Конкурс «Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің аппараты»



Дата03.05.2016
өлшемі48.44 Kb.
түріКонкурс
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына

орналасуға ішкі конкурс



«Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020800, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, г.Ерейментау, А.Құнанбаев к. 121, анықтама телефоны – 8(716-33)2-37-32, факс 8(716-33)2-14-67 электрондық мекенжай: eremkadr@mail.ru) Ерейментау ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусына бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ішкі конкурс жариялайды.

1. «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің бас маман-бас бухгатері, санаты «E-4», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 77 452 теңгеден 104 936 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: бухгалтерлік есепті жүргізу жұмысын ұйымдастыру, материалдық құндылықтары сақталыуына және ақша қаражаттарын жұмсалуына бақылау жасау; аудан әкімі аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз ету; жалақыны есептеу, қазынашылық департаменті, зейнеткерлік қорлары, банктер, мемлекеттік кірістер басқармасымен жұмыс істеу; мемлекеттік сатып алуларды, тауарлар, жұмыс пен қызметтерді жеткізіп әкелу шарттарын құрастыру, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бухгалтерлік есебін жүргізу; қарызгер мен несиегерлермен есеп айырысуды жүргізу, материалдық құндылықтарды есепке алу, әкім аппаратының мүлігін сақтау, қызметкерлерді ТМҚ қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға, бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

2. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтардың хал-ахуал актілерін тіркеу бойынша бас маманы, санаты «Е-R-4», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: туу, қайтыс болу жағдайларын, некеге тұру және бұзу, әкелікті анықтауды тіркеуді қамтамасыз ету; азаматтардың хал-ахуал актілері мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді қайта береді; азаматтардың хал-ахуал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және өзгертулер енгізеді; азаматтардың хал- ахуал актілерін қалпына келтіреді, жояды; жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындайды; жақын және алыс шетелдерден азаматтардың хал-ахуал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап етеді; елтаңбалы бланктер мен куәліктерге есеп жүргізеді; есеп құрастырады, азаматтардың хал-ахуал актілерін тіркеу мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету; салтанатты неке кию рәсімін өткізеді; мемлекеттік орган басшысымен заңнама шегіндегі берілген басқа да өкілдіктерді атқарады.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымы немесе қызмет немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін конкурс отырысына бақылаушы қатысады. Бақылушы ретінде тіркелу үшін Ерейментау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) қызметіне жүгіну қажет.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.



Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Ерейментау ауданы әкімінің сайтында және уәкілетті органда ішкі конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан 5 жұмыс күні ішінде ұсынылу қажет.



Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілуі туралы ескерту алғаннан бастап Ерейментау ауданы әкімі аппаратында 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу кезіндегі шығындарды (әңгемелесу өтетін орынға барып келу жолақысы, үй жалдау, тұру, пайдаланған барлық байланыс қызметтері) азаматтар өз есебінен жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет