тарихи тұрғыдан деректік маңызы,әулиелер культінің сипаты, халықтың әулилерге қатысты аңыздары, ерекшеліктері сараланған болатын [16].

Орталық Азиядағы, Кіші Азиядағы әулиелер, әулиелі жерлер туралы елдің аңыздары, танымдары, наным-сенімдері туралы О.А.Сухарева, В.Н.Басилов, Г.Н.Снесарев, Р.М.Мустафина [17], Ф.Көпроғлы, О.Көпроғлы, А.Осактың [18] зерттеулерінен мәнді тұжырымдар табуға болады. Аталған зерттеулерге сүйенсек, көптеген әулиелі орындар тарихы осыны меңзейді.

Әулиелер культі исламда маңызды орын алғаны белгілі. Үлкен аумақты мекендеген, сан ғасырлар көшін басынан өткізген елдің салт-дәстүрлері, наным-сенімдерінде әулиелі жерлерге байланысты ортақ бір іс -әрекеттер бейнеленген. Атап айтқанда:



  1. Тірі кезінде, кейін қайтыс болған соң қасиетті әулиенің кереметтері ел аңыздарында, т.б. деректерде айтылып отырады.

  2. Әулиенің мазары қасиетті орынға, ол жердегі қалған заттар құнды қасиетті жәдігерлерге айналады.

  3. Елдің жадында, түсінігінде қасиетті орындардағы әулиелер Жаратушы мен адам арасындағы дәнекер, оның Жаратушы берген күші пендеге де өтеді деген нанымы.

А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013




  1. Мазарға ел үнемі зиарат етіп келеді және ол жер рухани орталыққа айналады.

  2. Әулие мазарларында құрбандық шалу, түрлі рәсімдер жасау.

Орталық Азия мен Кіші Азиядағы, Анадолы түріктерінде әулиелі жерлерге қатысты жоғарыда атап өткен ұқсастықтар бар.

Тарихи тұлғаларға, жергілікті жерлердегі әулиелерге қатысты ел арасында лақаб атпен белгілі әулиелі жерлер, мазарлар көптеген ғасырлар бойы зиарат орнына айналып отырған [16, 98]. Лақап атпен аталған әулиелер мазарлары өте көп және үлкен аумақ көлемінде көптеген ғасырлар белесінде тарихи оқиғалар, өзгерістер, елдің рухани өмірінің сипатына сай орын алып, ел тарихында зиарат орны ретінде қадірленіп сақталып отырды.

Лақап атпен аталған әулиелер мазарлары нақты тұлғаның аты мен ерекше қызметіне, істеген кәсібі не т.б. қарай атаған. Мысалы Құсшы ата әулие кезінде құсбегілік өнермен елге белгілі болса, Қазаншы ата қазанды құюымен, ежелден келе жатқан ел дәстүрін сақтап, қадірлеуімен, сол кездегі рухани дамудың бір тармағын көрсетеді.

Мұндай қадірлі, әулиелі жерлер ел тарихында өте көп сақталған. Олардың бәрі зерттеушілер тұжырымдағындай ата-баба рухын қадірлеуге, Жаратушыға сыйынуға, сол кезеңдегі дәнекер деген түсінікке негізделгендей.

Орта Азия мен Қазақстанда, Кіші Азияда әулиелер мазарын, зиарат орнын ел «қадамжай», «мазар», «кесене», «түрбе» деп атайды. Орта Азия мен Қазақстандағы әулиелі жерлер сияқты Кіші Азияда қасиетті әулиелерді зерттеуші Ю.Аверьянов жауынгер кейіпкерлерге, дәуріштер, «кәсіптік » әулиелер, белгілі бір кәсіпті қолдаушылар, шығармашылық мұра қалдырған кәсіби мистиктер деп бөледі. Осы тұжырымда қиялдағы, нақты түрде болмаған есімдері тау, ағаш тастармен сәйкес культтік нысаналар әулиелер деп аталғаны айтылады [16].

Әулиелерге ел кейбір мемлекет қайраткерлерін де жатқызған. Аңыз-әңгімелерде, жырлар мен әулиелер кереметтері туралы жазбаларда исламға дейінгі наным-сенімдер, елдің сан ғасырлардағы рухани өмірі бейнеленеді. Исламды қабылдаған елдің рухани өмірінде ерекше сипатта орын алып, исламдық сипатта танылды.

Ежелден келе жатқан ата-баба культі түркі халықтарының өмірінде, наным-сенімдерінде ерекше орын алып, жергілікті жердің даму сипатына қарай ерекшеленгенмен әулиелерді қадірлеу исламдану процесінде сақталып, елдің рухани болмысында бейнеленді.

Түркі халқы қоныстанған барлық жерлердегі әулиелі орындарға тән ұқсастық исламды аша келген, кейіннен мазары қасиетті орынға айналған тұлғалар, жергілікті елдің салт-дәстүрі, наным-сенімдерімен араласу, исламды насихаттауда өзіндік орын алған, белгілі бір кәсіп иелерінің іс-әрекетімен елге танылған жеке және жалпыға бірдей белгілерінің болуымен ерекшеленеді. Қазақтардағы батырлар жыры, аңыз-әпсаналар, түрік



А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

халқындағы әулиелер туралы әңгімелер, ауызша және жазбаша шығармалары қасиетті әулиелердің кереметтері, даму кезеңдері, тарихи оқиғалар туралы нақты айтады.

Орта Азия мен Қазақстандағы көптеген ғасырлар беделінде зиарат орнына айналған орындар жүздеп, одан да көп сипатта кездеседі. Оларды аймақ-аймаққа бөліп қарағанда әр уақыт кезеңінде көне заман, ортағасырлар, жаңа заманда сабақтастық тауып, дами түскені байқалады.

Қазақ даласында әулиелі жерлер көп. Олардың көп жері – Қаратау алқабы деуге болады. Соларды өлкені зерттеушілер үш топқа бөлген. Біріншісі –Бабтар, екіншісі - сопылар, үшіншісі - аталар, шәкірттер деп бөлінеді. Әулиелер культі бірінші, белгілі бір кезеңде өмір сүрген тұлғалардың әулиеге тән қызметі, уақыт беделінде қияли-ғажайып сипат алған тарихи бейнесі, екінші әулиелерге байланысты мазарлар, ғибадатханалар, молалардың болуы және олардың жанындағы барлық құрылыс, шырақхана, шырақтар, су көздері, құдықтар, ағаш, тастар – бәрі қасиетті болып есептеу, белгілі бір зиарат ету рәсімінің болуы [15].

Р.М.Мұстафина әулиелі жерлерді Оңтүстік Қазақстандағы орындар негізінде келесі сипатта ресми исламға байланысты әулиелер, сопылар, қазақтың ру басы әулиелері, исламға дейінгі табиғат культіне байланысты әулиелер (Қазығұрт, Жылаған ата, т.б.), арнайы кәсіптерге қамқоршы әулиелер, қазақ батырларының сүйеушісі - Баба Түкті Шашты Әзиз деп тұжырымдаған. Қазақы әулиеге табыну өзінің негізгі идеялары бойынша ислам рухын білдіріп, оның орнығуына көмектеседі [19].

Исламға дейінгі дәстүрдің жұрнақтары тұрмыстық, халықтық ислам ретінде көрсетіліп, исламмен әрекеттесе отырып, өзінің өміршеңдігін жалғастырып келеді. Оңтүстік Қазақстандағы ел зиарат етіп, қадірлейтін әулиелі жерлер әр түрлі және өте көп. Әулиелер культі исламға дейінгі наным-сенімдердің көптеген бөліктерін өзіне жинақтай отырып, өзінің негізгі ойы бойынша ислам рухын бейнелейді. Әулиелер мазарлары, олардағы белгілер кейбір исламға дейінгі рәсімдерді, салт-дәстүрлерді сипаттайды. Орта Азия мен Қазақстан, Кіші Азиядағы әулиенаманы зерттеген ғалымдар еңбектеріндегі әулиелердің категориялары әрбір территорияның жергілікті тарихынан өрбігенмен, өзара ұқсас сипаттары барын көруге болады.

Әулиелі жерлерге қатысты деректерді саралаған зерттеуші С.Қондыбаев Қожа Ахмет Ясауи ілімімен байланысты әулиелі жерлерді екі аумаққа Қаратау-Ташкент және Арал-Каспий деп бөледі. Бірінші аймаққа Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Өзбекстан Республикасындағы Ясауи жолына қатысты әулиелі орындар енеді [20].

Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, дана тұлға болды. Ол халқының жақсы-жаманын, олардың екі арасын ажыратуға ықпал ететін [21] .

Көшпелі түркілердің көне дәстүрлі көзқарастарымен араласып, (тотемизм, анемизм, магия белгісі) олардың исламмен үйлесу процесі жүрді [22].


А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

Түркі тектес жауынгердерден тұрған Әмір Темір әскерлерінің қолбасшыларының ата дәстүрі, қасиетті әулиелерге құрмет көрсетуі, Ясауи әруағына құрмет көрсетуі ежелгі наным-сенімдермен ұштасып жүргізілді және қасиетті жерлерде бейнеленді.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Итс Р.Ф. Введение в этнографию: Учебное пособие. – Ленинград, 1974. – 158 с.

  2. Орынбеков М.С. Генезис религиозности в Казахстане. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 240 с.

  3. Әлімбай Н. Қазақтың дәстүрлі циклі салт-жоралғыларының теориялық мәселелері жөнінде (этносемантикалық аспект)// Этнокультурные процессы на территории Казахстана (древности, средневековье, современность). – Алматы, 1995. – С.123-127.

  4. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука, 1984. –118 с.

  5. Әбушәріп С. Тұран-Түркістан тарихы мен өркениеті. – Түркістан: Мирас, 1999. –235 бет.

  6. Турсунов Е.Д. Древнетюркский фольклор: истоки и становление. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2001. –172 с.

  7. Қазақтың көне тарихы /Дайындаған М.Қали. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 бет. -94-бет.

  8. Уәлиханов Ш. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы. Қазақ бақсы-балгерлері. / Құрастырғандар Ж.Дәуренбеков, Е.Тұрсынов. –Алматы: Ана тілі, 1993. – 224 бет.

  9. Безертинов Р.Н. Тэнгрианство – религия тюрков и монолов. – Набережные Челны, 2000. – 447 с.

  10. Нұртазина Н. Көне түркілік дәстүр және ислам (мифологиялық діннің ислам дінімен алмасуының заңдылығы // Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері. Халықаралық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2008. – 300 б.

  11. Гордлевский В.В. Ходжа Ахмет Ясеви. –Избр. соч. М.: изд. Вост. Лит., 1962., Семенов А.А. Мечеть Ходжи Ахмеда Есевийского в г. Туркестане // Изв. Средазкомстариса, Ташкент, 1926. Вып. 1. –С. 121-130., Гольдциер И. Культ святых в исламе: Мухамеммеданские эскизы. – М.: ОГИЗ, 1938.

  12. Сухарева О.А. К. Вопросу о культе мусульманских святых Средней Азии. –Труды института истории и археологии АН Узбекистана, 1951., Басилов В.Н. Культ святых в исламе. – М.: Мысль, 1970., Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. – М.: Наука, 1969.

  13. Дастанов О. «Әулиелі» жерлер туралы шындық. – Алматы, 1967., М.Агаев Кераматлы ерлерин сыры. – Ашхабад, 1968, Алиммухамедов А. «Мукаддас» ва «кадамгох жойлар хамда уларнинг зарарлари. – Ташкент, 1966.

  14. Снесарев Г.П. Хорезмские легенды как источник по истории религиозных культов Средней Азии. – М.: Наука, 1983. – 200 с.

  15. Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. – М.: Наука, 1969. – 331 с.

  16. Аверьянов Ю. Образ святого вели в османско-турецкой литературе жанра менакыб–наме и взаймосвязь традиций // Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселері. III Халықаралық ғылыми конференция материалдары. –Түркістан, 2010. – 272 б.




А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013




  1. Сухарева О.А. К. Вопросу о культе мусульманских святых Средней Азии. –Труды института истории и археологии АН Узбекистана, 1951., Басилов В.Н. Культ святых в исламе. –М.: Мысль, 1970., Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. – М.: Наука, 1969. -331., Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов (в контексте бытового ислама в Южном Казахстане конца XIX-XX вв). – Алма-Ата, 1992.

  2. Koprulu F. Anadolu Selcuklulari tarihinin yerli kainaklari // Belleten. 22 /1943/, Ocak A.Y. Turk halk inanclarinda ve edebiyatinda evliya menkabeleri. – Istanbul, 1983.

  3. Мұстафина Р. Қазақы ислам. // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 Т. – Алматы: Арыс, 2005. – 328 б.

  4. Қондыбаев С. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары. – Алматы, 2000. -132 б.

  5. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Түркістан, 2004. – 341 б.

  6. Абуов А. Қожа Ахмет Ясауидің философиялық көзқарасы//Түркістан тарихы мен мәдениеті. Ғылыми мақалалар жинағы. – Түркістан, 2004. – 341 б.


РЕЗЮМЕ

В статье излагаются сохранившиеся в народе древние верования, затрагивается история исследования культа святых в исламе, также рассматривается культ святых и его классификация в научной литературе.



(Мустапаева Д. Исследование древних верований и культа святых)
SUMMARY

The ancient beliefs preserved among the people are narrated in this article. The history of study of the cult of saints in Islam is given. Also the cult of saints and its classification in the scientific literature has been set.



(Mustapaeva D. Research of Ancient Beliefs and the Cult Of Saints)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет