Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»

жүктеу 166.03 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі166.03 Kb.
түріКонкурс
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы ER-4 санаты бойынша 2 бірлік, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

1- бірлік. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары ауыл шаруашылығы, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе туризм, экономика саласындағы білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік мекеменің штаттық кестесінде көзделген төменгі лауазым болғандықтан, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді, балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмнің дамуына жәрдем көрсетеді, туристік қызмет көрсету нарығына талдау жасайды және Ұлан ауданы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді дайындайды. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне, туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жүргізеді. Туризм бойынша аудандық іс-шараларды ұйымдастырады. Туризм дамуы, туристік мүмкіндіктер, туризм объектілері және туристік қызмет жүргізетін тұлғалар туралы ақпарат жинайды және талдайды. Азаматтардың жеке өтініштерін, хаттарды, арыздарды және ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басшының басқа да тапсырмасын орындайды. Аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу.

2- бірлік. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: экономикалық, қаржылық немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік мекеменің штаттық кестесінде көзделген төменгі лауазым болғандықтан, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта жедел жоспарын жасауға қатысады. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларға экономикалық талдау жасап, оның даму жолдарына ұсыныстар енгізеді. Аймақтық бағдарламаларды дайындайды. Жергілікті атқарушы органға (әкімшілік) аудандық агроөнеркәсіп кешенінің жедел ақпараттарын жинақтап, өткізуді іске асырады. Ауылшаруашылығы құрамаларының кадр тапшылығы және жұмыс күшінің бар болуы туралы ақпараттарды жинақтап жүзеге асырады. Ауылшаруашылығы өнімдерінің қайта өңдеу және өнеркәсіптік өнімдердін өндірісіне талдау жүргізуді іске асырады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға аймақтық бағдарламаны әзірлеу, іске асыру, мониторинг және талдау жүргізуді іске асырады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу ірі өнеркәсіптері бойынша мониторинг жүргізу және оны талдауы. Тұрақтандыру қорынан әлеуметтік ұн, кебек мақсатты пайдаланылуын және есеп облыс ауыл шаруашылығы басқармасына беру. Ауылшаруашылығы құрылымдарынан мал және құс өнімдерін субсидиялау жөнінде ережеге сәйкес қажетті құжаттарды жинақтап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өткізуді қамтамасыз етеді.

2. «Ұлан ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы ER-5 санаты бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 64966 теңгеден 88279 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі ветеринарлық, ауыл шаруашылығы саласындағы білім немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу. Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

  • ішкі сауда объектілерінде;

  • жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

  • ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

  • экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

  • экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

  • тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

  • экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру. Облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу.

3. «Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы ER-5 санаты бойынша (бала күтіміне байланысты демалыстағы маманның уақытша бос орны), лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 64966 теңгеден 88279 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Жер қатынастары жөнінен жылдық есепті жасау, жер телімінің меншік иелері және жер пайдаланушылардың бар болуы және оларды пайдаланатындары туралы анықтау, санатқа бөлу. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарына байланысты қаулылары жобаларын дайындау. Азаматтардың өтініш және шағымдары бойынша іс-қағаздарды жүргізу. Мұрағатқа сақтау үшін іс-қағаздарды дайындау. Салық басқармасына жер пайдаланушылар бойынша есеп беру. Жер-кадастрлық құжаттарды реттеп оларды округтер бойынша талдау жасау. Жер ресурстарының қолдануы бойынша статистикалық есептерін облыстық басқармаға дайындау. Кезекші картаны жүргізу. Есеп құру: Ластанған және қалпына келтірілген жерлер туралы мәліметтер, жер телімдерін жалға алудан түскен қаражатқа талдау жасау; ауыл шаруашылығы өндірісіндегі пайдаланбаған жерлерді қайтару шығынын анықтайтын актілер бойынша қаражаттың бюджетке түсуін қамтамасыз ету.

4. «Ұлан ауданы Каменка ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы-бухгалтер, «ЕG-4» санаты бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік экономикалық немесе қаржылық білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есеп бойынша құжаттарды қабылдау және бақылау жұмыстарын және олардың есептік өңдеуін жүргізу. Әкімдіктегі тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі қаржының есебі мен бақылауын жүргізу. Заңсыз ақша қаражатының шығысын болдырмауды және оны бақылауды қамтамасыз ету. Тауарлық-материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізу. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу және жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын әзірлеу. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу. Бухгалтерлік құжаттардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру.

5. «Ұлан ауданы Саратовка ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «ЕG-4» санаты бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Елді мекендерде малдарды жаю жерлерін анықтауды ұйымдастыру. Елді мекендер аумақтарында санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Тиісті аумақтарда малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспектордың ұсынысы бойынша карантин немесе шектеулік іс шаралар белгілеу туралы шешімдер қабылдау ұйымдастыру. Тиісті аумақтарда малдардың жұқпалы ауруларын жою бойынша ветеринарлық кешенді іс шаралар өткізілген соң мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспектордың ұсынысы бойынша карантин мен шектеулік іс шараларын алып тастау туралы шешімдер қабылдауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте ветеринарлық пункттердің қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен және тұрғын үй инспекциясынан түскен құжаттарды орындау; коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша белгіленген орындарда сауда жасау, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау, көріктендіру ережелерін және жасыл екпелерін жою және бүлдіру ережелерін бұзғандармен жұмыс істеу; жылыту мерзіміне дайындық бойынша жұмыстарды жүргізу және жолдардың қыс уақытында ұсталуына қатысты жұмыстарды атқару; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу; қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу; сумен жабдықтау сұрақтарымен айналысу; аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінен түскен құжаттарды орындау; Әйелдер, Ақсақалдар, Ардагерлер Кеңестерінің жұмысына қатысты құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету; аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінен түскен құжаттарды орындау; округ әкімінің тапсырмаларын орындау; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау; қызметтер көрсету жұмыстарын атқарған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын және әкімшілік рәсімдерді сақтау.

6. «Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «ЕG-4» санаты бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Әскери міндеттілерді есепке алу, есептен шығару, әскер қатарына шақыру жұмыстарын ұйымдастырады. Округтегі жастар саясатын іске асыру жұмыстарын жүргізу. Округте өткізілетін жиындардың хаттамаларын жүргізу. Әкім аппаратының кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу және кіріс құжаттарының орындалуын бақылау жұмыстарын жүргізу. Коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), иесі жоқ деп танылған, коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады. Аудандық атқарушы органдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру және есептер тапсыру. Қажет жағдайда басқа да міндеттер атқару.

7. «Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «ЕG-4» санаты бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Әкімшілікке келіп түскен кіріс–шығыс құжаттарының тіркеуін жүргізеді. Соғысқа қатысқан мүгедектерге, қайтыс болған әскери қызметкерлердің жанұяларына, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және басқа көп балалы отбасыларына, 1,2,3 топқа жататын мүгедек азаматтарға қатысты жұмыстарды жүргізеді. Мүгедектерге, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыстарының орындалуын жүзеге асырады. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрғандармен жұмыс жүргізеді. Жұмыссыздарды тізімдейді, белгілейді, қоғамдық жұмысты ұйымдастырады және есеп береді. Арнаулы әлеуметтік көмекке қатысты, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға қатысты құжаттарды ресімдейді. Жалғызбасты, аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне сәйкес құжаттарды ресімдейді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі, олар жөнінде есеп тапсырады.

8. «Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «ЕG-4» санаты бойынша, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу. Тұрғын үйлердің қолданысқа енгізілуін қадағалау және есеп беру. Туысы жоқ, жалғыз басты адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Жылыту мерзіміне дайындық бойынша жұмыстарды жүргізу және жолдардың қыс уақытында ұсталуына қатысты жұмыстарды атқару. Округке түскен инвестиция бойынша жұмыс жүргізу, ақпарат беру. Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Әскери міндеттілерді есепке алу, есептен шығару, әскер қатарына шақыру жұмыстарын ұйымдастырады. Округтегі жастар саясатын іске асыру жұмыстарын жүргізу. Коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), иесі жоқ деп танылған, коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады.

9. «Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «ЕG-4» санаты бойынша (бала күтіміне байланысты демалыстағы маманның уақытша бос орны), лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес талап етілмейді.

Фукционалдық міндеттері:

Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу. Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру, шаруашылық электрондық кітаптар берілімі базасын жүргізу . Оралмандармен жұмыс жүргізу. Тұрғындардың өтініштерін қабылдау жұмыстарын жүргізу. Егістік жерлері бар жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктерімен, шаруа қожалықтаремен, тұрғындармен жұмыс жүргізіп, статистикалық есеп тапсыру. Азаматтарға әр түрлі анықтамалар мен мінездемелер беру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша карточкаларымен жұмыс жүргізу. Аудандық атқарушы органдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру және есептер тапсыру.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Көрсетілген құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ресми сайтында жарияланған күнен бастап 10 жұмыс күні ішінде, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5 мекен жайына ұсынылуы қажет, анықтама телефоны 8-(72338)-27-115, электрондық пошта: kense@ulan.vko.gov.kz.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде «Ұлан ауданы әкімі аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссия отырысына байқаушылар ретінде маслихат депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет