Конкурс жариялайды: «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»



Дата18.05.2020
өлшемі137.2 Kb.
түріКонкурс
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, анықтама үшін телефоны: 8(714-2) 54-27-08, электрондық мекенжайы: k.ospanova@kostanay.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бөлімінің бас маманы – мемлекеттік құрылыс инспекторы, D-O-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты  83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, оның ішінде:

тапсырыс беруші (салушы) жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттаманың және мердігермен (бас мердігермен) шарттың болуы; мердігер ұйымында құрылыс – монтаждау жұмыстарының тиісті түрлеріне лицензияның бар болуы, хабарламада көрсетілген мәліметтердің нақтылығы; орнатылған тәртіпте бекітілген жобалау – сметалық құжаттаманың болуы, жобалар сараптамасының оң қорытындысы; құрылысқа қатысушылардың атқарушы техникалық құжаттаманы уақытында ресімдеу және жүргізу, оның ішінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістерді енгізу кезінде;



орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне; мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың барлық түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына; техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге; сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер) жүзеге асыру тәртібін мемлекеттiк нормативтермен белгiленген техникалық және авторлық қадағалаудың сақтауы. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу.

Объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану.

Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама беру.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау.

Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуге қатысу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде істерді ресімдеу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері бойынша іс құжаттарды жүргізуімен байланысты, тиісті мемлекеттік органдарға сұраныстарды дайындау және бағыттау. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді, сонымен қатар бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу. Құрылыс-монтаждау өндірісінің басталуы туралы хабарламаны қабылдау және хабарламаны қабылдау туралы талондар беру.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.



Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс; құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі; көлік құрылысы; гидротехникалық құрылыс және құрылғылар; жылуэнергетика; электроэнергетика), өнер (сәулет).

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлу.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы     21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымын орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі (бұдан әрі – Қағидалар).

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қағидаларың 3-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 2-ші қабат, 214-ші кабинет мекенжайына құжаттарды қолма-қол, пошта бойынша немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның электрондық мекенжайына электрондық түрде не болмаса «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.

Құжаттар мемлекеттік органның электрондық поштасына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысушылар және әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап   үш жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімінің аппарты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады (бұдан әрі-уәкілетті орган).

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметінің маманы әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жерді жалдауды, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не болмаса сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


24.04.2019ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан


     

____________________

____________________

____________________

____________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш



Мені______________________________________________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________________________


_________________________________________________________________ _________________________________________________________________
  (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 



«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)



ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения













_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

Каталог: vakansii -> vakansii
vakansii -> «Аршалы ауданының әкімі аппараты» мм құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық қызметтері бөлімінің басшысы
vakansii -> «Аршалы ауданының әкімі аппараты» мм құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық қызметтері бөлімінің басшысының м а
vakansii -> «Аршалы ауданының әкімі аппараты» мм құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық қызметтері бөлімінің басшысы
vakansii -> «Аршалы ауданының әкімі аппараты» мм құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық қызметтері бөлімінің басшысы
vakansii -> Информация по потребности в специалистах по сельскохозяйственным и ветеринарным специальностям по хозяйствам Акмолинской области по состоянию на 13. 03. 2014г
vakansii -> Конкурс жариялайды: «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет