Конкурс жариялайды: «Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі»



жүктеу 45.7 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі45.7 Kb.
түріКонкурс



2016 жылғы 08 сәуір

«Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орындарына ішкі конкурс жариялайды:



«Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, агрономия және мал шаруашылығы секторының меңгерушісі. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-R-3», 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 96 607 теңгеден 129 919 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Мал шаруашылығы саласының ұйымдастыру-технологиялық басшылығын іске асырады. Мал шаруашылығы жайларын, азығын, бастарының пайдалануын жақсарту, мал мен құстың өнімділігінің жоғарылауына бағытталған зоотехникалық шаралардың әзірлеуін және енгізуін қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы дамуының келешек және жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады. Құстардың және малдың тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін асылдандыру шараларын жүгізеді. Есептің жүргізуін, мал шаруашылығы бойынша есептерді дер кезінде құрастырылуын ұйымдастырады. Мал шаруашылығы өніміне субсидиялар ресімдеу бойынша құжаттарды тексереді және құжаттарға қол қояды. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесін дайындау және жүргізу. Мамандардың және бас маманның, бас агрономның және астық, майлы дақылдарының өсіру технологиясын жетілдіру, егіс жұмыстарын уақытылы әрі жоғары деңгейде өткізілуін, агро-өнеркәсіп секторының дамуының болжам жоспарларын дайындау, ТӨБЕ базаны жүргізу инженер-инспектордың қызметтері бойынша қадағалау және басқаруды жүзеге асырады, көктемгі егіс және жинау науқанына машина-тракторлық паркты дайындау, оның жұмыс қабілеттілігін қолдану әсерін сақтау, жыл сайынғы машиналардың мемлекеттік техникалық қараудан өткізу. Жоғары тұрған органдарға уақытында есеп беру, бөлім басшысы және бөлім басшысының орынбасары тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (зоотехния, агрономия, орман ресурстары және орман шаруашылығы, аграрлық техника және технология, аңшылықтану және аң өсіру шаруашылығы), немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көлік техникасы және технологиялар, машина жасау), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-О-6, C-R-4, D-O-6, E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес луазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекен-жайына не «Е-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Аққайың ауданы әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты немесе Akkain-akimat@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.





: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет