Конференция жұмысының негізгі бағыттары: Жануарлардың жұқпалы ауруларын балау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері



Дата03.05.2016
өлшемі28.52 Kb.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 2012 жылғы ақпанның 16-17 жұлдызында ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Қадыровтың туылғанына 95 жыл толуына арналған «Мал шаруашылығын қарқынды дамыту жағдайындағы ветеринария саласының инновациялық дамуы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді. Конференцияға қатысуға Қазақстанның жоғары оқу орындарының нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстары бар ғалымдары, ғылыми қызметкерлері, оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері шақырылады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:


  1. Жануарлардың жұқпалы ауруларын балау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері.

  2. Жұқпалы емес этиологиядағы ауруларды балау, алдын алу мен емдеудің қазіргі заманғы бағыт-бағдары.

  3. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Мақалалар конференция өткізілгеннен кейін, баяндамалар қорытындылары бойынша ғылыми жинақ түрінде баспадан шығарылады. Жинаққа конференцияда саралаудан өткен мақалалар енгізіледі. Егер автор конференция жұмысына қатыспаған жағдайда, мақаланы ғылыми жинаққа шығару туралы шешімді ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Жинаққа кірмеген тезистердің жарнасы авторларға қайтарылады. Конференцияға қатысты іссапар шығындарын қатысушылардың өзі төлейді. Қатысушылар тезистерін 2012 жылғы 16 қаңтарға дейін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, ветеринариялық клиника ғимараты, E-mail: con_80176@mail.ru Людмила Александровна Лидер атына, көрсетілген үлгіге сәйкес қатысу үшін толтырылатын өтінішті және аталмыш тілдердің бірінде: қазақ (KZ Times New Roman), орыс (Times New Roman), MS WORD (2003, 2007) редакторында терілген 1 беттен аспайтын және А4 форматтағы ақ қағазға басылған мақаланы CD-R дискісінде жолдауы керек (материалдар қайтарылмайды).

Баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:


  • шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman (14 pt); 1 аралық интервалымен; жоғарғы және төменгі жақтары - 2 см.; сол жағы - 3 см.; оң жағы – 1,5 см.;

  • бірінші қатардың ортасында баяндама тезисінің тақырыбы бас әріптермен жазылады, бір интервалдан соң оң жақтан автордың аты-жөні, қызметі мен ғылыми лауазымы (курсивпен) жазылады, одан төмен қаласы және ұйым немесе оқу орнының атауы (курсивпен) жазылады, негізгі мәтін 2 интервалдан соң азат жолдан басталады.

Ұйымдастыру комитетінің талапқа жауап бермейтін, конференция тақырыбына сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кеш жөнелтілген мақалаларды жарияламауға құқығы бар.

Мақала авторлары үшін конференция материалдары жинағының 1 данасын алуға құқық беретін тіркемелік жарна (ұйымдастыру және баспадан шығару шығындары үшін) -3000 теңге. Жарна төмендегі есепшотқа «Мал шаруашылығын қарқынды дамыту жағдайындағы ветеринария саласының инновациялық дамуы» конференциясына деген белгімен жіберіледі:


«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62



РНН 620 300 249 590

БИН 070 740 004 377

Банк: АРФ АО №119900 «Народный сберегательный Банк Казахстана»

ИИК KZ446010111000037373

БИК HSBKKZKX, Код 16
Қатысу үшін толтырылатын өтініш:


1

Автордың тегі, аты-жөні

2

Ғылыми дәрежесі, атағы

3

Ұйым атауы, қызметі

4

Мекенжайы, телефоны, E-mail

5

Ұйымның индексімен бірге пошталық мекенжайы (шақыру қағазын алу үшін)

6

Баяндама тақырыбы (толық)

7

Баяндама жасау үшін керекті техникалық құралдар

8

«НҰР» қонақүйінде орын бекіту қажеттігі

9

Ақы төленгені туралы түбіртек

10

Толтырылған күні және қолы


ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет