Конкурс жариялайды: Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83



жүктеу 36.65 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі36.65 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
Ақмола облысы әкімінің аппараты бос әкімшілік мемлекеттік

лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:


Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, 406а кабинеті, анықтама үшін телефон нөмірі: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, D–5 санаты

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: Облыс әкімінің телефон арқылы сөйлесуін жедел қамтамасыз ету, ол орнында жоқ кезде келіп түскен хабарламаларды, мәліметтерді, шақыруларды жазып отыру, оны оның назарына жеткізу, облыс әкімі аппаратының қызметкерлерін, облыстық департаменттердің, басқармалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шақыру. Қажетті қызметтік құжаттар мен материалдарды, облыс әкімі қарайтын құжаттарға бұрыштамаларды жедел басып шығару. Облыс әкімінің, көмекшілердің іссапарлары туралы бұйрықтардың жобасын дайындау, іссапарлық куәліктерін рәсімдеу. Облыс әкімі қабылдау күнінен тыс қабылдаған адамдардың тіркеуін жүргізу. Облыс әкімінің қарауына келіп түскен және одан шыққан хат-хабарлардың есебін жүргізу. Республика және облыстар басшыларының лауазымдық телефондарының тізімін жаңартып отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білім білім беру саласында немесе гуманитарлық ғылымдары немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдары және технологиялар.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Құжаттар жалпы конкурс жариялау туралы Ақмола облысының әкімі аппараты және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).



Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Ақмола облысы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушылар қатыса алады. Тұлғалар тіркелу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне хабарласуы қажет.

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін жұмсалған шығыстар (конкурс өткізілетін орынға бару қайта келу жол ақысы, т.б.) азаматтардың есебіне жатқызылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет