Конференцияда Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан, Ресейден, Германиядан, Украинадан, Румыниядан, Индиядан, Белорусиядан, Өзбекстаннан қатысушылардың 140-тан астам баяндамалары ұсынылды. Шара аясында, 13 мамыр күні сағат 10. 00-де



жүктеу 17.31 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі17.31 Kb.
: upload -> iblock
iblock -> Вторая жизнь А320
iblock -> Методическая разработка что нужно знать о насилии над женщиной: мифы и факты с древних времен до наших дней ноябрь 2015 г
iblock -> Прогноз на матч Израиль Уэльс (28 марта 2015 года, 20: 00)
iblock -> Арсенал и Эвертон. Арсенал
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы,

Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5

Тел: 8 (7172) 35 38 10, 8701 2633947
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
АСТАНА – 2011. 12-13 мамыр күндері Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ильенков оқулары-2011 шарасы аясында «Философия және мәдениет» атты ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференцияны қоғамдық бірлестіктердің жалпыресейлік ассоциациясы (Мәскеу), «Диалектика және мәдениет» философиялық қоғамы (Мәскеу), ҚР БҒМ Ғылым комитеті философия және саясаттану институты ұйымдастырып отыр.

Эвальд Васильевич Ильенков (1924-1979) – дәуірдің іргелі қайшылықтарын жоғары теориялық деңгейде көрсете білген советтік кезеңнің ұлы философы. Диалектикалық дәстүрдің даму этаптарын қалыптастырған ұлы тұлға. Оның еңбектері әлемдік философиялық ойдың қазынасына айналды.

Ильенков оқулары Қазақстанда бірінші рет ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.М. Әбділдиннің жетекшілігімен өтізілуде.

Конференцияда Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан, Ресейден, Германиядан, Украинадан, Румыниядан, Индиядан, Белорусиядан, Өзбекстаннан қатысушылардың 140-тан астам баяндамалары ұсынылды.

Шара аясында, 13 мамыр күні сағат 10.00-де әлеуметтік ғылымдар факультетінде ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.М. Әбділдиннің атына берілген жеке аудиторияның ашылу салтанаты өтеді.

Конференцияға атақты философтар Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы, Лобастов Геннадий Васильевич, Нысанбаев Әбдумәлік Нысанбайұлы, Водолазов Григорий Григорьевич, Мареев Сергей Николаевич, Рау Иоганн Александрович, Упендер Рао, Новохатько Алексей Григорьевич, Бурганов Агдас Хайруллаевич, Гончаров Сергей Захарович, Суханов Валерий Николаевич, Әбішев Қажымұрат Әбішұлы, Сәбит Мұрат, Хамидов Александр Александрович, Соловьева Грета Георгиевна, Изотов Мұхтар Зиядаевич, Нұрманбетова Жәмиля Нүсіпжанқызы, Колчигин Сергей Юрьевич, Құлсариева Ақтолқын Тұрлықанқызы, Тайжанов Алтай Тайжанұлы, Иманқұл Нұртас Насырұлы, Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы, Бұрбаев Төлеуғали Қайыржанұлы, Батурин Владимир Степанович, Бәйтенова Нағима Жаулыбайқызы қатысады.


БАҚ өкілдерін осы шараға қатысуға шақырамыз
Өтетін орны:

ЕҰУ-дың әлеуметтік ғылымдар факультеті,



акт залы, Янушкевич көшесі, 6.

Басталуы: 10:00.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет